Глиотэм (180 мг)

МНН: Темозоломид
Производитель: Sun Pharmaceutical Industries Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Temozolomide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121795
Период регистрации: 30.10.2015 - 30.10.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 18 779.41 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Глиотэм

Халықаралық патенттелмеген атауы

Темозоломид

Дәрілік түрі

100 мг, 180 мг және 250 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат темозоломид 100.000 мг 180.000 мг 250.000 мг,

қосымша заттар: сусыз лактоза, қышқылды түйіршіктер

корпус және қақпақша құрамы:

100 мг үшін: тазартылған су, титанның қостотығы (Е171), желатин;

сия құрамы: шеллак (Е 904), сусыз этанол (Е 151), изопропил спирті, бутил спирті, пропиленгликоль (Е1520), концентрацияланған аммиак ерітіндісі

(Е 527), тазартылған су, калий гидроксиді, темірдің қызыл тотығы (Е 172), темірдің сары тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171)

180 мг үшін: тазартылған су, титанның қостотығы (Е171), желатин;

сия құрамы: шеллак (Е 904), сусыз этанол (Е 151), изопропил спирті, бутил спирті, пропиленгликоль (Е1520), концентрацияланған аммиак ерітіндісі (Е 527), темірдің қызыл тотығы (Е 172)

250 мг үшін: тазартылған су, титанның қостотығы (Е171), желатин;

сия құрамы: шеллак (Е 904), сусыз этанол (Е 151), изопропил спирті, бутил спирті, пропиленгликоль (Е1520), концентрацияланған аммиак ерітіндісі

(Е 527), тазартылған су, калий гидроксиді, темірдің қара тотығы (Е 172)

қышқылды түйіршіктер құрамы: сусыз лактоза, натрий крахмалы гликоляты В типі, шарап қышқылы, тазартылған су, стеарин қышқылы

Сипаттамасы

100 мг доза үшін. Мөлдір емес қақпақшасы және ақ түсті корпусы бар

«3» өлшемді қатты желатинді капсулалар.

Қақпақшасына қызғылт сиямен «892», корпусына «100 mg» таңбасы және екі жолақ түсірілген

180 мг доза үшін. Мөлдір емес қақпақшасы және ақ түсті корпусы бар

«1» өлшемді қатты желатинді капсулалар.

Қақпақшасына қызыл сиямен «930», корпусына «180 mg» таңбасы және

екі жолақ түсірілген

250 мг доза үшін. Мөлдір емес қақпақшасы және ақ түсті корпусы бар

«0» өлшемді қатты желатинді капсулалар.

Қақпақшасына қара сиямен «893», корпусына «250 mg» таңбасы және

екі жолақ түсірілген

Капсуланың ішінде – ақтан ашық сарғыш-қоңыр/ашық қызғылт түске дейінгі ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Алкилдеуші препараттар. Басқа да алкилдеуші препараттар. Темозоломид.

АТХ коды L01AХ03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Темозоломид физиологиялық рН тұсында бастапқыда 3-метил-(триазен-1-ил)имидазол-4-карбоксамид (МТИК) белсенді затына өздігінен гидролизденеді. МТИК пуриндер мен нуклеин қышқылдарының биосинтезінде кездесетін белгілі аралық қосылыс – 5-амин-имидазол-4-карбоксамидке (АИК) және белсенді алкилдеуші түр болып саналатын метилгидразинге өздігінен гидролизденеді.

Сіңуі. Темозоломид ішке қабылдаудан кейін тез сіңеді, концентрациясының жоғары шегі енгізуден кейін 20 минуттан соң басталады (орташа уақыты 0.5-тен 1.5 сағатқа дейін). Ішу арқылы 14С-таңбаланған темозоломид енгізілген соң нәжіспен 14С орташа шығарылу көрсеткіші дозаны енгізуден кейінгі 7 күн ішінде 0.8 % құрады, бұл оның толық сіңуін көрсетеді.

Таралуы. Қандағы темозоломид концентрациясы дозаға байланысты артады. Ересек пациенттер мен балаларда темозоломидтің бір дозасынан кейінгі орташа таралу көлемі, тиісінше, 0.35-0.63 л/кг және 0.35-0.41 л/кг арасында ауытқыды. Плазмалық клиренсі, таралу көлемі және жартылай шығарылу кезеңі дозаға байланысты емес, өте төмен болжанатын және қайта жаңғыртылатын өзгергіштік коэффициенттері бар. Препарат дозасын бірнеше рет күнделікті енгізуден кейін темозоломид тез шығарылады және плазмада жиналмайды. Балалар жасындағы пациенттерде салыстырмалы дозалануында ересек пациенттердегіден едәуір жоғары концентрациясы болады. Темозоломид ақуыздармен әлсіз байланысады (10-16 %). Қолда бар деректер препараттың гематоэнцефалдық бөгет арқылы жылдам өтіп, жұлын-ми сұйықтығында жиналуға қабілеттілігін жорамалдауға мүмкіндік береді.

Шығарылуы. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 1.8 сағат құрайды. Плазмадағы клиренс, таралу көлемі және жартылай шығарылу кезеңі дозаға байланысты емес. Темозоломидтің негізгі шығарылу жолы – бүйрек арқылы. Ішу арқылы қабылдаудан кейін 24 сағаттан соң дозаның 5-10 % шамасы өзгеріссіз күйде несепте анықталады; қалған бөлігі темозоломид қышқылы, 5-аминоимидазол-4-карбоксамид (АИК) түрінде немесе сәйкестендірілмеген полярлық метаболиттер түрінде шығарылады.

Плазмадағы препарат клиренсі жас шамасына, бүйрек функциясына, бауыр функциясына, темекі тартуға немесе дексаметазон, прохлорперазин, фенитоин, карбамазепин, ондансетрон, Н2-рецепторлар антагонистерін немесе фенобарбитал пайдалануға байланысты емес. Балалар мен ересектердегі ең жоғары көтерімді дозасы (ЕКД) бірдей және бір емдеу циклына 1000 мг/м2 құрайды. Плазмадағы концентрациясы дозаға байланысты ұлғаяды.

Фармакодинамикасы

Темозоломид – ісікке қарсы, алкилдеуші, иммунодепрессиялық әсер ететін имидазотетразинді алкилдеуші препарат. Жүйелі айналымға түскенде, физиологиялық рН мәндерінде 3-метил-(триазен-1-ил)имидазол-4-карбоксамид (МТИК) белсенді қосылысы түзілетін жылдам химиялық айналысқа ұшырайды. Соның салдарынан туындайтын цитоуытты зақымданулар метил қалдығының аберрантты қалыпқа келу механизмін қамтиды (іске қосады).

Балалар қауымы

Темозоломидті ішу арқылы қабылдау препаратты әр 28 күн сайын 5 күн бойы күнделікті қабылдайтын қайталамалы ми діңі глиомасы немесе қайталамалы жоғары сапалы астроцитомасы бар пациент балаларда (3-18 жастағы) зерттелген. Темозоломидке реакциялар ересектерге көрсетілген нәтижелерге ұқсас болды.

Қолданылуы

- ересек пациенттерде алғаш анықталған мультиформалы глиобластомада сәулелі еммен және кейіннен монотерапиямен біріктіріліп

- қатерлі глиомада (мультиформалы глиобластома немесе анапластикалық астроцитома), 3 жастан үлкен балаларда, жасөспірімдер мен ересек пациенттерде стандартты емнен кейін аурудың қайталануы немесе үдеуі болғанда

Қолдану тәсілі және дозалары

Темозоломид капсулаларын ми ісіктерін емдеу тәжірибесі бар дәрігер ғана тағайындау керек.

Темозоломид ас ішуден кемінде бір сағат бұрын аш қарынға ішке қабылданады, капсулаларды ашпай және шайнамай, бір стақан сумен ішіп, бүтіндей жұтқан жөн. Дозаны қабылдаудан кейін құсу туындаған жағдайда сол күні екінші дозасын қабылдауға болмайды.

Тағайындалған дозасы капсулалардың мүмкін болатын ең төмен санын пайдаланумен қабылдануы тиіс.

Ересек пациенттерде алғаш анықталған мультиформалы глиобластоманы емдеу (18 жастан асқан). Бастапқы емді сәулелі еммен біріктіріп жүргізеді (біріктірілген ем сатысы), одан кейін Темозоломидпен емдеудің 6 циклына дейін (монотерапия) тағайындалады.

Біріктірілген ем сатысы. Темозоломид 42 күн бойы күнделікті 75 мг/м2 дозада бір мезгілде сәулелі ем жүргізумен (60 г жиынтық дозадағы 30 фракция) тағайындалады. Дозаны азайту ұсынылмайды, алайда пациенттің емді көтере алуына қарай препарат қабылдауды тоқтатуға болады. 49 күнге дейін біріктірілген емнің бүкіл 42-күндік курсы бойына препарат қабылдауды жаңғыртуға болады, бірақ төменде аталған шарттардың бәрі қадағаланғанда ғана:

  • нейтрофильдердің абсолютті саны ≥ 1.5 х 109/л,

  • тромбоциттер саны ≥100 х 109/л,

  • жалпы уыттану критерийі (ЖУК) 1 дәрежеден жоғары емес (алопеция, жүрек айну және құсуды қоспағанда).

Емделу кезінде жасушалар санын есептеумен қанның толық зерттеуін апта сайын жүргізген жөн. Біріктірілген ем фазасында Темозоломид дозасын азайту немесе тоқтатуға қатысты нұсқаулар 1 кестеде берілген.

1 кесте. Сәулелі еммен біріктіріп емдеу кезінде Темозоломид дозасын азайту немесе тоқтатуға қатысты нұсқаулар

Уыттану критерийі

Темозоломидa қабылдаудағы үзіліс

Темозоломидтіa тоқтату

нейтрофильдердің абсолютті саны

≥ 0.5 х 109/л және

<1.5 х 109/л

< 0.5 х 109/л

тромбоциттер саны

≥10 х 109/л және

<100 х 109/л

<10 х 109/л

ЖУК * гематологиялық емес уыттану (алопеция, жүрек айну және құсуды қоспағанда)

2 дәреже

3 немесе 4 дәреже

* ЖУК = жалпы уыттану критерийі

aТөменде аталған шарттардың бәрі қадағаланғанда Темозоломид қабылдауды жаңғыртуға болады: нейтрофильдердің абсолютті саны 1.5 х 109/л төмен емес, тромбоциттер саны - 100 х 109/л төмен емес, жалпы уыттану критерийі (ЖУК) 1 дәрежеден жоғары емес (алопеция, жүрек айну және құсуды қоспағанда).

Монотерапия сатысы біріктірілген ем аяқталған соң 4 апта өткенде басталады және 6 бірізді цикл түрінде жүргізіледі. 1 цикл: Темозоломид 150 мг/м2 дозада 5 күн бойы тәулігіне 1 рет тағайындалып, кейіннен емдеуде 23-күндік үзіліс жасалады.

2-6 цикл: Темозоломид дозасын алғашқы емдеу циклында гематологиялық емес уыттану айқындылығы (ЖУК уыттылық шкаласына сәйкес) 2 дәрежеден аспаған (алопеция, жүрек айну және құсуды қоспағанда), осы орайда нейтрофильдердің абсолютті саны 1.5 х 109/л төмен емес, ал тромбоциттер саны 100 х 109/л төмен емес болған жағдайда күніне 200 мг/м2 дейін арттыруға болады. Егер 2 циклда Темозоломид дозасы арттырылмаған болса, оны келесі циклдарда да арттыруға болмайды. Егер 2 циклда доза 200 мг/м2 болса, онда келесі циклдарда препарат дәл сондай тәуліктік дозада тағайындалады (гематологиялық емес уыттану көріністері болмағанда).

Әр цикл қатарынан 5 күн бойы Темозоломид қабылдаудан басталып, 23-күндік үзіліске ұласады. Емдеудің адъюванттық фазасында дозаны азайту бойынша нұсқаулар 2 және 3 кестелерде берілген.

Емдеу барысында толық қан талдауы 22 күні жасалады (Темозоломидтің алғашқы дозасын енгізуден кейін 21 күн өткен соң). Темозоломид енгізуді үзу немесе тоқтату 3 кестеде берілген көрсетілімдер бойынша атқарылады.

2 кесте. Темозоломидтің монотерапияда дозалану деңгейлері

Дозалану деңгейі

Доза (мг/м2/күн)

Ескертпе

- 1

100

Алдыңғы уыттануға байланысты дозаны азайту

 

150

1 цикл кезіндегі доза

1

200

2-6 циклдар кезіндегі доза

(уыттану болмағанда)

3 кесте. Монотерапия кезінде Темозоломид дозасын азайту немесе тоқтату бойынша нұсқаулар

Уыттану критерийі

Темозоломид дозасын

1 сатығаа дейін азайту

Темозоломид қабылдауды тоқтату

нейтрофильдердің абсолютті саны

< 1.0 х 109/л

Ескертпе b

тромбоциттер саны

< 50 х 109/л

Ескертпе b

ЖУК гематологиялық емес уыттану (алопеция, жүрек айну және құсуды қоспағанда)

3 дәреже

4 дәреже

Ескертпе b

а Темозоломидтің дозалану деңгейлері 2 кестеде берілген

b Темозоломид енгізу тоқтатылады, егер:

  • -1 дозалау деңгейі (100 мг/м2/күн) бәрібір қолайсыз уыттанудың дамуына әкелсе

  • дозасын азайтудан соң 3 дәрежелі гематологиялық емес уыттану (алопеция, жүрек айну және құсудан басқа) қайта туындаса

Ересектер мен 3 жастан асқан балалардағы үдемелі немесе қайталамалы қатерлі глиоманы емдеу. Бұрын химиялық ем алмаған пациенттерге (емдеу циклының жалпы ұзақтығы 28 күн құрайды), Темозоломид қатарынан 5 күн бойы күніне бір рет 200 мг/м2 дозада тағайындалып, препарат қабылдауда 23 күнге созылатын үзіліс жасалады. Бұрын химиялық ем курсынан өткен пациенттер үшін бастапқы доза күніне бір рет 150 мг/м2 құрайды; екінші циклда алғашқы 5 күн ішінде дозаны гематологиялық емес және гематологиялық уыттану болмаған, нейтрофильдердің абсолютті саны ≥ 1.5 x 109/л және тромбоциттер саны ≥ 100 x 109/л болған жағдайда күніне 200 мг/м2 дейін арттырылады. Темозоломид дозасы гематологиялық және гематологиялық емес уыттылық дәрежесінің ескерілуімен өзгертілуі тиіс.

Айрықша қауымдар топтары

Балалар қауымы

Темозоломидті 3 жастағы және одан үлкен пациенттерге қайталамалы немесе үдемелі қатерлі глиома кезінде ғана пайдалануға болады. Темозоломидтің 3 жасқа дейінгі балалардағы қауіпсіздік, сондай-ақ тиімділік дәрежесі анықталмаған. Деректер жоқ.

Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Темозоломид фармакокинетикасы бауыр жұмысы қалыпты пациенттер арасында, сондай-ақ бауыр жеткіліксіздігі жеңіл және орташа пациенттерде салыстырмалы болды. Ауыр сипатты бауыр жеткіліксіздігі немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Темозоломид қолдану жөнінде деректер жоқ. Темозоломидтің фармакокинетикалық қасиеттерінің негізінде, бауыр жеткіліксіздігінің ауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігінің кез келген дәрежесіндегі пациенттерде дозаны азайтудың қажет болу ықтималдығы аз. Дегенмен де, пациенттердің осы санатында Темозоломид қолдану кезінде сақтық таныту керек.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы (> 70 жас) пациенттерде нейтропения мен тромбоцитопенияның туындау қаупі жоғары болады.

Жағымсыз әсерлері

Кестелерде жағымсыз әсерлер Ағзалар жүйесі мен көрініс беру жиілігі класына қарай жіктеледі. Жиілік топтары келесі параметрлерге сәйкес айқындалады: Өте жиі (≥ 1/10); Жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін); Жиі емес (≥ 1/1, 000-ден <1/100 дейін); Сирек (≥ 1/10 000-нан <1/1000 дейін); Өте сирек (<1/10000).

Клиникалық сынақтар

Темозоломид қабылдайтын пациенттер үшін, препарат алғаш диагностикаланған мидың мультиформалы глиобластомасы үшін сәулелі еммен біріктіріліп немесе сәулелі емнен кейін монотерапия ретінде немесе жүрек айну, құсу, іш қату, анорексия, бас ауыру және шаршауға ұқсайтын өте жиі жағымсыз реакциялармен қатар жүретін қайталамалы немесе үдемелі қатерлі глиомасы бар пациенттер үшін монотерапия ретінде пайдаланыла ма, жоқ па, оған қарамастан. Монотерапия алатын алғаш диагностикаланған ми глиобластомасы бар пациенттерде өте жиі құрысулар байқалды. Сәулелі еммен бір мезгілде, сондай-ақ монотерапия ретінде, әрі әдетте қайталамалы глиомада Темозоломид алатын, алғаш көрініс берген ми глиобластомасы бар пациенттерде бөртпенің кеңінен жайылуы да байқалды. Гематологиялық жағымсыз реакциялардың көпшілігі екі жағдайда да жиі немесе өте жиі байқалды (4 және 5 кесте); ауырлығы 3-4 дәрежедегі зертханалық сынақтардың жиілік шамасы әр кестеден кейін берілген.

4 кесте

Алғаш анықталған мультиформалы глиобластоманы емдеу кезінде болуы мүмкін жағымсыз әсерлері

Ағзалар жүйесінің класы

Пациенттер арасында ТМЗ + СӘ бір мезгілде пайдалану (n=288*)

Пациенттер арасында ТМЗ пайдаланылатын монотерапия (n=224)

Инфекциялық асқынулар

Жиі

Ауыз қуысының кандидозы, қарапайым герпес, инфекция, фарингит, жарақат инфекциясы

Ауыз қуысының кандидозы, инфекция

Жиі емес

 

Қарапайым герпес, белдемелі герпес, тұмау тәрізді симптомдар

Қан және лимфалық жүйе бұзылуы

Жиі

Лейкопения, лимфопения, нейтропения, тромбоцитопения

Анемия, фебрильді нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения

Жиі емес

Анемия, фебрильді нейтропения

Лимфопения, петехиялар

Эндокриндік жүйенің бұзылуы

Жиі емес

Кушингоид

Кушингоид

Метаболизм және тамақтану бұзылулары

Өте жиі

Анорексия

Анорексия

Жиі

Гипергликемия, салмақтың кемуі

Салмақтың кемуі

Жиі емес

Гипокалиемия, сілтілік фосфатазаның жоғарылауы, салмақтың артуы

Гипергликемия, салмақтың артуы

Психикалық бұзылыстар

Жиі

Мазасыздық, эмоцияның құбылуы, ұйқысыздық

Мазасыздық, депрессия, эмоцияның құбылуы, ұйқысыздық

Жиі емес

Қозу, апатия, мінез-құлық бұзылысы, депрессия, елестеулер

Елестеулер, амнезия

Жүйке жүйесінің бұзылулары

Өте жиі

Бас ауыру

Бас ауыру, құрысулар

Жиі

Бас айналу, афазия, теңгерімнің бұзылуы, зейін шоғырландырудың бұзылуы, сананың көмескіленуі, құрысулар, есте сақтаудың бұзылуы, невропатия, парестезия, ұйқышылдық, сөйлеу бұзылысы, тремор

Бас айналу, афазия, теңгерімнің бұзылуы, зейін шоғырландырудың бұзылуы, сананың көмескіленуі, дисфазия, гемипарез, есте сақтаудың бұзылуы, неврологиялық бұзылыстар, невропатия, шеткергі невропатия, парестезия, ұйқышылдық, сөйлеу бұзылысы, тремор

Жиі емес

Атаксия, когнитивтік функцияның бұзылуы, дисфазия, экстрапирамидалық бұзылыс, жүріс-тұрыстың бұзылуы, гемипарез, гиперестезия, гипестезия, шеткергі невропатия, неврологиялық бұзылу, эпилепсия статусы

Атаксия, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, жүріс-тұрыстың бұзылуы, бір жақты салдану, гиперестезия, сенсорлы бұзылулар

Көру ағзаларының бұзылуы

Жиі

Көрудің бұлыңғырлануы

Көрудің бұлыңғырлануы, диплопия, көру өрісінің ақауы

Жиі емес

Көздің ауыруы, гемианопия, көрудің нашарлауы, көру өткірлігінің төмендеуі, көру өрісінің ақауы

Көздің ауыруы, көздің құрғауы, көру өткірлігінің төмендеуі

Есту ағзаларының бұзылуы

Жиі

Естудің нашарлауы

Естудің нашарлауы, құлақтың шыңылдауы

Жиі емес

Құлақтың ауыруы, гиперакузия, құлақтың шыңылдауы, ортаңғы құлақ отиті

Кереңдік, құлақтың ауыруы, вестибулярлы бас айналу

Жүрек қызметінің бұзылуы

Жиі емес

жүрек қағу

 

Тамыр бұзылыстары

Жиі

Ісіну, аяқтың ісінуі, қан кету

Аяқтың ісінуі, қан кету, терең көктамырлар тромбозы

Жиі емес

Гипертония, церебральді қан кету

Ісіну, шеткергі ісіну, өкпе эмболиясы

Тыныс алу жүйесі, көкірек ортасы және кеуде қуысы тарапынан бұзылулар

Жиі

Жөтел, диспноэ

Жөтел, диспноэ

Жиі емес

Пневмония, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясы, мұрынның бітелуі

Пневмония, синусит, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясы, бронхит

Асқазан-ішек бұзылыстары

Өте жиі

Жүрек айну, құсу, іш қату

Жүрек айну, құсу, іш қату

Жиі

Іш аумағының ауыруы, диарея, диспепсия, дисфагия, стоматит

Диарея, диспепсия, дисфагия, ауыздың құрғауы, стоматит

Жиі емес

 

Іштің кебуі, нәжістің тоқтамауы, асқазан-ішек бұзылысы, гастроэнтерит, геморрой

Тері және теріастылық тін аурулары

Өте жиі

Алопеция, бөртпе

Алопеция, бөртпе

Жиі

Дерматит, терінің құрғауы, эритема, қышыну

Терінің құрғауы, қышыну

Жиі емес

Жарыққа сезімталдық реакциясы, пигментацияның бұзылуы, терінің түлеуі

Эритема, пигментацияның бұзылуы, қатты терлеу

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін аурулары

Жиі

Артралгия, бұлшықет әлсіздігі

Артралгия, қаңқа-бұлшықет ауыруы, миалгия, бұлшықет әлсіздігі

Жиі емес

Арқаның ауыруы, қаңқа-бұлшықет ауыруы, миалгия, миопатия

Арқаның ауыруы, миопатия

Бүйрек және несеп шығару жолдарының бұзылыстары

Жиі

Несеп шығарудың жиілеуі, несепті ұстай алмау

Несепті ұстай алмау

Жиі емес

 

Дизурия

Тұқым өрбіту жүйесінің және сүт безінің аурулары

Жиі емес

Импотенция

Аменорея, сүт безінің ауыруы, меноррагия, қынаптан қан кету, вагинит

Жалпы сипаттағы бұзылыстар және препаратты енгізген жердегі реакциялар

Өте жиі

Қажу

Қажу

Жиі

Ысыну, ауыру, аллергиялық реакция, радиациялық зақымдану, беттің ісінуі, дәм сезудің бұрмалануы

Ысыну, ауыру, аллергиялық реакция, радиациялық зақымдану, дәм сезудің бұрмалануы

Жиі емес

Гиперемия, қан кернеулер, астения, жай-күйдің нашарлауы, сіресу, тіл депигментациясы, паросмия, шөлдеу

Астения, жай-күйдің нашарлауы, ауыру, сіресу, тіс ақаулары, беттің ісінуі, дәм сезудің бұрмалануы

Тексеру нәтижелері

Жиі:

АЛТ (аланинаминотрансфераза)

деңгейінің жоғарылауы

АЛТ (аланинаминотрансфераза) деңгейінің жоғарылауы

Жиі емес:

Бауыр ферменттерінің жоғарылауы, гамма-ГТ (гамма-глютамилтранспептидаза) деңгейінің жоғарылауы, АСТ (аспартатаминотрансфераза) деңгейінің жоғарылауы

 

Зертханалық көрсеткіштер. Химиялық препараттар, соның ішінде Темозоломид қолданумен байланысты миелосупрессия (нейтропения және тромбоцитопения) дозаны шектейтін критерий болып табылады. Біріктірілген ем сатысында және Темозоломидпен монотерапия барысында 3-4 дәрежелі нейтропения пациенттердің 8%-да, 3-4 дәрежелі тромбоцитопения пациенттердің 14 %-да анықталған.

Қайталамалы немесе үдемелі қатерлі глиома

Клиникалық сынақтар кезінде жүргізілген еммен байланысты ең көп кездесетін зардаптары асқазан-ішек бұзылыстары, атап айтқанда, жүрек айну (43%) және құсу (36%) болды. Аталған реакциялар пациенттерде 1-ші немесе 2-ші ауырлық дәрежесі түрінде жиірек (24 сағат ішінде құсудың 0 – 5 жағдайы) көрініс берді және әдеттегі жолмен тоқтатылды немесе құсуға қарсы стандартты ем көмегімен оңай бақыланды. Ауыр жүрек айнуға және құсуға шалдығу 4% құрады.

5 кесте: Үдемелі немесе қайталамалы қатерлі глиоманы емдеу кезінде болуы мүмкін жағымсыз әсерлері

Инфекциялық асқынулар

Жиі

Оппортунистік инфекциялар, Pneumocystis carinii пневмониясын қоса

Қан және лимфалық жүйе бұзылулары

Өте жиі

Нейтропения немесе лимфопения (3-4 дәреже)

Тромбоцитопения (3-4 дәреже)

Жиі емес

Панцитопения, анемия (3-4 дәреже), лейкопения

Метаболизм және тамақтану бұзылулары

Өте жиі

Анорексия

Жиі

Салмақтың кемуі

Жүйке жүйесінің бұзылулары

Өте жиі

Бас ауыру

Жиі

Ұйқышылдық, бас айналу, парестезия

Тыныс алу жүйесі, көкірек ортасы және кеуде қуысы

тарапынан бұзылулар

Жиі

Диспноэ

Асқазан-ішек бұзылыстары

Өте жиі

Жүрек айну, құсу, іш қату

Жиі

Іш аумағының ауыруы, диарея, диспепсия, дәм сезудің бұрмалануы

Тері және теріастылық тін аурулары

Жиі

Бөртпе, қышыну, алопеция

Өте сирек

Мультиформалы эритема, эритродермия, есекжем, экзантема

Жалпы сипаттағы бұзылыстар және препаратты енгізген жердегі реакциялар

Өте жиі

Қажу

Жиі

Қызба, астения, қалтырау, дімкәстану, ауыру

Өте сирек

Аллергиялық реакциялар, анафилаксия мен Квинке ісінуін қоса

Зертханалық көрсеткіштер. Қатерлі глиома көрсеткіші бойынша ем алған пациенттердің 19 % және 17 %-да 3 немесе 4 дәрежедегі тромбоцитопения мен нейтропения білінген. Бұл ауруханаға жатқызуға (8 % жағдай) немесе Темозоломидпен® емдеуді тоқтатуға (4 % жағдай) алып келді. Миелосупрессия ерте сатыларында-ақ, әдетте, 22 және 28 күндер арасында жоғары шекті құлдырауымен бірнеше бастапқы циклдар ішінде жорамалданып, әдеттегіше, 1-2 апта ішінде тез қалыпқа келеді.

Постмаркетингтік зерттеулер нәтижелері

Сирек < 1 %

  • оппортунистік инфекциялар, Pneumocystis carinii пневмониясын қоса

  • ұзаққа созылатын панцитопения, кейбір жағдайларда өліммен аяқталуға себеп болатын апластикалық анемия.

Өте сирек (< 0.01 %)

  • миелодисплазия синдромының дамуы

  • салдарлы қатерлі жаңа түзілімдердің дамуы, миелоидты лейкемияны қоса

  • уытты эпидермалық некролиз және Стивенс-Джонсон синдромы

  • интерстициальді пневмонит/пневмонит, өкпе фиброзы

  • гепатоуыттылық, бауыр энзимдері деңгейінің жоғарылауын, гипербилирубинемияны қоса, холестаз, гепатит

  • бауырдың зақымдануы, өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігін қоса

  • мультиформалы эритема

  • аллергиялық және анафилаксиялық реакциялар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • темозоломидке немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • дакарбазинге жоғары сезімталдық

  • сүйек кемігі функциясының ауыр дәрежелі бәсеңдеуі

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 3 жасқа дейінгі (қайталамалы немесе үдемелі қатерлі глиома) немесе 18 жасқа дейінгі (алғаш анықталған мультиформалы глиобластома немесе қатерлі меланома) балалар жасында

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Темозоломидті ранитидинмен бірге қабылдау темозоломидтің сіңу дәрежесінің клиникалық мәнді өзгерісіне әкелмейді.

Темозоломидті тамақпен қолдану Cmax 33% төмендеуіне және фармакокинетикалық қисық астындағы ауданының (ФҚА) 9% төмендеуіне әкелді.

Дексаметазон, прохлорперазин, дифенин (фенитоин), карбамазепин, ондансетрон, Н2-рецепторларының антагонистерімен немесе фенобарбиталмен бірге қабылдау темозоломид клиренсін өзгертпейді.

Вальпрой қышқылымен бірге қабылдау темозоломид клиренсінің айқындылығы әлсіз, бірақ статистикалық мәнді төмендеуіне түрткі болды.

Темозоломидтің бауырда метаболизденбеуіне және ақуыздармен әлсіз байланысуына орай, оның басқа дәрілік заттар фармакокинетикасына әсер ету ықтималдығы аз.

Темозоломидті сүйек кемігін бәсеңдететін басқа заттармен бірге қолдану миелосупрессия ықтималдығын арттыруы мүмкін.

Препараттардың өзара әрекеттесуіне қатысты сынақтар ересектерге ғана жүргізілген.

айрықша нұсқаулар

Темозоломидпен емдеу ми ісіктеріне химиялық ем жүргізу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен ғана жүргізілуі тиіс.

Оппортунистік инфекциялар және инфекциялық аурулардың қайта белсенділенуі.

Темозоломидпен ем кезінде оппортунистік инфекциялар (Pneumocystis jirovecii туындатқан пневмония сияқты) және инфекциялардың қайта белсенділену (вирустық B гепатиті және цитомегаловирустық инфекция сияқты) жағдайлары байқалды.

Pneumocystis jirovecii туындататын пневмония. Ұзартылған 42-күндік емдеу сызбасы бойынша тәжірибелік зерттеуде бір мезгілде Темозоломид пен сәулелі ем алған пациенттерде Pneumocystis jirovecii тудырған пневмонияның ерекше даму қаупі болды. Сондықтан, лимфоциттер санына қарамастан, 42-күндік сызба (ең ұзағы 49 күн) бойынша бір мезгілде Темозоломид пен сәулелі ем алған барлық пациенттерде Pneumocystis jirovecii туындататын пневмония профилактикасын жүргізген жөн. Егер лимфопения туындаса, профилактиканы лимфопения ≤1 дәрежеге жеткенше жалғастыру қажет.

Егер Темозоломид ұзақтау ем сызбасында қолданылса, Pneumocystis jirovecii тудырған пневмонияның даму жиілігі жоғары болуы мүмкін. Темозоломид алатын пациенттердің бәрін, әсіресе, стероидты препараттар қабылдайтын пациенттерді, емдеу сызбасына байланыссыз, Pneumocystis jirovecii тудырған пневмонияның дамуына қатысты жиі тексеруден өткізу керек. Темозоломидті, атап айтқанда, дексаметазонмен немесе басқа стероидтармен біріктіріп қабылдағанда өліммен аяқталатын тыныс алу жеткіліксіздігінің жағдайлары жөнінде хабарланған.

Вирустық B гепатиті. Кейбір жағдайларда өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін B гепатиті вирусының қайта белсенділенуі туралы мәліметтер бар. Белсенді фазадағы ауруы бар пациенттерді қоса, B гепатиті вирусының бар-жоғына серологиялық тестілер нәтижесі оң болған пациенттерді Темозоломидпен емдеуді бастар алдында тиісті мамандардың кеңесін алу қажет. Ем кезінде пациент дәрігерлік бақылауда болуы тиіс.

Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер.

Темозоломидтің фармакокинетикалық қасиеттері бауыр функциясы қалыпты немесе бауыр дисфункциясы болымсыз (Чайлд-Пью шкаласы бойынша I - II класс) пациенттерде ұқсас. Қазіргі уақытта Темозоломидті бауыр функциясы бұзылуының ауыр түрлері немесе бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерді емдеуге қолдану жөнінде деректер жоқ. Алайда пациенттердің осы тобына Темозоломид сақтықпен тағайындалу керек. Темозоломид фармакокинетикасын ескере отырып, ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозасын азайту қажет емес. Темозоломид қабылдаған пациенттерде өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігін қоса, бауырдың зақымдану жағдайлары жөнінде хабарламалар бар. Әр емдеу курсын бастар алдында бастапқы жағдайды айқындау үшін бауыр функциясының көрсеткіштерін анықтау керек. Өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігінің туындау мүмкіндігін ескеріп, осындай пациенттерде емдеу басталғанша пайда/қауіп арақатынасын бағалау қажет. Емдеудің 42-күндік циклының ортасында бауыр функциясын бақылау қажет. Бауыр тестілерін әр емдеу курсы аяқталған соң пациенттердің бәрінде бақылау қажет. Бауыр функциясының елеулі ауытқулары бар пациенттерде емдеуді жалғастыру үшін пайда/қауіп арақатынасын бағалау қажет. Темозоломидпен емдеу курсы аяқталған соң бірнеше апта және одан да көп уақыт өткенде гепатоуыттылық көрініс беруі мүмкін.

Құсуға қарсы ем. Жүрек айну және құсу Темозоломид қолданумен байланысты өте жиі астасады. Құсуға қарсы емді Темозоломид қолдануға дейін және одан кейін жүргізуге болады.

Алғаш диагностикаланған мультиформалы глиобластомасы бар ересек пациенттер. Құсу профилактикасын біріктіріп емдеу фазасында алғашқы дозаны қабылдар алдында жүргізу ұсынылады және табанды түрде монотерапия фазасы бойына жүргізуге кеңес беріледі.

Қайталамалы немесе үдемелі қатерлі глиомасы бар пациенттер. Құсуға қарсы ем алдыңғы емдеу циклдарында ауыр құсуы (3-ші немесе 4-ші дәрежелі) бар пациенттерге қажет болуы мүмкін.

Балалар

Үш жастан бастап және одан үлкен балаларға Темозоломид қайталамалы немесе үдемелі қатерлі глиома жағдайларында ғана тағайындалады. Қазіргі сәтте Темозоломидті үш жасқа толмаған балаларға пайдаланудың клиникалық тәжірибесі жоқ.

Егде жастағы пациенттер

Темозоломидтің шығарылуы жас шамасына байланысты емес екені анықталған. Дегенмен де, 70 жастан асқан егде пациенттерде нейтропения мен тромбоцитопенияның даму қаупі артады.

Ерлер

Темозоломидтің гендік уытты зардаптары болуы мүмкін. Темозоломидпен ем тағайындалатын ерлерге препараттың соңғы дозасын алудан кейінгі 6 ай ішінде сәби ұрықтандырудын бас тарту қажеттілігін түсіндіріп, сонымен қатар, емдеуді бастар алдында шәуһетті қатырып қою мүмкіндігіне қатысты кеңесуді ұсыну керек.

Қатерлі жаңа түзілімдер

Сирек жағдайларда миелодисплазия синдромының және миелоидты лейкопения сияқты салдарлы қатерлі жаңа түзілімдердің дамуы хабарланған.

Лактозаны көтере алмаушылық және лактаза жеткіліксіздігі.

Осы дәрілік зат құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын кінәраттары (галактозаны көтере алмаушылық, туа біткен лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы) бар пациенттер бұл дәріні қабылдамауы тиіс.

Зертханалық көрсеткіштер.

Темозоломид алған пациенттерде ұзаққа созылатын панцитопениямен миелосупрессия туындауы мүмкін, бұл кейбір жағдайларда өліммен аяқталуға алып келуі ықтимал. Препараттарды (карбамазепин, фенитоин, сульфаметоксазол/триметоприм) бірге қолдану аурудың жағдайын бағалауды қиындатуы мүмкін. Темозоломидпен емдеуге кіріспес бұрын пациенттің зертханалық көрсеткіштерінің төменде берілген қалып шектеріне сәйкес екеніне көз жеткізу қажет:

  • нейтрофильдердің абсолютті саны ≥ 1.5 х 109/л

  • тромбоциттер саны ≥ 100 х 109/л

Толық қан талдауы емнің 22 күні (алғашқы дозаны енгізуден кейін 21 күннен соң) немесе сол күннен бастап 48 сағат бойы, сондай-ақ нейтрофильдердің абсолютті саны ≥ 1.5 х 109/л, тромбоциттер саны ≥ 100 х 109/л құрағанша апта сайын жасалады. Кез келген цикл кезінде нейтрофильдердің абсолютті саны < 1.0 х 109/л дейін немесе тромбоциттер саны < 50 х 109/л дейін төмендейтін жағдайларда келесі циклға дозалануы бір деңгейде азайтылуы тиіс (3 кесте). Дозалау деңгейлері 100 мг/м², 150 мг/м², 200 мг/м² дозаларын қамтиды. Ең аз ұсынылатын дозасы 100 мг/м² құрайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Клиникаға дейінгі 150 мг/м² Темозоломид алған егеуқұйрықтар мен үй қояндарына өткізілген сынақтарда тератогенді және/немесе тұқым өрбіту уыттылығы атап өтілген. Темозоломидті жүкті әйелдерге тағайындауға болмайды. Жүктілік кезінде қолданғанда пациенттің ұрық өміріне төнетін зор қауіптілікпен хабардар болуы тиіс екенін ескеру қажет. Темозоломидпен емделу кезінде бала емізуді тоқтату керек.

Бала туу жасындағы әйелдерге Темозоломид қолдану кезінде жүкті болу мүмкіндігіне жол бермес үшін тиімді контрацепцияны пайдалануға кеңес беру керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың кейбір жағымсыз әсерлері, ұйқышылдық және шаршау сезімі көлік құралдарын басқару немесе жоғары зейін шоғырландыруды және психомоторлық реакциялар шапшаңдығын талап ететін аса қауіпті қызмет түрлерін орындау қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: Темозоломид препаратын 500, 750, 1000, 1250 мг/м2 дозаларда қолданудың клиникалық деректері бар (5 күндік емдеу циклы үшін алынған жиынтық доза). Дозаны шектейтін уыттылығы кез келген дозасын қабылдағанда байқалған, бірақ жоғарырақ дозаларында едәуір білінген гематологиялық уыттану болды. 10000 мг (5 күннен көп бір циклға арналған жиынтық доза) артық дозаланған бірден-бір жағдай баяндалған, артық дозалану көріністері панцитопения, гипертермия, көп ағзалық жеткіліксіздік және өліммен аяқталу болды. Темозоломидті 5 күннен көп (64 күнге дейін) қабылдап, ол инфекциялық аурулар, кейбір жағдайларда ауыр болып және ұзаққа созылып, өліммен аяқталуға соқтырған сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі сияқты көріністерге әкелген пациенттер туралы деректер де бар.

Емі: гематологиялық бақылау, уытты зақымданудың ауырлық дәрежесіне қарай дозаны түзету немесе емдеу курсын тоқтату, ал қажет болса, симптоматикалық ем ұсынылады.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мг, 180 мг және 250 мг капсулалар.

Балалардан қорғалуымен бұралатын қақпақшасы бар беріктігі жоғары полиэтилен құтыға 5 капсуладан салады.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 құтыдан картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

Sun Pharmaceutical Industries Ltd.

Өндірістің орналасқан орнының мекенжайы:

Halol-Baroda Highway, Halol-389 350

Gujarat, Үндістан.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Sun Pharmaceutical Industries Ltd., Үндістан

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

Sun Pharmaceutical Industries Ltd., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

050004, Алматы қ., Төлебаев к-сі, 38, 5 қабат

Тел. (727) 250-92-35, факс (727) 250-33-64

regulatory.kz@sunpharma.com

Прикрепленные файлы

431464001477976402_ru.doc 175 кб
675527751477977616_kz.doc 231 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники