Глиатилин® (1000 мг/4 мл)

МНН: Холина альфосцерат
Производитель: Италфармако С.п.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Choline alfoscerate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016528
Информация о регистрации в РК: 16.03.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Глиатилин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Холин альфосцераты

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді, 1000 мг/4мл

Құрамы

Бір ампуланың құрамында

белсенді зат - 1000 мг холин альфосцераты,

қосымша зат – инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесінің ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

Парасимпатомиметиктер. Басқа да парасимпатомиметиктер. Холин альфосцераты.

АТХ коды N07AX02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі және таралуы

Гематоэнцефалдық бөгет арқылы жеңіл өтеді, негізінен мида (ондағы концентрациясы қан плазмасындағы деңгейінің 45%-на жетеді), өкпеде және бауырда жинақталады.

Метаболизмі мен шығарылуы

85% көміртек қостотығы түрінде өкпемен шығарылады, қалған мөлшері (15%) - бүйрек пен ішек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Глиатилин® - орталық әсері бар холиномиметик. Препараттың құрамына 40,5% метаболиялық тұрғыда қорғалған холин енеді. Метаболизмдік қорғаныс мида холиннің босап шығуын қамтамасыз етеді. Әсер ету механизмі организмге түскенде холин альфосцератының ферменттер әсерімен холин мен глицерофосфатқа ыдырауына негізделген: холин жүйке қозуының негізгі медиаторларының бірі - ацетилхолиннің биосинтезіне қатысады; глицерофосфат нейрондар жарғақшалары фосфолипидтерінің (фосфатидилхолиннің) ізашары болып табылады. Осылайша Глиатилин® холинергиялық нейрондарда жүйке импульстерінің берілуін жақсартады; зақымданған нейрондар жарғақшаларының және рецепторлар функциясының қалпына келуіне ықпал етеді, апаптоздың өршуін бөгейді (нейрондардың жойылуын болғызбайды). Зерттеу нәтижелері Глиатилин® жады және зердеге, сондай-ақ нашарлауын гипоксия немесе мидың дегенеративті не тамыр патологиясының өршуі туғызған эмоционалдық жай-күй мен мінез-құлық көрсеткіштеріне де оңды әсер ететінін көрсетті. Глиатилин® церебральді қан ағысын жақсартады, мидағы метаболизмдік үдерістерді күшейтеді, мидың ретикулярлық формациясы құрылымын белсендіреді және мидың жарақаттық зақымдануында сананы қалпына келтіреді.

Қолданылуы

- дегенеративті және инволюциялық психоорганикалық синдромдарда және жадының бұзылумен, сананың шатасуымен, бағдардан жаңылумен, мотивацияның, бастамашылдықтың және назар шоғырландыру қабілетінің төмендеуімен сипатталатын есте сақтау функциясының біріншілік және екіншілік бұзылуы сияқты цереброваскулярлық жеткіліксіздік салдарында

- егде жастағылардағы эмоционалдық және мінез-құлық жағынан өзгерістерде: эмоционалдық ауытқуларда, ашушаңдық жоғарылағанда, қоршаған ортаға қызығушылықтың төмендеуінде, қарттық псевдодепрессияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ерітіндіні бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне баяу енгізеді.

Жедел жағдайларда б/і немесе к/і тәулігіне 1 г дозада (1 ампула). Дәрігердің шешуімен тәуліктің дозаны ұлғайтуға болады.

Жағымсыз әсерлері

Әдетте, тіпті ұзақ қолданған кезде де, препараттың көтерімділігі жақсы.

Болуы мүмкін:

- жүрек айну (допаминергиялық белсенділіктің салдары ретінде)

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Педиатрия тәжірибесінде қолданылуы

Препаратты балаларға қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі жеткілікті зерттелмеген.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

ГЛИАТИЛИН емделушінің көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айну.

Емі: осы симптомдар пайда болғанда препараттың дозасын төмендету ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

4 мл-ден І типті бейтарап түссіз шыны ампулада.

3 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ИТАЛФАРМАКО С.п.А.», Виале Фульвио Тести, 330, Милан, Италия

Тіркеу куәлігінің иесі

«ИТАЛФАРМАКО С.п.А.», Виале Фульвио Тести, 330, Милан, Италия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Медэкспорт Италия» Консорциумының өкілдігі

Мекенжайы: ҚР, Алматы қ., Айтеке би к-сі, 88

Телефон нөмірі: +7 727 2799900

Факс нөмірі: +7 727 2799900

Электронды поштасы: officealmaty@gmail.com

 

Прикрепленные файлы

565932491477976539_ru.doc 48.5 кб
561183331477977706_kz.doc 56 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники