Глазал окси® (0,05%)

Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Глазал окси®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Оксиметазолин
Дәрілік түрі
Мұрынға тамызатын дәрі 0,01% және 0,05%
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - 0,1 және 0,5 мг оксиметазолин гидрохлориді
қосымша заттар: натрий хлориді, натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий фосфат додекагидраты, 1 М хлорлы сутек қышқылы, инъекцияға арналған су
Сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе аздаған сарғыш түсті сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Жергілікті қолдануға арналған антиконгестанттар мен мұрынға арналған басқа препараттар. Симпатомиметиктер
АТХ коды R01АА05
Фармакологиялық қасиеттері
Альфа-адреномиметик, имидазолин туындысы, жергілікті қолдануға арналған дәрі. Төмен концентрацияларда негізінен альфа2-адреномиметикалық әсер береді, жоғары концентрацияда альфа1-адренорецепторларға әсер етеді. Интраназальді қолданғанда жүйелі әсер етпейді.
Қан тамырларына тарылтушы әсер етеді, мұрын және жоғары тыныс алу жолдарының ісінуін азайтады. Ұсынылған дозаларда қолданғанда мукоцилиарлық клиренстің бұзылысын тудырмайды. Қабылдағаннан кейін әсері 15 минуттан соң байқалады және 10–12 сағат бойы жалғасады.
Қолданылуы
- жедел ринитте (соның ішінде аллергиялық ринит)
- вазомоторлы ринитте
- параназальді синуситте
- евстахиитте
- ортаңғы отитте
- диагностикалық мақсатта мұрынның шырышты қабық қан тамырларын тарылту үшін (дәрігердің қадағалауымен)
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер және 6 жастан асқан балаларға
Глазал окси® 0,05% тамшысын әрбір мұрын қуысына 1-2 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет қолданады.
1-айдан 1-жасқа дейінгі балалар Глазал окси® 0,01% тамшысын әрбір мұрын қуысына 1 тамшыдан тәулігіне 2 рет қолданады.
Емдеу курсы 3-5 күн.
Жағымсыз әсерлері
Жиі (≥ 1%-дан <10%-ға дейін)
- мұрын шырышты қабығының құрғауы немесе шымылдап ашытуын сезіну
- түшкіру, әсіресе сезімтал пациенттерде
Жиі емес (≥0,1%-дан <1%-ға дейін)
-
шырышты қабықтың домбығу және ісінуінің (мұрынның «бітелу» сезімі) (реактивті гиперемия) қарқындылығы артуы мүмкін, мұрыннан қан кету
-
жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевротикалық ісіну, бөртпе, қышыну)
Сирек ( ≥0,01%-дан <0,1%-ға дейін)
-
жүрек соғысының жиілеуі, қан қысымының жоғарылауы және тамыр соғуының жиілеуі
Өте сирек <0,01%) және бірен-саран жағдайлар:
-
алаңдаушылық, ұйқы бұзылысы, шаршағыштық (ұйқышылдық, ұйқы тудыратын әсер), бас ауыруы, елестеулер (әсіресе балаларда)
-
аритмиялар
-
нәрестелер және бүлдіршіндердің апноэсы
-
құрысулар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта
- атрофиялық ринитте
- жабық бұрышты глаукомада
- 1 айға дейінгі жаста Глазал окси® 0,01%
- 6 жасқа дейінгі жаста Глазал окси® 0,05%
- жүктілік, лактация кезеңінде
- созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде
- аритмияда
- айқындалған атеросклерозда
- артериялық гипертензияда
- қант диабетінде
- тиреотоксикоз, гипертиреозда
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- транссфеноидальды гипофизэктомияда немесе мидың қатты қабығына жасалған басқада хирургиялық араласымдарда қолдануға болмайды
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Жергілікті анестезиялық дәрілік заттардың сіңуін баяулатады, олардың әсерін ұзартады.
Өзге тамыртарылтқыш дәрілік заттармен бірге тағайындалуы жағымсыз әсерлердің даму қаупін жоғарылатады.
Трициклді антидепрессанттар және моноаминооксидаза (олардың қолданысын тоқтатқаннан кейін 14 күн ішінде) тежегіштерінің бір мезгілде тағайындалуы артериялық қысымның көтерілуіне әкелуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Мұрынға арналған тамыртарылтқыш дәрілердің ұзақ қолданылуы олардың әсерін төмендетуге әкелуі мүмкін. Тұмауға арналған тамызатын дәріні дұрыс қолданбау мыналарды болдыруы мүмкін:
-
реактивті гиперемияны (препаратты тоқтатқаннан кейін симптомдардың қайта жаңғыруын)
-
мұрын қуысында созылмалы домбығу/шырышты қабықтың ісінуі (rhinitis medicamentosa)
-
шырыш қабығының атрофиясы.
Қауіптілігі зор механизмдермен немесе көлік құралын басқару қабілетіне дәрілік заттың әсері
Жоғары дозада Глазал окси® препаратын ұзақ қолданғанда оның ОЖЖ және жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер ететінін ескеру керек. Осындай жағдайда қауіпті механизмдермен жұмыс істегенде және автокөлікті басқару кезінде абайлау керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: тахикардия, артериялық гипертензия, ОЖЖ-ін бәсеңдету, ауыру және шымылдатып ашыту, түшкіру және бөлінетін мұрын сұйықтығының көбеюі.
Емі: симптоматикалық емдеу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 мл-ден (0,01% ерітінді) және 10 мл-ден (0,05% ерітінді) алғашқы ашылуы бақыланатын, тығыз қақпақпен жабылған, полиэтиленнен жасалған тамшылатқыш-құтыларда.
1 құтыдан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картон қорапшаға салынған.
Картон қорапқа 100, 20 немесе 10 қорапшадан салынған.
Немесе 20 құтыдан (қорапшаға салмай) картон қорапқа құты санына қарай мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге салады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Препаратты қолданудың кезеңі, құты ашылғаннан кейін, 4 аптадан аспауы керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Босату шарттары
Рецептісіз
Өндіруші/Қаптаушы
«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Алматы қ-сы, Огарев к-сі 2 «б»
тел: 8 (727) 3832202, 2320824
факс: 8 (727) 3832202
Е-mail: medoptik@medoptik.kz, www.medoptic.kz
Тіркеу куәлігінің иесі
«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Алматы қ-сы, Огарев к-сі 2 «б»
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды поштасы):
«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Алматы қ-сы, Огарев к-сі 2 «б»
тел: 8 (727) 3832202, 2320824
факс: 8 (727) 3832202
Е-mail: medoptik@medoptik.kz, www.medoptic.kz