Гипосарт (8 мг)

МНН: Кандесартан
Производитель: Фармацевтический завод Польфарма АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Candesartan
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020074
Информация о регистрации в РК: 09.08.2013 - 09.08.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Гипосарт

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кандесартан

Дәрілік түрі

4 мг, 8 мг, 16 мг, 32 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат- 4.00 мг, 8.00 мг, 16.00 мг, 32.00 мг кандесартан цилексетилі,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, гидроксипропилцеллюлоза 75-150 cps, гидроксипропилцеллюлоза 1500-3000 cps, мaкрогол 6000, мaгний стеараты, темірдің қызыл тотығы (Е 172).

Сипаттамасы

Ашық-қызғылт түсті, дөңгелек, жалпақ бетті және бөлетін сызығы (4 мг доза үшін) бар таблеткалар.

Ашық-қызғылт түсті, дөңгелек, екі беті дөңес, бір жағында бөлетін сызығы, екінші жағында –«8» өрнегі бар (8 мг доза үшін) таблеткалар.

Ақ түсті, дөңгелек, екі беті дөңес, бөлетін сызығы бар (16 мг доза үшін) таблеткалар.

Ақ түсті, дөңгелек, жалпақ, бір жағында бөлетін сызығы бар, екінші жағында – «32» өрнегі бар (32 мг доза үшін) таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін препараттар. Ангиотензин II антагонистері. Кандесартан

ATX коды C09CA06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты ішке қабылдағаннан кейін ізашар дәрі болып табылатын кандесартан цилексетилі белсенді түрі кандесартанға тез ауысады, бұл ангиотензин-1 субтипі, ангиотензин II рецепторының селективті антагонисі болып табылады.

Ішке қабылдағаннан кейінгі кандесартанның абсолютті биожетімділігі 14% жуықты құрайды. Кандесартан қан сарысуындағы ең жоғары концентрациясына (Cmax) орташа алғанда 3-4 сағаттан кейін жетеді.

Препарат дозасын емдік доза шегінде ұлғайтқанда қан сарысуындағы кандесартан концентрациясы дозаға байланысты жоғарылайды. Кандесартанның фармакокинетикалық параметрлері емделушінің жынысына байланысты болмайды. Тамақты бір мезгілде қабылдау препараттың сіңуіне әсер етпейді.

Кандесартанның таралу көлемі 0,1 л/кг құрайды. Кандесартан плазма ақуыздарымен (99% астам) белсенді байланысады.

Кандесартан организмнен негізінен несеппен және өтпен өзгермеген түрде шығарылады және бауырда тек елеусіз дәрежеде биотрансформацияланады. Кандесартанның элиминация фазасындағы жартылай шығарылу кезеңі 9 сағатқа жуықты құрайды.

Кандесартан көп рет қолданылғанда организмде жинақталмайды.

Кандесартанның жалпы плазмалық клиренсі 0,37 мл/мин/кг жуықты құрайды, бұл арадағы бүйрек клиренсі 0,19 мл/мин/кг жуықты құрайды.

Кандесартанның бүйректік экскрециясы шумақтық сүзілу жолымен және белсенді өзекшелік секреция жолымен жүзеге асады.

Емделушілердің ерекше тобындағы фармакокинетикасы

Егде емделушілер

Кандесартанның егде емделушілердегі (65 жастан үлкен) қан сарысуындағы ең жоғары концентрациясы (Cmax) және концентрацияның қисық астындағы ауданы (AUС) жас емделушілермен салыстырғанда тиісінше 50% және 80%-ға ұлғаяды. Алайда кандесартан қолданудағы гипотензиялық әсерінің айқындығы және жағымсыз әсерлердің туындау жиілігі емделушілердің жасына байланысты болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер

Жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілердегі кандесартанның қан сарысуындағы ең жоғары концентрациясы (Cmax) және концентрацияның қисық астындағы ауданы (AUС) көп рет қолданғанда шамамен 50% және 70%-ға тиісінше ұлғаяды, ал препараттың жартылай шығарылу кезеңі бүйрек қызметі қалыпты емделушілермен салыстырғанда өзгермейді.

Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілердегі кандесартанның қан сарысуындағы ең жоғары концентрациясы (Cmax) және концентрацияның қисық астындағы ауданы (AUС) шамамен 50% және 110%-ға тиісінше ұлғаяды. Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілердегі элиминация фазасындағы кандесартанның жартылай шығарылу кезеңі шамамен 2 есе ұлғайды.

Гемодиализдегі емделушілерде кандесартанның концентрациясының қисық астындағы ауданы (AUС) бүйрек қызметінің ауыр бұзылуы бар емделушілердегі ауданмен бірдей.

Фармакодинамикасы

Гипосарт – антигипертензиялық препарат. Ангиотензин II рецепторларының (АТ1 типті) селективті антагонисі. II ангиотензин I ангиотензиннен ангиотензин конвертациялаушы фермент (АКФ, кининаза II) әсерімен түзіледі. Ангиотензин II ренин-ангиотензин-альдостеронды жүйесінің негізгі вазоактивті гормоны болып табылады, артериялық гипертензияның және басқа да жүрек-қан тамырлары ауруларының патогенезінде белгілі орны бар.

II ангиотензиннің негізгі физиологиялық тиімділігі вазоконстрикция альдостерон өнімін стимуляциялау, су-электролиттік гомеостазды реттеу және 1 типті ангиотензинді рецепторлары бар (АТ1-рецепторлары) II ангиотензиннің өзара аралық әрекеттесуі жолымен жасушалық өсуді стимуляциялау болып табылады.

Гипосарт I ангиотензинді II ангиотензинге өзгертуді жүзеге асыратын ангиотензин өзгертуші ферменттің (АӨФ) белсенділігін төмендетпейді, және брадикининді бұзады, ангиотензинконвертазаның белсенділігіне әсер етпейді және брадикинин немесе Р субстанциясының әсерін күшейтпейді. Бұл кандесартан цилексетил қабылдайтын емделушілерде АӨФ тежегіштерін қолданумен салыстырғанда жөтелдің сирегірек пайда болуына алып келеді. Гипосарт басқа гормондар рецепторларымен байланыспайды және жүрек-қан тамырлары жүйесі қызметін реттеуге қатысатын ион өзекшелері жай-күйіне әсер етпейді.

II ангиотензин AT1-рецепторларына антагонистік әсері ренин, I ангиотензин, II ангиотензин деңгейінің дозаға байланысты жоғарылауын және қан плазмасындағы альдостерон концентрациясы төмендеуін туындатады.

Артериялық гипертензия

Артериялық гипертензияда Гипосарт артериялық қысымның дозаға тәуелді ұзақ төмендеуін туындатады. Препараттың гипотензиялық әсері тамырлардың жүрек ырғағы жиырылуының рефлекторлық жылдамдауынсыз жалпы шеткергі қарсыласуының төмендеуімен шартталған. Бірінші дозаны қабылдағаннан кейінгі антигипертензиялық әсерінің басталуы әдетте 2 сағат ішінде дамиды. Препаратпен емді бекітілген дозада жалғастыру аясында әдетте артериялық қысымның жалпы төмендеуіне 4 апта ішінде қол жеткізіледі және препаратты ұзақ қолданудың өне бойына сақталады. Дозаны тәулігіне бір рет 16 мг-дан 32 мг дейін жоғарылатқаннан кейін гипотензиялық әсердің күшеюі елеусіз. Тәулігіне бір рет тағайындалатын Гипосарт артериялық қысымның 24 сағат бойына тиімді және баяу төмендеуін қамтамасыз етеді. Гипосартты гидрохлоротиазидпен бірге қолдану уақытында бұл препараттардың гипотензиялық әсері қосарланады. Гипотензиялық әсердің күш алуы сондай-ақ Гипосартты және амлодипин немесе фелодипинді біріктіре қолдануда байқалған.

Гипосарт бүйрек қан ағынын ұлғайтады, және де шумақтық сүзілу жылдамдығына әсер етпейді және жоғарылатпайды, бірақ бүйректің тамырлық қарсыласуын және фильтрациялық фракциясын төмендетеді.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

Гипосартпен емдеу өліммен аяқталу жиілігін және жүрек жеткіліксіздігі себебінен госпиталдау қажеттігін төмендетеді, сол жақ қарынша систолалық қызметінің бұзылуы бар емделушілердің жай-күйін жақсартады.

Гипосарттың оң әсері емделушілердің жасына, жынысына және қатар жүргізілетін емге байланысты болмайды.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) және сол жақ қарынша систолалық қызметінің бұзылуы (сол жақ қарынша лықсыту фракциясының төмендеуі ≤ 40%) бар емделушілерде Гипосарт жалпы шеткергі тамырлық қарсыласудың және өкпедегі қылтамырлық қысымның төмендеуіне, плазмадағы ренин белсенділігінің және II ангиотензин концентрациясының жоғарылауына, сондай-ақ плазмадағы альдостерон деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді.

Қолданылуы

- артериялық гипертензияда

- созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және сол жақ қарынша систолалық қызметінің бұзылуында (сол жақ қарынша лықсыту фракциясының төмендеуі ≤ 40%) ангиотензин өзгертуші фермент тежегішіне (АӨФ тежегіштері) немесе АӨФ тежегіштерінің жақпаушылығында қосымша ем ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Гипосартты ішке тамақ ішуге байланыссыз, тәулігіне бір рет қабылдау керек.

Артериялық гипертензия

Препараттың бастапқы ұсынылатын және әдетте қолданылатын демеуші дозасы тәулігіне бір рет 8 мг құрайды.

Ең жоғары антигипертензиялық әсерге ем басталғаннан кейін 4 апта ішінде қол жеткізіледі. Артериялық қысымның одан әрі төмендетілуі талап етілетін емделушілерге дозаны тәулігіне бір рет 16 мг дейін және ең көбі тәулігіне бір рет 32 мг дейін ұлғайту мүмкіндігі бар. Емдеу сызбасын нақты емделушідегі емдік жауаптың айқындығына қарай жеке таңдау керек. Гипосартты басқа антигипертензиялық препараттармен бірге тағайындауға болады. Гидрохлоротиазидті қосымша тағайындау аддитивті гипотензиялық әсерге алып келеді.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерде препараттың бастапқы дозасын түзету талап етілмейді.

Айналымдағы қан көлемі азаюы бар емделушілер (гиповолемия)

Артериялық гипотензия даму қаупі бар, мысалы, айналымдағы қан көлемі төмендеуі бар емделушілерде емдеуді 4 мг дозадан бастау ұсынылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде, оның ішінде гемодиализдегілерде, препараттың бастапқы дозасы 4 мг құрайды. Дозаны емделушінің емге реакциясына қарай жеке таңдау керек. Препаратты бүйректің ауыр немесе терминалды жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 15 мл/мин) бар емделушілерде қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі.

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер

Жеңіл немесе орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде бастапқы ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 4 мг құрайды. Дозаны емделушінің емге реакциясына қарай жеке таңдауға болады.

Ауыр бауыр жеткіліксіздігі және (немесе) холестазы бар емделушілерге препарат ұсынылмайды.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

Бастапқы ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 4 мг құрайды. Бұл доза тәулігіне бір рет 32 мг мақсаттық дозаға дейін немесе дозаны қосарлау жолымен 2 аптадан кем болмайтын аралықпен емделуші көтере алатын ең жоғарғы дозаға дейін ұлғайтылуы мүмкін. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілердегі жай-күйді бағалауда әркез креатинин және қан сарысуындағы калий концентрациясын бақылауды қоса, бүйректің функционалдық күйін бағалау ескерілуі тиіс.

Гипосарт созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде қолданылатын басқа препараттармен, мысалы, бета-адреноблокаторлармен, диуретиктермен және жүрек гликозидтерімен қоса тағайындалуы мүмкін. Гипосартты АӨФ тежегіштерімен, калий жинақтаушы диуретиктермен (мысалы, спиронолактонмен) бір мезгілде қолдану потенциалды пайдасының қаупіне арақатынасын мұқият бағалаудан кейін ғана қарастырылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Артериялық гипертензия

Жиі

- тыныс алу жүйесінің жұқпалары

- бас айналуы, бас ауыруы

Өте сирек

- лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз

- гиперкалиемия, гипонатриемия

- жүрек айнуы

- бауыр ферменттерінің белсенділігі жоғарылауы, бауыр қызметі бұзылуы, гепатит

- ангионевротикалық ісіну, тері бөртпесі, есекжем, қышыну

- арқаның ауыруы, артралгиялар, миалгиялар

- бүйрек қызметі бұзылуы, ішінара бейімі бар адамдардағы бүйрек жеткіліксіздігі

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

Жиі

- гиперкалиемия

- гипотензия

- бүйрек қызметі бұзылуы, ішінара бейімі бар адамдардағы бүйрек жеткіліксіздігі

Өте сирек

- лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз

- гипонатриемия

- бас айналуы, бас ауыруы

- жүрек айнуы

- бауыр ферменттерінің белсенділігі жоғарылауы, бауыр қызметі бұзылуы, гепатит

- ангионевротикалық ісіну, тері бөртпесі, есекжем, қышыну

- арқаның ауыруы, артралгиялар, миалгиялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- кандесартанға немесе препараттың кез келген компонентіне өте жоғары сезімталдық

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі және/немесе холестаз

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кандесартанды мынадай: гидрохлоротиазид, варфарин, дигоксин, пероральді контрацептивтер (этинилэстрадиол, левоноргестрел), глибенкламид, нифедипин, эналаприл сияқты препараттармен біріктіріп қолдануда клиникалық фармакокинетикалық елеулі өзара әрекеттесулер анықталмады.

Калий жинақтағыш диуретиктерді,  калий препараттарын, құрамында калий бар тұз алмастырғыштарын немесе қан сарысуында калий деңгейін жоғарылатуы мүмкін (мысалы, гепарин) басқа да дәрілік препараттарды бір уақытта қолдану гиперкалиемия дамуына алып келуі мүмкін. Қан сарысуындағы калий концентрациясын бақылау керек.

Литий препараттарын ангиотензинконвертаза (АПФ) тежегіштерімен үйлестіре тағайындағанда қан сарысуындағы литий концентрациясының қайтымды жоғарылауы және уытты реакциялар дамуы байқалды. Бұған ұқсас реакциялар АРА II тобының дәрілік препараттарын пайдалануда кездесуі мүмкін. Кандесартанды литий препараттарымен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, бірақ біріктіріп тағайындау қажет болғанда қан сарысуындағы литий концентрациясына ұдайы бақылау керек.

АРА II тобының дәрілік препараттарын қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік препараттармен (ҚҚСП) бір уақытта қолдануда (яғни, ЦОГ-2 селективті тежегіштерімен, ацетилсалицил қышқылымен (тәулігіне > 3 г дозада) және селективті емес қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік препараттармен) антигипертензиялық әсері азаюы байқалуы мүмкін.

Ангиотензинконвертаза (AӨФ) тежегіштері жағдайындағы сияқты АРА II тобының және ҚҚСП тобының препараттарын біріктіре қолдану әсіресе бүйрек қызметі бұзылуы бар емделушілерде болуы мүмкін жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйрек қызметі бұзылу қаупі ұлғаюына және калий концентрациясы жоғарылауына алып келуі мүмкін. Біріктірілген емді әсіресе егде жастағы адамдарға сақтықпен тағайындайды. Біріктірілген ем басталғаннан кейін және одан әрі қарайғы емдеу барысында мезгіл-мезгіл емделушіні гидратациялау және бүйрек қызметіне бақылау жасау ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек қызметі бұзылуы

Гипосартпен емдеу аясында, ренин-ангиотензин-альдостеронды жүйесін бәсеңсітетін басқа да дәрілік препараттарды қолданғандағы сияқты кейбір бейімі бар емделушілерде бүйрек қызметі бұзылуы анықталуы мүмкін. Гипосартты артериялық гипертензиясы және қатарлас бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолданғанда қан сарысуындағы калий және креатинин деңгейін ауық-ауық бақылау ұсынылады. Гипосартты бүйрек қызметінің ауыр бұзылуы немесе терминалды сатыдағы бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 15 мл/мин аз) бар емделушілерде қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі. Емделушілердің бұл тобында препарат дозасын артериялық қысымға бір мезгілде бақылау жасай отырып сақтықпен таңдау керек. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі себебінен ем қабылдайтын емделушілерде, әсіресе 75 жас және одан үлкен жастағы емделушілерде, сондай-ақ бүйрек қызметі бұзылуы бар емделушілерде бүйрек қызметіне мезгіл-мезгіл бақылау керек. Препарат дозасын жоғарылатқанда да қан сарысуындағы калий және креатинин деңгейін бақылау ұсынылады.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде АӨФ тежегіштерімен бірге қолдану

Гипосартты АӨФ тежегіштерімен біріктіре қолданғанда жағымсыз әсерлер, әсіресе бүйрек қызметі бұзылуы және гиперкалиемия даму қаупі ұлғаюы мүмкін. Бұл жағдайларда емделушілер жай-күйіне мұқият және ұдайы бақылау керек.

Бүйрек артериясы стенозыБүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артериясының стенозы бар емделушілерде ренин-ангиотензин-альдостеронды жүйесіне, ішінара ангиотензин II (АРА II) рецепторлары антагонистеріне әсер ететін дәрілік препараттар қан сарысуындағы мочевина және и креатинин деңгейінің жоғарылауын туындатуы мүмкін. Бүйректі ауыстырып салу

Бүйрек трансплантациясынан кейінгі емделушілерде Гипосарт қолданудың клиниклық тәжірибесі жоқ.

Артериялық гипотензия

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде Гипосартпен ем қабылдау аясында артериялық гипотензия дамуы мүмкін. Гипотензия сондай-ақ айналымдағы қан көлемі азаюы бар, мысалы, диуретиктердің үлкен дозаларын қабылдағанда артериялық гипертензия бар емделушілерде дамуы мүмкін. Сондықтан ем басында сақтық жасау керек, және қажет болғанда гиповолемия түзетуін жүргізу керек.

Жалпы анестезия және хирургиялық араласулар

Ангиотензин II рецепторлары антагонистерін қабылдайтын емделушілерде анестезия кезінде және хирургиялық араласуларда ренин-ангиотензин жүйесі блокадасы нәтижесінде артериялық гипотензия дамуы мүмкін. Көктамыр ішіне сұйықтық енгізуді және/немесе артериялық қысымды жоғарылататын дәрілік препараттар қабылдауды талап ететін ауыр артериялық гипотензия жағдайы өте сирек анықталуы мүмкін.

Аорталық және митралдық клапан стенозы (обструктиялық гипертрофиялық кардиомиопатия)

Басқа да вазодилататорлар сияқты гемодинамикалық елеулі аорталық және митралдық клапан стенозы немесе обструктиялық гипертрофиялық кардиомиопатиясы бар емделушілерге Гипосартты сақтықпен тағайындау керек.

Біріншілік гиперальдостеронизм

Біріншілік гиперальдостеронизмі бар емделушілер әдетте ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін антигипертензиялық препараттармен емдеуге жауап бермейді. Осыған байланысты емделушілердің бұл тобында Гипосарт қолдану ұсынылмайды.

Гиперкалиемия

Гипосартты калий жинақтаушы диуретиктермен, калий препараттарымен немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарымен, немесе қандағы калий құрамын ұлғайтуы мүмкін басқа препараттармен (мысалы, гепарин) бір мезгілде қолдану артериялық гипертензиясы бар емделушілерде қан сарысуындағы калий концентрациясының жоғарылауына алып келуі мүмкін. Жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде кандесартанмен емдеу аясында гиперкалиемия дамуы мүмкін. Қан сарысуындағы калий деңгейін ұдайы бақылау ұсынылады. АӨФ тежегіштерін, спиронолактон сияқты калий жинақтаушы диуретиктерін және Гипосартты қоса қолдану ұсынылмайды және тек потенциалды пайдасы мен қаупі мұқият бағаланғаннан кейін қарастырылуы мүмкін.

Гемодиализ

Диализ емшарасы кезінде артериялық қысым плазма көлемі азаюынан және ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі белсенділігі артуынан туындаған AT1-рецепторлары блокадасына ерекше сезімтал болуы мүмкін.

Сондықтан диализотерапия қабылдайтын емделушілерде Гипосарт дозасын бір уақытта артериялық қысымды бақылай отырып, сақтықпен таңдау керек.

Жалпы

Тамырлар тонусы және бүйрек қызметі елеулі дәрежеде ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі белсенділігіне (мысалы, ауыр іркілісті созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар немесе бүйрек артериясы стенозын қоса, бүйректің негізгі ауруы бар емделушілер), әсіресе ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін препараттарға сезімтал емделушілер. Бұл науқастарда осыған ұқсас препараттарды тағайындау күрт артериялық гипотензиямен, азотемиямен, олигуриямен және сирек жедел бүйрек жеткіліксіздігімен қатар жүреді. АРА II тобының дәрілік препараттарын пайдаланғанда аталған әсерлердің даму мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Ишемиялық кардиопатиясы немесе генезі ишемиялық цереброваскулярлық аурулары бар емделушілерде антигипертензиялық дәрілік препараттар қолдану аясында артериялық қысымның күрт төмендеуі миокард инфарктісінің немесе инсульттің дамуына алып келуі мүмкін.

Гипосарттың антигипертензиялық әсері артериялық гипертензияны емдеу үшін немесе басқа да көрсетілімдер бойынша тағайындалған артериялық қысымды төмендететін басқа дәрілік препараттармен бір уақытта қолданғанда күшеюі мүмкін.

Препарат құрамында лактоза бар, осыған байланысты сирек кездесетін тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Лапп типті лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар емделушілерге қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бас айналуы және жоғары қажығыштық сияқты жағымсыз әсерлер дамуы мүмкіндігіне байланысты автокөлік және қауіптілігі потенциалды механизмдерді басқаруда сақтық жасау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: айқын артериялық гипотензия, бас айналуы. Препаратты артық дозалаудың (672 мг кандесартан цилексетилге дейін) бірен-саран жағдайларында емделушілердің сауығып кетуі асқынусыз жүрген.

Емі: симптоматикалық. Емделушіні шалқасынан жатқызу және аяғын көтеру керек. Қажет болғанда айналымдағы плазма көлемін ұлғайту керек, мысалы, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін көктамыр ішіне енгізу жолымен. Жоғарыда аталған шаралар тиімділігі жеткіліксіз болғанда симпатомиметикалық препараттар енгізуге болады. Гипосарт организмнен гемодиализ көмегімен шығарылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті (ПВХ)/PVDC үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 14 таблеткадан салынған.

1, 2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Польфарма» АҚ Фармацевтикалық зауыты

Пельплиньска к-сі 19, 83-200 Старогард Гданьски, Польша

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

 

 

Прикрепленные файлы

950667751477976795_ru.doc 121.5 кб
875360681477977951_kz.doc 131 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники