Гинтон

МНН: Женьшень, Рибофлавин, Тиамин, Цинка сульфат
Производитель: Микро Лабс Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Общетонизирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004049
Информация о регистрации в РК: 26.02.2019 - 26.02.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Гинтон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: женьшень сығындысы (400 мг женьшень тамыры ұнтағына баламалы), мырыш сульфаты моногидраты (элементарлы мырышқа баламалы), тиамин мононитраты (В1 витамині), рибофлавин (В2 витамині), пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині), никотинамид (ниацинамид), цианокобаламин (желатиндегі 0.1% цианокобаламин түрінде) (В12 витамині), кальций пантотенаты (83% кальций пантотенаты жабыны түрінде), аскорбин қышқылы (С витамині; жабыны ретінде), токоферол ацетаты (50% Е витамині жабуға арналған құрғақ ұнтақ)

қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), тазартылған тальк, магний стеараты, лактоза

капсуланың құрамы: жылтыр көк (Е133), кармоизин (Е122), тартразин (Е102), титанның қостотығы (Е171), метилпарабен, пропилпарабен, желатин, натрий лаурилсульфаты, тазартылған су

Сипаттамасы

Корпусы мен қақпақшасы күрең қызыл түсті және корпусы мен қақпақшасында MICRO/MICRO деген жазуы бар, өлшемі «0» қатты желатинді капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі – сары-қоңыр түсті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Жалпы сергіткіш препараттар

АТХ коды А13А

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гинтон препаратының әсері оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық байқаулар жүргізу мүмкін емес; компоненттердің барлығы бірге маркерлердің немесе биозерттеулердің көмегімен қадағалана алмайды.

Фармакодинамикасы

Құрамында витаминдер мен женьшень тамырының сығындысы бар біріктірілген препарат. Әсер етуі оның құрамына кіретін компоненттердің әсерлеріне негізделген.

Женьшень тамыры биологиялық белсенді заттарының кешені (сапониндер, эфир және майлы майлар, пектиндер, гликозидтер) орталық жүйке жүйесіне көтермелейтін және сергітетін әсер береді, тіндердің оттегін тұтынуын арттырады, ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жоғарылатады, сондай-ақ антидиуретикалық қасиеттерге ие, гонадотропты әсер етіп, аздап қан түзілуін көтермелейді.

Мырыш микроэлементі организмнің биохимиялық реакцияларына, қан түзу үдерісіне, ішкі секреция бездері қызметіне қатысады. Сүйек тіндерінің қалыпты дамуы үшін маңызды, жыныстық гормондар мен инсулиннің қалыптасуына қатысады.

Тиамин (В1 витамині) кофермент ретінде көмірсу алмасуына, жүйке жүйесінің қызметіне қатысады.

Рибофлавин (В2 витамині) тотығу-тотықсыздану үдерісін реттейді, ақуыз, май, көмірсу алмасуларына қатысады, ДНҚ қалыптасуында маңызды рөл атқарады, тіндердің (оның ішінде терінің) регенерация үдерістеріне ықпал етеді.

Пиридоксин (B6 витамині) кофермент ретінде амин қышқылдары мен ақуыздар метаболизміне, нейромедиаторлар синтезіне қатысады.

Никотинамид (PP витамині) тіндердің тыныс алу үдерістеріне, май және көмірсу алмасуларына қатысады.

Цианокобаламин (B12 витамині) фолий қышқылымен бірге нуклеотидтер синтезіне қатысады; эритроциттер мен жүйке қабықтары жасушаларын қалыптастыруға қатысады, организмнің өсуіне қажет.

Кальций пантотенаты организм жасушаларында жылдам пантотен қышқылына айналады, А коэнзимнің құрамдас бөлігі ретінде ацетилдену және тотығу үдерістерінде маңызды рөл атқарады; эпителий мен эндотелийдің құрылуы мен регенерациясына ықпал етеді.

Аскорбин қышқылы (C витамині) тотығу-тотықсыздану үдерісінде маңызды рөл атқарады, коллаген синтезін қамтамасыз етеді; фолий қышқылы мен темірдің метаболизміне, сондай-ақ стероидты гормондар мен катехоламиндер синтезіне қатысады.

Токоферол (Е витамині) антиоксидантты қасиеттерді иеленген, жасуша жарғақшаларында қанықпаған май қышқылдарын липопероксидациядан қорғауды қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

- гипо- және авитаминоздардың алдын алуда және емдеуде

- зат алмасуды қалпына келтіру, терінің, тырнақтың, шаштың құрылымын жақсартуда

- дене және ақыл-ой жүктемелері артқанда

- ұзақ және/немесе ауыр, оның ішінде жұқпалы аурулардан кейінгі қалпына келу кезеңінде

- теңгерілмеген және толыққанды емес тамақтануда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге препаратты тәулігіне 1 капсуладан қабылдау ұсынылады. Курстың ұзақтығы жекелей анықталады. Препаратты таңғы астан кейін, сумен ішіп қабылдау керек.

Жағымсыз әсерлері

Жиі:

-бас ауыруы,

-жүрек айнуы, құсу;

Жиі емес:

- диарея;

Белгісіз:

- бас айналуы,

- бөртпе, қышыну

- ұйқысыздық,

- іштің ауыруы;

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- А және D гипервитаминозы

- гиперкальциемия, гиперкальциурия

- гемохроматоз

- несеп-тас ауруы

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік

- лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

- туа біткен лактоза тапшылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы, тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гинтон құрамында кальций (кальций пантотенаты түрінде) бар, сондықтан тетрациклин тобының антибиотиктері мен микробтарға қарсы дәрілер – фторхинолон туындыларын бірге қолданған кезде соңғыларының асқазан-ішек жолынан сіңірілуі баяу жүреді.

Антикоагулянттармен бірге қолданғанда тиімділігі төмендейді.

С витамині сульфаниламидтер тобындағы микробтарға қарсы дәрілердің фармакологиялық әсерін және жағымсыз әсерлерін күшейтеді (соның ішінде кристаллурияның даму қаупі артады).

Гинтон препаратын тиазидті диуретиктермен бірге қолданған кезде гиперкальциемияның даму қаупі артады.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың ұсынылған дозаларын жоғарылатуға болмайды.

Несептің қанық сары түске боялуы мүмкін, бұл препарат құрамында рибофлавиннің болуына байланысты және қауіпті емес.

Жүктілік және лактация кезеңі

Гинтон препаратын жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары:

- жүрек айнуы, қан құсу, іштің ауыруы, диарея

- ішектен қан кету

- сылбырлық

- гипергликемия және метаболизмдік ацидоз

Емі:

-симптоматикалық

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Препаратты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Микро Лабс Лимитед, Үндістан

92, Sipcot, Hosur – 635 126, India.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Микро Лабс Лимитед», Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Лайфкеэ Этикалс» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Мамыр-3, 3А үй, тел. 8 (727) 226-15-36, 8 (727) 226-15-38

 

 

5

 

Прикрепленные файлы

055726651477976950_ru.doc 62.5 кб
414063711477978131_kz.doc 57.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники