Гинкофар

МНН: Гинкго Билоба
Производитель: Биофарм ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ginkgo biloba
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020973
Период регистрации: 19.11.2014 - 19.11.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Гинкофар

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар, 40 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: Гинкго билоба жапырақтарының сығындысы DER (35-67 : 1), 40 мг

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, кросповидон, магний стеараты, повидон, коллоидты кремнийдің қостотығы, қабықтың құрамы: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 4000, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172).

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, теңбілдері болуы мүмкін, ақшыл-сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Деменцияны емдеуге арналған препараттар. Деменцияны емдеуге арналған басқа да препараттар. Гинкго билоба.

АТХ коды N06DX02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішу арқылы қолданудан кейін гинкго билоба гликозидтерінің флавоноидтары аш ішекте сіңіріледі. Ең жоғары концентрациясына 2 сағаттан кейін жетеді, жартылай шығарылу кезеңі 2 – 4 сағатты құрайды. Бауырда метаболизденеді. Сығынды өкпе арқылы, сондай-ақ несеппен және нәжіспен бірге шығарылады.

Фармакодинамикасы

Гинкофар таблеткаларының құрамында гинкго билоба жапырақтары сығындысының биологиялық белсенді заттары (флавон гликозидтері, терпен лактондары) бар, олар қантамыр қабырғаларының созылғыштығының нығаюына және артуына ықпал етеді, қанның реологиялық қасиеттерін жақсартады және осының салдарынан микроциркуляция, ми және шеткергі тіндердің оттегімен және глюкозамен қамтамасыз етілуі жақсарады. Препарат жасушаларда зат алмасуды қалыпқа түсіреді, эритроциттер агрегациясына кедергі келтіреді, тромбоциттер белсенділендіру факторын тежейді. Қантамыр жүйесіне дозаға тәуелді реттеуші әсері бар, ұсақ артерияларды кеңейтеді, көктамырлар тонусын жоғарылатады, тамырлардың қан толығуын реттейді. Әсер ету механизмі оттегінің уытты радикалдары дезактивациясымен және холинорецепторлар мен альфа-2-адренорецепторлар ескіруінің азаюымен түсіндіріледі.

Гинкофар дәрісінің клиникалық әсер етуі ми ишемиясының азаюына, мидың және шеткергі қан айналымының жақсаруына негізделген.

Бұдан басқа, гинкго билоба жапырақтары сығындысының құрамында болатын белсенді қосылыстар әртүрлі нейропатиялар кезінде сақтандыру әсерін береді және қимыл-қозғалыс жүйкесі аксондарының (билобалид А) регенерациясын көтермелейді, сондықтан Альцгеймер ауруы және глаукома кезінде гинкго билобадан жасалған дәрілерді де қолдану ұсынылады.

Қоданылуы

  • ми қан айналымы бұзылуының төмендегі симптомдарында: зейін шоғырландырудың қиындауы, есте сақтаудың төмендеуі, бас айналу және бас ауыруы, құлақтың шуылдауы, есту және көрудің нашарлауы

  • аяқты қанмен қамтамасыз ету бұзылулары қатар жүретін шеткергі қан айналымының бұзылулары – табанның суықтығы мен ауыруын сезіну

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге: Гинкофар дәрісін ішке, тамақтанудан кейін, таблетканы сұйықтықпен ішіп, қабылдайды.

- Ми қан айналымының бұзылуларында: 2 таблеткадан тәулігіне 2 немесе 3 рет қабылдайды;

- Шеткергі қан айналымының бұзылуларында: 2 таблеткадан тәулігіне 2 рет қабылдайды.

Емдеуді 8-12 апта жүргізген жөн. Жақсарудың алғашқы белгілері, әдетте емдеудің шамамен 4 аптасы өткен соң басталады.

Негізгі емдеуден кейін дәріні одан әрі 1 таблеткадан тәулігіне 1 - 2 рет қабылдау көрсетіледі. Гинкофар – жақсы көтерімді дәрі болып табылады және ұзақ уақыт қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

- тері бөртпесі, қышыну

- диспепсия

- бас ауыру

- асқазан-ішектен қан кету, миға және көз тор қабығына қан құйылу.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • қан ұюдың төмендеуі

  • эрозиялық гастрит

  • асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы

  • ми қан айналымының жедел бұзылулары

  • жедел миокард инфарктісі

  • артериялық гипотензия

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрігерге соңғы кездегі қабылдап жүрген, тіпті рецептісіз берілетін дәрілер туралы да хабарлаған жөн.

Гинкго билоба жапырақтары сығындысы аспиринмен, варфарин және тиазидті диуретиктермен ұзақ емдеген кезде бір мезгілде қолданылмауы тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Қан ұюының бұзылуы. Гинкофар дәрісін қолданудың алдында, егер емделушінің қан кетуге бейімділігі жоғары (қан ұюдың бұзылуы), гемофилиясы (тұқым қуалайтын қан кету үдерісінің бұзылуы) болса немесе бұрын қан кетулер орын алса, дәрігерге немесе фармацевтке қаралу қажет. Хирургиялық операция алдында дәрігерге Гинкофар дәрісін қабылдайтыны туралы хабардар етуі керек. Жоспарланған хирургиялық немесе мысалы, тіс экстракциясы сияқты стоматологиялық араласулар алдында 36 сағат бұрын дәрі қабылдауды тоқтату ұсынылады.

Препараттың ұсынылған дозасынан асырмаған жөн.

Ми қан айналымының жедел бұзылуы, жедел миокард инфарктісі, артериялық гипотония, эрозиялық гастрит, асқазан мен он екі елі ішек ойық жаралы ауруы кезінде қолдану ұсынылмайды.

Дәрі құрамында лактоза бар. Егер емделушіде бұрын кейбір қанттарды көтере алмаушылығы анықталған болса, дәріні қабылдар алдында емделуші дәрігермен кеңесуі тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Гинкго билоба сығындысының ұрыққа және жаңа туған нәрестеге жағымсыз әсерлері туралы белгісіз. Жалпы медициналық пайымдау тұрғысынан, Гинкофар дәрілік затын жүктілік және бала емізу кезеңінде қолданбаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Препаратпен артық дозалану оқиғалары белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қабықпен қапталған 10 таблеткадан ПВХ/ПВДХ/Ал. фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2 немесе 6 пішінді қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 250С-ден төмен температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Биофарм ЖШҚ

Валбжиск к-сі 13

60-198 Познань Польша

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Биофарм ЖШҚ, Польша

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Adalan» ЖШС

Тимирязев к-сі 42, 23 пав. 202 кеңсе, 050057 Алматы қ.

Тел. + 727 269 54 59; e-mail: reg@adalan.kz

 

Прикрепленные файлы

137402851477976627_ru.doc 61.5 кб
886557721477977773_kz.doc 75 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники