Гиненорм

МНН: Ибупрофен
Производитель: Mitim s.r.l.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ибупрофен
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019042
Информация о регистрации в РК: 21.05.2018 - 21.05.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Гиненорм

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ибупрофен

Дәрілік түрі

0.1 % қынаптық ерітінді, 100 мл

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат 100.0 мг ибупрофен изобутиламмоний (69.8 мг ибупрофенге баламалы),

қосымша заттар: метилэтилпропилбутил-2-феноксиэтанол-п-гидроксибензоат (ундебензофен), полисорбат 20, пропиленгликоль, гүл эссенциясы, тазартылған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Интравагинальді қолдануға арналған қабынуға қарсы препараттар.

АТЖ коды G02CC01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Интравагинальді қолдану кезінде сіңуі шамалы, жүйелік әсер етпейді. Биожетімділігін зерттеу Гиненорм препаратын қолдану барысында қан плазмасында ибупрофен деңгейі төмен, аналитикалық сезімталдық шегінде екендігін анықтап отыр.

Фармакодинамикасы

Гиненормның әсер ету механизмі простагландиндер ізашары болып табылатын арахидон қышқылы метаболизмінің негізгі ферменті - циклооксигеназаның (ЦОГ) белсенділігін бәсеңдетумен байланысты, бұл қабыну, ауыру мен қызбаның патогенезінде негізгі рөл атқарады. Қабынуға қарсы әсері тамырлар өткізгіштігінің азаюымен, микроайналымның жақсаруымен, жасушалардан қабыну медиаторлары (простагландиндер, кининдер, лейкотриендер) босап шығуының төмендеуімен және қабыну үдерісін қуаттық қамтамасыз етуін басумен байланысты. Ауырғанды басатын әсері шеткергі әрі (жанамалы түрде, простагландиндер синтезін басу арқылы), орталық механизмге де (орталық және шеткергі жүйке жүйесіндегі простагландиндер синтезін тежеуге сүйенетін) негізделген. Тромбоциттер агрегациясын басады.

Ыстық түсіретін әсері аралық мидың жылу реттегіш орталықтары қозғыштығының азаюымен байланысты.

Ибупрофен аденозиндифосфат пен коллаген туындататын тромбоциттер агрегациясын қайтымды тежейді.

Қолданылуы

- барлық типті вульвовагиниттер мен цервиковагиниттерде

- гинекологиялық хирургияда операцияға дейін- және кейін емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Дәрігердің ұсынымдарына байланысты, күніне 1 немесе 2 қынаптық бүркіп шаю.

Ерітіндіні бөлме немесе ыстық су ағынының астында құтыны жылыту арқылы одан сәл жоғары температурада пайдалануға болады.

1. Қақпақтың шығып тұратын бөлігін сындыру үшін бір жағына қарай басыңыз.

2. Қорғаныш қаптамасынан стерильді канюляны шығарып алыңыз, құтыға қойып, оның орныққанына қол жеткізіңіз.

3. Канюляны абайлап қынапқа енгізіңіз де, әбден босағанша құтыны қыса басып тұру керек.

4. Ерітінді емдік әсер бере аларлықтай етіп, сұйықтықты қынапта бірнеше минут ұстап тұрыңыз,

Емдеу ұзақтығы 3-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек

- эксфолиативті дерматитті Стивенс- Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролизді (Лайелл синдромы) қоса, тері реакциялары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгеніне немесе химиялық құрамы жағынан ұқсас заттарға жоғары сезімталдықта

- жүктілік және лактация кезеңі

- 16 жасқа дейінгі қыздарға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Нұсқаулыққа кірмеген кез келген жағымсыз әсерінің пайда болуы жайында дәрігерге немесе фармацевт маманға жеткізілуі тиіс.

Теріде, шырышты қабықта бөртпе немесе басқа зақымдануларда немесе асқын сезімталдық белгілері пайда болғанда Гиненорм препаратымен емдеу тоқтатылуы тиіс.

Гиненорм препаратымен ұзақ емдеу шырышты қабықтың тітіркенуіне әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда емдеу тоқтатылып, тиісті ем жүргізуді бастау қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозаланғанда

Жүйелік қан ағымына сіңірілу дәрежесінің төмендігіне байланысты артық дозалану мүмкіндігі аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

0,1% қынаптық ерітінді, 100 мл

100 мл препараттан жоғары және төменгі тығыздықтағы полиэтиленнен жасалған қақпағы бар төменгі тығыздықтағы полиэтилен құтыға құйылған. Әр құтыға желімді заттаңбаны жапсырады.

5 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Стерильді канюлялар поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаларға жеке қапталған.

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Mitim s.r.l.», Италия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Aesculapius Farmaceutici S.r.l.», Via Cozzaglio, 24-25125 Brescia, Италия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«AVITA (АВИТА)» ЖШС,

Алматы қ., Чайковский к-сі, 15-а

телефон/факс 8/727/2795639

 

Прикрепленные файлы

084912891477977028_ru.doc 62.5 кб
132089701477978203_kz.doc 70 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники