Гидроксикарбамид (250 мг)

МНН: Гидроксикарбамид
Производитель: Белмедпрепараты РУП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Hydroxycarbamide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021383
Период регистрации: 14.05.2015 - 14.05.2020
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)

Инструкция

Саудалық атауы

Гидроксикарбамид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Гидроксикарбамид

Дәрілік түрі

250 мг, 500 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – гидроксикарбамид – 250 мг немесе 500 мг;

қосымша заттар – лимон қышқылының моногидраты, сусыз динатрий фосфаты, кальций стеараты, натрий лаурилсульфаты, 5,5-сусыз натрий цитраты.

Ақ түсті қатты желатинді капсуланың құрамы: желатин, глицерин, тазартылған су, титанның қостотығы (Е 171), натрий лаурилсульфаты.

Сары түсті қатты желатинді капсуланың құрамы: желатин, глицерин, тазартылған су, титанның қостотығы (Е 171), натрий лаурилсульфаты, хинолинді сары (Е 104), күн батар түстес сары (Е 110).

Сипаттамасы

Ақ түсті қатты желатинді капсулалар, өлшемі № 0 (250 мг доза үшін);

Сары түсті қатты желатинді капсулалар, өлшемі № 0 (500 мг доза үшін);

Капсуланың ішіндегі зат – ақ түсті немесе сарғыш реңді ақ түсті ұнтақ. Капсула массасының бағана немесе таблетка түрінде қатаюына жол беріледі, олар шыны таяқшамен басқан кезде шашылады.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы басқа да препараттар. Гидроксикарбамид.

АТХ коды L01ХХ05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдаған кезде гидроксикарбамид асқазан-ішек жолынан жақсы сіңіріледі және бірден тіндерге енеді. Организмде жиналмайды. Жұлын-ми сұйықтығында 10-20%, асциттік сұйықтықта – плазмадағы концентрацияның 15-50%-ы. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді. Қан плазмасында ең жоғары концентрацияға препаратты қабылдағаннан кейін 1-4 сағаттан соң жетеді және орта есеппен 22,9-65,6 мг/л құрайды. Қабылдағаннан кейін 24 сағаттан соң плазмадағы препарат мөлшері нөлге жуықтайды. Жартылай шығарылу кезеңі 3-4 сағатты құрайды. Дозаны арттырған кезде Cmax және AUSs пропорционалды емес артуы байқалады. Гидроксикарбамидтің сіңірілуіне тағамның ықпалы жөнінде деректер жоқ. Препарат тез және бүкіл организмге таралады. Препараттың пероральді дозасының 60%-ға дейіні толық сипатталмаған метаболизмдік жолдан өтеді. Препарат бауырда ішінара, ішек бактерияларының уреазасы дегидратациясы жолымен ішінара елеусіз метаболизденеді. Көбіне бүйрек арқылы бөлініп шығады. 7-ден 30 мг/кг дозада ішке қабылданған немесе көктамыр ішіне енгізілген препараттың 80%-ға жуығы қабылданғаннан кейін 12 сағат ішінде несеппен бірге шығарылады. Сондай-ақ тыныс жолдары арқылы көміртектің қостотығы түрінде де шығарылады. Диализ кезінде элиминацияға ұшырайды.

Тұрғындардың айрықша топтары:

Фармакокинетикасында адамдардың жасына, жынысына, нәсіліне байланысты айырмашылықтар жоқ. Сондай-ақ педиатриялық іс-тәжірибеде фармакокинетикалық деректер жоқ.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде препарат дозасын төмендету қажет. Мұндай емделушілерде қан көрсеткіштерін мұқият бақылау қажет. Бауыр функциясы бұзылған емделушілерде препарат дозасын төмендету қажет екендігін айғақтайтын деректер жоқ. Алайда мұндай емделушілерде сондай-ақ қан көрсеткіштерін де бақылау қажет.

Фармакодинамикасы

Гидроксикарбамид – ісікке қарсы препарат. Гидроксикарбамидтің нақты әсер ету механизмі белгісіз. Гидроксикарбамидтің өте маңыздырақ әсері ДНҚ синтезінің басылуына әкелетін рибонуклеидредуктаза жүйесінің бөгелуімен байланысты. Гидроксикарбамидке жасушалық резистенттілік әдетте геннің амплификациясы нәтижесінде рибонуклеидредуктаза деңгейінің жоғарылауымен байланысты.

Қолданылуы

  • созылмалы миелолейкозда, остеомиелофиброзда, эритремияда, эссенциальді тромбоцитемияда, меланомада;

  • бас пен мойынның қатерлі ісіктерінде (ерін обырын қоспағанда) радикальді хирургиялық ем немесе сәулемен ем жүргізу мүмкін болмағанда;

  • жатыр мойнының обырында (сәуле емімен біріктіріп).

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ішке, тамақтануға дейін, судың аздаған мөлшерімен ішіп қабылдайды. Капсуланы жұту мүмкін болмаған жағдайда оның ішіндегісін ішінде аздаған суы бар стаканға салып араластырып, толық еруін күтпей-ақ дереу қабылдауға болады.

Монотерапия режимінде де (III-IV желілі паллиативті химиялық ем), сондай-ақ басқа цитостатикалық препараттармен де немесе сәуле емі ретінде де қолданады. Препараттың дозасын, қабылдау санын және емдеу курсының ұзақтығын дәрігер көрсетілімдерге және науқастың жағдайына сәйкес, емделушінің салмағына қарай жекелей белгілейді. Балаларда меланоманың, тұрақты созылмалы миелолейкоздың, анабездер обырының және балаларда бас пен мойын обырының кездесу жиілігінің төмен болуына байланысты препаратты қабылдау сызбасы анықталған жоқ. Препаратты басқа миелосупрессивтік препараттармен бірге пайдаланғанда дәрілік заттың дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Препарат қан сарысуында несеп қышқылы деңгейінің артуына әкелуі мүмкін, бұл урикозуриялық препараттар дозасын түзетуді қажет етеді.

Резистентті созылмалы миелолейкоз

Үзіліссіз ем. Күн сайын күніне бір рет 20-дан 30 мг/кг дейін.

Препараттың тиімділігіне баға беруді 6 апта емдегеннен кейін жүргізеді. Қолданылатын клиникалық жауапта емдеуді шектеусіз ұзаққа жалғастыруға болады. Егер лейкоциттер саны - 2500/мм3-ден кем болса немесе тромбоциттер саны — 100000/мм3-ден кем болса, емдеуді тоқтата тұрған жөн. 3 күннен кейін қан талдауын қайтадан жүргізеді. Емдеуді лейкоциттер мен эритроциттер мөлшері қолдануға жарамды болғанға дейін жоғарылайды (жоғарыны қараңыз). Әдетте лейкоциттер мен эритроциттер мөлшерінң қалпына келуі барынша тез жүреді, керісінше жағдайда препаратты сәуле емімен бірге қолданғанда, соңғысы да тоқтатылуы мүмкін.

Анемияның, тіпті ауыр анемияның дамуы талапқа сай ем жағдайында емдеу курсын үзуді қажет етпейді (эритроцитарлы масса трансфузиясы).

Шынайы полицитемия

Емдеуді тәуліктік 15–20 мг/кг дозадан бастайды. Дозаны гематокритті 45%-дан төмен, ал тромбоциттер санын 400000/мкл-ден төмен дәрежеде сақтауға ұмтыла отырып, жекелей белгілейді. Көптеген науқастарда гидроксикарбамидті 500-ден 1000 мг-ге дейінгі тәуліктік дозада ұдайы қолдана отырып, осы көрсеткіштерге қол жеткізе алады.

Эссенциальді тромбоцитемия

Әдетте Гидроксикарбамид препаратын бастапқы тәуліктік 15 мг/кг дозада тағайындайды; содан кейін мұндай дозаны таңдайді, ол әрі қарай тромбоциттер санын 600000/мкл-ден төмен деңгейде сақтайды, мұндайда лейкоциттер санының 4000/мкл-ден кемге азаюына әкелмейді. Ірі ісіктер, меланома

Үзіліспен емдеу:

- 80 мг/кг әрбір үш күн сайын күніне бір рет (6–7 доза) Үздіксіз ем:

- 20–30 мг/кг 3 апта ішінде күн сайын күніне бір рет.

Бас пен мойын карциномасы, жатыр мойнының карциномасы

Күніне бір рет 80 мг/кг, әрбір үш күн сайын сәуле емімен біріктіріп. Препаратпен емдеуді сәуле емін бастардан кемінде 7 күн бұрын бастайды және сәулемен емдеу кезінде жалғастырады. Сәуле емінен кейін науқасты қатаң бақылай отырып, әдеттегідей емес немесе ауыр уытты реакциялар жоқ болған жағдайда препаратты қабылдауды шектеусіз жалғастыра береді.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілер

Емделушілердің осы тобында дозаны өзгерту жөнінде нұсқаулар жоқ. Бауыр функциясы бұзылған емделушілерде қан көрсеткіштеріне мұқият мониторинг жүргізген жөн.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер

Гидроксикарбамид көбіне бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, препаратты мұндай емделушілерге тағайындағанда дозаны төмендету қажет. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына 60 мл-ден төмен) бар науқастарға препарат әдетте 15 мг/кг дозада тағайындалады. Бүйрек функциясының терминальді сатыдағы жеткіліксіздігі бар науқастарға препарат 7 күн аралықпен қабылданатын екі рет 15 мг/кг дозада тағайындалады: алғаш рет - 4 сағаттық гемодиализ сеансы аяқталғаннан кейін, екінші рет - гемодиализ сеансын жүргізер алдында.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерде Гидроксикарбамид препаратын қолданғанда жағымсыз әсерлердің дамуы ықтималдылығы жас емделушілерге қарағанда жоғары болатындықтан, осы топтың емделушілері үшін ұсынылатын доза тәулігіне 60 мг/кг-ден аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Жиі:

- сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, лейкопения, мегалобластоз

- диарея, іш қату

Жиі емес:

- тромбоцитопения, анемия

- анорексия

- жүректің айнуы, құсу, стоматит

- бауыр ферменттері көрсеткіштерінің жоғарылауы, қандағы билирубин деңгейлерінің артуы

- макулопапулезді бөртпе, бет эритемасы, акральді эритема

- қанда несеп қышқылының артуымен, қанда мочевина және креатинин деңгейлерінің жоғарылауымен қатар жүретін бүйрек функциясының транзиторлы бұзылуы, несеп іркілісі, ісіну, интерстициальді нефрит

- дәрілік қызба, қалтырау, дімкәстік

Сирек:

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

- ісік лизисінің синдромы

- елестеулер

- бас ауыруды, бас айналуды, бағдардан жаңылуды, құрысуларды қоса, неврологиялық бұзылулар

- өкпенің ісінуі, жедел өкпелік реакциялар: өкпенің диффуздық инфильтрациясы, өкпелік фиброз, ентігу

- алопеция

- дизурия

Өте сирек:

- дерматомиозитке ұқсас тері өзгерістері, тері гиперпигментациясы, тері атрофиясы, тырнақтардың пигментациясы, тырнақтардың атрофиясы, терінің ойық жаралары (әсіресе, аяқтардың ойық жарасы), қышыну, актиниялық кератоз, тері обыры (жалпақ жасушалы обыр, базальді-жасушалық карцинома), күлгін папулалар, десквамация

- бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Белгісіз:

- гиперкалиемия

Панкреатиттің және гепатоуыттылықтың (өлімге әкеп соғуы мүмкін), сондай-ақ ауыр шеткергі нейтропенияның даму жағдайлары гидроксикарбамидті антиретровирусты препараттармен бірге, атап айтқанда диданозинді ставудинмен біріктіріп немесе онсыз қабылдаған, АИВ бар науқастарда байқалды.

Гидроксикарбамидті диданозинмен, ставудинмен және индинавирмен біріктіріп қабылдаған емделушілерде, CD4 жасушалар санының шамамен 100/мм3-ге төмендегені байқалды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- дәрілік заттың белсенді затына немесе кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық

- бүйрек немесе бауыр функциясының жедел жеткіліксіздігі

- тромбоцитопения (100×109/л-ден аз), айқын лейкопения (2,5×109/л-ден аз), ауыр дәрежедегі анемия

- вирустық (желшешек, белдемелі теміреткі) және басқа да жұқпалар

- жүктілік, лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Сақтықпен: егде жастағы адамдар және балалар (дозаны азайтуды қажет етеді), бұрын сәуле емі немесе химялық ем жүргізілген емделушілер, бүйректің ісігі бар науқастар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гидроксикарбамид цитарабиннің фармакологиялық әсерін арттырады; 5-фторурацилді және метотрексатты әлсіретеді. Сүйек кемігінің функциясын бәсеңдететін препараттардың миелоуыттылығын (өзара) арттырады. Урикозуриялық дәрілермен бірге тағайындағанда нефропатияның даму қаупі ұлғаяды. Антидепрессанттармен, антигистаминдік, седативтік, ұйықтататын, есірткілік препараттармен және алкогольмен біріктіру реакция жылдамдығының тежелуін күшейтеді. Тірі вирус вакциналарын енгізген кезде жағымсыз әсерлері күшеюі немесе антиденелердің өндірілуі төмендеуі мүмкін; белсенділігі төмендетілген вакцина вирусқа қарсы антиденелердің өндірілуін төмендетеді.

Сәуле емімен біріктіру миелосупрессиямен, асқазанның шырышты қабығының зақымдануымен байланысты жағымсыз әсерлердің күшеюіне әкелуі мүмкін.

Зерттеулер мочевинаның, несеп қышқылының және сүт қышқылының мөлшерін зертханалық анықтаған кезде пайдаланылатын ферменттермен (уреаза, уриказа, лактатдегидрогеназа) гидроксикарбамидтің аналитикалық интерференциясы бар екендігіне көрсетті, бұл осы дәрілік затты қабылдап жүрген емделушілерде талдау нәтижелерінің жалған жоғарылауына әкеледі.

Айрықша нұсқаулар

Емдеуді тек тәжірибелі гематолог немесе онколог жүргізуі тиіс.

Емдеуді бастар алдында немесе емдеу барысында терең анемияны түзету (ажыратылмаған қан препараттарын құю) қолданылады.

Емдеу алдында және емдеу кезінде (аптасына кемінде 1 рет) гемоглобин деңгейін, толық лейкоцитарлы формуланы және тромбоциттер санын анықтау кіретін жүйелі қан талдауын жүргізу қажет. Лейкоциттер саны 2,5×109/л-ен төменге және тромбоциттер саны 100×109/л-ден төменге азайғанда, емдеу курсын гематологиялық көрсеткіштердің қалыпқа келуі анық тенденция пайда болғанға дейін тоқтата тұрады. Несеп қышқылының, креатининнің, трансаминазаның деңгейлерін динамикалық бақылау да ұсынылады. Креатинин клиренсі минутына 10 мл-ден азға төмендегенде гидроксикарбамид дозасын 2 есе азайтады.

Емдеу үдерісінде несеп қышқылының шығарылуын қамтамасыз ету үшін диурезді күшейту мақсатында сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін тұтыну маңызды. Емделушілерді сұйықты мол ішу қажеттілігі жөнінде хабардар еткен жөн.

Шынайы полицитемия және тромбоцитемия сияқты миелопролиферативті ауруларды емдеу үшін гидроксикарбамидті ұзақ уақыт қолданып жүрген емделушілерде салдарлық лейкемия дамуы мүмкін.

Гидроксикарбамидпен емдеу кезінде тері жабындарына мониторинг жүргізу ұсынылады, өйткені терінің сквамозды карциномасы дамуының жекелеген жағдайлары сипатталған.

Гидроксикарбамидті сирек тұқым қуалайтын патологиясы: галактозаның жақпаушылығы, лактаза тапшылығы (Лапп ауруы) немесе глюкоза мен галактоза сіңуінің бұзылуы бар науқастарды емдеу үшін қолданбаған жөн.

Бүйрек немесе бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар науқастар

Бауыр және (немесе) бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде препаратты қолдану тәжірибесі мардымсыз. Сондықтан осындай науқастарды емдеген кезде, әсіресе емнің бастапқы сатысында, аса сақтық танытқан жөн.

Егде жастағы науқастар

Егде жастағы емделушілер гидроксикарбамидтің әсеріне аса сезімтал болуы мүмкін, сондықтан препарат дозасын төмендету қажеттілігі сирек емес.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялар шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысуды тоқтата тұру қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың жоғары (тәулігіне 60 мг/кг-ден астам) дозаларын тағайындағанда жағымсыз әсерлер, соның ішінде сүйек кемігі функциясының ауыр бұзылулары күшеюі мүмкін.

Емі: симптоматикалық, жұқпаларға қарсы алдын алу емі, көрсетілімдері бойынша қан компоненттерін құю. Жекелеген жағдайларда – гемодиализ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан. Пішінді 1 немесе 3 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қорапшаға салынған.

Ауруханаға арналған қаптама: пішінді 150 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтар санымен сәйкес қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 25 C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы

Заңды мекенжайы және шағымдарды қабылдайтын мекенжайы:

220007, Минск қ., Фабрициус к-сі, 30,

т./ф.: (+375 17) 220 37 16,

e-mail: medic@belmedpreparaty.com.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы

Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«КазБелМедФарм» ЖШС,

Заңды мекенжайы: ҚР 050028, Алматы қ., Бейсебаев к-сі, 151 үй

Нақты мекенжайы: ҚР 050022, Алматы қ., Абай к-сі, 48 А 2 қабат

Телефон/факс нөмірі: 8(727) 383-93-74; 383-93-69

Электронды поштасы: info@kmbf.kz

Прикрепленные файлы

896205941477976536_ru.doc 77.5 кб
391265921477977711_kz.doc 97 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники