Гидроксикарбамид медак (500 мг)

МНН: Гидроксикарбамид
Производитель: Хаупт Фарма Амарег ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Hydroxycarbamide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014327
Период регистрации: 03.11.2014 - 03.11.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 89.41 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Гидроксикарбамид медак

Халықаралық патенттелмеген атауы

Гидроксикарбамид

Дәрілік түрі

Капсулалар, 500 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 500 мг гидроксикарбамид бар,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, кальций цитраты, динатрий цитраты, магний стеараты,

капсула қабығының құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е 171).

Сипаттамасы

Ақ түсті қатты желатинді капсулалар.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да ісікке қарсы препараттар. Гидроксикарбамид.

АТХ коды L01XX05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін гидроксикарбамид асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді, жоғары биожетімділікке ие. Ішке қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы гидроксикарбамид концентрациясы қабылдағаннан кейін 0,5 – 2 сағат ішінде ең жоғары шегіне жетеді. Гидроксикарбамидтің сіңірілуіне ас ішудің әсері туралы деректер жоқ. Гидроксикарбамид тіндегі сұйықтық мөлшеріне сәйкес таралу көлемімен организм тіндеріне тез және жақсы таралады. Гидроксикарбамид лейкоциттер мен эритроциттерде жинақталады, гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді. Ішінара бауырда метаболизденеді. Ішке қабылданған гидроксикарбамид дозасының 80 %-ға жуығы 12 сағат бойы несеппен шығарылады. 24 сағаттан кейін плазмада анықталмайды.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер.

Гидроксикарбамид негізінен бүйрек арқылы шығарылатындықтан, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны төмендетуді қарастыру қажет.

Фармакодинамикасы

Гидроксикарбамидтің нақты әсер ету механизмі белгісіз. Гидроксикарбамидтің ең маңызды әсері ДНҚ синтезінің бәсеңдеуіне алып келетін рибонуклеидредуктаза жүйесінің бөгелуімен байланысты. Гидроксикарбамидке жасушалық резистенттілік әдетте геннің амплификациялануы нәтижесінде рибонуклеидредуктаза деңгейінің жоғарылауымен байланысты.

Қолданылуы

- ремиссия немесе қайталану кезеңіндегі созылмалы миелолейкозда

- эссенциальді тромбоцитемияда

- тромбоэмболиялық асқынулардың жоғары қаупі бар анық полицитемияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозаларын науқастың нақты немесе дұрыс дене салмағына қарай, қайсысының аздығына байланысты белгілейді.

Созылмалы миелолейкозда гидроксикарбамид медакты әдетте лейкоциттер санына қарай дене салмағының 40 мг/кг бастапқы тәуліктік дозада тағайындайды. Дозаны егер лейкоциттер саны 20х109/л төмендесе, тәулігіне дене салмағына 20 мг/кг дейін төмендетеді. Мұнан соң лейкоциттер санын 5–10х109/л шегінде ұстап тұруға тырыса отырып, дозаны жекелей таңдайды.

Егер лейкоциттер саны 5х109/л-ден төмендесе гидроксикарбамид медак дозасын төмендетеді және егер лейкоциттер саны 10х109/л-ден асса, жоғарылатады.

Егер лейкоциттер саны 2,5х109/л-ден төмендесе немесе тромбоциттер саны 100х109/л-ден төмендеп бара жатса, гематологиялық көрсеткіштер қалпына келуіне нақты үрдіс пайда болғанға дейін емді тоқтатады.

Алты апта емдегеннен кейінгі кезең Гидроксикарбамид медактың ісікке қарсы тиімділігін бағалау үшін талапқа сай кезең болып саналады. Науқаста клиникалық әсер болмаған кезде алты апта емнен кейін препаратты қолдануды тоқтату керек. Емнің тиімділігі жағдайында препаратты қабылдауды шектеусіз уақытқа созуға болады.

Эссенциальді тромбоцитемияда гидроксикарбамид медакты әдетте тромбоциттер санын 600х109/л-ден аспайтын деңгейде ұстап тұратын дозаны кейінгі таңдаумен дене салмағына 15 мг/кг бастапқы тәуліктік дозада тағайындайды, бұл ретте лейкоциттер санының 4 х 109/л-ден төмен түсуіне жол бермеу керек.

Анық полицитемияда Гидроксикарбамид медакпен емдеуді дене салмағына 15–20 мг/кг тәуліктік дозадан бастау керек. Гидроксикарбамид медак дозасын гематокритті 45%-дан төмен, ал тромбоциттер санын 400х109/л-ден төмен деңгейде ұстап тұруға тырыса отырып, жекелей таңдайды. Көптеген пациенттерде аталған көрсеткіштерге гидроксикарбамид медакты 500-ден 1000 мг-ге дейінгі тәуліктік дозада тұрақты қабылдаған кезде жетуге болады. Егер гематокрит пен тромбоциттер санын сәтті бақылау мүмкін болса, ем шектеусіз уақыт ішінде жалғастырылуы тиіс.

Капсулаларды ауыз қуысында еруіне жол бермей, тұтастай жұту керек.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде гидроксикарбамидті қолданған кездегі жағымсыз әсерлердің даму ықтималдығы жастау пациенттерге қарағанда жоғары, бұл топтағы пациенттер үшін ұсынылатын дозасы төмендетілуі мүмкін.

Бүйрек және/немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер

Пациенттердің бұл тобында дозаларын түзету жөнінде нұсқаулар жоқ. Бауыр немесе (және) бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде гидроксикарбамидтің дозаларын түзету жөніндегі ұсынымдар берілмейді.

Жағымсыз әсерлері

Сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі гидроксикарбамидтің дозасын арттыру мүмкіндігін шектейді. Асқазан-ішек бұзылыстары жиі дамиды, бірақ сирек жағдайларда препараттың дозасын төмендетуді немесе емдеуді тоқтатуды қажет етеді.

Жағымсыз реакциялардың жиілігі келесі параметрлерге сәйкес келтірілген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/10000), жиілігін бағалау мүмкін емес (жиілігін қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес). 

Қан түзу ағзалары және лимфа жүйесі тарапынан

Жиі:

- сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, лейкопения, мегалобластоз

Жиі емес:

- тромбоцитопения, анемия

Иммунитет жүйесі тарапынан

Сирек:

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

Зат алмасу және тамақтану тарапынан

Жиі емес:

- анорексия

Сирек:

- ісік лизисі синдромы

Жиілігін бағалау мүмкін емес:

- гиперкалиемия

Психика бұзылулары

Сирек:

- елестеулер

Жүйке жүйесі тарапынан

Жиі емес:

- шеткергі нейропатия1 

Сирек:

- бас ауыруын, бас айналуын, бағдарсыздықты, құрысуларды қоса неврологиялық бұзылулар

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірекорта ағзалары тарапынан

Сирек:

- диффузиялық өкпе инфильтраттары, қызба және ентігу, аллергиялық альвеолит кіретін жедел өкпе реакциялары

Өте сирек:

- өкпе фиброзы

Асқазан-ішек жолы тарапынан

Жиі:

- диарея, іш қату

Жиі емес:

- панкреатит1, жүрек айнуы, құсу, стоматит

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан

Жиі емес:

- гепатоуыттылық1, бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы

Тері және теріасты тіндері тарапынан

Жиі емес:

- макулопапулездік бөртпе, бет эритемасы, алақан-табан синдромы

Сирек:

- алопеция

Өте сирек:

- дерматомиозитке ұқсас терінің өзгеруі, тері гиперпигментациясы, тері атрофиясы, тырнақтың гиперпигментациясы, тырнақ атрофиясы, терінің ойық жарасы (әсіресе балтырдың ойық жаралары), терінің  қышынуы, сәулелік кератоз, тері обыры (тегіс жасушалық обыр, базальді-жасушалық карцинома), күлгін папулалар, терінің қатпарлануы, тері васкулиті, гангрена

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан

Жиі емес:

- қан плазмасындағы несеп қышқылының, мочевина мен креатинин концентрациясының жоғарылауымен жүретін  бүйрек өзекшелері функциясының  өтпелі бұзылулары  

Сирек:

- дизурия

Өте сирек:

- бүйрек жеткіліксіздігі

Жалпы бұзылыстар мен енгізген орындағы бұзылулар

Жиі емес:

- дәрілік қызба, қалтырау, дімкәстік

Жыныс мүшелері мен сүт безі тарапынан болатын бұзылулар

Өте жиі:

- азооспермия, олигоспермия

1 – гидроксикарбамидті вирусқа қарсы дәрілермен, атап айтқанда диданозин және ставудинмен біріктіріп қабылдаған, АИТВ инфекциясы бар пациенттерде панкреатит пен гепатоуыттылық, сондай-ақ ауыр шеткергі нейропатия (кейде өліммен аяқталатын) байқалды.

Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (цисталар мен полиптерді қоса):

Гидроксикарбамидті анық полицитемия және тромбоцитемия сияқты миелопролиферативтік ауруларды емдеу үшін ұзақ уақыт қабылдаған пациенттерде, салдарлы лейкемия дамуы мүмкін. Қазіргі кезде мұның негізгі ауруға немесе гидроксикарбамидпен емдеуге қаншалықты дәрежеде қатысты екендігі белгісіз.

Қан түзу ағзалары мен лимфа жүйесі тарапынан:

Гидроксикарбамидпен емдеу кезінде, фолий қышқылымен немесе В12 витаминімен емдеуге келмейтін мегалобластоз дамуы мүмкін.

Сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі гидроксикарбамидті тоқтатқаннан кейін басылады.

Гидроксикарбамид қан плазмасындағы темірдің клиренсін және оның эритроциттермен утилизациясын төмендетуі мүмкін. Алайда, мұның эритроциттердің тіршілік ету уақытына әсер ететін-етпейтіндігі белгісіз.

Зат алмасу мен тамақтану тарапынан: 

Тіркеуден кейін қадағалау кезінде гипонатриемия жағдайлары байқалды.Жүйке жүйесі тарапынан: 

Жоғары дозалары айқын ұйқышылдықты туғызуы мүмкін.

Ас қорыту ағзалары тарапынан:

Гидроксикарбамид пен сәулемен емдеуді бір мезгілде қолданудың салдарынан туындайтын асқазанның ауыр бұзылуларын (жүрек айнуы, құсу, анорексия) әдетте, гидроксикарбамидті қабылдауды уақытша тоқтату арқылы басуға мүмкіндік бар.

Тері мен теріасты тіндері тарапынан:

Гидроксикарбамид сәулемен емдеуден туындаған шырышты қабықтардың қабынуын күшейтуі мүмкін. Гидроксикарбамид сәулеленуден кейінгі эритема мен бұрын сәулемен емделген тіндердегі гиперпигментацияның өршуін туғызуы мүмкін. 

Жекелеген жағдайларда эритема, тері мен тырнақтардың атрофиясы, десквамация, күлгін папулалар, алопеция, дерматомиозитке ұқсас тері өзгерістері, сәулелік кератоз, тері обыры (жалпақжасушалы обыр, базальді-жасушалық карцинома), васкулиттік ойық жаралар (әсіресе балтырлардың ойық жаралары), тері васкулиті, гангрена, терінің қышынуы және тері мен тырнақтардың гиперпигментациясы гидроксикарбамидпен ұзаққа созылатын күнделікті демеуші емнен кейін байқалған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- гидроксикарбамидке немесе препараттың кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық

- лейкоцитопения (лейкоциттер саны <2,5x109/л)

- тромбоцитопения (тромбоциттер саны <100x109/л)

- ауыр анемия

- туа біткен галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактазасы тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гидроксикарбамид медакты бұрын басқа да ісікке қарсы дәрілерді немесе сәулемен емдеуді қабылдаған немесе қабылдайтын пациенттерді емдеу үшін сақтықпен қолдану керек, себебі мұндай жағдайларда жағымсыз реакциялар жиі туындауы және бұл дәрілер мен емдеу әдістерінің әрқайсысын жеке-жеке қолданғандағыға қарағанда өте ауыр сипатқа ие болуы мүмкін. Бұл реакцияларға бәрінен бұрын сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, асқазанның тітіркенуі және ас қорыту жолының шырышты қабығының қабынуы жатады. Кейде алдыңғы немесе қатар жүретін сәулеленудан туындаған эритеманың өршуі байқалды.

In vitro Гидроксикарбамид медак цитарабин мен фторпиримидиндердің цитоуыттылығын арттыруға қабілетті.

Гидроксикарбамид медак диданозин және ставудин сияқты кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштерінің (КТНТ) ретровирусқа қарсы белсенділігін күшейтуі мүмкін. Гидроксикарбамид медак жасушаішілік деоксинуклеотидтің азаюы арқылы ДНҚ синтезін және адамның иммун тапшылығы вирусының репликациясын тежейді. Гидроксикарбамид медак гепатоуыттылық, панкреатиттер мен шеткергі нейропатия сияқты аталған топтағы препараттардың жағымсыз әсерлерін күшейтуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Емді тек тәжірибелі гематолог немесе онколог жүргізуі тиіс.

Гидроксикарбамид сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуін туғызуы мүмкін, оның алғашқы және анағұрлым жиі кездесетін симптомы лейкопения болып табылады. Тромбоцитопения мен анемияның кездесу жиілігі аз және сирек жағдайда алдыңғы лейкопениясыз жүреді.

Емдеудің алдында және барысында (аптасына 1 реттен сирек емес) гемоглабин деңгейін, толық лейкоцитарлық формуланы және тромбоциттер санын анықтау кіретін ұдайы қан талдауын жасап отыру қажет. Лейкоциттер саны 2,5х109/л-ден төмен және тромбоциттер саны 100х109/л-ден төмен түскенде емдеу курсын гематологиялық көрсеткіштер қалпына келуінің нақты үрдісі туындағанша тоқтата тұрады. Емдеуді бастар алдында немесе емдеу барысында 2 рет ауыр анемияны түзету (жаңа алынған қан препараттарын құю) көрсетілген. Препаратпен емдеудің бастапқы сатыларында орташа мегалобластты эритропоэз жиі байқалады. Морфологиялық өзгерістер қатерлі анемияны еске салады, алайда олар В12 витаминінің немесе фолий қышқылының тапшылығымен байланысты емес.

Гидроксикарбамидпен емдеу кезінде қан жасушалары санына, сондай-ақ, бауыр мен бүйрек функциясына жиі мониторинг жүргізу қажет. Препаратты бауыр және (немесе) бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдану тәжірибесі көп емес. Сондықтан ондай пациенттерді емдеу кезінде, әсіресе емдеудің бастапқы сатысында ерекше сақтық таныту керек. Емдеу үдерісінде несеп қышқылының шығарылуын қамтамасыз ету үшін диурезді күшейту мақсатында жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу керек. Пациенттерге мол сұйықтық ішу қажеттігін айту керек.

Анық полицитемия және тромбоцитемия сияқты миелопролиферативтік ауруларды емдеу үшін Гидроксикарбамид медакты ұзақ қолданатын пациенттерде салдарлы лейкемия дамуы мүмкін.

Мұның қаншалықты дәрежеде негізгі аурумен, ал қаншалықты дәрежеде – емдеумен байланысты екендігі белгісіз.

Гидроксикарбамид медак препаратымен емдеген кезде тері жабындарының жай-күйіне мониторинг жүргізіп отыру керек, себебі терінің сквамозды карциномасы дамуының жекелеген жағдайлары сипатталған.

Гидроксикарбамид аяқ терісінің ауырсынумен жүретін ойық жаралануын туғызуы мүмкін, оларды емдеу қиын және емдеуді тоқтатуды қажет етеді. Препаратты тоқтату ойық жаралардың бірнеше апта ішінде жазылуына алып келеді.Препаратпен емдеу кезінде миелопролиферативтік аурулары бар пациенттерде васкулиттік ойық жаралар мен гангренаны қоса, уытты васкулиттер байқалған. Васкулиттік уыттылық қаупі бұрын немесе осымен бір мезгілде интерферонды қабылдаған пациенттерде жоғары. Терінің васкулиттік ойық жаралары дамыған жағдайда, клиникалық тұрғыдан ауыр жағдаймен аяқталатындығына байланысты, миелопролиферативтік аурулары бар пациенттерде гидроксикарбамидпен емдеуді тоқтату қажет және көрсетілімдері бойынша баламалы циторедуктивтік препараттарды қабылдау басталуы тиіс. 

Зертханалық көрсеткіштерге әсері

Жарияланған зерттеуде зертхана жағдайларында, талдамалық әсер беретін гидроксимочевинаның (0,1–1 мм) қатыстырылуымен, ферменттік әдіспен өлшенген мочевинаның, несеп қышқылының (5-9%) мен сүт қышқылының (6-11%) зертханалық көрсеткіштері мәндерінің артқаны көрсетілді. Бұл нәтижелердің клиникалық маңыздылығы белгісіз.

Гидроксикарбамидті кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштерімен (КТНТ) бір мезгілде қолдану аталған топ препараттарының жағымсыз әсерлерінің даму қаупін арттыруы мүмкін.

Гидроксикарбамид медакты сирек туа біткен патологиясы: галактоза көтере алмаушылығы, Лапп лактазасы тапшылығы немесе глюкоза мен галактоза сіңуінің бұзылуы бар пациенттерді емдеу үшін қолданбау керек.

Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар науқастар

Бауыр және (немесе) бүйрек функциялары бұзылған пациенттерде препаратты қолдану тәжірибесі елеусіз. Сондықтан, осындай науқастарды емдеген кезде, әсіресе, емнің бастапқы сатысында ерекше сақ болу керек.

Егде жастағы науқастар

Егде жастағы пациенттер гидроксикарбамид әсеріне ерекше сезімтал болуы мүмкін, сондықтан препарат дозасын жиі төмендету талап етіледі.

ФертильділікГидроксикарбамидтің гендік уыттылығы білінуі мүмкін. Сондықтан гидроксикарбамидті қабылдап жүрген пациенттерге препаратты қабылдау кезінде және емдеу аяқталғаннан кейін кемінде үш ай бойы ұрықтануға қарсы сенімді дәрілерді пайдалану ұсынылады. Пациенттерге гидроксикарбамидпен емдеу басталғанға дейін шәуһетті консервациялау мүмкіндігінің бары туралы хабардар ету қажет.

Гидроксикарбамидті қабылдау ерлердегі фертильділікке әсер етеді. Қайтымды олиго- және азооспермия мұндай пациенттерде жиі байқалады.

Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолданылуы

Жүктілік Гидроксикарбамидті жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Бала туатын жастағы әйелдерге гидроксикарбамидпен емделуді бастағанға дейін контрацептивтік дәрілерді пайдалануды бастау және барлық емдеу кезеңі бойына жалғастыру қажет. 

Гидроксикарбамидпен емдеу аясында жүктілік туындаған жағдайда, генетиктің кеңесіне жүгіну қажет. Гидроксикарбамид плацентарлық бөгет арқылы өтеді. 

Бала емізу кезеңі

Гидроксикарбамид емшек сүтіне өтетіндіктен, препаратты қолдану қажет болса, гидроксикарбамидпен емдеуді бастағанға дейін бала емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде жоғары зейін шоғырландыруды және психомоторлық реакциялар шапшаңдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуды тоқтата тұру қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: өлшемдері ұлғаюмен, тері гиперпигментациясымен және стоматитпен қатар жүретін күлгін эритема және алақан мен табанның ісінуі, ауырсынуы түріндегі тері мен шырышты қабықтың жедел зақымданулары

Емі: асқазанды шаю, симптоматикалық ем және эритропоэз мониторингі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.

10 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Пайдаланылмаған капсулаларды жою керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші және қаптаушы

Хаупт Фарма Амарег ГмбХ, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

медак ГмбХ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«медак фарма» ЖШС, Алматы, 050060, Гагарин д-лы 258 В, 318 кеңсе, телефон, факс: +7 7273962037, эл. поштасы: info_kaz@medac.de

Прикрепленные файлы

613442671477976673_ru.doc 39.59 кб
946683511477977836_kz.doc 130 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники