Гидрокортизон (мазь 1%)

МНН: Гидрокортизон
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Hydrocortisone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009806
Информация о регистрации в РК: 16.02.2022 - 16.02.2032
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 135.39 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Гидрокортизон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Гидрокортизон

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 1% жақпамай, 10 г

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат: гидрокортизон ацетаты – 1,0 г,

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат (нипагин), пропилпарагидроксибензоат (нипазол), вазелин, стеарин қышқылы, сусыз ланолин, пентаэритритил диолеат (пентол), тазартылған су.

Сипаттамасы

Сарғыш реңді ақ немесе ашық-сары түсті жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Гидрокортизон.

АТЖ коды D07AA02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Аппликациядан кейін эпидермиске (негізінен, түйіршікті қабатқа) жиналады. Тікелей эпидермисте, ал одан әрі бауырда метаболизденеді. Метаболиттер және өзгермеген гидрокортизонның аздаған бөлігі несеппен немесе өтпен бірге бөлініп шығады.

Фармакодинамикасы

Гидрокортизон жергілікті қолдануға арналған синтетикалық глюкокортикоидты препарат болып табылады. Қабынуға қарсы, ісінуге қарсы, қышынуға қарсы әсер етеді. Цитокиндердің (интерлейкиндер мен интерферонның) лимфоциттер мен макрофагтардан босап шығуын тежейді, қабыну медиаторларының эозинофилдермен босап шығуын бәсеңдетеді, арахидон қышқылының метаболизмін және простагландиндер синтезін төмендетеді. Стероидты рецепторларды көтермелей отырып, ісінуге қарсы белсенділігі бар ақуыздардың ерекше тобы – липокортиндердің түзілуін индукциялайды. Қабынбалы жасушалық инфильтраттарды азайтады, лейкоциттер мен лимфоциттердің қабыну аймағына көшуін төмендетеді. Препаратты ұсынылған дозаларда жергілікті қолдану жағымсыз жүйелік әсерлерді тудырмайды.

Қолданылуы

Этиологиясы микробтық емес терінің қабыну және аллергиялық ауруларында:

  • экземада

  • аллергиялық және жанаспалы дерматитте

  • нейродермитте

  • псориазда

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті. Жақпамайды терінің зақымданған жеріне жұқа етіп күніне 2-3 рет жағады. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың сипатына және емдеудің тиімділігіне байланысты, әдетте бұл 6-14 күнді құрайды; аурудың қарқынды ағымы кезінде 20 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Шектеулі ошақтарда әсерін күшейту үшін окклюзиялық таңғыштарды пайдалануға болады. Жақпамайды 2 жастан бастап және одан үлкен балаларға қолданған кезде емдеудің жалпы ұзақтығын шектеген және стероидтың сіңу резорбциясын күшейтетін шараларды (қыздыратын, бекітетін және окклюзиялық таңғыштарды) қолданбаған жөн.

Жағымсыз әсерлері

  • гиперемия

  • жақпамай жаққан жерлердегі ісіну және қышыну

Жақпамайды ұзақ қолданғанда немесе окклюзиялық таңғыштарды пайдаланған кезде:

  • гидрокортизон ацетатының резорбтивті әсер етуінің білінуі тұрғысындағы гиперкортицизм

  • терінің екінші қайтара жұқпамен зақымдануының, онда атрофиялық өзгерулер, гипертрихоз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа немесе оның басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • жара және ойық жаралы зақымданулар, терінің бактериялық, вирустық және зеңді аурулары

  • тері туберкулезі

  • терінің мерездік зақымдануы

  • розацеа, өрескел безеулер

  • периоральді дерматит

  • вакцинациядан кейінгі кезең

  • жүктілік, лактация кезеңдері

  • тері ісінулері

  • 2 жасқа дейінгі балаларға

Қант диабеті кезінде сақ болу керек.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жұқпалы тері зақымдануларының алдын алу үшін препаратты антибактериялық және зеңге қарсы дәрілермен үйлестіре тағайындау ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балаларға, бет аймағына қолданған жағдайда емдеу курсының ұзақтығын қысқарту қажет.

Балалар жасында бүйрек үсті безі қыртысы қызметінің бәсеңдеуі тезірек дамиды. Бұдан басқа, өсу гормоны экскрециясының төмендегені байқалуы мүмкін. Препаратты ұзақ уақыт қолданған кезде дене салмағын, бойын, қан плазмасындағы кортизол деңгейін бақылап отыру қажет.

Жақпамайды көзге тигізіп алудан сақтану керек. Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға тек дәрігердің бақылаумен ғана тағайындайды. Егер 7 күннен кейін жағдайы жақсара бастамаса немесе нашарлауы байқалса, сондай-ақ препаратты тоқтатқаннан бірнеше күннен кейін белгілері қайтадан пайда болса, препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігермен кеңескен жөн. Ұзақ қолданғанда және/немесе ауқымды беткейге жағу кезінде құрамында натрий шектелген және К+ жоғары ем-дәм тағайындау; организмге ақуыздың жеткілікті мөлшерін енгізу ұсынылады.

Жұқпалы зақымданулардан сақтану үшін препаратты антибактериялық және зеңге қарсы препараттармен үйлестіре тағайындау ұсынылады. АҚ, қандағы глюкоза құрамын, қанның ұйығыштығын, диурезді, науқастың дене салмағын, плазма кортизолының деңгейін бақылап отыру қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозаланғанда

Симптомдары: препаратты ұзақ уақыт үлкен дозаларда қолданған кезде гиперкортицизм симптомдары білінуі мүмкін.

Емдеу: препаратты тоқтату. Симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 г препараттан бушоны бар ішкі жағы лакпен жабылған алюминий сықпаларда.

Әр сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

15 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

”Биосинтез” ААҚ, Ресей Федерациясы

440033, Пенза қ., Дружба к-сі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49,

e-mail: certificate@biosintez.com

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Биосинтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

”Биосинтез” ААҚ, Ресей Федерациясы

440033, Пенза қ., Дружба к-сі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49,

e-mail: certificate@biosintez.com

 

Прикрепленные файлы

917097361477977083_ru.doc 55.5 кб
385121971477978246_kz.doc 71 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники