ГИДРОКОРТИЗОН (Мазь глазная)

МНН: Гидрокортизон
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Hydrocortisone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016893
Период регистрации: 30.10.2015 - 30.10.2020

Инструкция

Саудалық атауы

ГИДРОКОРТИЗОН

Халықаралық патенттелмеген атауы

Гидрокортизон

Дәрілік түрі

0,5% 5 г көз жақпамайы

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат гидрокортизон ацетаты – 0,5 г,

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, вазелин.

Сипаттамасы

Ақ, сарғыш реңді ақ немесе сары түсті жақпамай.

  • Фармакотерапиялық тобы

  • Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Глюкокортикостероидтар. Гидрокортизон.

    АТХ коды S01BА02

  • Фармакологиялық қасиеттері

  • Фармакокинетикасы

  • Гидрокортизон мөлдір қабық арқылы көзішілік сұйықтыққа нашар өтеді.

  • Гидрокортизон эпидермиске және шырышты қабықтың эпителийіне өтеді, мардымсыз түрде жүйелі қан ағысына сіңуі және жүйелі әсер көрсетуі мүмкін. Гидрокортизон тікелей эпидермисте және шырышты қабықтың эпителийінде метаболизденеді, әрі қарай сіңірілуден кейін оның аздаған мөлшері жалпы қан ағысына түседі және бауырда биотрансформацияланады. Қанда 80 % транскортинмен және 10 % альбуминдермен байланысады. Гидрокортизонның метаболиттері бүйрек және ішек арқылы шығарылады.

  • Фармакодинамикасы

    Гидрокортизон – табиғи глюкокортикостероид. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы әсер көрсетеді. Жасушалық қабыну инфильтраттарын төмендетеді, лейкоциттердің және лимфоциттердің қабыну аймағына миграциясын төмендетеді. Жасушалық және субжасушалық, оның ішінде жасушалардың беткейіндегі рецепторлы иммуноглобулиндерді тұрақтандырады және цитокиндердің (интерлейкиндердің және интерферонның) синтезін немесе лимфоциттерден және макрофагтардан босатылуын тежейді. Арахидон қышқылының фосфолипидтерден шығарылуын және оның метаболиттерінің (простагландиндер, лейкотриендер, тромбоксан) синтезін төмендетеді. Экссудативті реакцияны төмендетеді, қылтамырлар өткізгіштігінің төмендеуіне ықпал етеді. Ерте иммунологиялық жауаптың айқындылығын төмендетеді. Катаболизмдік әсерге ие және дәнекер тіннің және тыртықтанудың дамуын тежейді.

  • Қолданылуы

    - көздің аллергиялық ауруларында (қабақ дерматитінде, блефаритте, конъюнктивиттерде және кератоконъюнктивиттерде)

    - мөлдір қабық эпителийі тұтастығының бұзылуы жоқ болғанда көздің алдыңғы бөлігінің қабынбалы көз аурулары (блефариттер, конъюнктивиттер және кератоконъюнктивиттер)

    - термиялық және химиялық күю (мөлдір қабық ақауларының толық эпителизациясынан кейін)

    Қолдану тәсілі және дозалары

    Жергілікті.

    Конъюнктивальді қапқа 1 см көз жақпамайын тәулігіне 2-3 рет енгізеді.

    Бұл үшін түбекті ашып, басты ақырын артқа шалқайтып, жақпамай жолағын астыңғы қасқа жағу қажет. Көзді абайлап жұмыңыз. Пайдаланғаннан кейін түбекті нығыздап жабыңыз.

    Көз жақпамайын аппликациялау кезінде түбектің тері беткейімен немесе конъюнктивамен жанасуына жол бермеу керек.

    Жағымсыз әсерлері

    - препаратқа немесе оның компоненттеріне жоғары сезімталдық

    - көздің іріңді, вирустық, туберкулездік, зеңдік ауруларында

    - глаукомада

    - трахомада

    - вакцинация кезеңі

    - көз қабығының тұтастығы бұзылғанда

    - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

    Дәрілермен өзара әрекеттесуі

    Препараттың жалпы қан ағысына ықтимал резорбциясында препаратты ұзақ қолдану кезінде гидрокортизон инсулиннің, пероральді гипогликемиялық препараттардың, гипотензивті дәрілердің, антикоагулянттардың тиімділігін төмендетеді, қандағы салицилаттардың концентрациясын төмендетеді, празиквантелдің қан сарысуындағы концентрациясын төмендетеді. Гидрокортизонның жағымсыз әсерлерінің даму қаупін жоғарылатады: андрогендер, эстрогендер, пероральді контрацептивтер, анаболиялық стероидтар (гирсутизм, безеулі бөртпе); психозға қарсы дәрілер, карбутамид, азатиоприн (катаракта); холиноблокаторлар, антигистаминді дәрілік заттар, үш циклді антидепрессанттар, нитраттар (глаукома); диуретиктер (гипокалиемия).

    Жүрек гликозидтерімен қолданғанда дигиталисті интоксикация қаупі болуы мүмкін. Қорғасын және күміс препараттарымен бір мезгілде қолданғанда өзара белсенділігінің жойылуына әкеледі.

    Айрықша нұсқаулар

    Сақтықпен: артериялық гипертензия, қант диабеті.

    Емдеу уақытында жанаспалы линзаларды тағу ұсынылмайды. Көз тамшыларын пайдаланғанда инстилляция мен жақпамай жағу арасындағы интервал - 15 мин кем емес.

    10 күннен астам қолданғанда және сыртартқыда ашық- немесе жабықбұрышты глаукома болғанда көзішілік қысымды бақылау қажет.

    Жақпамайды қолданғаннан кейін 30 мин бойы жоғары назар аударуды талап ететін істерден кідіре тұру қажет.

    Сықпаны ашқаннан кейінгі жарамдылық мерзімі – 1 ай.

    Жүктілік және лактация кезеңі

    Жүкті және бала емізетін әйелдерде гидрокортизон қолданудың қауіпсіздігін және тиімділігін зерттеу жүргізілмеді. Глюкокортикостероидтарды жергілікті қолданғанда емшек сүтіне енуі туралы нақты деректер жоқ. Алайда қауіп толық жоққа шығарылмайды. Гидрокортизонды жүкті және бала емізетін әйелдерде қолдану ұрыққа және балаға төнетін потенциалды қауіп ана үшін күтілетін емдік әсерден басым жағдайда емдеуші дәрігердің тағайындауымен ғана жол беріледі.

    Қолдану ұзақтығы 7-10 күннен аспауы тиіс.

    Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

    Егер пациентте препаратты қолданғаннан кейін уақытша көрудің өткірлігі төмендесе, ол қалпына келгенге дейін автомобильді басқару және көру арқылы қабылдаудың анықтығын талап ететін қызмет түрлерімен айналысу ұсынылмайды.

    Артық дозалануы

    Артық дозалануы өте сирек белгіленген.

    Симптомдары: жергілікті дозаға тәуелді жағымсыз әсерлер туындауы мүмкін.

    Препарат қолдануды тоқтатқанда артық дозалану құбылыстары өздігінен кетеді.

  • Шығарылу түрі және қаптамасы

    5 г-ден алюминий сықпаларда.

    Әрбір сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

  • Сақтау шарттары

  • 5оС-ден 15оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
  • Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
  • Сақтау мерзімі

    2 жыл

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

  • Дәріханадан босатылу шарттары

    Рецепт арқылы

    Өндіруші

    «Синтез» ААҚ

    640008, Ресей Федерациясы, Қорған қ-сы, Конституция даңғылы, 7

    Тел./факс (3522) 48-16-89

    E-mail: real@kurgansintez.ru

    Интернет-сайт: www.kurgansintez.ru

  • Тіркеу куәлігінің иесі

    «Синтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

    Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

    «СТОФАРМ» ЖШС, 000100, Қазақстан Республикасы,

    Қостанай облысы, Қостанай қ-сы, Орал к-сі, 14

    тел. 714 228 01 79

    Прикрепленные файлы

    584159321477976390_ru.doc 56 кб
    908789381477977602_kz.doc 65.5 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту

    Источники

    Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники