Герветин (1,5мг/г)

МНН: Бензидамин
Производитель: REPLEK FARM Ltd. Skopje
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Benzydamine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021389
Период регистрации: 20.05.2015 - 20.05.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Герветин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бензидамин

Дәрілік түрі

Жергілікті қолдануға арналған 1.5 мг/г ерітінді

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді зат – 0,15 г бензидамин гидрохлориді,

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, глицерол, 96 % этанол, натрий сахарині, натрий гидрокарбонаты, полисорбат 60, жалбыз сұйығы 27198/14, хинолинді сары 70 (E 104), индиготин 85 (E 132), тазартылған су

Сипаттамасы

Жалбыздың иісі бар, қарқынды сарғыш-жасыл түсті мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Стоматологиялық препараттар. Ауыз қуысы ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Бензидамин

АТХ коды А01AD02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты жергілікті қолданған кезде шырышты қабық арқылы сіңіріледі және қабынған тіндерге енеді. Препараттың экскрециясы негізінен метаболиттер немесе конъюгация өнімдері түрінде негізінен бүйрекпен және ішек арқылы жүреді. Жергілікті қолдануға арналған дәрілік түрлерінің жүйелік әсері болмайды және емшек сүтіне енбейді.

Фармакодинамикасы

Бензидамин қабынуға қарсы стероидты емес препарат. Жергілікті қолданғанда қабынуға қарсы және жергілікті ауруды басатын әсер береді, микроорганизмдердің кең спектріне қарсы антисептикалық әсері бар. Жергілікті қолданғандағы тиімділігі эпителий қабатына ену және қабынған тіндерде тиімді концентрациясына жету қабілетіне негізделген. Препарат әсерінің механизмі жасушалық жарғақшалардың тұрақтануы мен простагландиндер синтезінің тежелуімен байланысты. Бактериялық әсері микроорганизмдер жарғақшасы арқылы жылдам енуге негізделген жасушалық құрылымдардың кейінгі зақымдануымен, метаболизмдік үдерістер мен жасушалар лизисі бұзылуымен байланысты.

Қолданылуы

Жергілікті симптоматикалық емдеуде (кешенді ем құрамында)

- ауыз қуысы мен тамақтың қабыну аурулары (гингивит, стоматит, фарингит)

- тісті консервативті емдеуге және тісті жұлғаннан кейін қосымша ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер

15 мл ерітіндіден (1 ас қасықтан) күніне 2-3 рет. Препарат әдетте сұйылтылмаған күйде пайдаланылады, бірақ "күйдірген" кезде 1:2 арақатынаста сумен сұйылтуға болады.

Шайғаннан кейін ерітіндіні түкіріп тастау қажет. Емдеу ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс. Ұсынылатын дозаны асыруға болмайды.

Дәрігердің ұсынымымен және бақылауымен ғана ұзақтау емдеуге болады.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерде қолданғанда арнайы ұсынымдар жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті:

- ауыздың құрғауы, жансыздану сезімі, ауыз қуысын ашыту (әдетте өтпелі, толық қайтымды және қосымша емді сирек қажет етеді), дәмнің өзгеруі, ауыз қуысындағы парестезия, тіл түсінің өзгеруі

Сирек:

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі), ұйқышылдық

- жүрек айну, құсу

- фотосенсибилизация

Өте сирек:

- ларингоспазм, бронхоспазм

- анафилактикалық реакциялар

Жергілікті қолданудан кейін бензидамин аздаған мөлшерде қан ағымына түсуі, осыдан келіп, сирек жүйелік жағымсыз әсерлері болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- салицил қышқылына және / немесе қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік заттарға аса жоғары сезімталдық.

- жұту қиындығы

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Герветин препаратының басқа дәрілік заттармен клиникалық мәнді өзара әрекеттесулері анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Препарат бронх демікпесі және сыртартқысында бронх демікпесі бар емделушілерде бронх түйілуін туындатуы мүмкін. Мұндай емделушілерге осы жайында міндетті түрде ескертілуі тиіс.

Препарат құрамында аллергиялық реакцияларды (кейіннен болатын реакциялар болғанда да) туындатуы мүмкін .

Аздаған емделушілердегі ауыз қуысы шырышты қабығы мен жұтқыншақтың қабынуы және ойық жарасы күрделі аурулардың белгісі болуы мүмкін. Қабыну симптомдары өрбіп келе жатқан немесе емделген 3 күннің ішінде жақсаруы байқалмаған емделушілер өз емдеуші дәрігеріне немесе стоматолог дәрігерге көрінулері керек.

Бензидаминмен ұзақ емдеу аса жоғары сезімталдық реакциясын туындатуы мүмкін. Бұл жағдайда емдеуді тоқтатып, сәйкесінше емдеу шараларын жүргізу керек.

Егер 7 күн емдегеннен кейін жақсара бастауы байқалмаса, дәрігерге қаралу қажет. Егер ерітіндіні қолданған кезде күйдіретіні сезілген жағдайда, ерітіндіні алдын ала 1:2 арақатынаста сумен сұйылтқан жөн. Препарат құрамында 96 % этанол бар, сондықтан маскүнемдікке, эпилепсияға шалдыққан науқастарға қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүкті әйелдерге және лактация кезеңінде қолдану бойынша клиникалық зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат құрамында спирт бар, осыны автокөлікті жүргізгенде және жоғары зейін қоюды талап ететін жұмыстарды жүргізгенде ескеру қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: ерітіндінің аздаған мөлшерін кездейсоқ жұтып қоюдың зияндығы жоқ. Ерітіндіні көп мөлшерде жұтып қойған жағдайда құсу, іштің ауыруы, мазасыздық, қорқу, елестеулер, құрысулар, атаксия, қызба, тахикардия және тыныс алудың салдануы дамуы мүмкін.

Емі: препарат қабылдауды тоқтау, асқазанды шаю, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 г препараттан бұрандалы қақпағы бар шыны құтыда.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада, түпнұсқалық қаптамада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

REPLEK FARM Ltd, Skopje, Скопье, Македония Республикасы

Тіркеу куәлігінің иесі

Spey Medical Ltd., Лондон, Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Cepheus Medical» (Цефей Медикал) ЖШС, 050000, ҚР, Алматы қ., Панфилов к-сі 98, «OLD SQUARE» БО, 807 кеңсе.

тел: +7 (727) 300 69 71, e-mail: cepheusmedical@gmail.com

 

Прикрепленные файлы

967834421477976505_ru.doc 60.5 кб
376009301477977683_kz.doc 64 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники