Герветин (0,15%)

МНН: Бензидамин
Производитель: REPLEK FARM Ltd. Skopje
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Benzydamine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021513
Период регистрации: 08.07.2015 - 08.07.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Герветин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бензидамин

Дәрілік түрі

Жергілікті қолдануға арналған спрей, 0.15%, 30 мл

Құрамы

100 миллилитр спрейдің құрамында

белсенді зат – 0,150 г бензидамин гидрохлориді,

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, глицерол, этанол 96 %, натрий сахарині, натрий гидрокарбонаты, полисорбат 60, сұйық бұрышты жалбыз 27198/14, тазартылған су

Сипаттамасы

Жалбыздың иісі бар, түссіз, мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Стоматологиялық препараттар. Ауыз қуысы ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Бензидамин

АТХ коды А01AD02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданған кезде шырышты қабық арқылы жақсы сіңеді және қабынған тіндерге тез енеді. Метаболиттер түрінде бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Бензидамин индазолдар тобына жатады және қабынуға қарсы стероидты емес препарат болып табылады. Қабынуға қарсы, ауыруды басатын, жергілікті жансыздандыратын және микроорганизмдердің кең спектріне бактерияға қарсы әсер етеді. Қылтамырлар өткізгіштігін азайтады; жасушалық жарғақшаларды тұрақтандырады және тотығу фосфорлану үдерістерінде АТФ және басқа да макроэргиялық қосылыстар өндірілуін тежейді.

Препараттың қабынуға қарсы және жарғақша тұрақтандыратын әсері простагландиндер, гистамин, брадикинин, цитокиндер және комплемент факторлары мен спецификалық емес басқа да зақымдайтын факторлар синтезінің тежелумен және белсенділігінің жойылуымен байланысты.

Ауырғанды басатын және жергілікті жансыздандыратын әсері альгогенді қасиеттері, рецепторлық аппараттың ауыру сезімталдығы шегінің ұлғаюы болатын биогенді аминдер концентрациясының жанама төмендеуіне негізделген; бензидамин сондай-ақ брадикининнің тіндік рецепторлармен өзара әрекеттесуін бөгейді, микроайналымды қалпына келтіреді және қабыну ошағында ауырудың сезілуін азайтады.

Қолданылуы

Жергілікті симптоматикалық емдеуде (кешенді ем құрамында)

- ауыз қуысы мен тамақтың қабыну аурулары (гингивит, стоматит, фарингит)

- тісті консервативті емдеуге және тісті жұлғаннан кейін қосымша ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

- ересектер мен егде жастағы науқастарға тағайындайды: 4-8 дозадан әрбір 1,5-3 сағ сайын;

- 6-12 жастағы балаларға: 4 дозадан әрбір 1,5-3 сағ сайын;

- 3-6 жастағы балаларға: 1 дозадан 4 кг дене салмағына, ең жоғарысы – 4 доза, әрбір 1,5-3 сағ сайын.

1. Құтыны тік қалпында қойыңыз, қалпақша қондырмасын құтыға 90 0С бұрышпен солға немесе оңға бұрыңыз.

2. Қондырғыны ауыз қуысына енгізіңіз де, ұсынылатын дозаға сәйкес бірнеше рет қалпақшаны басыңыз (суретте бағыттағышпен белгіленген). Басудың арасындағы кезең 5 секундтан кем болмауы тиіс.

3. Қондырғыны бастапқы қалпына келтіріп қойыңыз.

Ескеру керек: алғашқы қолданудың алдында ауаға бүріккішті бірнеше рет басыңыз.

Прикрепленные файлы

326301531477976429_ru.doc 227 кб
846192291477977630_kz.doc 239 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники