Гербион® сироп первоцвета

Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020595
Информация о регистрации в РК: 02.07.2014 - 02.07.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Гербион® наурызгүл шәрбаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат, 150 мл

Құрамы

5 мл шәрбат құрамында

белсенді заттар: 3,08 г наурызгүл (бәйшешек) (Primula veris L. және/немесе Primula elator (L.) Hill) тамыры және жебіршөп (Thymus vulgaris L. және/немесе Thymus zygis L.) шөбі қоспасының сулы сұйық сығындысы (0.22 г – 0.51 г наурызгүл тамырына және 0.62 г жебіршөп шөбіне баламалы)

қосымша заттар: левоментол, сахароза, метилпарагидроксибензоат

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі мен дәмі бар қоңыр түсті шәрбат. Табиғи субстанцияларға тән, елеусіз шөгінді байқалуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию мен жөтел белгілерін қайтаруға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін преараттар біріктірілімі.

АТХ коды R05CA10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Наурызгүл тамыры сапониндерінің фармакокинетикасы бойынша жеткілікті деректер жоқ. Тек сапониндердің аздаған мөлшері ғана сіңетіні байқалған.

Жебіршөптің сығындысын ішкеннен кейін эфир майының негізгі әсер етуші заты – тимол – жылдам сіңеді.

Ең жоғарғы плазмалық концентрацияға 1,97 сағаттан соң жетеді. Тимол сульфат және глюкуронид түзе отырып, метаболизденеді. Қан плазмасында, негізінен сульфат түрінде болады. Жебіршөптің немесе тимолдың эссенциалды майының бір бөлігі өкпе арқылы шығарылады. 24 сағат ішінде тимолдың 16% организмнен несеппен глюкуронид және сульфат түрінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Гербион® наурызгүл шәрбаты құрамында наурызгүл тамырының (Primula veris L. және/немесе Primula elatior Hill), бақшалық жебіршөп шөбінің (Thymus vulgaris L.) сулы сығындысы бар.

Осы компоненттердің белсенді заттары жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының секреторлық бөліністері мөлшерін тыныс алу жолдарының қабыну аурулары кезінде, суық тиюде және тұмау кезінде көбейтеді.

Препарат қақырық түсіретін, қабынуға қарсы, микробтарға қарсы әсерге ие, қақырықты сұйылтады және оның шығарылуын жылдамдатады.

Құрамында сапониндер мөлшері жоғары болғандықтан, наурызгүл тамыры экспекторант түрінде қолданылады. Сапониндер асқазанның шырышты қабатын стимуляциялайды және вагустық рефлекстің көмегімен бронхтық секрецияны күшейтеді, бронхтық шырышты сұйылтады және оның шығарылуын жүзеге асырады. Жебіршөп шөбінің сығындысы оның құрамында негізгі бөлігі өкпе арқылы шығарылатын эфир майы болуына байланысты қақырық түсіретін және бронхоспазмолитикалық әсері бар. Өкпеге өту кезінде шырыштың бөлінуін күшейтеді және оның шығарылуына ықпал етеді, сонымен қатар тыныс алу жолдарының тегіс мускулатурасына жеңіл спазмолитикалық әсер көрсетеді, сонымен қатар түйілуді азайтады.

Сондай-ақ жебіршөп эфир майының негізгі компоненті тимолда антисептикалық әсерге ие.

Қолданылуы

Препарат қақырықтың түсуін жеңілдету үшін қолданылады:

- бөлінуі қиын, қою қақырықпен қатар жүретін тыныс алу жолдарының қабыну аурулары (бронхит, фарингит) кезінде

- жөтелмен қатар жүретін суық тию және тұмау кезінде

Қолдану тәсіл және дозалары

Ересектер мен 16 жастан асқан балалар - 2 өлшеуіш қасықтан күніне 3-4 рет.

10 жастан 16 жасқа дейінгі балалар – 1-2 өлшеуіш қасықтан күніне 3 рет.

4 жастан 10 жасқа дейінгі балалар – шәрбаттың 1 өлшеуіш қасығынан күніне 3 рет.

Емдеу курсы – 5-7 күн.

Шәрбатты жеткілікті мөлшерде жылы сумен немесе шәймен ішу ұсынылады.

4 жасқа дейінгі балаларға қолдану тәжірибесі жоқ.

Пайдаланудың алдында шайқау керек!

Жағымсыз әсерлері

Сирек (≥1/10,000 , <1/1,000):

- аллергиялық реакциялар (тері қышымасы, бөртпе)

Өте сирек (<1/10,000):

- лоқсу, құсу, диарея

Жағымсыз әсерлер пайда болса, препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді заттарына және басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдылық

- асқазанның шырышты қабығының қабынуы (гастрит) және асқазан ойық жарасы

- 4 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препараттың басқа дәрілік заттардың әсеріне әсер етуі жайлы деректер жоқ. Препарат әсеріне тағамның әсер етуі туралы хабарлама жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Шәрбаттың құрамында сахароза бар, сондықтан қант диабеті бар науқастарға ұсынылмайды.

Педиатрияда қолданылуы

Препараттың 4 жасқа дейінгі балаларға қолданылуы жөнінде мәлімет жоқ.

Кейбір ингредиенттері жөнінде арнайы ақпарат

Гербион® наурызгүл шәрбаты құрамында сахароза бар. Фруктоза көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза тапшылығы сияқты сирек тұқым қуалайтын бұзылулары бар емделушілерге бұл препаратты қабылдауға болмайды.

Метилпарагидроксибензоат (Е218) аллергиялық реакциялар (бәлкім баяулаған түрін) шақыруы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалануы жөнінде хабарлар жоқ.

Құрамында сапониндер немесе сапониндер сығындысы бар препараттарды үлкен дозада ішке қабылдаған кезде жүрек айнуы, құсу және диарея түрінде байқалатын асқазан-ішек жолының бұзылуын туғызуы мүмкін.

Емі: белсендірілген көмірді қолдану, асқазанды шаю.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғашқы ашылуы бақыланатын бұралып жабылатын пластик қақпағы бар қоңыр шыныдан жасалған шыны құтыға шәрбат 150 мл-ден құйылған.

Өлшеуіш қасығы бар 1 құты және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

15 оС-ден 30 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек. Ашылмаған және ашылған түрде құтыны тоңазытқышта сақтауға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану мерзімі – 3 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

­Өндіруші

КРКА, д.д., Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

 

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғ. 19,

корпус 1б, 2-ші қабат, кеңсе 207

тел. 8 (727) 311-08-09

факс 8 (727) 311-08-12

е-mail: info.kz@krka.biz

 

Прикрепленные файлы

817378741477976694_ru.doc 53.5 кб
641829811477977829_kz.doc 61 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники