Гепцинат (400 мг, Natco Pharma Limited)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Гепцинат
Халықаралық патенттелмеген атауы
Софосбувир
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 400 мг софосбувир
қосымша заттар: маннитол (Pearlitol SD 200), микрокристалды целлюлоза (Avicel PH 102), натрий кроскармеллозасы (Ac-di-Sol), коллоидты кремнийдің қостотығы (Aerosil 200 Pharma), магний стеараты;
қабығының құрамы: Опадрай II қызыл 85F550037 (поливинил спирті, полиэтиленгликоль, тальк, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е 172)), тазартылған су.
Сипаттамасы
Кірпіш-қызыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған, капсула пішінді, бір жағында «400» нақыштамасы бар және екінші жағы тегіс таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Вирусқа қарсы басқа да препараттар. Софосбувир.
АТХ коды J05AX15
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Софосбувир нуклеотидтердің ізашары болып табылады, ол жасушаішілік метаболизмге қарқынды түрде ұшырайды. Белсенді метаболит гепатоциттерде түзіледі және плазмада байқалмайды. Басым (>90%) метаболит GS-331007 белсенді емес. Ол белсенді метаболитті түзудің бірізді және қатарлас жолдары арқылы қалыптасады.
Абсорбциясы
Пероральді енгізгеннен кейін, софосбувир жылдам сіңірілді, ал ең жоғарғы концентрациясы қабылданған дозаның шамасына қарамастан 0,5-2 сағаттан соң байқалды. GS-331007 плазмасының ең жоғарғы концентрациясы препаратты қабылдағаннан кейін 2-4 сағаттан соң байқалды. С гепатиті вирусының 1-6 генотиптері бар пациенттерде софосбувирдің және белсенді емес метаболиттің «концентрация-уақыт» қисық астындағы ауданының (AUC0-24) мәндері тиісінше 1010 және 7200 нг*сағ/мл құрады. Дені сау пациенттерде софосбувирдің және белсенді емес метаболиттің (GS-331007) AUC0–24 С гепатиті вирусын жұқтырған пациенттерде тиісінше 57% жоғары және 39% төмен болды.
Тағамның әсері
Ашқарынға қабылдаумен салыстырғанда софосбувирдің бір реттік дозасын құрамында май мөлшері көп әдеттегі тағаммен бірге қабылдау софосбувирдің сіңу жылдамдығын баяулатты. Софосбувирдің сіңу дәрежесі шамамен 1,8 есеге артты, мұндайда Сmax шамасына аздаған ықпалы байқалды. Құрамында май мөлшері мол тағам қабылдау белсенді емес метаболиттің (GS-331007) экспозициясына ықпалын тигізген жоқ.
Таралуы
Софосбувир органикалық аниондарды (ОАТР) тасымалдайтын 1B1 немесе 1B3 полипептидті және органикалық катиондарды (ОСТ)1 тасымалдаушыны қоса, бауыр тасымалдаушыларының субстраты болып табылмайды. Бүйрек өзекшелерімен белсенді секрецияға ұшырай отырып, белсенді емес метаболит (GS-331007) 1 немесе 3 органикалық аниондарды (OAT) тасымалдаушыны, 2 органикалық катиондарды (ОСТ) тасымалдаушыны, көптеген дәрілік резистенттілік (MRP2) ақуызын, Р гликопротеинді (P-gp), сүт безі обырының резистенттілігінің (BCRP) ақуызын немесе МАТЕ1 тасымалдаушы ақуызды қоса, бүйректегі тасымалдаушылардың субстраты да, тежегіші де болып табылмайды. Софосбувир және GSС-331007 дәрілік тасымалдаушылардың: P- gp, BCRР, МRР2, BSEP, ОATP1B1, ОАTP1B3 және OCT1 тежегіштері болып табылмайды. GS-331007 - OAT1, OCT2 және MATE1 тежегіші болып табылмайды.
Софосбувир адамның қан плазмасы ақуыздарымен 85%-ға жуық байланысады (ex vivo деректері) және байланысуы 1-20 мкг/мл диапазонында препарат концентрациясына байланысты емес. Белсенді емес метаболит GS-331007 адамның қан плазмасы ақуыздарымен өте аз дәрежеде байланысады. Дені сау еріктілер софосбувирдің 400 мг [14С] дозасын бір рет қабылдауынан кейін қандағы/плазмадағы радиоактивтіліктің арақатынасы шамамен 0.7 құрады.
Метаболизмі
Софосбувир GS-461203 трифосфаттың фармакологиялық белсенді нуклеозидтік аналогын түзу арқылы бауырда белсенді түрде метаболизденеді. Метаболизмдік белсенділік жолына адамның A (CatA) катепсинімен немесе карбоксилэстеразамен 1 (CES1) катализденетін карбон қышқылы эфирінің бір бөлігінің кезекті гидролизі және фосфорамидатты протеинмен ыдырату жатады, ол гистидинді триадтармен (HINT1) байланысады, ол пиримидинді нуклеотид биосинтез арқылы фосфорландырумен қатар жүреді. Фосфорсыздануы нуклеозидті белсенді емес метаболиттің түзілуіне әкеледі, оның толығымен қайта фосфорлануы мүмкін емес және in vitro С гепатиті вирусына қарсы белсенділігі жоқ. Софосбувир және GS-331007 UGT1A1 немесе CYP3A4, CYP1A2, CYP2B6, CYP2C8, CYP2C9, CYP2C19, CYP2D6 цитохромы изоферменттерінің субстраттары да, тежегіштері де болып табылмайды.
Софосбувирдің 400 мг [14С]- пероральді бір рет қабылдағаннан кейін софосбувирдің және белсенді емес метаболиттің (GS-331007) жүйелі экспозициясы препаратпен байланысты материалдың жүйелі экспозициясына қатысты (молекулалық массаға түзетілген софосбувирдің және оның метаболиттерінің жиынтық AUC) шамамен 4% және > 90% құрады.
Шығарылуы
софосбувирдің 400 мг [14С] бір рет пероральді қабылдағаннан кейін радиоактивті дозаның орташа жалпы шығарылуы 92%-дан астамды құрады, бұл ретте шамамен 80%, 14% және 2,5% тиісінше несеппен, нәжіспен және деммен шығарылды. Софосбувирдің несеппен шығарылатын дозасының үлкен бөлігін белсенді емес метаболит GS-331007 (78%) құрады, ал 3,5% софосбувир түрінде шығарылды. Бұл деректер бүйрек клиренсі негізінен белсенді сөлініс есебінен GS-331007 шығарылуының негізгі жолы болып табылатынын көрсетеді. Софосбувирдің және белсенді емес метаболиттің (GS-331007) орташа жартылай шығарылу кезеңі тиісінше 0,4 сағат және 27 сағатты құрайды.
Балалар
Софосбувир мен белсенді емес метаболиттің (GS-331007) балалардағы фармакокинетикасы анықталмаған.
Егде жастағы пациенттер
С гепатиті вирусын жұқтырған пациенттерде жас диапазоны 19-дан 75 жасқа дейінгі жас аралығында софосбувирдің және белсенді емес метаболиттің (GS-331007) экспозициясына клиникалық тұрғыдан елеулі әсер етпегені көрсетілген. Клиникалық зерттеулер шеңберінде 65 және одан жоғары жастағы пациенттерде және жас пациенттерде жауап деңгейі ұқсас болды.
Нәсілі және жынысы
Жыныс немесе нәсілге сәйкес софосбувир және белсенді емес метаболит (GS-331007) үшін ешқандай клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық айырмашылық анықталмады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясы қалыпты (креатинин СА >80 мл/мин) пациенттермен салыстырғанда жеңіл, орташа және ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі кезінде софосбувирдің AUC0–inf тиісінше 61, 107 және 171%, ал белсенді емес метаболиттің (GS-331007) AUC0–inf тиісінше 55, 88 және 451% жоғары болды. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (СБЖ) бар пациенттерде бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда софосбувирдің AUC0–inf егер софосбувирді гемодиализ сеансына дейін 1 сағ бұрын қабылдаса 28% жоғары болды және егер софосбувирді гемодиализ сеансынан кейін 1 сағ соң қабылдаса 60% жоғары болды. Белсенді емес метаболиттің (GS-331007) AUC0–inf СБЖ бар пациенттерде нақты анықтау мүмкін болмады. Алайда деректер бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда софосбувирді тиісінше гемодиализ сеансына дейін 1 сағ бұрын қабылдағанда немесе гемодиализ сеансынан кейін 1 сағ соң қабылдағанда СБЖ бар пациенттерде белсенді емес метаболит (GS-331007) экспозициясының кемінде 10 және 20 есе ұлғаюын көрсетті.
Негізгі белсенді емес метаболит (GS-331007) гемодиализдің көмегімен тиімді түрде жойылуы мүмкін (клиренс 53% жуық). 4 сағаттық гемодиализ сеансынан кейін қабылданған дозаның шамамен 18% шығарылады. Бүйрек жеткіліксіздігі жеңіл немесе орташа дәрежедегі пациенттерде препарат дозасын түзету керек емес. Софосбувирді қолданудың қауіпсіздігі бүйрек жеткіліксіздігі ауыр дәрежедегі және бүйрек жеткіліксіздігі терминальді сатыдағы пациенттерде бағаланбады.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда софосбувирдің AUC0-24 бауыр жеткіліксіздігі орташа және ауыр дәрежедегі пациенттерде 126% және 143% жоғары болды, ал белсенді емес метаболиттің (GS-331007) AUC0-24 тиісінше 18% және 9% жоғары болды. ХГС бар пациенттерде фармакокинетикалық деректерді популяциялық талдау бауыр циррозы софосбувирдің және белсенді емес метаболиттің (GS-331007) экспозициясына клиникалық тұрғыдан елеулі әсер етпейтінін көрсетті. Бауыр жеткіліксіздігі жеңіл, орташа және ауыр дәрежедегі пациенттерде софосбувир дозасын өзгерту ұсынылмайды.
Фармакодинамикасы
Әсер ету механизмі
Софосбувир СГВ РНҚ- тәуелді NS5B РНҚ-полимеразасының (құрылымсыз ақуыз 5В) пан-генотиптік тежегіші болып табылады, ол вирустық репликация үшін қажет. Софосбувир нуклеотидті ізашар дәрі, ол уридин трифосфатының фармакологиялық тұрғыдан белсенді аналогы (GS-461203) түрінде жасушаішілік метаболизмге ұшырайды. NS5B полимеразаның көмегімен GS-461203 құрылып жатқан СГВ РНҚ тізбегіне кірігуі және осылайша тізбектің опырылуын туындатуы мүмкін. Софосбувирдің осы белсенді метаболиті (GS-461203) lb, 2а, 3а және 4а генотиптеріндегі NS5B-полимераза белсенділігін 0,7-ден 2,6 мкмольге дейінгі диапазонда 50 % ингибиция (IC50) тудыратын концентрацияларда тежейді. Софосбувирің белсенді метаболиті (GS-461203) адамның ДНҚ және РНҚ полимеразасын немесе митохондриальді РНҚ полимеразасын тежемейді.
Вирусқа қарсы белсенділік
СГВ репликондары пайдаланылған зерттеулерде la, lb, 2а, 3а және 4а генотиптеріндегі толық-өлшемді репликондарға қарсы софосбувирдің тиімді концентрацияларының (ЕC50) мәндері тиісінше 0,04, 0,11, 0,05, 0,05 және 0,04 мкмоль құрады, ал 2b, 5а немесе 6а генотипінің клиникалық изоляттарынан NS5B бірізділігін тасымалдайтын lb генотипіндегі химерлік репликондарға қарсы софосбувирдің ЕС50 мәндері 0,014 - 0,015 мкмольді құрады. Клиникалық изоляттардан NS5B бірізділігін тасымалдайтын химерлік репликондарға қатысты ЕС50 ± SD софосбувирдің орташа мәндері 1а генотипі үшін 0,068 ± 0,024 мкмоль; lb генотипі үшін 0,11 ± 0,029 мкмоль; 2 генотипі үшін 0,035 ± 0,018 мкмоль және 3а генотипі үшін 0,085 ± 0,034 мкмоль құрады. Софосбувирдің анағұрлым аз кездесетін 4, 5 және 6 генотиптеріне қатысты in vitro вирусқа қарсы белсенділігі софосбувирдің 1, 2 және 3 генотиптеріне қатысты белсенділігіне ұқсас болды.
Адамның сарысуының 40% қатысуымен софосбувирдің вирусқа қарсы белсенділігінің елеулі өзгеруі байқалмады.
Резистенттілігі
Софосбувирге сезімталдықтың төмендігі СГВ репликондарының барлық зерттелген генотиптерінің (lb, 2а, 2b, За, 4а, 5а және 6а) S282T NS5B бастапқы мутациясымен астасқан. Сайт - бағытталған мутагенез 8 генотиптің репликондарындағы S282T мутациясы жабайы типтегі тиісті вируспен салыстырғанда софосбувирге сезімталдықты 2-18 есеге төмендетуге және вирустың репликацияға қабілетін 89-99% азайтуға жауапты екенін растады. lb, 2а, За және 4а генотиптерінің S282T алмасуын экспрессиялаушы рекомбинантты NS5B полимераза жабайы вирус штаммдарының ұқсас полимеразаларымен салыстырғанда софосбувирдің белсенді метаболитіне (GS-461203) сезімталдығының төмендейтінін көрсетті.
СГВ бастапқы полиморфизмдерінің емдеу нәтижесіне әсері
СГВ бастапқы полиморфизмдерінің емдеу нәтижесіне әсерін талдау кезінде СГВ NS5B кез келген бастапқы нұсқасының болуы мен емдеу нәтижесі арасындағы статистикалық тұрғыдан маңызды байланыс анықталған жоқ.
Айқаспалы резистенттілік
Софосбувирге резистенттілікпен байланысты S282T мутациясын экспрессиялаушы СГВ репликондары ХВГ-С емдеуге арналған басқа кластардағы препараттарға толық сезімтал болды. Софосбувир басқа нуклеозидті тежегіштерге төзімділікпен байланысты NS5B полимераза геніндегі L159F және L320F мутациясымен вирустарға қатысты белсенділікті сақтап қалды. Софосбувир NS5B полимераза нуклеозидті емес тежегіштері, NS3 протеаза тежегіші және NS5A тежегіші сияқты әсер ету механизмдері әр түрлі тікелей әсер ететін басқа вирусқа қарсы препараттарға резистенттілікпен байланысты мутацияларға қатысты өз белсенділігін толық сақтап қалды.
Қолданылуы
- вирусқа қарсы біріктірілген ем құрамында ересектердегі созылмалы С вирустық гепатитін емдеу.
Қолдану тәсілі және дозалары
Емді ХВГ-С емдеу тәжірибесі бар дәрігер тағайындауы тиіс.
400 мг Гепцинаттың 1 таблеткасын тәулігіне бір рет, тамақтану кезінде ішке қабылдайды. Таблетканы сумен ішіп, тұтастай жұту керек. Таблетка шайнауға немесе сындыруға болмайды, ащы дәмі бар.
Жіберіп алған доза. Егер дозаны қабылдау өткізіп алынса және дозаны қабылдаудың әдеттегі уақытынан 18 сағаттан аз уақыт өтсе, онда пациент Гепцинатты тамақтанумен бірге мүмкіндігінше тезірек қабылдап, препаратты қабылдаудың әдеттегі режиміне оралуы керек. Егер дозаны өткізіп алғанына 18 сағаттан астам уақыт өтсе және препараттың келесі дозасын қабылдау уақыты жақындап қалса, онда пациентке өткізіп алынған дозаны қабылдамаған жөн, бірақ препаратты қабылдаудың әдеттегі режиміне оралу қажет.
Егер препаратты қабылдағаннан кейін 2 сағат ішінде құсу туындаса, онда тағы бір таблетканы қабылдау қажет. Егер қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң құссаңыз, онда қосымша доза қажет емес.
Гепцинатты басқа дәрілік препараттармен біріктіріп қолдану керек. Препарат монотерапия түрінде ұсынылмайды. Дәрілік препараттарды ұсынылған бірге қолдану және Гепцинатпен біріктірілген емнің ұзақтығы 1-кестеде келтірілген.
1-кесте. Гепцинат препаратымен бірге қолдануға ұсынылған дәрілік препараттар және біріктірілген емнің ұзақтығы
Пациенттер тобы* |
Емі |
Емдеу ұзақтығы |
1, 4, 5 немесе 6 генотиптеріндегі созылмалы С гепатиті бар пациенттер |
Гепцинат + рибавирин + пегинтерферон альфа |
12 аптаa,б |
Гепцинат + рибавирин. Пегинтерферон альфа жарамайтын немесе оны көтере алмайтын пациенттерге ғана қолдану үшін. |
24 апта |
|
2 генотипіндегі созылмалы С гепатиті бар пациенттер |
Гепцинат + рибавирин |
12 аптаб |
3 генотипіндегі созылмалы С гепатиті бар пациенттер |
Гепцинат + рибавирин + пегинтерферон альфа |
12 аптаб |
Гепцинат + рибавирин |
24 апта |
|
Бауыр трансплантациясын күтуші, созылмалы С гепатиті бар пациенттер |
Гепцинат + рибавирин |
Бауырды ауыстырып салғанға дейін в |
* Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) бір уақытта жұқтырған пациенттерді қоса.
a. Бұрын 1 генотипіндегі С гепатитінен емдеу курсын өткен пациенттер үшін Гепцинатты, рибавиринді және пегинтерферон альфаны біріктіру туралы деректер жоқ.
б. Емді 12 аптадан астам және 24 аптаға дейін ұзарту мүмкіндігін ескеру керек; әсіресе анамнезінде интерферонмен емдеуге жауап берудің төмен деңгейіне байланысты бір немесе одан да көп факторлары бар пациенттердің қосалқы топтары үшін
(мысалы, айқын фиброз/ бауыр циррозы, жоғары бастапқы вирустық жүктеме,
Негроидтық нәсіл, СС емес IL28Б генотипінің болуы, пэгинтерферон альфамен және рибавиринмен емге алдыңғы нөлдік жауап).
Рибавириннің дозасы Гепцинат препаратымен біріктіріп пайдаланған кезде салмағына қарай есептеледі (<75 кг = 1,000 мг және ≥ 75 кг = 1,200 мг) және тамақтану кезінде 2 қабылдаумен пероральді қабылданады.
Дозаны түзету
Гепцинат препаратының дозасын төмендету ұсынылмайды.
Егер софосбувир пегинтерферон альфамен біріктіріп қолданылса және пациентте осы препаратпен ықтимал байланысты елеулі жағымсыз реакциялары болса, онда пегинтерферон альфа дозасы азайтылуы немесе қабылдау тоқтатылуы тиіс.
Егер пациентте рибавиринмен ықтимал байланысты елеулі жағымсыз реакция дамыса, онда Рибавирин дозасын азайту немесе жағымсыз реакция жоғалғанға немесе оның ауырлығы азайғанға дейін мүмкін болса оны қолдануды тоқтату керек. 2-кестеде гемоглобин концентрациясын және пациенттің жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайын ескере отырып, Рибавирин дозасын өзгерту және оны тоқтату бойынша ұсынымдар келтірілген.
2-кесте: Софосбувирмен бірге қолданғанда Рибавирин дозасын өзгерту жөніндегі нұсқаулық
Зертханалық талдау деректері |
Рибавирин дозасының төмендеуі |
Рибавирин қабылдауды тоқтату |
Тәулігіне 600 мг дейін, егер: |
егер: |
|
Жүрек ауруы жоқ сыналушылардағы гемо-глобин концентрациясы |
< 10 г/дл |
< 8,5 г/дл |
Тұрақты жүрек ауру тарихы бар сыналушылардағы гемоглобин |
гемоглобин деңгейінің ≥ 2 г/дл түсуі 4 апталық емдеу кезінде |
< 12 г/дл төмен дозаны қабылдауға қарамастан 4 апта ішінде |
Егер рибавиринді қабылдау зертханалық патологияға немесе клиникалық көріністерге байланысты тоқтатылған болса, рибавиринді тәулігіне 600 мг-нан қайтадан қабылдауға және одан әрі дозаны тәулігіне 800 мг-ге дейін арттыруға болады. Алайда рибавиринді бастапқыда тағайындалған дозаға дейін (тәулігіне 1000 - 1200 мг) ұлғайту ұсынылмайды.
Препарат қабылдауды тоқтату
Егер Гепцинат препаратымен біріктіріп тағайындалған басқа дәрілік препараттарды қолдану тоқтатылса, онда Гепцинат препаратымен емді де тоқтату керек.
Пациенттердің арнайы топтары
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде тағайындалған дозаны түзету керек емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Аздаған немесе орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттер үшін Гепцинат препаратының дозасын түзету қажет емес. Гепцинат препаратының қауіпсіздігі және тиісті дозасы бүйрек жеткіліксіздігі ауыр (есептелген шумақтық сүзіліс жылдамдығы [eGFR] < 30 мл/мин/1,73 м2) немесе гемодиализді талап ететін созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысындағы (СБЖТ) пациенттер үшін анықталмаған.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының аздаған, орташа немесе ауыр бұзылуымен (Чайльд-Туркот-Пью жіктелуі бойынша А, В немесе С класы) пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Гепцинат препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі декомпенсацияланған циррозы бар пациенттер үшін анықталмаған.
Бауыр трансплантациясын күтуші пациенттер
Бауыр трансплантациясын күтуші пациенттерде препаратты қабылдау ұзақтығы нақты пациент үшін потенциалды пайда-қауіпті бағалауға негізделуі тиіс.
Бауыр трансплантациясынан кейінгі пациенттер
Бауыр трансплантациясы кезінде <НПКО С гепатиті вирусының РНҚ бар пациенттерде трансплантациядан кейінгі вирусологиялық жауап
Трансплантациядан кейінгі 12 апта (пТВО)b |
|
Бағаланатын пациенттердегі вирусологиялық жауап a |
23/37 (62%) |
Бағалауға жарамды пациенттер аралық талдау барысында белгілі бір уақыт бақылау сәтіне жеткендер ретінде анықталады.
пТВО: трансплантациядан кейінгі вирусологиялық жауап (С гепатиті РНҚ вирусы <НПКО емшарадан кейін 12 аптадан соң).
Емді 24 аптадан кейін тоқтатқан пациенттерде хаттамаға сәйкес қайталану жиілігі 11/15 құрады.
Балалар
Гепцинат препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде әзірге анықталған жоқ. Деректер жоқ.
Жағымсыз әсерлері
Софосбувир және рибавирин немесе софосбувир, рибавирин және пегинтерферон альфа алған адамдарда пайда болған ең көп таралған жағымсыз реакциялар шаршау, бас ауыруы, жүрек айнуы және ұйқысыздық болды.
Жағымсыз әсерлердің жиілігі келесідей анықталды: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 - <1/10), жиі емес (≥1/1,000 - <1/100), сирек (≥1/10,000 - <1/1,000) немесе өте сирек (<1/10, 000).
3-кесте. Софосбувирді рибавиринмен немесе пегинтерферон альфа және рибавиринмен біріктіріп қолдану кезінде анықталған жағымсыз реакциялар
Жиілігі |
Софосбувир + рибавирин қоспасы |
Софосбувир + пегинтерферон альфа + рибавирин қоспасы |
Инфекциялық және паразиттік аурулар: |
||
Жиі |
назофарингит |
|
Қан және лимфа жүйесі тарапынан болатын бұзылыстар: |
||
Өте жиі |
гемоглобиннің төмендеуі |
анемия, нейтропения, лимфоциттер санының азаюы, тромбоциттер санының азаюы |
Жиі |
анемия |
|
Зат алмасу және тамақтану тарапынан болатын бұзылыстар: |
||
Өте жиі |
тәбеттің азаюы |
|
Жиі |
салмақтың азаюы |
|
Психиканың бұзылуы: |
||
Өте жиі |
ұйқысыздық |
ұйқысыздық |
Жиі |
депрессия |
депрессия, үрей, қозу |
Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылыстар: |
||
Өте жиі |
бас ауыруы |
бас айналуы, бас ауыруы |
Жиі |
көңіл қоюдың бұзылуы |
бас сақинасы, есте сақтаудың бұзылуы, көңіл қоюдың бұзылуы |
Көру ағзалары тарапынан болатын бұзылыстар: |
||
Жиі |
анық көрмеу |
|
Тыныс алу жүйесіғ көкірек қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан болатын бұзылыстар: |
||
Өте жиі |
ентігу, жөтел |
|
Жиі |
ентігу, күш түскен кезде ентігу, жөтел |
күш түскен кезде ентігу |
Асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылыстар: |
||
Өте жиі |
жүрек айнуы |
диарея, жүрек айнуы, құсу |
Жиі |
іштегі жайсыздық, іш қатуы, диспепсия |
іш қатуы, ауыздың құрғауы, гастроэзофагеальді рефлюкс |
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан болатын бұзылыстар: |
||
Өте жиі |
қандағы билирубиннің жоғарылауы |
қандағы билирубиннің жоғарылауы |
Тері және тері асты тіндері тарапынан болатын бұзылыстар: |
||
Өте жиі |
бөртпе, қышыну |
|
Жиі |
алопеция, терінің құрғақтығы, қышыну |
алопеция, терінің құрғақтығы |
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан болатын бұзылыстар: |
||
Өте жиі |
буын ауыруы, бұлшықет ауыруы |
|
Жиі |
буын ауыруы, арқа ауыруы, бұлшықет түйілуі, бұлшықет ауыруы |
арқа ауыруы, бұлшықет түйілуі |
Жүйелі бұзылыстар және енгізген жердегі асқынулар: |
||
Өте жиі |
шаршау, ашушаңдық |
қалтырау, шаршау, тұмау тәрізді ауру, ашушаңдық, ауыру, гипертермия |
Жиі |
гипертермия, астения |
кеуденің ауыруы, астения |
Қолдануға болмайтын жағдайлар
софосбувирге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық
емделу кезеңінде контрацепцияны сақтамау
жүктілік және лактация кезеңі
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі пациенттердің осы санатында анықталмаған)
ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (клиренс коэффициенті <30 мл/мин) немесе гемодиализ жүргізу қажет болған кезде бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы софосбувирдің негізгі метаболитінің жоғары концентрациясына (20 есеге дейін) байланысты пациенттердің осы санатында қауіпсіздік анықталмаған)
С және В гепатиті вирустарымен үйлескен жұқтыру (пациенттердің осы санатында софосбувирді қолдану туралы, сондай-ақ тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттармен емдегеннен кейін созылмалы В гепатитін реактивациясы туралы хабарламаларға байланысты жеткілікті деректер жоқ)
декомпенсацияланған бауыр циррозы (тиімділігі мен қауіпсіздігі пациенттердің осы санатында анықталмаған)
Р-гликопротеин күшті индукторларын (рифампицин, рифабутин, шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum), карбамазепин, фенитоин, фенобарбитал, окскарбазепин) қабылдайтын пациенттерде
Сақтықпен
амиодаронмен қатар емдеу аясында софосбувир мен даклатасвир біріктірілімін алатын пациенттерде (пациенттер брадикардия және жүрек блокадасының симптомдары туралы ескертілуі тиіс, мұндай симптомдар пайда болған жағдайда дереу шұғыл медициналық көмекке жүгіну ұсынысымен)
бұрын вирусқа қарсы ем алған 1, 4, 5, 6 генотиптеріндегі пациенттерде, әсіресе интерферонмен емдеуге жауаптың төмен деңгейін анықтайтын бір немесе бірнеше факторлар болған кезде (айқын бауыр фиброзы/циррозы, жоғары бастапқы вирустық жүктеме, негроидтық нәсіл, СС емес IL28B генотипінің болуы)
С гепатитін емдеуге арналған басқа да вирусқа қарсы препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде (мысалы, телапревир немесе боцепривир)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Софосбувир p-гликопротеин тасымалдаушысының субстраты және сүт безі обырының резистенттілік ақуызы (BCRP) болып табылады, ал оның белсенді емес метаболиті GS-331007 ондай емес.
Ішектегі P-гликопротеиннің күшті индукторлары болып табылатын дәрілік заттар (рифампицин, рифабутин, шайқурай, карбамазепин, фенобарбитал және фенитоин) қан плазмасындағы софосбувир концентрациясын айтарлықтай төмендетуі және оның емдік тиімділігінің төмендеуін тудыруы мүмкін, сондықтан оларды софосбувирмен бірге қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөл.қ.). Ішектегі Р-гликопротеиннің орташа индукторлары болып табылатын дәрілік заттар (мысалы, окскарбазепин және модафинил) қан плазмасындағы софосбувирдің концентрациясын төмендетуі және софосбувирдің емдік тиімділігінің төмендеуін тудыруы мүмкін. Мұндай дәрілік заттарды софосбувирмен бірге қолдану ұсынылмайды. Софосбувирді Р-gp және/немесе BCRP тежегіштері болып табылатын дәрілік заттармен бірге қолдану GS-331007 метаболитінің плазмалық концентрациясын арттырусыз софосбувирдің плазмалық концентрациясын ұлғайта алады, демек, софосбувирді Р-gp және/немесе BCRP тежегіштерімен бір мезгілде қолдануға болады. Софосбувир және GS-331007 Р-gp және BCRP тежегіштері болып табылмайды, сондықтан осы транспортерлердің субстраттары болып табылатын дәрілік заттар экспозициясының ұлғаюы күтілмейді.
Бірге тағайындалатын дәрілік заттар софосбувирдің негізінен төмен аффинді және белсенділігі жоғары гидролаза арқылы жүретін жасушаішілік метаболизмдік белсенділік сатысына және нуклеотидтік фосфорлану сатыларына ықпал етпейді деп болжанады.
Аналептиктер
Модафинил - Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Софосбувирді модафинилмен бірге қолдану софосбувирдің концентрациясын төмендетеді және софосбувирдің емдік әсерін төмендетеді деп күтілуде. Бірге қолдану ұсынылмайды.
Құрысуға қарсы препараттар
Карбамазепин, Фенитоин, Фенобарбитал, Окскарбазепин - Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Софосбувирді карбамазепинмен, фенитоинмен, фенобарбиталмен немесе окскарбазепинмен, күшті ішек P-гликопротеинді индукторлармен бірге қолдануға болмайды.
Рифабутин, Рифампицин, Рифапентин - Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Рифабутин немесе рифапентин софосбувирдің концентрациясын төмендетеді деп болжанады, бұл софосбувирдің емдік әсерінің төмендеуіне әкеледі. Бұл бірлескен қолдану ұсынылмайды. Софосбувирді рифампицинмен, күшті ішек P-гликопротеинмен бірге қолдануға болмайды.
Өсімдік препараттары
Шайқурай (Hypericum perforatum) - Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Софосбувир шайқураймен, күшті ішек P-гликопротеин индуктормен бірге қолданылмауы тиіс.
С гепатитін (СГВ) емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар:
СГВ протеазасы тежегіштері
Боцепревир (BOC) Телапревир (TPV) - өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Софосбувирді, боцепревирді немесе телапревирді бірлесіп қолдануға қатысты дәрілік өзара әрекеттесуі туралы ешқандай деректер жоқ.
Есірткілік анальгетиктер
Метадон - софосбувир мен метадонды бірге қолданғанда софосбувирдің немесе метадонның дозасын түзету қажет емес.
Иммунодепресанттар
Циклоспорин (600 мг бір реттік доза) - софосбувир мен циклоспоринді бірге қолданғанда софосбувирдің немесе циклоспориннің дозасын түзету қажет емес.
Такролимусe (5 мг бір реттік доза) - софосбувир мен такролимусты бірге қолданғанда софосбувирдің немесе такролимустың дозасын түзету қажет емес.
АИТВ емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар: Кері транскриптаза тежегіштері
Эфавиренз (600 мг тәулігіне бір рет) - софосбувир мен эфавирензді бірге қолданғанда софосбувирдің немесе эфавиренздің дозасын түзету қажет емес.
Эмтрицитабин (200 мг тәулігіне бір рет)d - софосбувир мен эфавирензді бірге қолданғанда софосбувирдің немесе эфавиренздің дозасын түзету қажет емес. Тенофовир дизопроксил фумарат (300 мг тәулігіне бір рет)d - Софосбувир мен эфавирензді бірге қолданғанда софосбувирдің немесе эфавиренздің дозасын түзету қажет емес.
Рилпивирин (25 мг тәулігіне бір рет) - софосбувир мен рилпивиринді бірге қолданғанда софосбувирдің немесе рилпивириннің дозасын түзету қажет емес.
АИТВ емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар:
Интеграза тежегіштері
Ралтегравир (400 мг күніне екі рет) - софосбувир мен ралтегравирді бірге қолданғанда софосбувирдің немесе ралтегравирдің дозасын түзету қажет емес.
Пероральді контрацептивтер
Норгестимат/этинил эстрадиол - софосбувир мен норгестимат/этинил эстрадиолды бірге қолданғанда норгестимат/этинил эстрадиол дозасын түзету қажет емес.
Айрықша нұсқаулар
Бала туатын жастағы әйелдер/еркектер мен әйелдердегі контрацепция
Софосбувирді рибавиринмен немесе пегинтерферон альфа/рибавиринмен біріктіріп пайдаланғанда бала туатын жастағы әйелдерде және ерлерде контрацепцияның арнайы шаралары қолданылуы тиіс.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік кезінде препаратты қолдануға болмайды.
Софосбувир мен оның метаболиттері емшек сүтіне бөлінетіні белгісіз. Нәрестелер/сәбилер үшін қауіп жоққа шығарылмайды. Сондықтан софосбувирді емшек емізу кезінде қабылдамаған жөн.
Балалар
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Фертильділігі
Софосбувирдің адамның фертильділігіне әсері туралы деректер жоқ.
Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Софосбувир көлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне орташа әсер етеді. Пациенттер софосбувирді пегинтерферон альфамен және рибавиринмен біріктіріп емдеу кезінде шаршау және зейіннің бұзылуы, бас айналуы және бұлыңғыр көру байқалғаны туралы хабардар болуы тиіс.
Артық дозалануы
Софосбувирді артық дозалаған кезде спецификалық антидот жоқ. Егер артық дозалану орын алса, онда пациентте улану белгілерін бақылау қажет. Софосбувирмен артық дозалану кезінде емдеу өмірлік маңызды көрсеткіштерді бақылауды, сондай-ақ пациенттің клиникалық жағдайын бақылауды қамтитын жалпы қолдау шараларынан тұрады. Негізгі белсенді емес метаболит (GS-331007) гемодиализдің (клиренсі 53%) көмегімен тиімді жойылуы мүмкін. Гемодиализдің 4 сағаттық сеансынан кейін қабылданған дозаның шамамен 18% шығарылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
28 таблеткадан балаларға пайдалануына жол бермейтін қақпақпен тығындалған, силикагель қаптамасы салынған, тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыға салынған. Құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 30 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Natco Pharma Limited
Kothur-509228
Rangareddy District
Telangana, Үндістан.
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«APC Healthcare Limited» өкілдігі, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«APC Healthcare Limited» өкілдігі
050040, Алматы қ-сы, Попов к-сі 19, 301 кеңсе
Тел: (8727) 260-84-33, факс: (8727) 386-82-25
E-mail: rahulsingh@apchealthcare.com