Гепасан®

МНН: Гепарин натрия
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Heparin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№021501
Период регистрации: 30.06.2015 - 30.06.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 393.45 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Гепасан ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Натрий гепарині

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 5000 ХБ/мл, 5 мл ерітінді

Құрамы

Бір мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат: 5000 ХБ натрий гепарині

( 150 ХБ/мг белсенділігіне шаққанда – 33,33 мг)

қосымша заттар: бензил спирті, натрий хлориді, натрий гидроксиді 10% ерітіндісі, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссіз немесе ашық-сары немесе ашық-жасыл түсті мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Қан түзуге және қанға ықпал ететін препараттар. Тікелей әсер ететін антикоагулянттар. Гепарин.

АТХ коды В01АВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тері астына енгізуден кейін ең жоғары концентрацияға жету уақыты 4-5 сағатты құрайды. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуына 95% жағдайда жетеді, таралу көлемі өте төмен және 0,06 л/кг құрайды (қан плазмасы ақуыздарымен күшті байланысуына байланысты қантамыр арнасынан шыға алмайды). Гепарин плацента арқылы және емшек сүтіне өтпейді. Эндотелиальді жасушалармен және мононуклеарлы-макрофагальді жүйемен (ретикуло-эндотелиальді жүйе жасушаларымен) қарқынды түрде қармалады, бауырда және көкбауырда шоғырланады. Енгізудің ингаляциялық тәсілінде (дем алумен) альвеолярлы макрофагтарға, қылтамырлардың эндотелийіне, үлкен қантамырлық және лимфалық тамырларға сіңіріледі: бұл жасушалар гепариннің жиналатын негізгі орны болып табылады, одан ол біртіндеп босап шығып, қан плазмасында қажетті концентрацияны демейді.

Бауырда N-десульфамидазаның және тромбоциттер гепариназасының қатысуымен метаболизденеді. Метаболизмге тромбоцитарлы IV фактордың (гепаринге қарсы фактордың) қатысуы, сондай-ақ гепариннің макрофагтар жүйесімен байланысуы биологиялық белсенділігінің тез жойылуымен және әсерінің қысқа мерзімділігімен түсіндіріледі. Десульфаттанған молекулалар бүйрек эндогликозидазасының әсерімен төмен молекулалы фрагменттерге айналады. Гепариннің жартылай шығарылу кезеңі – 1-6 сағ. (орта есеппен – 1,5 сағ.); семіздікте, бауыр және/немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде ұлғаяды; өкпе артерияларының тромбоэмболиясында, жұқпаларда, қатерлі ісіктерде азаяды. Бүйректер арқылы, көбіне белсенді емес метаболиттер түрінде бөлініп шығады, және тек жоғары дозаларда өзгермеген түрде (50%-ға дейін) шығарылуы мүмкін. Гемодиализ арқылы шығарылмайды.

Фармакодинамикасы

Тікелей әсер ететін антикоагулянттар орташа молекулалық гепариндер тобына жатады, фибриндердің түзілуін баяулатады. Антикоагулянттық әсері in vitro және in vivo табылады, көктамырішілік қолданудан кейін басталады.

Гепариннің әсер ету механизмі ең алдымен оның антитромбин III-мен – қан ұюдың белсенділендірілген факторларының: тромбиннің, IXа, Xа, XIа, XIIа тежегіштерімен байланысуына негізделген (әсіресе тромбинді және белсенділендірілген Х факторды тежеу қабілеті маңызды болып табылады). Гепарин протромбиннің тромбинге айналуын бұзады, тромбинді бәсеңдетеді және фибриннің фибриногеннен түзілуін тоқтатады, сондай-ақ кейбір дәрежеде тромбоциттердің агрегациясын азайтады.

Бүйректік қан ағысын арттырады; ми қантамырларының кедергісін арттырады, ми гиалуронидазасының белсенділігін азайтады, липопротеинлипазаны белсенді етеді және гиполипидемиялық әсері бар.

Гепарин өкпеде сурфактанттың белсенділігін төмендетеді, бүйрекүстінің қыртысында альдостеронның шамадан тыс синтезін басады, адреналинмен байланысады, гормональді ынталануға аналық бездердің реакциясын модулдейді, паратгормонның белсенділігін күшейтеді. Ферменттермен өзара әрекеттесуі нәтижесінде ми тирозингидроксилазасының, пепсиногеннің, ДНҚ-полимеразаның белсенділігі артуы және миозинді АТФазаның, пируваткиназаның, РНК-полимеразаның, пепсиннің белсенділігі төмендеуі мүмкін.

Жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарда (ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп) коронарлы артериялардың жедел тромбоздарының, миокард инфарктісінің даму және кенеттен өлу қаупін төмендетеді. Қайталанатын инфарктердің жиілігін және миокард инфарктісін басынан кешкен науқастардың өлімін азайтады.

Жоғары дозалары өкпе артерияларының тромбоэмболияларында және көктамырлық тромбозда тиімді, аз дозалары көктамырлық тромбоэмболияның алдын алу үшін, соның ішінде хирургиялық операциялардан кейін тиімді. Көктамыр ішіне енгізгенде қанның ұюы бірден дерлік баяулайды, бұлшықет ішіне енгізгенде – 15-30 минуттан кейін, тері астына енгізгенде – 20-60 минуттан кейін, ингаляциядан кейін ең жоғары әсері тәуліктен соң басталады; антикоагуляциялық әсерінің ұзақтығы сәйкесінше 4-5, 6, 8 сағ. және 1-2 аптаны құрайды, емдік әсері – тромб түзілуін болдырмау – едәуір ұзағырақ сақталады.

Плазмада немесе тромбоз орнында антитромбин III тапшылығы гепариннің тромбозға қарсы әсерін төмендетуі мүмкін.

Қолданылуы

- тереңдегі көктамыр тромбозы, жедел артериялық эмболия немесе тромбоз, тромбофлебит, коронарлы қантамырлар эмболиясы сияқты тромбоэмболиялық бұзылуларды емдеуге

- тереңдегі көктамыр тромбозының алдын алуға

- коронарлы қантамырлар тромбоэмболияның, осы патологияға ұшыраған науқастарда, алдын алуға

- қан айналымының экстракорпоральді әдістерін пайдаланып операция жасау кезінде қанның ұюының алдын алуға, гемодиализ жүргізгенде

Қолдану тәсілі және дозалары

Гепасан® препаратын үздіксіз көктамырішілік инфузия түрінде немесе ұдайы көктамырішілік инъекциялар түрінде, сондай-ақ тері астына (іш аймағына) тағайындайды.

Профилактикалық мақсатта – тері астына, тәулігіне 5000 ХБ-ден, 8-12 сағ. аралықпен. Теріастылық инъекция үшін әдеттегі орын іштің алдыңғы латеральді қабырғасы болып табылады (ерекше жағдайларда иықтың немесе санның жоғары аймағына енгізеді), мұндайда жіңішке инені пайдаланады, оны тереңге, перпендикулярлы түрде, ерітіндіні енгізуді аяқтағанға дейін босатылмайтын басбармақ пен сұқ саусақтың арасындағы тері қыртысына енгізген жөн. Енгізілетін жерді әрбір ретте кезектестіріп отырған жөн (гематоманың түзілуіне жол бермеу үшін). Алғашқы инъекцияны операцияны бастаудан 1-2 сағат бұрын жүзеге асыру қажет; операциядан кейінгі кезеңде 7-10 күн бойы енгізу, ал қажет болған жағдайда өте ұзағырақ уақыт бойы енгізу керек.

Емдік мақсатта енгізілетін Гепасан® препаратының бастапқы дозасы әдетте 5000 ХБ құрайды және көктамыр ішіне енгізіледі, содан кейін емдеуді көктамырішілік инфузияны пайдалана отырып, жалғастырады.

Демеуші дозалар қолдану тәсіліне байланысты белгіленеді:

- үздіксіз көктамырішілік инфузияда сағатына 1000-2000 ХБ (тәулігіне 24000-48000 ХБ) тағайындайды, Гепасан® препаратын 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісінде сұйылта отырып;

- мерзімдік көктамырішілік инъекцияларда әрбір 4 сағат сайын 5000-10000 ХБ Гепасан® тағайындайды.

Ересектерге ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі тромбоздарда препаратты көктамыр ішіне тәулігіне 3-4 ретке бөлінген 40000-50000 ХБ дозада тағайындайды; ауыр тромбозда және эмболияда – көктамыр ішіне 6 сағат аралықпен тәулігіне 4 ретке бөлінген 80000 ХБ дозада. Өмірлік көрсеткіштері бойынша бір реттік 25000 ХБ (5 мл), содан кейін әрбір 4 сағат сайын 20000 ХБ-дан тәуліктік 80000-120000 ХБ дозаға жеткенге дейін енгізеді. Көктамырішілік тамшылатып құйғанда инфузиялық ерітіндінің тәуліктік көлеміне кем дегенде 40000 ХБ Гепасан® ерітіндісін қосу қажет. Гепасан® препаратының дозаларын көктамыр ішіне енгізгенде белсендірілген ішінара тромбопластинді уақыт (БІТУ) бақынатын шамадан 1,5-2,5 есе көп болатындай етіп таңдап алады. Тромбтың түзілуінің алдын алу үшін аз дозаларда (күніне 2-3 рет 5000 ХБ) тері астына енгізгенде БІТУ-ді ұдайы бақылау қажет емес, өйткені ол болмашы артады.

Үздіксіз көктамырішілік инфузия гепаринді қолданудың ұдайы (мезгіл-мезгіл) инъекцияға қарағанда өте тиімді тәсілі болып табылады, өйткені өте тұрақты гипокоагуляцияны қамтамасыз етеді және қан кетуді сирек туындатады.

Экстракорпоральді қан айналымын жүргізген кезде 140-400 ХБ/кг дозада немесе 500 мл қанға 1500-2000 ХБ енгізеді. Гемодиализде бастапқыда көктамыр ішіне 10000 ХБ, содан кейін емшараның ортасында тағы 30000-50000 ХБ енгізеді. Егде жастағы адамдар, әсіресе әйелдер үшін доза төмендетілуі тиіс.

Балаларға препаратты көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді: БІТУ-ді бақылай отырып, 3-тен 6 жасқа дейін – тәулігіне 600 ХБ/кг, 6-дан 15 жасқа дейін – тәулігіне 500 ХБ/кг.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (>1/10), Жиі (>1/100, < 1/10), Жиі емес (>1/1000, < 1/100)

Сирек (>1/1000, < 1/100)

Өте жиі жағымсыз құбылыстар – қан кету, бауыр ферменттерінің қайтымды өзгерулері, қайтымды тромбоцитопения және әртүрлі тері реакциялары. Жайылған аллергиялық реакциялар, тері некрозы және приапизм туралы жекелеген мәлімдемелер бар.

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Гепарин тромбоцитопенияны тікелей немесе тромбоцит-агрегациялайтын антиденелерді жасап шығару арқылы туындатуы мүмкін. Бұл құбылыстар препаратты тоқтатқаннан кейін қайтымды.

Жиі:

I типті тромбоцитопения

Сирек:

IІ типті тромбоцитопения, табиғаты иммуноаллергиялық болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда IІ типті тромбоцитопения көктамырлық немесе артериялық тромбоздармен қатар жүреді.

Иммундық жүйе бұзылыстары

Сирек:

барлық типті және ауырлық дәрежедегі, әртүрлі көріністермен болатын аллергиялық реакциялар

Өте сирек:

анафилактоидтық реакциялар және анафилактикалық шок

Метаболизмнің және тамақтанудың бұзылулары

Сирек:

Плазмада калийдің артуына әкеп соғуы мүмкін гипоальдостеронизм.

Клиникалық тұрғыдан маңызды сирек гиперкалиемия бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі және қант диабеті бар науқастарда болуы мүмкін.

Қантамырлық аурулар

жиі:

кез келген ағзадан қан кету, әсіресе жоғары дозаларда пайдаланған кезде.

Кейбір жағдайларда қан кету өлімге және тұрақты еңбекке жарамсыздыққа әкеп соқты.

Жұлын немесе эпидуральді анестезияларда немесе жұлын-ми пункциясында гепариннің профилактикалық дозаларын қабылдап жүрген емделушілерде эпидуральді және жұлын-ми гематомасы өте сирек тіркелді.

Гепатобилиарлы жүйе тарапынан бұзылулар

жиі:

Трансаминаза, гамма-GT, ЛДГ және липаза деңгейлерінің жоғарылауы, барлық көрсеткіштер препаратты тоқтатқаннан кейін қалпына келеді.

Тері мен теріастылық шелді тіннің зақымдануы

жиі емес:

Бөртпе (эритематоздық және макулопапулездікті қоса, бөртпенің алуан түрлері), есекжем, қышыну.

сирек:

тері некрозы, мұндайда емдеу дереу тоқтатылуы тиіс.

Эритеманың бір жағдайы жөнінде мәлімдеме бар.

Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тін тарапынан зақымдану

жиі емес:

Гепаринмен ұзақ емделумен байланысты остеопороз.

Репродуктивтік жүйе бұзылыстары

өте сирек:

Приапизм

Жалпы аурулар және препаратты енгізген жердің зақымдануы

жиі:

Инъекция жасалған жерде реакциялар; тері астына енгізген кездегі жергілікті тітіркену

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- гепаринге аса жоғары сезімталдық

- бұрыннан бар немесе сыртартқысында бар гепарин-индукцияланған тромбоцитопениялар

- бауыр, бүйрек функцияларының ауыр жеткіліксіздігін, ойық жара ауруының өршуін, Крон ауруын, жедел немесе баяу өрбитін сепсистік эндокардитті, бас сүйекішілік қан құйылуды немесе жарақаттарды немесе бас, мойын, көз, құлақ аймақтарына операцияларды және әйелдерде қауіп төндіретін түсікті, босану кезіндегіні (соның ішінде жақында болған) қоса, жайылған немесе жергілікті қан кетуге бейімділік

- қуық асты безіне, бауырға және өт жолдарына жақын арада жүргізілген хирургиялық араласым

- жұлын-ми пункциясынан кейінгі жағдай

- бақыланбайтын ауыр артериялық гипертензия

  • пролиферативті диабеттік ретинопатия

  • туберкулездің белсенді түрі

  • жедел және созылмалы лейкоз

  • апластикалық және гипопластикалық анемиялар

  • жүктілік

  • лактация кезеңі

  • 3 жасқа дейінгі балалар

Гепасан® инъекциясының құрамында 10 мг/мл консервант - бензил спирті бар, сондықтан шала туылған немесе жаңа туылған балаларға қолдануға болмайды.

Эпидуральді анестезия Гепасан® қабылдаған жүкті әйелдерге босану кезінде қолдануға болмады.

Гепасан® қабылдап жүрген науқастарді, профилактика үшін емес, емдеу үшін жоспарлы хирургиялық емшара жүргізгенде жергілікті-аумақтық анестезияны қолдануға болмайды, өйткені Гепасан® препаратын пайдалану өте сирек, бірақ ұзақ уақыт немесе тұрақты салдану нәтижесінде эпидуральді немесе жұлын гематомасының дамуымен астасады.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гепасан® препаратының әсері тромбоциттер немесе ұю жүйесінің функциясын қозғайтын басқа дәрілік заттармен, мысалы, тромбоциттер агрегациясының тежегіштерімен, тромболитикалық агенттермен, салицилаттармен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен, К витаминінің антагонистерімен, декстрандармен, белсендірілген С протеинмен бір мезгілде тағайындаған кезде күшейеді. Егер препараттардың осыған ұқсас біріктірілімдерін тоқтату мүмкін болмаса, мұқият клиникалық және зертханалық бақылаулар жүргізу қажет.

Препаратты АӨФ тежегіштерімен немесе ангиотензин II антагонистерімен біріктіріп пайдалану гиперкалиемия қаупін арттыруы мүмкін.

Нитроглицерин инфузиясын пайдалану Гепасан® препаратының антикоагулянттық әсерлерін төмендетуі мүмкін.

Препаратты бір еккіште басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Гепасан® препаратын төмен молекулалы гепаринге аса жоғары сезімталдығы бар емделушілерде сақтықпен пайдаланған жөн.

Препаратты қан кету, гипертония қаупі жоғары, бүйрек немесе бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар науқастарға енгізген кезде сақтық танытқан жөн.

Гепасан® препараты альдостеронның бүйрек үсті бездерімен секрециялануын басуы мүмкін, бұл әсіресе, мысалы, қант диабеті, бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар, сыртартқысында метаболизмдік ацидозы бар, плазмадағы калий мөлшері жоғары емделушілерде немесе калий жинақтайтын препараттарды қабылдаған кезде гиперкалиемияға әкеп соғуы мүмкін. Гиперкалиемия қаупі, сірә, емдеу ұзақтығының артуымен ұлғаяды, бірақ, әдеттегідей, бұл өзгерулер қайтымды. Плазмадағы калий деңгейін қауіп факторлары бар емделушілерде гепаринмен емдеуді бастар алдында өлшеген жөн және емдеуден кейін, әсіресе егер ол 7 күннен астамға созылатын болса, ұдайы бақылап отыру керек.

Гепасан® препаратын тромбоциттердің функциясына немесе ұю жүйесіне ықпалын тигізетін басқа дәрілермен бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды.

Гепасан® препаратын перидуральді немесе жұлын анестезиясынан, немесе жұлын-ми пункциясынан кейін профилактикалық қолдану өте сирек, бірақ ұзақ уақытқа немесе тұрақты сал болып қалу нәтижесінде эпидуральді немесе жұлын гематомасымен астасады. Анестезия үшін перидуральді немесе жұлындық катетерді пайдаланған кезде; қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП), тромбоциттер тежегіштері немесе антикоагулянттар сияқты гемостазға ықпал ететін дәрілік заттарды қатар қолданғанда, сондай-ақ жарақаттық немесе бірнеше реттік шаншуларда қауіп ұлғаяды.

Гепасан® препаратын профилактикалық дозаларда соңғы енгізу мен перидуральді немесе жұлындық катетерді енгізу немесе алып тастау арасындағы аралықта шешім қабылдағанда препараттың және емделуші бейінінің қауіпсіздігі бойынша сипаттамасына көңіл бөлінуі тиіс. Препараттың келесі дозасы бұдан бұрынғы инъекциядан кейін төрт сағаттан соң енгізілуі тиіс. Гепасан® препаратын қайталап енгізуді хирургиялық емшаралар аяқталғанға дейін кейінге қалдырған жөн.

Перидуральді немесе жұлын анестезиясы мәнмәтінінде гепаринмен ем жүргізу қажет болғанда, дәрігер науқастың мұқият бақылануын қамтамасыз етуі және арқаның ауыруы, ішек, қуық тарапынан моторлы және сенсорлы функцияның бұзылуы сияқты неврологиялық белгілерді дереу анықтау мақсатында науқастың неврологиялық жағдайына ұдайы бақылау жүргізуі қажет. Емделушілер осындай симптомдар пайда болған кезде мұны медбикеге немесе дәрігерге дереу айту керектігінен хабардар болуы тиіс.

Гепасан® препаратын гематома қаупіне байланысты, бұлшықет ішіне енгізбеген жөн.

Қан кетудің жоғарылаумен байланысты қатар енгізілетін бұлшықетішілік инъекцияны, жұлын-милық пункцияны және осыған ұқсас емшараларды сақтықпен жүргізген жөн.

Антидене арқылы гепарин-индукцияланған тромбоцитопенияның даму қаупіне байланысты, Гепасан® препаратымен 5 күннен көбірек ем қабылдап жүрген емделушілерде тромбоциттер деңгейін бақылау қажет, тромбоцитопения дамыған жағдайда ем дереу тоқтатылуы тиіс.

Гепарин-индукцияланған тромбоцитопения және тромбозбен бірге гепарин-индукцияланған тромбоцитопения гепаринмен емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше аптаның ішінде жүруі мүмкін. Тромбоцитопениясы және тромбозы бар емделушілер гепаринмен емдеуді тоқтатқаннан кейін осы патологияның бар-жоқтығына тексерілуі тиіс.

Гепасан® инъекцияларының құрамында консервант – 10 мг/мл бензил спирті бар, сондықтан препаратты 1 жасқа дейінгі және 3 жасқа дейінгі балаларға тағайындағанда сақтық қажет, өйткені бензил спиртінің әсерінен осы жас тобында уытты және аллергиялық (анафилактоидтық) реакциялардың даму қаупі бар.

Артық дозалануы

Симптомдары: қан кету белгілері

Емі: гепариннің артық дозалануынан туындаған аз қан кетулерде оны қолдануды тоқтату жеткілікті. Ауқымды қан кетулерде гепариннің артық мөлшерін протамин сульфаты (100 ХБ гепаринге 1 мг протамин сульфаты) бейтараптандырады. Егер протамин сульфаты гепаринді енгізгеннен кейін 30 минуттан соң тағайындалса, онда қажетті дозаның жартысын ғана енгізу керек екендігін ескерген жөн. Протамин сульфатының ең жоғары дозасы 50 мг құрайды.

Протамин сульфатының артық дозалануы мүмкін екендігін ескеру маңызды, өйткені протаминнің өзі антикоагулянттық әсерге ие. Протамин сульфатының бір реттік дозасы 50 мг-ден аспауы тиіс. Протаминді көктамыр ішіне енгізу артериялық қысымның кенеттен түсіп кетуін, брадикардияны, ентігуді және өткінші гиперемияны туындатуы мүмкін, бірақ осы белгілердің барлығы препаратты баяу енгізген кезде қайтады немесе төмендейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бейтарап шыны ампулаларда немесе еккішімен толтырылған стерильді ампулаларда 5 мл-ден. Әрбір ампулаға заттаңбалық қағаздан заттаңба жапсырылады немесе шыны бұйымдарға арналған терең баспалық бояумен тікелей ампуланың өзіне жазылады. Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 ампуладан салынған.

Пішінді 2 қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған. Әрбір қорапшаға ампулалық скарификатор салынады. Кертіктері, сақиналары және нүктелері бар ампулаларға скарификатор салынбайды.

Пішінді ұяшықты қаптамаларды (картон қорапшаға салмай-ақ) картон қораптарға салуға рұқсат етіледі. Әрбір қорапқа медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулық қаптаманың санына сәйкес салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі +7 7252 (561342)

Факс нөмірі +7 7252 (561342)

Электрондық поштасы infomed@santo.kz

Прикрепленные файлы

474816101477976406_ru.doc 93 кб
549972831477977653_kz.doc 118.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники