Гепарин (5000 МЕ/мл)

МНН: Гепарин натрия
Производитель: Нирма Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Heparin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121904
Период регистрации: 24.12.2015 - 24.12.2020
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)

Инструкция

Саудалық атауы

Гепарин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Натрий гепарині

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 1000 ХБ/мл, 5000 ХБ/мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітінді құрамында

белсенді зат – 1000 ХБ, 5000 ХБ натрий гепарині (мукозадан алынған)

қосымша заттар: натрий хлориді, бензил спирті, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Тұну кезінде шөгетін бөлшектерден бос және бұлыңғыр емес, түссіз немесе сабан түстес-сары сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Қан түзілуіне және қанға әсер ететін препараттар. Тікелей антикоагулянттар. Гепарин.

АТХ коды В01АВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тері астына енгізуден кейін ең жоғары концентрациясына жету уақыты 4-5 сағат құрайды. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуына 95% жағдайда жетеді, таралу көлемі өте төмен және 0,06 л/кг құрайды (қан плазмасы ақуыздарымен күшті байланысуына орай, тамыр арнасын тастамайды). Гепарин плацента арқылы және емшек сүтіне өтпейді. Эндотелий жасушаларымен және мононуклеарлы-макрофагтық жүйе жасушаларымен (ретикула-эндотелий жүйесінің жасушаларымен) қарқынды қармалады, бауырда және көкбауырда шоғырланады. Ингаляциялық енгізу тәсілінде (деммен ішке тартқанда) қылтамырлардың, үлкен қан және лимфа тамырларының альвеолярлы макрофагтарымен, эндотелийімен сіңіріледі: осы жасушалар гепариннің негізгі жинақталу орны болып табылады, одан қан плазмасында қажетті концентрациясын сақтап, біртіндеп босап шығады. Бауырда N-десульфамидазаның және тромбоциттер гепариназасының қатысуымен метаболизденеді. IV тромбоцитарлық фактор (гепаринге қарсы фактор) метаболизміне қатысуы, сондай-ақ гепариннің макрофагтар жүйесімен байланысуы биологиялық белсенділігінің жылдам жойылуын және әсер етудің қысқа мерзімділігін түсіндіреді. Десульфаттанған молекулалар бүйрек эндогликозидазасының әсер етуімен төмен молекулалық фрагменттерге айналады. Гепариннің жартылай шығарылу кезеңі – 1-6 сағат (орта есеппен – 1,5 сағат); семіздікте, бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігінде ұзарады; өкпе артериясының тромбоэмболиясында, инфекцияларда, қатерлі ісіктерде азаяды. Бүйрекпен көбінесе белсенді емес метаболиттер түрінде бөлінеді және тек жоғары дозалар енгізілгенде өзгермеген күйде (50% дейін) шығарылуы мүмкін. Гемодиализ арқылы шығарылмайды.

Фармакодинамикасы

Гепарин – тікелей әсер ететін антикоагулянт, ол гемокоагуляцияның барлық фазаларында қан ұю факторларына тікелей ықпал етеді. Антикоагулянттық әсері in vitro және in vivo анықталып, көктамыр ішіне қолданудан кейін бірден басталады.

Гепариннің әсер ету механизмі бәрінен бұрын оның белсендірілген қан ұю факторларының: тромбин, IXa, Xa, XIa, XIIa тежегіші – III антитромбинмен (ерекше маңыздысы – тромбин мен белсендірілген Х факторды тежеу қабілеті) байланысуына негізделген. Гепарин протромбиннің тромбинге ауысуын бұзады, тромбинді бәсеңдетеді және фибриннің фибриногеннен түзілуін тоқтатады, сондай-ақ аздаған дәрежеде тромбоциттер агрегациясын азайтады.

Бүйректегі қан ағымын ұлғайтады; ми тамырларының кедергісін арттырады, ми гиалуронидазасы белсенділігін азайтады, липопротеинлипазаны белсенділендіріп, гиполипидемиялық әсерге ие болады. Гепарин өкпедегі сурфактант белсенділігін төмендетеді, бүйрек үсті бездері қыртысында альдостеронның артық мөлшерлі синтезін бәсеңдетеді, адреналинді байланыстырады, аналық бездердің гормональді жандану реакциясын реттейді, паратгормон белсенділігін күшейтеді. Ферменттермен өзара әрекеттесу нәтижесінде ми тирозингидроксилазасы, пепсиноген, ДНҚ-полимераза белсенділігін арттыруы және миозиндік АТФаза, пируваткиназа, РНҚ-полимераза, пепсин белсенділігін төмендетуі мүмкін.

Қолданылуы

- терең көктамырлар тромбозы, жедел артериялық эмболия немесе тромбоз, тромбофлебит, коронарлық тамырлар эмболиясы сияқты тромбоэмболиялық бұзылуларды емдеуде

- терең көктамырлар тромбозының профилактикасында

- аталған патологияға ұшыраған науқастардағы коронарлық артериялар тромбоэмболиясы профилактикасында

- қан айналымының экстракорпоральді әдістері пайдаланылатын операциялар кезіндегі қан ұюының профилактикасында, гемодиализ жүргізгенде

Қолдану тәсілі және дозалары

Гепарин үздіксіз көктамырішілік инфузия түрінде немесе жүйелі көктамырішілік инъекциялар түрінде, сондай-ақ тері астына (іш аумағына) тағайындалады.

Профилактика мақсатында – 8-12 сағат аралықтармен тері астына 5000 ХБ/ тәулік. Теріастылық инъекциялар салу үшін әдеттегі жер іштің алдыңғы-бүйірлік қабырғасы болып табылады (айрықша жағдайларда иық немесе санның жоғарғы аумағына енгізіледі), осы орайда жіңішке инені пайдаланып, бас бармақ пен сұқ саусақ арасында ұсталатын тері қатпарына ерітіндіні енгізіп біткенше перпендикулярлы терең енгізу керек. Әр жолы енгізу орнын ауыстырып отыру керек (гематома түзілуін болдырмау үшін). Алғашқы инъекцияны операция басталғанша 1-2 сағат бұрын салу қажет; операциядан кейінгі кезеңде 7-10 күн бойы, қажет болған жағдайда ұзақтау уақыт енгізеді.

Емдік мақсатта енгізілетін Гепариннің бастапқы дозасы, әдетте, 5000 ХБ құрайды және көктамыр ішіне енгізіледі, сонан соң емдеуді көктамырішілік инфузияларды пайдаланумен жалғастырады.

Қолдану тәсіліне қарай демеуші дозалар белгіленеді:

- үздіксіз көктамырішілік инфузия кезінде Гепаринді 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтып, 1000-2000 ХБ/сағаттан (24000-48000 ХБ/тәулік) тағайындайды;

- мезгіл-мезгіл жасалатын көктамырішілік инъекцияларда әр 4 сағат сайын 5000-10000 ХБ Гепарин тағайындалады.

Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі тромбоздар кезінде ересектерге препарат 40000-50000 ХБ/тәулік дозада 3-4 ретке бөлініп, көктамыр ішіне тағайындалады; ауыр тромбоз және эмболияда – көктамыр ішіне 6 сағат аралықпен 4 ретке бөлініп, 80000 ХБ/тәулік дозада. Тіршілік көрсеткіштері бойынша, көктамыр ішіне бір рет 25000 ХБ (5 мл), артынан 80000-120000 ХБ тәуліктік дозаға жеткенше әр 4 сағат сайын 20000 ХБ. Көктамыр ішіне тамшылатып құю кезінде инфузиялық ерітіндінің тәуліктік көлеміне кемінде 40000 ХБ Гепарин қосу қажет. Көктамыр ішіне енгізу кезінде Гепарин дозаларын ішінара белсендірілген тромбопластин уақыты (ІБТУ) бақылануынан 1,5-2,5 есе көбірек болатындай таңдайды.

Тромб түзілуінің профилактикасы үшін аз дозаларын (күніне 2-3 рет 5000 ХБ) тері астына енгізгенде жүйелі ІБТУ бақылауы, ол мардымсыз ұзаратындықтан, талап етілмейді.

Үздіксіз көктамырішілік инфузия гепарин қолданудың жүйелі (мезгіл-мезгіл) инъекциялардан да үздік ең тиімді тәсілі болып табылады, өйткені едәуір тұрақты гипокоагуляцияны қамтамасыз етіп, қан кетуді сирек туындатады.

Экстракорпоральді қан айналдыру жүргізілгенде 140-400 ХБ/кг дозада немесе 500 мл қанға 1500-2000 ХБ енгізіледі. Гемодиализ кезінде бастапқыда көктамыр ішіне 10000 ХБ, артынан емшара ортасында – тағы 30000-50000 ХБ енгізіледі. Егде жастағы тұлғалар, әсіресе, әйелдер үшін дозалар азайтылуы тиіс.

Балаларға препаратты көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді: 3-тен 6 жасқа дейін - тәулігіне 600 ХБ/кг, 6-дан 15 жасқа дейін - тәулігіне 500 ХБ/кг ІБТУ бақылануымен.

Жағымсыз әсерлері

Ең жиі жағымсыз құбылыстар – қан кету, бауыр ферменттері белсенділігінің қайтымды өзгерістері, қайтымды тромбоцитопения және әртүрлі тері реакциялары. Жайылған аллергиялық реакциялар, тері некрозы және приапизм туралы жекелеген хабарламалар бар.

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Гепарин тікелей немесе тромбоциттерді агрегациялайтын антиденелер өндіру жолымен жанама түрде тромбоцитопенияны туындатуы мүмкін. Бұл құбылыстар препаратты тоқтатудан кейін қайтымды.

Жиі:

I типті тромбоцитопения

Сирек:

Иммуноаллергиялық текте болуы ықтимал II типті тромбоцитопения. Кейбір жағдайларда II типті тромбоцитопения көктамырлық немесе артериялық тромбоздармен қатар жүреді.

Иммундық жүйе бұзылыстары

Сирек:

әртүрлі көріністерде болатын барлық типтегі және ауырлық дәрежесіндегі аллергиялық реакциялар

Өте сирек:

анафилактоидтық реакциялар және анафилаксиялық шок

Метаболизм және тамақтану бұзылулары

Сирек:

Плазмадағы калийдің артуына әкелуі мүмкін гипоальдостеронизм. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен және қант диабетімен науқастарда сирек клиникалық мәнді гиперкалиемия болуы мүмкін.

Тамыр аурулары

жиі:

кез келген ағзадан, әсіресе, жоғары дозаларды пайдалану кезінде қан кету.

Кейбір жағдайларда қан кету өлімге немесе тұрақты еңбекке жарамсыздыққа әкелуі мүмкін.

Жұлынға жасалатын немесе эпидуральді анестезия немесе жұлын-ми пункциясы кезінде гепариннің профилактикалық дозаларын алатын пациенттерде өте сирек эпидуральді және жұлындағы гематома тіркелген.

Гепатобилиарлы жүйе тарапынан бұзылулар

жиі:

Трансаминазалар, гамма-GT, ЛДГ және липаза деңгейінің жоғарылауы, барлық көрсеткіштер препаратты тоқтатудан кейін қалыпқа келеді.

Терінің және тері асты шелінің зақымдануы

жиі емес:

Бөртпе (бөртпенің әртүрлі пішіндері, эритематозды және макулопапулезді түрлерін қоса), есекжем, қышыну.

сирек:

Емдеу дереу тоқтатылуы тиіс болатын тері некрозы.

Бір эритема жағдайы жөнінде хабарлама бар.

Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тін тарапынан зақымдану

жиі емес:

Гепаринмен ұзақ уақыт емделуге байланысты остеопороз.

Ұрпақ өрбіту жүйесінің бұзылыстары

өте сирек:

Приапизм

Жалпы аурулар және препаратты енгізген жердегі зақымдану

жиі:

Инъекция орнындағы реакциялар; тері астына енгізу кезіндегі жергілікті тітіркену.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- гепаринге жоғары сезімталдық

- ағымдағы гепарин индукциялаушы тромбоцитопения немесе оның сыртартқыда болуы

- бауырдың, бүйректің ауыр жеткіліксіздігін, ойық жара ауруының өршуін, Крон ауруын, жедел немесе жеделге жуық сепсистік эндокардит, бассүйекішілік қан құйылу немесе жарақат және бас, мойын, көз, құлақ аумағына жасалатын операцияларды қамтитын және әйелдерде түсік тастау қатері, босану кезіндегі (соның ішінде таяудағы) жайылған немесе жергілікті қан кетуге бейімділік

- қуық асты безіне, бауырға және өт жолдарына таяуда жасалған хирургиялық араласулар

- жұлын-миға жасалған пункциядан кейінгі жай-күй

- бақыланбайтын ауыр артериялық гипертензия

- пролиферациялық диабеттік ретинопатия

- туберкулездің белсенді түрі

- жедел және созылмалы лейкоз

- апластикалық және гипопластикалық анемиялар

- жүктілік және лактация кезеңі

- 3 жасқа дейінгі балаларға

Гепарин инъекциясы құрамында 10 мг/мл консервант – бензил спирті бар, сондықтан шала туған немесе жаңа туған балаларға қарсы көрсетілімді.

Гепарин алған жүкті әйелдерде босану кезінде эпидуральді анестезия қарсы көрсетілімді.

Гепаринді профилактика үшін емес, емделу үшін алатын науқастарда жоспарлы хирургиялық шаралар жасалғанда жергілікті-аймақтық анестезия қарсы көрсетілімді, өйткені Гепарин пайдалану өте сирек, бірақ ұзақ уақыт немесе тұрақты салдану нәтижесінде эпидуральді немесе жұлын гематомасының дамуымен астасады.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ішуге арналған антикоагулянттарды (дикумарин) және антитромбоцитарлық препараттарды (ацетилсалицил қышқылы, дипиридамол) кез келген хирургиялық араласу алдында кемінде 5 күн бұрын тоқтату керек, өйткені олар операция кезінде немесе операциядан кейінгі кезеңде қан кетуге бейімділікті күшейтуі мүмкін. Аскорбин қышқылын, антигистаминдік дәрілер, дигиталис, никотин тәрізді заттар немесе тетрациклиндерді бір мезгілде қабылдау гепарин әсерін бәсеңдетуі мүмкін. Гепарин фенитоин, квинидин, пропранолол, бензодиазепиндердің және билирубиннің ақуыздармен байланысқан орындарын басады.

Айрықша нұсқаулар

Гепаринді төмен молекулалық гепаринге аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде абайлап пайдаланған дұрыс.

Препаратты қан кету, гипертония, бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігінің қаупі жоғары науқастарға енгізгенде сақтық таныту керек.

Гепарин альдостеронның бүйрек үсті бездері арқылы секрециясын бәсеңдетуі мүмкін, бұл, әсіресе, мысалы, қант диабеті, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар, сыртартқысында метаболизмдік ацидоз болған пациенттерде, плазмада калий мөлшері жоғары болғанда немесе калий жинақтаушы препараттарды қабылдағанда гиперкалиемияға әкелуі мүмкін. Гиперкалиемия қаупі, сірә, емдеу ұзақтығының артуымен жоғарылайды, бірақ, аталған өзгерістер әдетте қайтымды. Қауіп факторлары бар пациенттерде гепаринмен емдеуді бастар алдында плазмадағы калий деңгейін өлшеп, әсіресе, егер ол 7 күннен көпке созылса, емнен кейін оны жүйелі бақылап отыру керек.

Гепаринді тромбоциттер функциясына немесе ұю жүйесіне ықпал ететін басқа дәрілермен бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды.

Гепаринді перидуральді немесе жұлынға жасалатын анестезиядан немесе жұлын-ми пункциясынан кейін пациенттерде профилактикалық қолдану өте сирек, бірақ ұзақ уақыт немесе тұрақты салдану нәтижесіндегі эпидуральді немесе жұлындағы гематомамен астасады. Қауіп анестезия үшін перидуральді немесе жұлынға катетер пайдаланғанда; қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП), тромбоциттер тежегіштері немесе антикоагулянттар сияқты гемостазға ықпал ететін дәрілік заттар қатарлас пайдаланылғанда, сондай-ақ жарақаттайтын немесе бірнеше реттік тесу кезінде жоғарылайды.

Гепаринді профилактикалық дозаларда соңғы енгізу мен перидуральді немесе жұлынға арналған катетер қою немесе алып тастау аралығында шешім қабылданғанда препараттың қауіпсіздік сипаттамалары және пациент бейіні ескерілуі тиіс. Препараттың келесі дозасы алдыңғы инъекциядан кейін кемінде төрт сағаттан соң енгізілуі тиіс. Гепаринді қайталап енгізуді хирургиялық емшара аяқталғанша кейінге қалдыру керек.

Перидуральді немесе жұлынға жасалатын анестезия тұрғысынан гепаринмен ем жүргізу қажет болса, дәрігер науқастардың тиянақты қадағалануын және арқаның ауыруы, ішектің, қуықтың тарапынан моторлық және сенсорлық функцияның бұзылуы сияқты неврологиялық белгілерді шұғыл анықтау мақсатында науқастың неврологиялық жай-күйін жүйелі бақылауды қамтамасыз ету қажет. Пациенттерге осындай симптомдар білінгенде медбике немесе дәрігерді дереу хабардар ету жөнінде нұсқау берілуі тиіс.

Гепаринді, гематома қаупіне орай, бұлшықет ішіне енгізуге болмайды.

Қан кету қаупінің артуымен байланысты, қатарлас бұлшықетішілік инъекцияларды, жұлын-ми пункциясын және сол сияқты емшараларды сақтықпен атқару керек.

Антидене арқылы гепарин индукциялаған тромбоцитопенияның даму қаупіне орай, 5 күннен аса Гепаринмен ем алатын пациенттердегі тромбоциттер деңгейін бақылап отыру қажет, тромбоцитопения дамығанда емдеу дереу тоқтатылуы тиіс.

Гепаринмен емді тоқтатудан кейін бірнеше апта ішінде гепарин- индукцияланған тромбоцитопения және гепарин-индукцияланған тромбозды тромбоцитопения болуы мүмкін. Тромбоцитопениясы немесе тромбозы бар пациенттер гепаринді тоқтатудан кейін аталған патологияның бар-жоғы тұрғысынан тексерілуі тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескеріп, көлік құралын басқару кезінде және жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялар шапшаңдығын талап ететін аса қауіпті қызмет түрлерімен шұғылданғанда сақтық шарасын қадағалау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: ауыр геморрагиялық асқынулар, қан кетулер.

Емі: геморрагиялық асқыну ауырлығына қарай, препарат дозасын азайту немесе оны тоқтату керек. Егер препаратты тоқтатудан кейін қан кету жалғасатын болса, көктамыр ішіне гепарин антагонисі – протамин сульфатын (немесе хлоридін) енгізеді (1 мл протамин сульфаты 100 ХБ гепаринді бейтараптандырады). Гепарин препаратын көктамыр ішіне енгізуден кейін 90 минут бойы протамин сульфатының есептелген дозасынан 50%, кейінгі 3 сағатта 50% енгізіледі.

Гемодиализ тиімсіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Күлгін түсті (1000 ХБ/мл доза үшін) немесе қоңыр түсті (5000 ХБ/мл доза үшін) «nirlife» таңбалы пластмасса бұқтырмалары бар алюминий қалпақшалармен қаусырылып, резеңке тығындармен тығындалған күңгір шыны құтыларда 5 мл препараттан.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 құтыдан картон қорапқа салады.

Осындай 10 қаптамадан топтамалық картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптаамсында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нирма Лимитед, Үндістан

Nirma House. Ashram Road, Ahmedabad – 380009 Gujarat. Үндістан

Тіркеу куәлігі иесі

Нирма Лимитед, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КазЕвроФарм» ЖШС

Алматы қ., Құрманғазы к-сі 48 А, 9 кеңсе

Тел.: + 7 (727) 261514; e-mail: registration@kazeuropharm.com

Прикрепленные файлы

737859021477976296_ru.doc 75 кб
652922881477977541_kz.doc 109 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники