Гепабене®

МНН: Расторопши пятнистой плодов экстракт, Экстракт дымянки лекарственной
Производитель: Меркле ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения заболеваний печени
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010703
Информация о регистрации в РК: 16.11.2017 - 16.11.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Гепабене®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында:

белсенді заттар: 275,10 мг дәрілік көгілдір шөбінің құрғақ сығындысы,

83,10 мг алатікен жемісінің құрғақ сығындысы (силимаринге баламалы)

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, тальк,

полиэтиленгликоль (Макрогол 6000), кополивидон (Коповидон), магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы

капсула қабығының құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е 171), темірдің (III) сары тотығы (Е 172), темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), темірдің (III) қара тотығы (Е 172), тазартылған су.

Сипаттамасы

Ашық-қоңыр түсті қатты желатинді капсулалар. Капсула құрамы – ашықтан біркелкі емес күңгірт-қоңыр түске дейінгі ақ немесе сарғыш немесе сұр түсті ұсақ бөліктері бар ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр және өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған препараттар.

Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар.

АТХ коды А 05ВА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін силибинин, силидианин және силикристин түрінде келетін силимариннің көп бөлігі (80%) өт арқылы шығарылады және энтерогепатиялық циркуляцияға ұшырайды (10%). Жартылай ыдырау кезеңі 2,2 сағатты құрайды. Силибининнің биожетімділігі – 20-40%.

Фумариннің фармакокинетикасы зерделенген жоқ.

Фармакодинамикасы

Гепабене® өсімдік тестес біріктірілген препарат болып табылады, құрамында дәрілік көгілдір сығындысы және шұбар алатікен құрғақ сығындысы бар.

Дәрілік көгілдір сығындысы құрамында алкалоид фумарин бар. Фумариннің әрекет ету механизмі Одди сфинктерінің және өт түтіктерінің түйілуін тойтаруға және соған орай өт шығару жолдарының дискенезиясы мен холестазды жоя отырып, ішекке өт пассажының үлкеюіне негізделеді. Сонымен қатар, кері байланыс механизмі арқылы фумарин ішекте холестериннің сіңірілуін, өтке холестериннің секрециясын төмендетеді, бұл өттің литогенділігін азайтады.

Алатікен жемісі сығындысының құрамында силимарин бар. Оның механизмі бауыр тінінде бос радикалдардың байланысу жолымен липидтердің асқын тотықты тотығуының тежелуімен негізделеді. Силимарин гепатоцидтердің жасушалық жарғақшасын тұрақтандырады, ақуыз бен фосфолипидтердің синтездерін көтермелейді, бауыр жасушаларының қалпына келтірілуіне ықпал етеді, токсиндердің жасушаішілік түсуінің алдын алады, осылайша, гепатопротективті, антиоксидантты және микроциркуляцияны жақсартатын әсерін көрсетеді. Клиникалық тұрғыдан алғанда бұл әсерлер бауырдың қызметтік жағдайы көрсеткіштерінің қалыпқа келуімен байқалады. Препарат түрлі созылмалы патологиялық жағдайларда бауыр қызметін қалыпқа келтіреді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

- өт шығару жолдары дискинезиясында, оның ішінде холецистэктомиядан кейін

- созылмалы гепатиттерде

- бауырдың созылмалы уытты зақымдалуында

Қолдану тәсілі және дозалары

Гепабене® капсулаларын тамақ ішу барысында, шайнамай, азғантай мөлшердегі сумен ішке қабылдайды.

Өт шығару жолдары дискинезиясы

Ересектер мен 10 жастан жоғары балаларға препаратты әдетте 1 капсуладан тәулігіне 3 рет тағайындайды. Оң жақ қабырғаның астында ауырлық сезінген жағдайда түнде ұйықтар алдында қосымша препараттың 1 капсуласын қабылдау ұсынылады.

Ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 2 капсуладан тәулігіне 3 рет (6 капсула). Емдеу курсының орташа ұзақтығы – 1 ай.

6-дан 10 жасқа дейінгі балаларға 10 күн бойы 1 капсуладан тәулігіне 2 рет.

Созылмалы гепатиттер және бауырдың созылмалы уытты зақымданулары

Гепабене® 1-3 ай бойына 1 капсуладан тәулігіне 3 рет тағайындалады.

Жағымсыз әсерлері

Кейде

- азғантай іш жүргізетін әсер

- азғантай диуретикалық әсер

Сирек

- жүрек айну, диспепсия, диарея

- аллергиялық реакциялар (бөртпе, қышыну)

Өте сирек

- вестибулярлы бұзылулары бар науқастарда бас айналуы, алопеция

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық

- өт-тас ауруы

- бауыр мен өт шығару жолдарында жедел қабыну аурулары

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде Гепабене және:

- пероральді контрацептивтер мен гормонды орын басатын емге қолданылатын препараттарды қолданғанда соңғыларының әсері төмендеуі мүмкін;

- силимарин цитохрома Р 450 жүйесіне басатын әсер ететіндіктен, диазепам, алпрозолам, кетоконазол, ловастатин, винбластин сияқты дәрілердің әсерін күшейтуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде қолданылуы туралы деректер жоқ. Егер ықтимал пайдасы төнетін қауіптен асатын болса ғана, жүктілік және лактация кезінде Гепабене® қолдану мүмкіндігі бар.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталған жоқ. Артық дозаланған жағдайда асқазанды шаю және симптоматикалық ем көрсетілген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Меркле ГмбХ», Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

«ратиофарм ГмбХ», Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ратиофарм Казахстан» ЖШС, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 19,

«Нұрлы-Тау» БО, 1Б, 603 кеңсе, Телефон: (727)3110915, Факс: (727)3110734,

e-mail: teva@teva.kz

 

Прикрепленные файлы

106393221477976951_ru.doc 53.5 кб
248062691477978132_kz.doc 80.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники