Генферон® Лайт (50000 МЕ)

МНН: Интерферон альфа 2b, Таурин
Производитель: Биокад ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Interferon alfa-2b
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019693
Информация о регистрации в РК: 19.02.2013 - 19.02.2018

Инструкция

Саудалық атауы

ГЕНФЕРОН® ЛАЙТ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Дозаланған мұрын спрейі, 50 000 ХБ, 100 доза

Құрамы

Бір дозаның құрамында

белсенді заттар – рекомбинантты альфа-2b

адам (раИФН-α2b) интерфероны - 50 000 ХБ,

таурин - 1.0 мг,

қосымша заттар: динатрий эдетатының дигидраты, глицерол, декстран 40000, полисорбат 80, натрий хлориді, калий хлориді, натрий гидрофосфатының додекагидраты, калий дигидрофосфаты, бұрыш жалбызы майы, метилпарагидроксибензоат, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе ақшыл-сары түсті, көзге көрінетін механикалық қосылыстары жоқ сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Иммуномодуляторлар. Интерферондар. Интерферон альфа-2b.

АТХ коды L03AB05

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Рекомбинантты ақуыздар препараттарының биожетімділігі төмен және интраназальді қолданғанда тауриннің жүйелік сіңірілуі болымсыз болғандықтан, фармакокинетикасына зерттеулер жүргізілген жоқ. Осының салдарынан белсенді заттардың ГЕНФЕРОН® ЛАЙТты ұсынылған дозаларда пайдаланылғанда қол жеткен қандағы концентрациясы анықталу шегінен айтарлықтай төмен.

Фармакодинамикасы

ГЕНФЕРОН® ЛАЙТ – біріктірілген препарат, әсері оның құрамына кіретін компоненттеріне негізделеді.

Интраназальді қолданылғанда ГЕНФЕРОН® ЛАЙТ көбінесе жергілікті әсер береді.

ГЕНФЕРОН® ЛАЙТ препаратының құрамына гендік инженерия әдістерімен альфа-2b адам интерфероны гені енгізілген Escherichia coli бактериясы штаммынан өндірілетін рекомбинантты альфа-2b адам интерфероны кіреді.

Интерферон альфа-2b вирусқа қарсы, иммунитет түрлендіргіш және сол арқылы бактерияға қарсы әсер етеді. Вирусқа қарсы әсері жасушаішілік ферменттер қатарын белсенділендіруіне негізделген. Интерферон альфа 2’-5’-олигоаденилатсинтетаза және эндонуклеаза белсенділенуінің есебінен вирустық РНҚ ыдырауы пайда болады, протеинкиназа (белсенділенуінің есебінен) – вирустық ақуыздар синтезінің бөгелуі жүреді.

Интерферон альфа-2b иммуномодуляциялаушы әсері, ең алдымен, иммундық жүйенің жасуша түрткі болған реакцияларын күшейтуімен білінеді, бұл вирустарға, жасушаішілік паразиттер мен ісік өзгерісіне ұшыраған жасушаларға қатысты иммундық жауаптың тиімділігінің арттырады. Бұған CD8+ Т-киллерлерін, NK-жасушаларын (табиғи киллерлерді) белсенділендірудің, В-лимфоциттері дифференциялануын және олармен антиденелер өндірілуін, күшейту, моноцитарлық-макрофагтық жүйе мен фагоцитозды белсенділендіру, сондай-ақ негізгі I типті гистоүйлесімділік кешенінің молекулалары экспрессиясын арттыруы есебінен қол жеткізіледі, бұл иммундық жүйе жасушаларының жұқпаланған жасушаларды айыра білу мүмкіндігін арттырады. Бұдан өзге, секреторлық А иммуноглобулині өнімдерінің қалпына келуіне интерферонның ықпалы есебінен қол жеткізіледі. Бактерияға қарсы әсері жасушалық және гуморальді иммундық механизмдердің интерферон альфа-2b әсерінен белсенділенуіне негізделген.

Таурин тіндердің метаболикалық үдерістері мен регенерациясының қалыпқа келуіне ықпал етеді, жарғақшаны тұрақтандырғыш және иммунитет модуляциялаушы әсері бар. Күшті антиоксидант бола отырып, таурин оттегінің белсенді түрлерімен тікелей өзара байланысқа түседі, олардың шамадан тыс жинақталуы патологиялық үдерістердің дамуына ықпал етеді. Таурин препаратты қолданудың емдік әсерін күшейте отырып, интерферонның биологиялық белсенділігінің сақталуына ықпал етеді.

Қолданылуы

- ересектер мен 14 жастан асқан балаларда тұмау мен ЖРВЖ алдын алу және емдеуде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Препаратты ересектер мен 14 жастан асқан балаларда 1 дозасын аэрозольдік енгізу жолымен (1 доза = дозалағышты қысқа 1 басу) интраназальді қолданады.

Аурудың алғашқы белгілерінде ГЕНФЕРОН® ЛАЙТты интраназальді 5 күн бойы бір дозадан (дозалағышты бір басу) әр мұрын жолына күніне 3 рет енгізеді (бір дозасы 50 000 ХБ интерферон альфаны құрайды, тәуліктік дозасы 500 000 ХБ аспауы тиіс).

ЖРВЖ бар науқаспен қарым-қатынас жасалғанда және/немесе суықтауда препаратты көрсетілген сызба бойынша 5-7 күн бойы күніне 2 рет енгізеді. Қажет болса профилактикалық курстарын қайталайды.

Спрейді қолдану жөніндегі нұсқаулық:

  • Қорғағыш қалпақшасын алып тастаңыз.

  • Бірінші рет пайдаланар алдында дозалағышын жіңішке ағыс пайда болғанша бірнеше рет басыңыз.

  • Пайдаланған кезде құтыны тік қалпында ұстаңыз.

  • Дозалағышты бір басып, препаратты мұрын жолына кезек-кезек шашыратыңыз.

     

     

  • Пайдаланғаннан кейін дозалағышын қорғағыш қалпақшамен жабыңыз.

    Жұқпаның таралуын болдырмас үшін дозалағышты препаратпен жекелей пайдалану ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

ГЕНФЕРОН® ЛАЙТ препаратын қолданғанда жағымсыз әсерлер байқалған жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- интерферонды және препарат құрамына кіретін басқа заттарды жекелей көтере алмаушылық

- 14 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жергілікті қолдануға арналған басқа препараттармен өзара дәрілік әрекеттесуі байқалған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Мұрыннан қан кетуден зардап шегетін емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

Балалар

Дозаланған Генферон® Лайт мұрын спрейін 14 жасқа толмаған балаларда қолданылуы зерттелген жоқ, соған байланысты препаратты емделушілердің аталған тобына тағайындау ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік пен лактацияның барлық кезеңі бойына қолданылуына жол беріледі.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

ГЕНФЕРОН® ЛАЙТ препараты ерекше назар аудару мен реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындауға әсер етпейді.

Артық дозалануы

ГЕНФЕРОН® ЛАЙТ препаратының артық дозаланған жағдайлары туралы хабарланған жоқ.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

100 дозадан қорғағыш қалпақшасы бар дозалағышпен тығындалған күңгірт шыныдан жасалған құтыларға құяды.

1 құтыдан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 2-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«БИОКАД» ЖАҚ

Заңды мекенжайы: Ресей Федерациясы, 198515, Санкт-Петербург қ-сы, Петродворцовый ауданы, Стрельна ауылы, Связи к-сі, 34 үй, лит. А.

Орналасқан мекенжайы: Ресей Федерациясы, 143422, Мәскеу облысы, Красногорск ауданы, Петрово-Дальнее ауылы;

телефон: (495) 992-66-28; факс: (495) 992-82-98.

Тіркеу куәлігінің иесі

«БИОКАД» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050011, Алматы қ-сы, Рысқұлов к-сі, 62-11.

Тел.: 8(727) 397-31-51, электронды поштасы: biocad@biocad.ru;

сайт: www.biocad.ru.

Прикрепленные файлы

701875071477976943_ru.doc 62.5 кб
588546171477978106_kz.doc 73 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники