Гентаксан (2 г)

Производитель: Борщаговский ХФЗ НПЦ ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Антибиотики в комбинации с другими противомикробными препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018833
Информация о регистрации в РК: 04.05.2017 - 04.05.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Гентаксан

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған ұнтақ, 2 г және 5 г

Құрамы

1 г препараттың құрамында

белсенді заттар: 1.0 г гентаксан, құрамы: 0.024 г гентамицин сульфаты гентамицин мен сусыз затқа шаққанда, 0.014 г L-Триптофан, 0.010 г мырыш сульфаты гептагидраты, метоксан, 1 г-ды алуға жеткілікті мөлшерде.

Сипаттамасы

Иісі жоқ, ақ немесе ашық-сары реңді ақ түсті аморфты ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған бактерияларға қарсы және микробтарға қарсы препараттар. Антибиотиктердің микробқа қарсы препараттармен біріктірілімі.

АТХ коды D 06 С

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гентаксан жүйелік қолданбайтын препарат болғандықтан, фармакокинетикасы зерттелген жоқ.

Фармакодинамикасы

Гентаксан – жергілікті қолдануға арналған біріктірілген препарат, онда гентамицин сульфатының аминогликозиді, кремнийдің органикалық сорбенті – полиметилсилоксан (метоксан) және мырыштың триптофанмен қосылысы бар. Гентамицин сульфаты – әсер етуі кең ауқымды, бактерицидтік әсері бар, патогенді грамоң микроорганизмдерге – Staphylococcus aureus, streptococcus, Mycobacterium spp. және грамтеріс микроорганизмдерге – Pseudomonas aeruginosa, Aerobacter aeruginosa, Escherichia coli, Proteus spp., Klebsiella spp., Serratia spp., Shigella spp., Salmonella spp., Citrobacter spp., Providenta spp., Yersinia spp. қатысты белсенді антибиотик. Полиметилсилоксан сору-уытсыздандыру қасиетін қамтамасыз етеді және мырыштриптофанмен бірге антибиотиктің бактерияларға қарсы әсерін күшейтеді және жарада антибиотиктің микробқа қарсы концентрациясын сақтайды. гентаксан препаратымен аппликациялық ем жарадағы микроорганизмдер мөлшерін 2–3 тәулікте төмендетеді, гидратация кезеңінің дегидратация кезеңіне ауысуын тездетеді, пайда болуы мүмкін іріңді-сепсистік асқынулардың дамуына жол бермейді. Сіңіргіш қасиеттерінің арқасында препарат микроорганизмдер тіршілігінің уытты өнімдерін, тіндердің төмен молекулалы уытты метаболиттерін (пировиноград және сүт қышқылын, асқын тотық қосылыстарын, амин қышқылдарының тотығу өнімдерін, полипептидтерді, липидтерді және т.б.), фибриннің дегидратация өнімдерін сіңіріп алады. гентаксан препараты, құрамына кіретін гентамицин есебінен, микроорганизмдер ақуызы синтезін бәсеңдетеді, тасымалдаушы және матрицалық РНҚ кешенінің түзілуіне кедергі жасайды, цитоплазмалық жарғақшаның бөгегіш қызметін бұзады және микроорганизмдердің қырылуын туындатады. Гентаксан, бактерияларға қарсы қасиеттерінің, дренаждау және ісінуге қарсы әсерінің, жарада микроциркуляцияны, газ алмасуын, рН ортасын қалыпқа келтіру нәтижесінде, жергілікті және жалпы уыттанудың білінуін азайтады. Бұл жараның экссудация және тіндердің ыдырау өнімдерінен тазаруына, жергілікті қабыну реакцияларының жоғалуына мүмкіндік береді, соның арқасында грануляциялық тіндердің өсуі стимуляцияланады, жазылу үдерісі жақсарады, келлоидты тыртықтардың пайда болуына жол берілмейді. Гентаксан сондай-ақ күйіктерде жараны тазартады, оларды емдеген кезде қабыну реакцияларын азайтады, терең күйіктерде грануляциялық жабындардың түзілуін және беткейлік күйіктерде эпителизацияны жылдамдатады, жараларды аутодермопластикаға сапалы дайындауға мүмкіндік береді.

Қолданылуы

Препаратқа сезімтал қоздырғыштар жұқтырған жараларды емдеуге:

- жұқпа жұққан хирургиялық жараларда (операциядан кейінгі іріңдеулерде, флегмоналарда, абсцестерде)

- орналасуы және генезі әртүрлі, жұқпа жұққан жарақаттану жаралары

- көктамырлардың созылмалы жеткіліксіздігі, облитерациялаушы атеросклероз, аяқтардағы беткейлік көктамырлардың тромбофлебиттері аясында пайда болатын трофикалық ойық жараларда

- II және III А-III Б дәрежелі күйіктерде

- тілме қабынудың алуан түрлерінде

- ойылуларда

- регенеративті үдерістер төмендейтін түрлі аурулары бар (қант диабеті, иммунитет тапшылығы, сәулемен зақымданған) емделушілердегі жараларда

- ауқымды іріңді үдерістерде сепсистің кешенді түрде алдын алуға

- жараларды экссудация және тіндердің ыдырау өнімдерінен өте тез тазалау, жазылу үдерісін жақсарту есебінен келлоидты тыртықтардың түзілуінің алдын алуға.

Қолдану тәсілі және дозалары

Гентаксанды жергілікті қолданады.

Бастапқы кезеңдерде (1-5 күн) таңғышты тәулігіне 1-2 рет ауыстырады, қабыну үдерістері азайғаннан кейін, жаралар іріңді-некроздық массадан тазарғаннан кейін, жаралардың грануляциясы және эпителизациясы пайда болғаннан кейін – 1-2 тәулік ішінде 1 рет. Гентаксанды, жараны мұқият хирургиялық өңдеп, антисептик ерітінділерімен шайып, кейіннен міндетті түрде кептіріп, жараның бетіне қақпағы ашылған тамызғыш-тығын (тығындағы тесік) арқылы, жараның беті біркелкі (0,5-1 мм) қабатпен жабылатындай етіп, жағады. Ауқымды зақымдануларда, мысалы, күйіктерде 8-12 г препарат бірден қолданылуы мүмкін. гентаксанды жаққаннан кейін жараны жалпы ереже бойынша дренаждайды және таңғыш салады. Тіндердің жайылған жарадан болған ақауларында оны дәке салфеткалармен борпылдақ етіп тампондауға болады.

Күйіктерді емдеу үшін гентаксанды алғашқы 5-6 тәулікте де, сондай-ақ күйік қабыршағының секвестрленуі кезеңінде де (15 тәулікке дейін) күйген беткейге жағады. Мұндайда препарат жараға асептикалық таңғыштың жәрдемімен бекітіледі.

Жараларды хирургиялық өңдеуден толық көлемде өткізу мүмкін болмаған жағдайларда, гентаксан препаратын зақымдану аумағына байланысты жараға 0,5-4 г дозаларда себеді және 24 сағатқа дейін таңғыш тағылады.

Гентаксанмен балаларды емдегенде, аздаған резорбциялық әсері болуы мүмкін екендігін ескеріп, оны абайлап қолданған жөн.

Препаратты жаралар толық жазылғанша қолданады.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (есекжем, жанаспалы дерматит, қышыну, эритема)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- гентамицин сульфатына және препараттың құрамына кіретін басқа да компоненттерге жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гентаксан препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Бактерицидтік әсері бар антибиотиктермен бірге жергілікті қолданған кезде әсері күшеюі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Гентаксанды жараның бетіне мұқият хирургиялық өңдеуден кейін ғана жағуға болады. Препарат таңғыштың жабысып қалуына және оларды алған кезде ауырсынудың пайда болуына жол бермейді.

Жергілікті қолданған кезде препарат жергілікті тітіркендіргіш әсер бермейді, дегенмен гентаксанның көзге тиіп кетуіне жол беруге болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде қолдануға қатысты деректер жоқ. Гентаксан препаратын жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде қолдану қажет болған жағдайда дәрігер оларды қолданудың пайда/қаупінің арақатынасын ескере отырып, кеңес беруі тиіс.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: есекжем, жанаспалы дерматит, қышыну.

Емдеу: препаратты тоқтату; десенсибилизациялайтын ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пластик құтыда препарат 2,0 г-ден немесе 5,0 г-ден. 1 құты медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

"Борщагов химиялық-фармацевтикалық зауыты" Ғылыми-өндірістік орталығы» жариялы акционерлік қоғамы

Украина, 03134, Киев қ-сы, Мир к-сі, 17.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

"Борщагов химиялық-фармацевтикалық зауыты" Ғылыми-өндірістік орталығы» жариялы акционерлік қоғамы, Украина

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы аумағындағы «Борщагов ХФЗ» ҒӨО ЖАҚ өкілдігі

050043, Алматы қ., Әуэзов ауданы, «Жетісу-3» ы/а, 25 үй, 27 кеңсе

Факс: +7(272) 313-23-34; E-mail: vadimt58@list.ru

 

Прикрепленные файлы

071568611477977047_ru.doc 67.5 кб
467527631477978221_kz.doc 63 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники