Гемцитабин медак (1500 мг)

МНН: Гемцитабин
Производитель: Онкотек Фарма Продукцион ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Gemcitabine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018146
Информация о регистрации в РК: 03.10.2016 - 03.10.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 3 098.74 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Гемцитабин медак

Халықаралық патенттелмеген атауы

Гемцитабин

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат,

200 мг, 1000 мг, 1500 мг

Құрамы

Бір құтының ішінде:

белсенді зат – 200 мг, 1000 мг, 1500 мг гемцитабинге сәйкесті баламалы 222,7 мг, 1138,5 мг, 1707,8 мг гемцитабин гидрохлориді,

қосымша заттар: маннитол 200.0 мг/ 1000.0 мг/ 1500.0 мг, натрий ацетатының тригидраты 20.73 мг/103.5 мг/ 155.5 мг, натрий гидроксиді рН 2.7-3.3 дейін, хлорсутек қышқылы рН 2.7-3.3 дейін.

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік лиофилизацияланған масса

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Антиметаболиттер. Пиримидин аналогтары. Гемцитабин.

АТХ коды L01BC05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Инфузия аяқталған соң 5 минут өткенде тіркелген плазмадағы гемцитабин концентрациясының ең жоғарғы мәндері 3,2-ден 45,5 мкг/мл дейін құрайды. Препарат 1000 мг/м2 дозада 30 минут бойы енгізуден кейін өлшенген плазмадағы гемцитабин концентрациялары инфузия аяқталған соң 30 минут бойы 5 мкг/мл-ден астам деңгейде және кейінгі бір сағат ішінде 0,4 мкг/мл-ден астам деңгейде тұрақталады.

Таралуы

Дозалардың бір рет және көп рет енгізілуімен жүргізілген зерттеулердің фармакокинетикалық талдауы таралу көлемінің елеулі дәрежеде жынысқа байланысты екенін көрсетеді. Гемцитабиннің плазма ақуыздарымен байланысуы болымсыз. Жартылай шығарылу кезеңі, жас және жыныс ерекшелігіне қарай, 42-ден 94 минутқа дейінгі диапазонда құбылады.

Метаболизмі

Гемцитабин цитидиндезаминазамен бауырда, бүйректе, қанда және басқа тіндерде тез метаболизденеді. Гемцитабиннің жасуша ішіндегі метаболизм реакцияларында гемцитабиннің моно-, ди- және трифосфаттарына ауысады, олардың ішінде гемцитабиннің ди- және трифосфаттары белсенді болады. Бұл жасуша ішіндегі метаболиттер плазмадан да, несептен де табылмайды. Цитоуытты белсенділігі жоқ негізгі 2'-деокси-2', 2'-дифлуороуридин метаболиті қан мен несепте анықталады.

Шығарылуы

Гемцитабин элиминациясы препаратты енгізудің басталуынан 5-11 сағат өткенде толық дерлік аяқталады. Аптасына бір рет енгізгенде гемцитабин организмде мүлде жиналмайды.

Жүйелі клиренс, жас және жыныс ерекшелігіне қарай, 29.2 л/сағ./м2 - 92.2 л/сағ./м2 аралығында ауытқиды. Әйелдерде бөліну жылдамдығы ерлердегіден шамамен 25% төмен. Ерлер үшін де, әйелдер үшін де бөлініп шығу жылдамдығы жас ұлғаюымен төмендейді. 1000 мг/м2 дозада 30 минут бойы енгізілген гемцитабин үшін бөліну жылдамдығы едәуір төмен әйелдерде гемцитабин дозасын азайту қажет емес.

Инфузиядан кейінгі апта бойы гемцитабиннің енгізілген дозасы 92-ден 98% дейін негізінен 2'-деокси-2', 2'-дифлуороуридин метаболиті түрінде организмнен несеппен (99%) және нәжіспен (1%) шығарылады. 10%-дан азы өзгеріссіз күйде шығарылады. Бүйректік клиренс 2-ден 7 л/сағ./м2 дейін құрайды.

Гемцитабин мен паклитакселді біріктіріп қолдану

Біріктіріп қолдану гемцитабин мен паклитаксел фармакокинетикасының өзгеруіне әкелмейді.

Гемцитабин мен карбоплатинді біріктіріп қолдану

Біріктіріп қолдану гемцитабин фармакокинетикасының өзгеруіне әкелмейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ 30 мл/минуттан 80 мл/минутқа дейін) гемцитабин фармакокинетикасына елеулі ықпалын тигізбейді.

Фармакодинамикасы

Гемцитабин медак адамның ісік жасушаларының әртүрлі өсірінділеріне қатысты айқын цитоуытты әсер танытады. Оның әсері фазо-спецификалық сипатта, яғни гемцитабин негізінен ДНҚ синтезі сатысындағы (S-фаза) жасушалардың қырылуын туғызып, белгілі бір жағдайларда, G1-ден S-фазасына ауысу кезінде жасушалардың өсуін бөгейді.

Пиримидин антиметаболиті болып табылатын гемцитабин медак белсенді гемцитабин дифосфаты немесе гемцитабин трифосфаты метаболиттерін түзе отырып, нуклеозидкиназаның қатысуымен жасуша ішінде метаболизденеді. Гемцитабин медак цитоуытты әсер етуі гемцитабин дифосфаты мен гемцитабин трифосфаты қатысатын екі түрлі жолмен ДНҚ синтезінің тежелу себебінен болады. Алдымен гемцитабин дифосфаты ДНҚ синтезіне қажетті деоксицитидин трифосфаттарын түзу реакцияларының спецификалық катализін жүзеге асыратын рибонуклеозидредуктазаны тежейді. Осы ферменттің гемцитабин дифосфатымен тежелуі деоксинуклеозидтердің, әсіресе, деоксицитидин трифосфаттарының жалпы концентрациясын төмендетеді. Екінші сатыда гемцитабин трифосфаты ДНҚ тізбегін құрғанда (аутопотенциялануда) деоксицитидин трифосфатымен бәсекелеседі.

Осыған ұқсас түрде Гемцитабин медактың аздаған мөлшері де РНҚ құрамына қосылуы мүмкін. Сондықтан деоксицитидин трифосфаттарының жасуша ішінде төмендеген концентрациясы гемцитабин трифосфатының ДНҚ тізбегін құруын күшейтеді. Эпсилон-ДНҚ полимеразасы гемцитабин медакты ажыратуға және өсімтал ДНҚ тізбектерін үзуге қабілетті емес. Гемцитабин медак ДНҚ тізбегін құрудан кейін өсімтал тізбекке бір қосымша нуклеотид қосылады, одан кейін әріқарай ДНҚ синтезі толық дерлік тежеледі (тізбектің жасырын үзілуі). ДНҚ тізбегін құрудан кейін Гемцитабин медак бағдарламаланған жасушалық қырылуды (апоптоз) индукциялайды.

Қолданылуы

  • қуықтың жергілікті таралған немесе метастазды обырында цисплатинмен біріктірілімде

  • ұйқы безінің жергілікті таралған немесе метастазды аденокарциномасында

  • өкпенің жергілікті таралған немесе метастазды ұсақ жасушалы емес обырында бірінші желідегі ем ретінде (егде жастағы пациенттерде немесе жай-күйі ДДСҰ 2 шкаласы бойынша бағаланған пациенттерде цисплатинмен біріктірілімде немесе монотерапия режимінде )

  • платина препараттарымен бірінші желіде емдеу аяқталған соң, кем дегенде, 6 ай өткенде дамыған аналық бездердің жергілікті таралған немесе метастазды эпителий карциномасының қайталануында (карбоплатинмен біріктірілілімде)

  • құрамында антрациклин бар хаттамалармен адъювантты/адъювантты емес химиялық емнен кейін сүт безінің операция жасалмайтын жергілікті қайталанған немесе метастазды обырында (паклитакселмен біріктірілімде)

Қолдану тәсілі және дозалары

Гемцитабин медак ісікке қарсы химиялық ем жүргізу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен енгізілуі тиіс.

Ұсынылатын дозалануы

Қуық обыры

Гемцитабин медак дозасы 1000 мг/м2 құрап, 30 минут бойы вена ішіне тамшылатып енгізіледі. Препарат цисплатинмен біріктірілімде әр 28-күндік курстың 1, 8 және 15 күндері енгізілуі тиіс. Цисплатин 70 мг/м2 дозада әр 28-күндік курстың 1-ші және 2-ші күндерінде гемцитабин медак инфузиясынан кейін бірден енгізіледі. Артынан осы төрт апталық курс қайталанады. Пациентте дамыған уыттану дәрежесіне қарай, Гемцитабин медак дозасын емнің кейінгі курстарында немесе басталып кеткен курс ішінде азайтуға болады.

Ұйқы безі обыры

Ұсынылатын доза 1000 мг/м2 құрап, 30 минут бойы вена ішіне тамшылатып енгізіледі. Қабылдауды 7 аптаға дейін әр аптада бір рет қайталау керек, сонан соң апталық үзіліс жасаған жөн. Келесі циклдары 4 аптаның 3-де бірінен соң бірін апта сайын бір реттік енгізулерден тұруы тиіс. Пациентте дамыған уыттану дәрежесіне қарай, Гемцитабин медак дозасын емнің кейінгі курстарында немесе басталып кеткен курс ішінде азайтуға болады.

Өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры

Монотерапия

Ұсынылатын доза 1000 мг/м2 құрап, 30 минут бойы вена ішіне тамшылатып енгізіледі. Қабылдауды 3 апта бойы әр апта сайын бір рет қайталау керек, сонан соң апталық үзіліс жасаған жөн. Осы төрт апталық курс ізінше қайталанады. Пациентте дамыған уыттану дәрежесіне қарай, Гемцитабин медак дозасын емнің кейінгі курстарында немесе басталып кеткен курс ішінде азайтуға болады.

Біріктіріп қолдану

Ұсынылатын доза 1250 мг/м2 дене беткейін құрайды, емдеу циклының (21 күн) 1 және 8 күндерінде 30 минут бойы вена ішіне тамшылатып енгізіледі. Пациентте дамыған уыттану дәрежесіне қарай, Гемцитабин медак дозасын емнің кейінгі курстарында немесе басталып кеткен курс ішінде азайтуға болады. Цисплатин әр 3 аптада бір рет 75-100 мг/м2 дозада пайдаланылады.

Сүт безінің обыры

Паклитаксел 175 мг/м2 дозада 21-күндік курстың 1-ші күні 3 сағат бойы вена ішіне тамшылатып енгізіледі. Гемцитабин медак 1250 мг/м2 дозада 21-күндік курстың 1-ші және 8-ші күндері паклитакселден кейін 30 минут бойы вена ішіне тамшылатып енгізіледі. Пациентте дамыған уыттану дәрежесіне қарай, гемцитабин медак дозасын емнің кейінгі курстарында немесе басталып кеткен курс ішінде азайтуға болады. Гемцитабин мен паклитакселді біріктіріп енгізу алдында гранулоциттердің абсолютті саны 1500-ден төмен болмауы тиіс (х 106/л).

Аналық бездер обыры

Карбоплатинмен біріктірілімде қолданғанда Гемцитабин медакты әр 21-күндік курстың 1-ші және 8-ші күндерінде 1000 мг/м2 дозада 30 минут бойы вена ішіне инфузия түрінде енгізу ұсынылады. Карбоплатин гемцитабиннен кейін курстың 1-ші күні 4 мг/мл/мин дозада қолданылады. Пациентте дамыған уыттану дәрежесіне қарай, гемцитабин медак дозасын келесі емдеу курстарында немесе басталып кеткен курс ішінде азайтуға болады.

Уыттылық мониторингін өткізу және уыттану салдарынан дозалануын өзгерту

Гематологиялық емес уыттану салдарынан дозалануын өзгерту

Гематологиялық емес уыттануды анықтау үшін мезгіл-мезгіл дене бойын қарап тексеру және бауыр мен бүйрек функциясына бақылау жүргізу қажет. Пациентте дамыған уыттану дәрежесіне қарай, Гемцитабин медак дозасын кейінгі емдеу курстарында немесе басталып кеткен курс ішінде азайтуға болады. Емдеуші дәрігер шешімі бойынша, жүрек айну немесе құсу жағдайларын қоспағанда, гематологиялық емес ауыр уыттану дамығанда (3 немесе 4 дәрежеде) Гемцитабин медакпен емдеуді тоқтата тұру немесе препарат дозасын азайту керек. Препаратты енгізу дәрігер уытты әсері тоқтады деген шешім шығарғанша тоқтатылуы тиіс.

Гемцитабин медакпен біріктіріп енгізу кезінде цисплатин, карбоплатин немесе паклитаксел дозалануын өзгерткенде осы дәрілік заттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтарын жетекшілікке алу қажет.

Гематологиялық уыттану салдарынан дозалануын өзгерту

Курстың басталуы

Қолданылу көрсетілімдеріне қарамастан, әр Гемцитабин медак дозасын енгізер алдында қандағы тромбоциттер мен гранулоциттер деңгейіне бақылау жүргізілуі тиіс. Кезекті курсты бастамас бұрын пациенттерде 1500-нан төмен емес (х 106/л) гранулоциттердің және 100000-нан төмен емес (х 106/л) тромбоциттердің абсолютті саны болуы тиіс.

Курс бойына

Цикл ішінде гемцитабин медак дозалануын өзгерту келесі кестелерге сәйкес жүргізілуі тиіс:

Қуық обырын, өкпенің ұсақ жасушалы емес обырын және ұйқы безі обырын емдеу курсы кезінде монотерапияда немесе цисплатинмен біріктірілімде енгізілген Гемцитабин медак дозалануын өзгерту

Гранулоциттердің абсолютті саны (х106/л)

Тромбоциттер саны (х106/л)

Гемцитабин стандартты дозасының пайызы (%)

>1000 және

>100000

100

500-1000 немесе

50000-100000

75

<500 немесе

<50000

Енгізуді кейінге шегеру*

* Уақытша тоқтатылған емдеу гранулоциттердің абсолютті саны, кем дегенде, 500-ге (х 106/л) жеткен, ал тромбоциттер саны 50000-ға (х 106/л) жеткен кезге дейін басталған цикл ішінде жаңғыртылмайды.

Сүт безінің обырында паклитакселмен біріктірілімде енгізілген Гемцитабин медак дозалануын өзгерту

Гранулоциттердің абсолютті саны (х106/л)

Тромбоциттер саны (х106/л)

Гемцитабин стандартты дозасының пайызы (%)

≥1200 және

>75.000

100

1000 – 1200 немесе

50.000-75.000

75

700 – 1.000 және

≥50.000

50

<700 немесе

<50000

Енгізуді кейінге қалдыру*

* Уақытша тоқтатылған емдеу басталған курс ішінде жаңғыртылмайды. Гранулоциттердің абсолютті саны, кем дегенде, 1500-ға (х 106/л) жететін, ал тромбоциттер саны 100.000-ға (х 106/л) жететін келесі курстың 1-ші күнінен емдеу жаңғыртылады.

Аналық бездер обырында карбоплатинмен біріктірілімде енгізілген Гемцитабин медак дозалануын өзгерту

Гранулоциттердің абсолютті саны (х106/л)

Тромбоциттер саны (х106/л)

Гемцитабин стандартты дозасының пайызы (%)

>1500 және

≥100000

100

1000-1500 немесе

75000-100000

50

<1000 немесе

<75000

Енгізуді кейінге шегеру*

* Уақытша тоқтатылған емдеу басталған курс ішінде жаңғыртылмайды. Гранулоциттердің абсолютті саны, кем дегенде, 1500-ға (х 106/л) жететін, ал тромбоциттер саны 100.000-ға (х 106/л) жететін келесі курстың 1-ші күнінен емдеу жаңғыртылады.

Гематологиялық уыттануға орай барлық көрсетілімдер үшін кейінгі курстарда дозалануын өзгерту

Гемцитабин медак дозасы гематологиялық уыттанудың келесі белгілерінің жағдайында курстың бастапқы старттық дозасының 75% дейін азайтылуы тиіс:

  • 5 күннен көп уақыт гранулоциттердің абсолютті саны < 500х106

  • 3 күннен көп уақыт гранулоциттердің абсолютті саны < 100х106

  • Фебрильді нейтропения

  • Тромбоциттер <25.000 х 106/л

  • Емдеу курсы басталуының уыттанумен байланысты бір аптадан артық кідіруі

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Гемцитабин медак, пациенттердің осы топтарында ұсынылатын дозалары жөнінде қажетті ақпарат жоқ болғандықтан, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге абайлап енгізілу керек.

Егде жастағы пациенттер (> 65 жас)\

Гемцитабин медак клиренсі мен жартылай шығарылу кезеңі жас ұлғаюымен өзгерсе де, егде науқастарда дозаны түзету қажеттілігі жөнінде деректер жоқ.

Енгізу тәсілі

Инфузия кезінде Гемцитабин медак жағымдылығы жақсы және амбулаторлы енгізуге болады. Экстравазация жағдайында инфузияны бірден тоқтатып, басқа қан тамырын пайдаланумен жаңғыртқан жөн. Препаратты енгізуден кейін пациент қадағалауда болуы тиіс.

Инфузия үшін ерітіндіні дайындауға арналған нұсқаулар

Тек бір рет пайдалану үшін. Гемцитабин медак консерванттарсыз инъекцияға арналған натрий хлоридінің (0,9%) ерітіндісімен ғана үйлесімді. Гемцитабин медакты 38 мг/мл-ден асып кететін концентрацияларға дейін сұйылту оның толық ерімеуіне әкелуі мүмкін, бұған жол бермеген жөн.

Басқа белсенді заттармен үйлеспеушілігі зерттелмеген. Сондықтан сұйылтылған препаратты басқа белсенді заттармен араластыру ұсынылмайды.

Препарат ерітіндісін дайындау үшін құтыға инъекцияға арналған натрий хлоридінің 0.9% ерітіндісінің қажетті көлемін баяу енгізеді (төмендегі кестеде көрсетілгенінен аз емес мөлшерде) және ішіндегісі толық еріп кеткенше құтыны мұқият сілкиді. Алынған ерітінді мөлдір болуы тиіс.

Бастапқы мөлшері

Инъекцияға арналған натрий хлориді (0.9%) ерітіндісінің бастапқы көлемі

Сұйылтудан кейінгі көлемі

Соңғы концентрациясы

200 мг

5 мл

5,26 мл

38 мг/мл

1000 мг

25 мл

26,3 мл

38 мг/мл

1500 мг

37,5 мл

39,5 мл

38 мг/мл

Дәрілік препараттың тиісті мөлшерін әріқарай инъекцияға арналған натрий хлориді ерітіндісімен (0,9%) 30 минуттық вена ішіне енгізілетін инфузияға жеткілікті мөлшерде сұйылтуға болады.

Вена ішіне енгізілетін дәрілік препараттар, егер ерітінді мен контейнерді көзбен қарап тексеру өткізу мүмкіндігі болса, қолдану алдында ерітіндіде бөлшектер және түс өзгерісінің бар-жоғы тұрғысынан қарап тексерілуі тиіс.

Пайдаланылмаған ерітінді цитоуытты дәрілік препараттармен қауіпсіз жұмыс істеу жөніндегі нұсқауға сай жойылуы тиіс.

Цитоуытты дәрілік препараттармен қауіпсіз жұмыс істеу жөніндегі нұсқау:

Цитоуытты дәрілік препараттарды дайындағанда және олармен жұмыс істегенде әрқайсысының нұсқауларын қадағалау керек. Цитоуытты препараттарды дайындауды жүкті қызметкер әйелдер орындамауы тиіс. Цитоуытты заттардың инъекцияға арналған ерітінділерін дайындауды пайдаланылатын препараттар жөнінде білімі бар оқытып-үйретілген білікті мамандар құрамы жүргізуі тиіс. Бұл рәсім арнайы бөлінген аймақта жүргізілуі тиісі. Жұмыс істеу беткейі пластик негіздегі бір реттік сіңіру қағазымен жабылуы тиіс.

Көзге арналған тиісті қорғағыш заттарды, бір реттік қолғаптарды, бетті қорғауға арналған бетпердені және бір реттік жапқышты қолданған дұрыс. Дәрілік препараттың көзге кездейсоқ түсіп кетуін болдырмау үшін алдын ала сақтану шараларын қадағалау қажет. Көз күтпеген жерден контаминацияланған жағдайда мол мөлшерлі сумен дереу және мұқият жуып-шаю қажет. Шприцтер мен инфузияға арналған жүйелерді жинау, ағып кетуге жол бермес үшін, абайлап жүргізілуі тиіс (Луэр қондырғысы бар адаптерлерді қолдану ұсынылады). Қысымды барынша азайту және аэрозольдің түзілу ықтималдығын кеміту үшін диаметрі үлкен инелер пайдалану ұсынылады. Соңғы әсерін де клапаны бар инені пайдалану есебінен төмендетуге болады.

Емшараны орындау барысында болатын препарат ағындыларын қорғағыш қолғаптарды пайдаланып сүртіп алған жөн. Нәжіспен және құсықпен абай болған дұрыс.

Жойылуы

Дәрілік препаратты сұйылтқанда пайдаланылатын заттарды жою кезінде ұқыпты назар аударып, алдын ала сақтану шараларын қадағалау керек. Пайдаланылмаған бүкіл құрғақ препаратты немесе контаминацияланған құрал-жабдықтарды аса қауіпті қалдықтарға арналған пакетке салған дұрыс. Өткір заттарды нелер, шприцтер, құтылар және т.б.) тиісінше қатты контейнерге тастау керек. Осы қалдықтарды жинауға және жоюға жауапты қызметкерлер құрамы болжамды қауіптіліктен хабардар болуы тиісті. Қалдықтар өртеумен жойылуы тиіс. Кез келген қалдықтар мен пайдаланылмаған препарат жергілікті талаптарға сәйкес жойылуы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялардың көрініс беру жиілігі мен дәрежесі препараттың дозалануына, енгізу жылдамдығына және дозалар арасындағы уақыт аралықтарына байланысты. Тромбоциттер, лейкоциттер және гранулоциттер санының кемуі сияқты құбылыстар дамығанда дозасын азайту талап етіледі.

Бірлі-жарым жағдайлардан жиірек кездескен жағымсыз реакциялары келесі жіктеуге сәйкес тізбеленген: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін); сирек (≥ 1/10000-нан <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000 ).

Инфекциялар және инвазиялар

Жиі: инфекциялар

Жиі емес: сепсис

Қан түзу ағзаларының тарапынан

Өте жиі: лейкопения (нейтропения 3-ші дәрежеде 19,3%, 4-ші дәрежеде 6%), миелосупрессия (ең алдымен, гранулоциттер санының өзгеруімен көрініс беретін жеңілден орташа дәрежеге дейін), тромбоцитопения, анемия

Жиі: фебрильді нейтропения

Жиі емес: тромбоздық микроангиопатия

Өте сирек: тромбоцитоз

Иммундық жүйе тарапынан

Өте сирек: анафилактоидты реакциялар

Ас қорыту жүйесі тарапынан

Өте жиі: жүрек айну, құсу, «бауыр» трансаминазалары (АСТ, АЛТ), сілтілі фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы

Жиі: анорексия, диарея, іш қату, стоматит және ауыз қуысының шырышты қабығының ойық жаралары, қан сарысуында билирубин концентрацияларының жоғарылауы

Жиі емес: бауырдың уытты зақымдануы, өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігін қоса

Сирек: гамма-глутамилтрансфераза белсенділігінің жоғарылауы

Өте сирек: ишемиялық колит

Несеп бөлу жүйесі тарапынан

Өте жиі: жеңіл дәрежедегі гематурия және протеинурия

Жиі емес: жедел бүйрек жеткіліксіздігі (бүйрек жеткіліксіздігі тіпті емді тоқтатудан кейін де қайтымсыз болып, диализ қажет болуы мүмкін), гемолиздік-уремиялық синдром (гемоглобиннің төмендеуі, тромбоцитопения, қан сарысуындағы билирубин, креатинин, мочевина және/немесе лактатдегидрогеназа концентрациясының жоғарылауы)

Тері және тері қосалқылары тарапынан

Өте жиі: қышынумен қатар жүретін терінің аллергиялық бөртулері, алопеция

Жиі: терінің қышынуы, қатты терлеу

Сирек: айқындылығы ауыр дәрежедегі тері тарапынан болатын реакциялар, десквамация мен буллезді бөртулерді, ойық жаралануды, сулы бөртпелер мен ойық жаралардың түзілуін, терінің қабыршақтануын қоса

Өте сирек: уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы

Тыныс алу жүйесі тарапынан

Өте жиі: ентігу (әдетте, орташа дәрежедегі, спецификалық емдеусіз тез басылатын)

Жиі: жөтел, ринит;

Жиі емес: бронх түйілуі (әдетте, айқындылығы жеңіл дәрежеде және өткінші сипатта болады, бірақ парентеральді ем жүргізу қажет), интерстициальді пневмония

Сирек: өкпенің ісінуі, жедел респираторлық дистресс-синдром

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан

Жиі емес: аритмия (негізінен, суправентрикулярлы), жүрек жеткіліксіздігі

Сирек: артериялық қысымның төмендеуі, миокард инфарктісі, шеткері васкулит пен гангренаның клиникалық белгілері

Өте сирек: қылтамырлардың жоғары өткізгіштік синдромы

Жүйке жүйесі тарапынан

Жиі: бас ауыру, ұйқышылдық, ұйқысыздық

Жиі емес: инсульт

Өте сирек: артқы қайтымды лейкоэнцефалопатия синдромы (АҚЛС)

Тері-бұлшықет жүйесі тарапынан

Жиі: арқаның ауыруы, миалгия

Басқалары

Өте жиі: дімкәстану сезімі, тұмау тәрізді симптомдардене температурасының көтерілуі, бас ауыру, қалтырау, миалгия, астения, анорексия; жөтел, ринит, малшынып терлеу, ұйқы бұзылысы; ісінулер/шеткері ісінулер, бет ісінуін қоса (ісінгіштік, әдетте, емді тоқтатудан кейін басылады)

Жиі: дене температурасының көтерілуі, қалтырау, астения

Сирек: енгізген жердегі реакциялар, сәулемен ем жүргізу кезінде уыттанудың жоғарылауы, сәуле күйіктерінің қайта белсенділенуі

Сүт безі обырының біріктірілген емі

Гемцитабинді паклитакселмен біріктірілімде қолдану кезінде 3-ші немесе 4-дәрежедегі гематологиялық уыттанудың, әсіресе, нейтропенияның анықталу жиілігі арта түседі. Алайда, жағымсыз реакциялар деректері санының көбеюі инфекциялық аурулар немесе геморрагиялық асқынулар жиілігінің артуымен байланысты емес. Гемцитабинді паклитакселмен біріктірілімде қолдану кезінде қажу және фебрильді нейтропения жиірек байқалады. Қажу анемиямен байланысты емес және емдеудің бірінші циклынан соң басылады.

Ауырлығы 3 және 4 дәрежедегі жағымсыз құбылыстар

Паклитаксел салыстырмалы гемцитабин + паклитаксел

Пациенттер саны (%)

Паклитаксел (259 пациент)

Гемцитабин + паклитаксел (262 пациент)

3 дәреже

4 дәреже

3 дәреже

4 дәреже

Зертханалық көрсеткіштер

Анемия

5 (1,9)

1 (0,4)

15(5,7)

3 (1,1)

Тромбоцитопения

14 (5,3)

1 (0,4)

Нейтропения

11 (4,2)

17(6,6)*

82 (31,3)

45 (17,2)*

Зертханалық емес көрсеткіштер

Фебрильді нейтропения

3 (1,2)

12(4,6)

1 (0,4)

Қажу

3 (1,2)

1 (0,4)

15(5,7)

2 (0,8)

Диарея

5 (1,9)

8 (3,1)

Қозғалыс нейропатиясы

2 (0,8)

6 (2,3)

1 (0,4)

Сенсорлы нейропатия

9 (3,5)

14 (5,3)

1 (0,4)

* Ұзақтығы 7 күннен көпке созылатын 4 дәрежедегі нейтропения біріктілілген ем тобындағы пациенттердің 12,6%-да және паклитакселмен емдеу тобындағы пациенттердің 0,5%-да байқалды.

Қуық обыры кезінде біріктірілген ем

Ауырлығы 3 және 4 дәрежедегі жағымсыз құбылыстар

МВДЦ салыстырмалы гемцитабин + цисплатин

Пациенттер саны (%)

МВДЦ (метотрексат, винорелбин, доксорубицин және цисплатин) (196 пациент)

Гемцитабин + цисплатин (200 пациент)

3 дәреже

4 дәреже

3 дәреже

4 дәреже

Зертханалық көрсеткіштер

Анемия

30 (16)

4 (2)

47 (24)

7 (4)

Тромбоцитопения

15 (8)

25 (13)

57 (29)

57 (29)

Зертханалық емес көрсеткіштер

Жүрек айну және құсу

37 (19)

3(2)

44 (22)

1 (0,4)

Диарея

15 (8)

1 (1)

6 (3)

0 (0)

Инфекциялар

19 (10)

10 (5)

4 (2)

1 (1)

Стоматит

34 (18)

8 (4)

2 (1)

0 (0)

Аналық бездер обыры кезінде біріктірілген ем

Ауырлығы 3 және 4 дәрежедегі жағымсыз құбылыстар

Карбоплатин салыстырмалы гемцитабин + карбоплатин

Пациенттер саны (%)

Карбоплатин (174 пациент)

Гемцитабин + карбоплатин (175 пациент)

3 дәреже

4 дәреже

3 дәреже

4 дәреже

Зертханалық көрсеткіштер

Анемия

10 (5,7)

4 (2,3)

39 (22,3)

9 (5,1)

Нейтропения

19 (10,9)

2 (1,1)

73 (41,7)

50 (28,6)

Тромбоцитопения

18 (10,3)

2 (1,1)

53 (30,3)

8 (4,6)

Лейкопения

11 (6,3)

1 (0,6)

84 (48,0)

9 (5,1)

Зертханалық емес көрсеткіштер

Қан кету

0 (0,0)

0 (0,0)

3 (1,8)

(0,0)

Фебрильді нейропатия

0 (0,0)

0 (0,0)

2 (1,1)

(0,0)

Нейропениясыз инфекция

0 (0)

0 (0,0)

(0,0)

1 (0,6)

Сенсорлы нейропатияның жиілігі біріктіріп емдеу тобында да карбоплатинмен монотерапия тобынан жоғары болды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Сақтықпен: бауыр, бүйрек функциясының бұзылуында, сүйек-ми қан түзілуінің бәсеңдеуінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сәулемен емдеу

Гемцитабин медактың радиосенсибилизациялау белсенділігі бар. Сәулемен қатарлас емдеу (бір мезгілде немесе 7 күннен аз аралықпен жүргізілген) Гемцитабин медак дозалануын, гемцитабинді енгізу жиілігін, сәулелену дозасын, сәулемен ем жүргізу әдістемесін, нысана-тін типін және нысана көлемін қоса, көптеген әртүрлі факторларға байланысты болатын уыттануды арттырады.

Бір ғана зерттеуде өкпе обырының ұсақ жасушалы емес түріне шалдыққан пациенттерде 1,000 мг/м2 дозадағы гемцитабин 6 апта бойы кеуде қуысы аумағына қатарлас емдік радиотерапиямен қолданылды. Бұл орайда, ең алдымен, үлкен дозаларда сәулеге ұшыраған пациенттерде шырышты қабықтардың өмірге қатері зор ауыр қабынуы, әсіресе, өңештің қабынуы мен пневмонит түріндегі ауыр уытты реакциялардың дамуы байқалды [орташа әсер ету көрсеткіштері 4,795 см3 құрады]. Кейінгі зерттеулер, мысалы, 66 Гр торакальді сәулелену 6 апта бойы гемцитабин (600 мг/м2, төрт рет) және цисплатин (80 мг/м2, екі рет) қабылдаумен қатар жүретін өкпенің ұсақ жасушалы емес обырының II фазасын зерттеу жағдайындағы сияқты, гемцитабинді аз дозалануында уыттануға ұласуы болжанатын радиотерапиямен қолдануға болатынын көрсетті.

Ісіктердің барлық типтеріне арналған сәулелендірудің емдік дозаларымен біріктірілімде Гемцитабин медакты қауіпсіз енгізудің ұтымды режимі жоқ.

Кейінгі сәулемен емдеу (> 7 күндік аралықпен қолданылатын), егер қайта сәулелендіру жүргізілген жағдайлардан басқа, сәулеленуге дейінгі немесе одан кейінгі 7 күннен артық аралықпен жүргізілсе, Гемцитабин медак уыттылығының артуына әкелмейді. Гемцитабин медак енгізуді сәулемен емнің жедел асқынулары жоғалған соң немесе, кем дегенде, сәулеленуден кейін бір апта өткенде бастауға болады. Нысана-тіндердің радиациялық зақымдануы (эзофагит, колит, пневмонит) біріктірілген емде де, кейінгі сәулемен емдеуде де дамуы мүмкін.

Әсіресе, иммунитеті әлсіреген пациенттерде жүйелі, мүмкін өлімге ұшырататын аурудың даму қаупіне орай, сары қызба вакцинасын, сондай-ақ басқа әлсіретілген тірі вакциналарды қолдану ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Гемцитабинмен емдеуді ісікке қарсы препараттармен емдеу тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауымен жүргізуге болады.

Гемцитабин медак инфузиясының уақытын ұзарту және оны енгізудің жоғары жиілігі уыттануды арттырады.

Гематологиялық уыттану

Гемцитабин медак сүйек кемігі функциясын бәсеңдетуі мүмкін, бұл лейкопения, тромбоцитопения және анемия түрінде көрініс береді.

Гемцитабин медак алатын пациенттер әрбір дозаны енгізер алдында тромбоциттер, лейкоциттер және гранулоциттер санын тексеруден өткізуі тиіс. Препараттың әсерінен сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі анықталған жағдайда дозалық ем режимін тоқтата тұру немесе модификациялау керек. Сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі қысқа мерзімді сипатта болады, әдетте, дозаны азайтуды талап етпейді және емдеуді тоқтатуға сирек алып келеді.

Гемцитабин медак енгізуді тоқтатудан кейін шеткері қан көрсеткіштерінің нашарлауы жалғаса беруі мүмкін. Сүйек кемігінің функциясы әлсіреген пациенттерді емдеуді ерекше сақтықпен бастаған дұрыс. Басқа цитоуытты препараттарды қолдану жағдайындағы сияқты, гемцитабин медакты химиялық емнің басқа түрлерімен біріктірілімде пайдаланғанда сүйек кемігі функциясының жинақтала бәсеңдеу қаупін ескерген жөн.

Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі

Бауыр және бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерді емдеу пациенттердің осы тобында қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы ақпараттың жеткіліксіз болуымен байланысты ерекше сақтықпен жүргізу керек. Бауырда қатарлас метастаздары немесе анамнезде гепатиті, алкоголизмі немесе бауыр циррозы бар пациенттерде гемцитабин қабылдау бұрыннан бар бауыр жеткіліксіздігінің өршуіне әкелуі мүмкін.

Пациентті жүйелі тексеруден өткізу және бауыр мен бүйрек функциясын зертханалық бағалау (вирологиялық тестілерді қоса) қажет.

Гемцитабин медак бауыр жеткіліксіздігі немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерді емдегенде ерекше сақтықпен қолданылуы тиіс.

Гемцитабин медак алатын пациенттерде гемолиздік уремиялық синдром (ГУС) сирек жағдайларда дамиды. Тромбоцитопениямен қатарлас гемоглобиннің екпінмен түсіп кету деңгейі, қандағы билирубин, сарысулық креатинин, мочевина азоты деңгейінің арта түсуі, ЛДГ сияқты микроангиопатикалық гемолиздік анемияның алғашқы симптомдарында Гемцитабин медак емін тоқтату керек. Жедел бүйрек жеткіліксіздігінің дамуын болдырмауға емдеуді тоқтату жеткіліксіз болуы мүмкін, сондықтан ондай жағдайларда диализ жүргізу қажет болуы мүмкін.

Артқы қайтымды лейкоэнцефалопатия синдромы

Монотерапия ретінде немесе біріктірілген химиялық ем құрамында гемцитабин алатын пациенттерде күрделі зардаптары зор артқы қайтымды лейкоэнцефалопатия синдромы (АҚЛС) байқалды. Гемцитабин қабылдаған және АҚЛС өткерген пациенттерде ең жиі кездесетін жедел артериялық гипертензия мен құрысулар бас ауырумен, апатиямен, сананың шатасуымен, соқырлықпен қатар жүруі мүмкін. АҚЛС диагнозы МРТ (магнитті-резонанстық томография) арқылы расталады. АҚЛС, әдетте, тиісті демеу шаралары көрсетілгенде қайтымды болады. АҚЛС дамыған жағдайда гемцитабинмен емдеуді тоқтату және артериялық қысымды бақылау және құрысуға қарсы емді қамтитын симптоматикалық емді бастау керек.

Жүрек-қантамыр аурулары

Гемцитабин медак қабылдаудан болатын жүрек және/немесе қантамырлық бұзылулардың даму қаупімен байланысты, анамнезінде жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерді емдеу ерекше сақтықпен жүргізілуі тиіс.

Капиллярлардың жоғары өткізгіштік синдромы

Монотерапия ретінде немесе біріктірілген химиялық ем құрамында гемцитабин алатын пациенттерде тамырлар өткізгіштігінің артуымен және тамыр ішіндегі сұйықтық пен ақуыздардың интерстициальді кеңістікке ауысуымен сипатталатын капиллярлардың жоғары өткізгіштік синдромы байқалды. Бұл синдромды ерте диагностикаланған жағдайда емдеуге болады, дегенмен де, өлім жағдайлары хабарланды. Бұл жағдай тамырлар өткізгіштігінің артуымен және тамыр ішіндегі сұйықтық пен ақуыздардың интерстициальді кеңістікке ауысуымен сипатталады. Клиникалық көрінісі өзінде жайылған ісінуді, салмақ қосуды, гипоальбуминемияны, ауыр гипотонияны, жедел бүйрек жеткіліксіздігін және өкпенің ісінуін қамтиды. Капиллярлардың жоғары өткізгіштік синдромы дамыған жағдайда гемцитабинмен емдеуді тоқтатып, симптоматикалық емді бастау керек.

Капиллярлардың жоғары өткізгіштік синдромы емнің кеш сатыларында туындауы мүмкін, әдебиет деректері бойынша ересектердің жедел респираторлық дистресс-синдромымен байланысты болуы мүмкін.

Өкпе аурулары

Гемцитабин медакпен емдеу аясында өкпенің, кейбір жағдайларда, ауыр (өкпенің ісінуі, интерстициальді пневмонит немесе ересектердегі респираторлық дистресс-синдром (ЕРДС) сияқты) асқынуларының дамуы мүмкін екені көрсетілген. Бұл құбылыстардың этиологиясы белгісіз. Осындай асқынулар дамығанда Гемцитабин медакпен емді тоқтату керек. Симптоматикалық емді дер мезгілінде жүргізу пациенттер жай-күйінің жақсаруына ықпал етуі мүмкін.

Натрий мөлшері

200 мг Гемцитабин медак құтысының ішінде 3.5 мг (<1 ммоль) натрий бар.

1000 мг Гемцитабин медак құтысының ішінде 17.5 мг (<1 ммоль) натрий бар.

1500 мг Гемцитабин медак құтысының ішінде 26.3 мг (˃1 ммоль) натрий бар.

Бұл деректерді бақылауға алынған натрий диетасын ұстанатын пациенттер ескеру керек.

Фертильділігі

Гемцитабин медак енгізу сперматогенезді бәсеңдетеді. Сондықтан Гемцитабин медак қабылдайтын ерлерге емделу кезінде және ем аяқталған соң 6 ай бойы сенімді контрацептивтік әдістерді пайдалануға кеңес беріледі. Гемцитабин медак қолданудан болған фертильділікті болжамды жоғалтумен байланысты, емдеуді бастамас бұрын шәуһетті криоконсервациялау мүмкіндігін де қарастыру керек.

Жүктілік

Гемцитабин медак жүктілік кезінде қолданылмайды. Гемцитабин медакпен емделу кезеңінде әйелдердің жүкті болып қалуына болмайды. Жүкті болған жағдайда бұл жөнінде емдеуші дәрігерге дереу ескерту қажет.

Емшекпен қоректендіру

Гемцитабиннің емшек сүтіне өтуі белгісіз, сондықтан сәбиге теріс әсерінің болуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Гемцитабин медак енгізілген кезеңде бала емізу тоқтатылуы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді

басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пациенттер механизмдерді жүргізуден және басқарудан бас тартуы тиіс, өйткені гемцитабин медак, әсіресе, алкоголь қабылдаумен қосылса, ұйқышылдықты туғызуы мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: гематологиялық уыттылықтың артуы.

Емі: симптоматикалық емдеу, антидоты белгісіз. Пациент қан талдауларын тексерумен тұрақты дәрігерлік бақылауда болуы тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Хлорбутилді резеңке тығынмен тығындалған және полимерлі қорғағыш қақпағы бар алюминий қалпақшамен қаусырылған I типті түссіз шыны құтыға 200 мг гемцитабинге баламалы 448.43 мг (200 мг доза үшін), 1000 мг гемцитабинге баламалы 2242.00 мг (1000 мг доза үшін) немесе 1500 мг гемцитабинге баламалы 3363.30 мг (1500 мг доза үшін) салынады. Құтыға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырады.

Құтыларға поливинилхлоридтен жасалған қорғағыш жылу ұстағыш үлбір жапсыруға болады.

Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 250C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Сұйылтудан соң қалыпқа келтірілген ерітінді:

Жарықтан қорғалған жерде, 250C-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды ( кристалдану болуы мүмкін).

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

Онкотек Фарма Продукцион ГмбХ, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі және қаптаушы

медак ГмбХ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«медак фарма» ЖШС, Алматы, 050060, Гагарин даңғылы 258 В, 318 кеңсе, телефон, факс: +7 7273962037,

эл.пошта: info.kaz@medac.de

Прикрепленные файлы

514950201477975734_ru.doc 184 кб
765970481477977444_kz.doc 226 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники