Гемате® П (1000 МЕ + 2400 МЕ)

МНН: Фактор Виллебранда, Фактор свертывания крови VIII
Производитель: СиЭсЭл Беринг ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Фактор свертывания крови VIII в комбинации с фактором Виллебранда
Номер регистрации в РК: № РК-БП-5№021111
Информация о регистрации в РК: 26.01.2015 - 26.01.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Гемате® П

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған 250 ХБ + 600 ХБ, 500 ХБ + 1200 ХБ және 1000 ХБ + 2400 ХБ лиофилизат еріткішімен (инъекцияға арналған су) жиынтықта

Құрамы

Лиофиолизаты бар 1 құтының ішінде

белсенді заттар: қан ұюының VIII факторы 250 ХБ, 500 ХБ немесе

1000 ХБ,

Виллебранд факторы 600 ХБ, 1200 ХБ немесе 2400 ХБ,

қосымша заттар: адам альбумині, глицин, натрий хлориді, натрий цитраты

Еріткіші бар 1 құтының ішінде

Инъекцияға арналған су

Гемате® П 250 және Гемате® П 500 қалпына келтірілген ерітіндісінің құрамында 50 ХБ/мл қан ұюының VIII факторы және 120 ХБ/мл Виллебранд факторы бар, Гемате® П 1000 қалпына келтірілген ерітіндісінің құрамында 66.6 ХБ/мл қан ұюының VIII факторы және 160 ХБ/мл Виллебранд факторы бар.

VIII факторының спецификалық белсенділігі ақуыздың 2-ден 6 ХБ/мг дейінді құрайды.

Виллебранд факторының спецификалық белсенділігі ақуыздың 5-тен 17 ХБ/мг дейінді құрайды.

Сипаттамасы

Лиофилизат

Ақ немесе ақ дерлік лиофилизат.

Қалпына келтірілген ерітінді: түссізден ашық-сары түске дейінгі мөлдір немесе сәл бозаңданған сұйықтық.

Еріткіш

Түссіз мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Гемостатиктер. К витамині және басқа гемостатиктер. Қан ұюының факторлары. Біріктірілген Виллебранд факторы және қан ұюының VIII факторы.

АТХ коды B02BD06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Виллебранд факторы

Гемате® П препаратының фармакокинетикалық қасиеттеріне қан кетуден тыс Виллебранд ауруы бар [ 1 тип n=10, 2А тип n=10, 2М тип n=1, 3 тип n=7] 28 пациентте баға берілді. Виллебранд факторының VWF:RCo (екі камералы үлгі) жартылай шығарылу кезеңі 9.9 сағатты (орта есеппен, 2.8-ден 51.1 сағатқа дейін) құрайды. Бастапқы жартылай шығарылу кезеңі 1.47 сағатты (орта есеппен, 0.28-ден 13.86 сағатқа дейін) құрайды. Ристоцетин-кофакторлы VWF:RCo белсенділінің in vivo жоғарылауы 1.9 (ХБ/дл)/(ХБ/кг) [орта есеппен, 0.6-дан 4.5 (ХБ/дл)/(ХБ/кг) дейін] құрайды. «Концентрация-уақыт» қисығы астындағы орташа аудан 1664 ХБ/дл х сағ. (орта есеппен, 142-ден 3846 ХБ/дл х сағ. дейін) тең, орташа ұсталу уақыты (ОҰУ) 13.7 сағ. (орта есеппен, 3.0-ден 44.6 сағатқа дейінді) құрайды, орташа клиренсі – 4.81 мл/кг/сағ. (орта есеппен, 2.08-ден 53.0 мл/кг/сағ. дейін).

Виллебранд факторы плазмада ең жоғары деңгейіне әдетте енгізгеннен кейін шамамен 50 минуттан соң жетеді. Қан ұюының VIII факторының ең жоғары деңгейі препаратты енгізгеннен кейін 1-1,5 сағаттан соң байқалды.

Қан ұюының VIII факторы

Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін плазмада алдымен қан ұюының VIII факторы белсенділігінің тез жоғарылауы, ал содан кейін белсенділігі тез төмендеп, әрі қарай белсенділігінің баяу төмендеуі байқалады. А гемофилиясы бар пациенттерде жүргізілген зерттеулер жартылай шығарылу кезеңінің 12.6 сағатты құрағанын (орта есеппен, 5.0-тен 27.7 сағатқа дейін) көрсетті. Қан ұюының VIII факторы белсенділігінің in vivo жоғарылауы ХБ/кг-ге 1.73 ХБ/дл құрады (орта есеппен, 0.5-тен 4.13 дейін). Бір зерттеуде орташа ұсталу уақыты 19.0 сағатты (орта есеппен, 14.8-ден 40.0 сағатқа дейін), «концентрация-уақыт» қисығы астындағы орташа аудан – 36.1 (% х сағ.) / (ХБ/кг) (орта есеппен, 14.8-ден 7,4 дейін) (% х сағ.) / (ХБ/кг), орташа клиренсі - 2,8 мл/кг/сағ. (орта есеппен, 1,4-тен 6,7 мл/кг/сағ. дейін) құрады.

Гемате® П препаратының 12 жасқа толмаған пациенттердегі фармакокинетикасы туралы мәліметтер жоқ.

Фармакодинамикасы

Виллебранд факторы

Гемате® П препараты адам қаны плазмасы пайдалана отырып өндіріледі.

Гемате® П препараты Виллебрандтың эндогенді факторындағыдай қасиеттерді көрсетеді. Қорғаныш функциясынан басқа, қан ұюының VIII факторы, Виллебранд факторы қантамырдың зақымданған жерінде тромбоциттер адгезиясын тудырады және тромбоциттердің агрегациясында маңызды рөл атқарады.

Виллебранд факторын тағайындау Виллебранд факторының тапшылығынан зардап шегіп жүрген пациенттерде гемостаздың бұзылуын екі деңгейде түзетуге мүмкіндік береді:

  • Виллебранд факторы қантамырдың зақымданған жерінде тромбоциттердің адгезиясына мүмкіндік беріп (өйткені ол қантамырлардың субэндотелиальді қабатымен де, тромбоциттердің жарғақшасымен де байланысады), алғашқы гемостазды қамтамасыз етеді, мұны қан кету уақытының азаюы айғақтайды. Бұл әсері дереу пайда болады. Ол молекулалық массасы жоғары Виллебранд факторы мультимерлерінің үлкен мөлшерде болуына байланысты болатыны белгілі.

  • Виллебранд факторы ассоциацияланған VIII фактор тапшылығын түзетудің кейінге қалдырылуына мүмкіндік береді. Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін Виллебранд факторы VIII эндогендік фактормен байланысады (ол пациенттерде жеткілікті мөлшерде өндіріледі) және, осы факторды тұрақтандыра отырып, оның тез дегидратациялануына кедергі жасайды. Сондықтан таза Виллебранд факторын (VIII фактор мөлшері төмен) енгізген кезде алғашқы инфузиядан кейін VIII фактор деңгейінің (FVIII:C) сәл кейін қалыпқа келуі байқалады. Құрамында VIII фактор бар Виллебранд факторы препараттарын енгізген кезде VIII фактор деңгейінің қалыпқа келуі алғашқы инфузиядан кейін бірден білінеді.

Қан ұюының VIII факторы

Гемате® П қан ұюының VIII эндогендік факторындағыдай қасиеттерді көрсетеді.

VIII фактор/Виллебранд факторы кешені әртүрлі физиологиялық функцияларды орындайтын екі молекуладан (қан ұюының VIII факторы және Виллебранд факторы) тұрады.

Гемофилиясы бар пациенттерге енгізгеннен кейін VIII фактор қантамыр арнасында Виллебранд факторымен байланысады.

Белсендірілген VIII фактор белсендірілген IX фактор үшін ко-фактор ретінде әсер етіп, X фактордың белсендірілген Х факторға айналуын жылдамдатады.

Белсендірілген X фактор протромбиннің тромбинге айналуына мүмкіндік береді. Тромбин, өз кезегінде, фибриногенді фибринге айналдырады және тромбтың түзілуіне мүмкіндік береді.

А гемофилиясы – бұл VIII фактор деңгейінің төмендеуі салдарынан қанның ұю жүйесінде тұқым қуалаған, жыныспен шектелген бұзылуы.

Ауру лақылдаған қан кетулер және буындарға, бұлшықеттерге және ішкі ағзаларға кездейсоқ немесе абайсызда жарақаттану немесе хирургиялық араласым нәтижесінде қан құйылулар түрінде білінеді. Плазмада қан ұюының VIII факторы тапшылығының орнын басу емі фактор мөлшерінің уақытша қалыпқа келуіне, сондай-ақ қан кетулерге бейімділігін азайтуға мүмкіндік береді.

Қолданылуы

- Виллебранд ауруы бар пациенттерде, егер десмопрессинмен монотерапия тиімді болмаса немесе қолдануға болмайтын болса, операция кезіндегі қан кетулерді немесе қан жоғалтуды емдеу және профилактикасы үшін

- А гемофилиясы (қан ұюының VIII факторының туа беткен тапшылығы) бар пациенттерде қан кетулерді емдеу және профилактикасы үшін

- қан ұюының VIII факторының жүре пайда болған тапшылығы бар пациенттерде және қан ұюының VIII факторына антиденелері бар пациенттерде қан кетулерді емдеу және профилактикасы үшін пайдаланылуы мүмкін

Қолдану тәсілі және дозалары

Виллебранд және гемофилия ауруын емдеуді гематологиялық бұзылуларды емдеуде тәжірибесі бар дәрігер жүргізуі тиіс.

Виллебранд ауруы

Әдетте, 1 ХБ/кг Виллебранд (VWF:RCO) факторы пациенттің қан айналымындағы Виллебранд факторының деңгейін 0.02 ХБ/мл-ге (2%) арттырады.

Виллебранд факторының деңгейін > 0.6 ХБ/мл-ге (60%) және VIII:C фактордың деңгейін > 0.4 ХБ/мл-ге (40%) жеткізуге тырысқан жөн.

Әдетте гемостазды қамтамасыз ету мақсатында дене салмағының әр кг-ге 40 - 80 ХБ Виллебранд факторын және 20 - 40 ХБ VIII факторды енгізу ұсынылады.

Виллебранд факторының бастапқы 80 ХБ/кг дозасы, әсіресе 3 типті Виллебранд ауруы бар пациенттерде қажет болуы мүмкін, Виллебранд факторының талапқа сай деңгейін сақтаған кезде Виллебранд ауруының басқа типтеріне қарағанда жоғарырақ дозаларын енгізу қажет етілуі мүмкін.

Операциялар және ауыр жарақаттар кезіндегі қан кетулердің профилактикасы

Операция кезінде және операциядан кейін шамадан тыс қан кетудің профилактикасы үшін препаратты енгізу операцияны бастаудан 1 немесе 2 сағат бұрын басталуы тиіс.

Әрбір 12-24 сағат сайын тиісті дозаларды енгізуді қайталау қажет. Доза және емдеу ұзақтығы пациенттің клиникалық жағдайына, қан кету типіне мен ауырлығына және Виллебранд факторы мен қан ұюының VIII факторының мөлшеріне байланысты.

Қан ұюының VIII факторы бар Виллебранд факторы препараттарын пайдаланғанда, емдеуші дәрігер ем ұзаққа созылғанда VIII фактор деңгейінің шамадан тыс жоғарылауы мүмкін екендігін ескеруі тиіс. 24 - 48 сағат емдегеннен кейін VIII фактор мөлшерінің бақылауға келмейтіндей жоғарылауына жол бермеу үшін дозаны төмендету немесе препараттарды енгізу арасындағы аралықтарды арттыру қажеттілігіне баға берген жөн.

Балаларда дозалау режимі дене салмағын ескере отырып есептеледі, яғни ересектердегідей принциптерге негізделеді. Препаратты енгізу жиілігі әрбір жеке жағдайда клиникалық тиімділігіне байланысты болуы тиіс.

А гемофилиясы

Орнын басатын емнің дозасы және ұзақтығы қан ұюының VIII факторы тапшылығының ауырлығына, қан кетудің орналасқан жеріне және ауырлығына, сондай-ақ пациенттің клиникалық жағдайына байланысты.

Енгізілетін VIII фактордың бірлік мөлшері халықаралық бірлікпен (ХБ) өлшенеді, ол қан ұюының VIII факторы бар препараттарға арналған Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) ағымдағы стандартына сәйкес келеді. Плазмадағы VIII фактордың белсенділігі (адамның қалыпты плазмасына қатысты) пайызбен немесе ХБ (плазмадағы VIII фактор мөлшерінің Халықаралық стандартына қатысты) беріледі.

VIII фактор белсенділігінің бір ХБ адам қанының қалыпты плазмасының бір миллилитріндегі VIII фактор мөлшеріне баламалы.

VIII фактордың қажетті дозасының есебі эмпирикалық тұрғыдан анықталған заңдылыққа негізделеді, соған сәйкес дене салмағының кг-ге 1 ХБ VIII фактор белсенділігін қалыпты белсенділіктен (2 ХБ/дл) шамамен 2%-ға жоғарылатады. Қажетті доза келесі формула бойынша есептеледі:

Қажетті

бірліктер = дене салмағы [кг] × VIII фактордың қажетті жоғарылауы [% немесе ХБ/дл] × 0,5

саны

Доза және енгізу жиілігі әрдайым әрбір жекелей жағдайда клиникалық тиімділігін ескере отырып, есептеледі.

Келесі қан кетулер жағдайында VIII фактор белсенділігі тиісті кезең ішінде төменде кестеде берілген плазма белсенділігінің көрсетілген деңгейінен төмен болмауы тиіс (қалыпты деңгейдің % немесе ХБ/дл).

Қан кетулерде және хирургиялық іс-тәжірибеде препарат дозасын есептеу кестесі

Қан кету ауырлығы / Хирургиялық емшара типі

VIII фактордың қажетті деңгейі (% немесе ХБ/дл)

Дозаларды енгізу жиілігі (сағаты) / Емдеу ұзақтығы (күндер)

Қан кету

   

Ерте білінетін гемартроз, бұлшықеттен немесе ауыздан қан кету

20-40

Препарат инфузиясын әрбір 12-24 сағат сайын, ең кемінде 1 күн, қан кету тоқтағанға (ауырсыну сезіміне қарай) дейін немесе жазылуы басталғанша қайталау

Ауқымды қан кету, бұлшықеттік қан кету немесе гематома

30-60

Препарат инфузиясын әрбір 12-24 сағат сайын 3-4 немесе одан да көп күн бойына, ауыру синдромы немесе айқын қабілетсіздік жойылғанша қайталау

Өмірге қауіп төндіретін қан кету

60-100

Инфузияны өмірге төнетін қауіп сейілгенше әрбір 8-24 сағат сайын қайталау.

Хирургия

   

Аздап қан кету, тіс жұлуды қоса

30-60

Әрбір 24 сағат сайын, жазылуы басталғанша ең кемінде 1 күн

Алмасу қан кетуі

80-100 (операцияға дейін және кейін)

Инфузияны жара талапқа сай жазылғанша әрбір 8-24 сағат сайын қайталау, содан кейін VIII фактор белсенділігін 30–60% (ХБ/дл) деңгейде сақтау үшін кем дегенде 7 тәулік бойы емдеу

Емдеу курсы кезінде енгізілген дозаны және инфузия жиілігін есептеу үшін VIII фактор деңгейін анықтау керек. Ауқымды хирургиялық араласым кезінде коагуляциялық талдау жәрдемімен орнын басу еміне мониторинг жүргізу (VIII фактордың белсенділігін) міндетті болып табылады. VIII фактормен емдеуге жауапта елеулі жекелей ауытқушылық бар, in vivo жолымен қалпына келудің және жартылай шығарылуының түрлі көрсеткіштеріне қол жеткізіледі.

А гемофилиясының ауыр түрі бар пациенттерде қан кетудің ұзақ мерзімдік профилактикасында әдетте VIII фактор 20-40 ХБ/кг дозада енгізудің 2-3 күн аралығымен қолданылады.

Кейбір жағдайларда, әсіресе жас пациенттерде, айтарлықтай қысқа аралықтар және жоғарырақ дозалары қажет болуы мүмкін.

Қан ұюының VIII факторымен ем қабылдап жүрген барлық пациенттер үшін, VIII факторға антиденелердің (тежегіштердің) түзілуі мүмкін екендігін ескерген жөн. Сәйкесінше клиникалық қадағалаулар мен зертханалық талдаулардың көмегімен, пациенттерде VIII фактор тежегіштерінің өндірілуіне мониторинг жүргізу қажет. Егер препаратты қолдану кезінде VIII фактор белсенділігінің күтілетін деңгейіне қол жеткізуге немесе есептелген дозаны енгізгенде қан кетуді тоқтатуға қол жеткізілмесе, VIII фактор тежегіштерінің бар-жоқтығына талдау жүргізу қажет. Тежегіштердің жоғары мөлшерімен пациенттерде VIII фактормен емдеу тиімсіз болып шығуы мүмкін, және мұндай жағдайларда емнің баламалы тәсілдері қарастырылуы тиіс. Мұндай пациенттерде ем жүргізуді гемофилиясы бар науқастарды емдеу тәжірибесі бар дәрігерлер жүзеге асыруы тиіс («Айрықша нұсқаулар» бөлімін де қараңыз).

Балаларда Гемате® П дозалау режимі жөнінде клиникалық деректер жоқ.

Ерітіндіні дайындау жөніндегі нұсқаулық

Жалпы нұсқаулар:

1. Қалпына келтірілген ерітіндінің түсі мөлдірден сәл бозаңдануға дейін өзгереді. Сүзгеннен кейін және енгізер алдында қалпына келтірілген препаратта бөлшектердің бар-жоқтығын және түсінің өзгерген-өзгермегенін қарап көру керек. Тіпті, егер еріту жөніндегі нұсқаулар дәл орындалса да, кейде ерітіндіде ұсақ үлпектер немесе бөлшектер қалады. Mix2Vial еріткішті қосуға арналған құрылғыға қондырылған сүзгісі осы бөлшектерді толық ұстап қалады. Сүзілу дозаны есептеуге ықпалын тигізбейді. Бұлыңғыр ерітіндіні немесе сүзілгеннен кейін шөгіндісі (ұсақ бөлшектер) болған ерітіндіні қолданбаңыз.

2. Препараттың қалпына келтірілген ерітіндісін және жинақты дайындау асептикалық жағдайларда жүргізіледі.

3. Пайдаланылмаған препарат немесе препарат ерітіндісі, сондай-ақ оның қаптамасын жергілікті талаптарға сай жойған жөн.

Қалпына келтірілген ерітіндіні дайындау

Еріткішті бөлме температурасында дейін жылытыңыз. Ішінде еріткіші және препараты бар құтының қақпағының алынып тасталғанына, тығынның антисептикалық ерітіндімен өңделгеніне және еріткішті қосуға арналған қондырылған Mix2Vial сүзгісі бар* құрылғыны ашқанға дейін кептірілгеніне көз жеткізіңіз.

 

Прикрепленные файлы

331797011477976570_ru.doc 2126 кб
877971141477977726_kz.doc 2176.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники