Гексаспрей

МНН: Биклотимол
Производитель: Лаборатории Бушара-Рекордати
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016811

Инструкция

Саудалық атауы

Гексаспрей

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жергілікті қолдануға арналған 2,5% аэрозоль

Құрамы

30 г препараттың құрамында

белсенді зат - 0,75 г биклотимол

қосымша заттар: бензил спирті, динатрий тұзы ЭДТА, метилпарагидроксибензоат, қалпына келтірілген анис эфир майы, аммоний глицирризинаты, натрий сахарині, AVICEL RC 591 (микрокристалды целлюлоза және натрий карбоксиметилцеллюлоза), соя лецитині, глицерин, 95 % этил спирті, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақтан сарғыш түсті өзіне тән анис иісі бар, бір текті суспензия.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТХ коды R02АА20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Шырышты қабықтар арқылы сіңуі өте баяу жүреді.

Фармакодинамикасы

Микробтарға қарсы (стафилококктарға, стрептококктарға және коринебактерияларға қатысты белсенді), жергілікті жансыздандыратын, қабынуға қарсы және ауырсынуды басатын әсері бар.

Биклотимол әсіресе грамоң бактерияларға қарсы бактериостатикалық және бактерицидті қасиеттерге, сондай-ақ фунгистатикалық белсенділікке ие.

Қолданылуы

Биклотимолға сезімтал қоздырғыштар туындатқан, ауыз қуысының, жұтқыншақ, көмейдің инфекциялық-қабынбалы ауруларында

Мұрынжұтқыншақ және тыныс алу жолдарының инфекциялық және қабынбалы (жедел және созылмалы фарингит, фаринголарингит, тонзиллит, тонзилэктомиядан кейінгі жағдайда, глоссит) ауруларын жергілікті емдеу үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 3 жасқа дейінгі балаларға жергілікті: тамақтануға қарамастан 2 бүркуден күніне 3 рет.

Емдеу курсының ұзақтығы 5 күн.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, еріннің ісінуі, эритема, Квинке ісінуі)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 3 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Ингаляция уақытында құтыны тігінен ұстау керек. Қолданар алдында құтыны шайқаю керек. Егер 5 күннен кейін ауру симптомдары қайтпаған болса, міндетті түрде емді қайта қарастыру керек.

Басқадай жергілікті антисептиктермен бір мезгілде қолданбау керек. Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде, егер ана үшін күтілетін пайда ұрық және балаға деген қауіптен артқан жағдайда ғана қолдануға болады.

Автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сыртынан поливинилхлоридті пластикпен қапталған, бүріккіш клапаны бар пластик қақпақпен тығындалған шыны құтыға (3 типтегі шыны) препарат 30 г салынған. Құтыға заттаңба қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады. Құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Лаборатории БУШАРА-РЕКОРДАТИ

Immeuble Le Wilson,

70 avenue du General de Gaulle – 92800 Puteaux, Франция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Орталық Азиядағы «ФИК Медикаль» (FIC MEDICAL) өкілдігі,

Төле би к-сі 69, 33 кеңсе, 050000, Алматы, Қазақстан,

тел.: +7 (727) 272 93 08, факс: +7 (727) 272 90 25

e-mail: fic_kz@ficmedical.kz, www.ficmedical.ru

 

 

Прикрепленные файлы

128643081477976214_ru.doc 42.5 кб
949449411477977459_kz.doc 45 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники