Гедерин

МНН: Плюща листьев экстракт
Производитель: Фармацевтическая Фабрика ДКП ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Плюща листьев экстракт
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014378
Период регистрации: 07.10.2014 - 07.10.2019

Инструкция

Саудалық атауы

ГЕДЕРИН

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат, 90 мл

Құрамы

1 мл препарат құрамында

белсенді зат: 14% - 4,5 мг С гедеракозид құрамымен шырмауық жапырақтарының құрғақ сығындысы (Hederis folia) [(4-8:1)] (экстрагент – этанол 30 %) бар,

қосымша заттар: кристалданбайтын сорбит ерітіндісі (Е 420), ксантан шайыры, натрий карбоксиметилцеллюлозасы, калий сорбаты, хош иістендіргіш «Қара қарақат 522», тазартылған су.

Сипаттамасы

Дәмі тәтті өзіне тән иісі бар ашық-қоңыр түсті шәрбат тәрізді сұйықтық. Сақтау кезінде бұлыңғырлану және тұнба түсуі мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию мен жөтел симптомдарын жоюға арналған препараттар.

Қақырық түсіретін препараттар. Шырмауық жапырақтарының сығындысы.

АТХ коды R05C A12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакодинамикасы

Өсімдік текті препарат. Шырмауық жапырақтары құрғақ сығындысының биологиялық тұрғыдан негізгі белсенді заттары бронх бездерінің секрециясын күшейтетін, секретолитикалық, қақырық түсіретін, сонымен қатар жалпы нығайтатын және сергітетін қасиеттер көрсететін сапонинді гликозидтер. Құрамында иіткіш заттар, пектиндер, шайырлар, эфир майлары болғандықтан препарат қабынуға қарсы, антисептикалық және жараны жазатын әсер береді.

Фармакокинетикасы

Фармакокинетикалық деректерді зерттеу және биологиялық қолжетімділігі туралы деректер жоқ.

Қолданылуы

Кешенді емде:

- жөтелмен қатар жүретін тыныс жолдарының жедел қабыну ауруларында

- бронхтардың созылмалы қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу

Қолдану тәсілі және дозалары

Әр қолдану алдында құтыны мұқият шайқау керек.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар:

2,5 мл шәрбаттан тәулігіне 3 рет,

6 жастан 10 жасқа дейінгі балалар:

5 мл шәрбаттан тәулігіне 3 рет

Ересектер мен 10 жастан асқан балалар:

Қоса берілген дозалағыш стақанның көмегімен 5,0 - 7,5 мл шәрбаттан тәулігіне 3 рет.

Шәрбатты таңертең, күндіз және кешке қолдану керек.

Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер жекелей анықтайды. Жеңіл жағдайларда емдеу ұзақтығы 7 тәулікке дейінгі мерзімді құрайды. Тұрақты терапиялық әсерге қол жеткізу үшін емделушінің жағдайы жақсарғаннан кейін тағы 2-3 тәулік жалғастыру ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (ентігу, шырышты қабықтың ісінуі, тері бөртпесі, есекжем, қышыну, Квинке ісінуі)

- асқазан-ішек бұзылыстары (жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- шырмауық жапырақтарына немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - фруктозаның жақпаушылығы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 1 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгісіз

Айрықша нұсқаулар

Егер ауру симптомдары ұзақ уақыт (4-5 тәуліктен астам) бойы жоғалмаса немесе ентігу, қызба пайда болса, сонымен қатар іріңді қақырық немесе қан аралас қақырық шыққан жағдайда бірден дәрігерге қаралу қажет.

Сорбит аздаған іш жүргізетін әсер тудыруы мүмкін.

Препарат құрамында алкоголь, қант және бояғыштар жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану

Препаратты жүктілік және бала емізу уақытында қолдану тәжірибесі жоқ. Сондықтан препаратты қолданар алдында дәрігер емделушілердің бұл тобы үшін қауіп/пайда арақатынасын салыстыруы тиіс.

Педиатрияда қолдану

Препарат 1 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.

Көлік құралдарын немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Препаратты үш тәуліктік дозадан асатын көп мөлшерде қабылдау жүрек айнуын, құсуды, диареяны туындатуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

90 мл-ден қақпақпен тығындалған құтыларда немесе банкілерде.

Әрбір құты мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушы ыдысына немесе хром-эрзац макулатуралық картонға арналған картон қорапшаға салынады. Қорапшаға қосымша дозалағыш стақан салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптаманы алғаш ашқаннан кейін препарат 6 ай ішінде жарамды.

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармацевтикалық фабрика» ЕКК» ЖШҚ, Украина

Украина, 10014, Житомир қ-сы, Лермонтовская к-сі, 5.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармацевтикалық фабрика» ЕКК» ЖШҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Палий Владимир Иванович

тел. (0412) 48-10-60

факс. (0412) 48-10-60

e-mail: V.Paliy@vishpha.ua

Прикрепленные файлы

964188931477976700_ru.doc 47.5 кб
204985421477977858_kz.doc 48.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники