Гевискон® (со вкусом клубники)

МНН: Кальция карбонат, Натрия алгинат, Натрия гидрокарбонат
Производитель: Рекитт Бенкизер Хелскэр (Великобритания) Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие противоязвенные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021337
Период регистрации: 22.04.2015 - 22.04.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Гевискон®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шайнайтын таблеткалар, құлпынай дәмімен

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: натрий альгинаты 250 мг,

натрий гидрокарбонаты 133,5 мг,

және кальций карбонаты 80 мг;

қосымша заттар: ксилитол DC, маннитол, макрогол 20 000, құлпынай хош иістендіргіші PHS-048481, аспартам, магний стеараты, темірдің қызыл тотығы (Е172).

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, күңгірт жайпақ беткейлі, ойығы бар, таблетканың бір жағында шеңбер мен семсер және екінші жағында «GS 250» бейнеленген, құлпынай иісті, аздаған теңбілдерімен, түсі қызғылт таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ойық жараға қарсы басқа да препараттар және гастроэзофагеальді рефлюксті емдеуге арналған препараттар.

ATХ коды A02ВХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гевискон® препаратының әсер ету механизмі физикалық үдеріс болып табылады және жүйелік қан ағымына сіңуге байланысты болмайды.

Фармакодинамикасы

Гевискон® ішке қабылдаған кезде асқазанның қышқылды құрамын жылдам сезінеді. Бұл ретте рН мәні бейтарап дерлік альгинат гелі түзіледі. Гель гастро-эзофагеальді рефлюкс туындауына кедергі келтіре отырып, асқазан ішіндегісінің беткейінде қорғаныш қабығын қалыптастырады. Рефлюкстің (регургитацияның) ауыр жағдайларында, басқа асқазан ішіндегісінің алдын ала гель өңешке түседі, ол жерде өңештің шырышты қабығының тітіркенуін азайтады.

Қолданылуы

Гастроэзофагеальді рефлюкс симптомдарын (қышқылды кекірік, қыжыл, жүктілерде болатын диспепсия) емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Жақсылып шайнап, ішке қабылдайды.

Ересектер және 15 жастан асқан балалар: 2 – 4 таблеткадан тамақтанудан кейін және ұйықтар алдында. Егер препаратты 7 күн қабылдағаннан кейін симптомдары сақталып немесе ушығып кеткен болса, дәрігерге қаралу қажет.

Егде жастағы емделушілер: бұл жас тобы үшін дозаны өзгерту қажет етілмейді.

Жағымсыз әсерлері

аллергиялық реакциялар: өте сирек (туындау жиілігі <1/10000) – есекжем, бронх түйілуі, анафилактикалық және анафилактоидтық реакциялар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • фенилкетонурия

  • 15 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат құрамына кіретін кальций карбонаты антацидті белсенділігін байқататын болғандықтан, онда Гевискон® препаратын және басқа препараттарды қабылдаудың арасында (әсіресе бір мезгілде мынадай препараттармен қабылдағанда: Н2 – гистаминді рецепторлар блокаторлары, тетрациклин, дигоксин, фторхинолон, темір тұздары, кетоконазол, нейролептиктер, тироксин, пеницилламин, бета-адреноблокаторлар, глюкокортикостероидтар, хлорохин және дифосфаттар тобының антибиотиктері) кем дегенде екі сағат өтуі тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Төрт таблеткадан тұратын дозада натрийдің мөлшері 246 мг (10,6 ммоль) құрайды. Мұны тұз мөлшері өте шектеулі болатын емдәм сақтау қажеттілігі кезінде, мысалы, кейбір жағдайларда іркілісті жүрек жеткіліксіздігі мен бүйрек функциясының бұзылулары жағдайларында ескерген жөн.

Төрт таблеткадан тұратын әрбір дозаның құрамында 320 мг (3,2 ммоль) кальций карбонаты болады. Гиперкальциемиясы, нефрокальцинозы және құрамында кальций бар бүйрек тастары түзілуінің қайталануы бар емделушілерді емдегенде сақ болу қажет.

Асқазан сөлі қышқылдығының деңгейі өте төмен емделушілерде препараттың тиімділігі төмендеуі мүмкін.

Егер препартты жеті күн қабылдағаннан кейін симптомдары сақталып қалса, емдеуді қайта қарастыру үшін дәрігерге қаралу қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Гевискон® жүктілік және бала емізу кезеңінде қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлікті және механизмдерді басқару қабілетіне, сондай-ақ жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін басқа да қызмет түрлерімен айналысуға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: іштің кебуі байқалуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

8 таблеткадан поливинилхлорид, полиэтилен, поливинилиденхлорид және алюминий фольгадан тұратын үш қабатты үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 ° C-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

Рекитт Бенкизер Хелскэр (Ұлыбритания) Лимитед, Ұлыбритания

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Рекитт Бенкизер Хелскэр (Ұлыбритания) Лимитед, Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Көктем-1 ы/а, үй 15 «А», 302 кеңсе.

Тел.: + 7 (727) 356 07 52; факс: +7 (727) 356 07 50

Электронды поштасы: contact_ru@reckittbenckiser.com

 

Прикрепленные файлы

906007471477976519_ru.doc 51 кб
756035051477977685_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники