Гастритол

Производитель: Др.Густав Кляйн ГмбХ & Ко.КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, способствующие пищеварению (в т.ч. ферментные препараты)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№122012
Период регистрации: 16.02.2016 - 16.02.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Гастритол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған тамшылар

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді заттар:

Қазтабан шөбінің сұйық

сығындысы (1:1.7-2.2) (экстрагент этанол 40 %, к/к) 35.0 мл

Түймедақ гүлдерінің сұйық сығындысы (1:1.7-2.2)

(экстрагент этанол 45 %, к/к) 20.0 мл

Мия тамырының сұйық сығындысы (1:1.7-2.2)

(экстрагент этанол 40 %, к/к) 15.0 мл

Аюбалдырған шөбінің сұйық сығындысы (1:1.7-2.2)

(экстрагент этанол 40 %, к/к) 5.0 мл

Сүйкімді арқал тамырының сұйық сығындысы

(1:1.7-2.2) (экстрагент этанол 40 %, к/к) 5.0 мл

Жусан шөбінің сұйық сығындысы (1:1.7-2.2)

(экстрагент этанол 40 %, к/к) 5.0 мл

қосымша заттар: этанол 96 %, тазартылған су

Сипаттамасы

Қоңыр түсті сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорытуға ықпал ететін препараттар

АТХ коды А09А

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Көрсетілген белсенді ингредиенттердің бекітілген біріктірілімінің фармакокинетикалық қасиеттері туралы деректер жоқ.

Жекелей негізгі ингредиенттердің фармакокинетикалық зерттеулері белсенді заттардың 80 %-ы мия тамырынан бауыр арқылы шығарылады.

Кумариндер мен фуранокумариндер аюбалдырған тамырынан асқазан-ішек жолынан жеңіл сіңіріледі.

Дәріханалық түймедақ гүлдерінде болатын альфа-бисаболол ішкеннен кейін де, теріге жаққаннан кейін де тіндермен резорбцияланады. Ол негізінен несеппен, аздаған көлемі ғана деммен тартылатын және шығарылатын ауа арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Гастритол бірқатар асқазан-ішек жолында жергілікті әсер және асқазанның секреторлық және қозғағыш функцияларына орталықтық әсер көрсететін белсенді заттардан тұрады. Гастритол ас қорыту аппаратының тітіркенген шырышты қабығына қорғағыш үлбір түзеді және бұдан өзге тәбетті қоздырады. Қазтабан асқазан-ішек жолының бұлшықетіне спазмолитикалық әсер көрсетеді. Мия тамырының құрамында глицирризин қышқылы бар, ол күшті қабынуға қарсы әсерге ие және грануляциялық тіннің түзілуін көтермелейді, сонымен қатар асқазан-ішек жолының тонусы мен моторикасын (спазмолитикалық әсер) төмендетеді. Асқазанның шырышты қабығының васкуляризациясын ұлғайтады. Дәріханалық түймедақ қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және қалпына келтіруші әсер етеді. Хамазулен шырышты қабыққа жылдам және терең енеді. Гипофизарлық-бүйрекүсті безі жүйесінің белсенділігін кортикотропиннің және кортизонның босауының күшейтілуіне әкеледі. Қабынуға қарсы және аллергиялық әсер бета-фарнезен мен альфа-бисабололда да бар. Сүйкімді арқал құрамында ащы гликозид кницин бар, ол тура аюбалдырғанның құрамындағы ащы заттар сияқты абдоминальді қан айналысын жақсартады, осылайша ойық жара мен асқазан шырышты қабығының басқа да зақымдануларының жазылуын тездетеді. Ащы жусанның ащы заты каскадты асқазанның тонусын арттырады және гастрокардиальді симптомдарды жақсартады. Асқазан мен он екі елі ішектің ойықжаралы ауруы психосоматикалық ауру болып табылады. Гастритол асқазан-ішек жолындағы жоғары қышқылдылықты төмендетеді, ішек моторикасын жақсартады, ферментативті белсенділігін қалпына келтіреді, қабынуға қарсы, спазмолитикалық және өт айдағыш әсерге ие.

Қолданылуы

- ас қорытудың бұзылуы, асқазанның толуын сезіну, метеоризм және қыжылда

- асқазан-ішек жолындағы жеңіл түйілулерде

- спецификалық емес іш өтуінде ішек функциясын көтермелеу үшін

- тәбетті арттыру үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

1 мл 23 тамшыға сай келеді.

Егер басқа еш нәрсе тағайындалмаса, ересектер мен 12 жастан асқан балаларға Гастритолдың 30 тамшысын күніне 3 рет ішке қабылдау қажет.

Асқыну кезінде 15-25 тамшыдан әр сағат сайын немесе әр жарты сағат сайын қабылдайды. Гастритолды аз мөлшердегі суға ерітеді және тамаққа дейін немесе тамақтан кейін қабылдайды.

Бұл дәрілік затты ұзақ қолдануға болады. Егер симптомдар 4-6 апта бойы сақталса дәрігермен кеңесу керек.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- жекелей жоғары сезімталдық және аллергиялық реакция (мысалы, тері бөртпесі)

Өте сирек

- терісінің өте жоғары жарыққа сезімталдығы бар пациенттерге қарқынды күн сәулеленудің әсерімен дамитын күннен күю типі бойынша тері реакциялары туындауы мүмкін.

Тізбеге қазтабан шөбімен, түймедақ гүлдерімен, мия тамырымен, аюбалдырған тамырымен, сүйкімді арқал шөбімен және жусан шөбімен емдегенде барлық белгілі жағымсыз әсерлер, сонымен қатар жоғары дозалау және ұзақ емдеу кезіндегі жағымсыз құбылыстар кіреді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың әсер етуші заттарына немесе басқа да компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Препарат құрамында этил спирті болғандықтан басқа дәрілік препараттардың әсерлерінің бұзылуы немесе күшеюі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың құрамында спирттің 40 к.% бар, сондықтан алкоголизмі, эпилепсиясы бар пациенттерге, жүктілерге және лактация кезеңінде, бауыр аурулары бар науқастарға қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Гастритол препаратын жүктілік және лактация кезеңінде препаратты бұл кезеңдерде қолданудың қауіпсіздігін растайтын клиникалық деректердің жоқтығына байланысты қолдану ұсынылмайды.

Педиатрияда қолдану

Аталған дәрілік түрі 12 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды. Балаларда қолдану тәжірибесі шектеулі.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді

Артық дозалануы

Қазіргі уақытқа дейін артық дозалау және уыттану жағдайлары белгіленбеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 мл, 50 мл немесе 100 мл препараттан тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған тамшылатқышпен және бұралатын полипропилен қақпақпен жабдықталған күңгірт шыны құтыларда.

1 құты медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Контейнерді алғаш ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі – 3 ай.

Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Др. Густав Кляйн ГмбХ & Ко. КГ

Штайненфельд 3, 77736 Целль ам Хармерсбах, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Др. Густав Кляйн ГмбХ & Ко. КГ

Штайненфельд 3, 77736 Целль ам Хармерсбах, Германия

Эсклюзивті өкілі

Альпен Фарма АГ

Берн, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Альпен Фарма» ЖШС

Алматы қ-сы, Жетісу-2 ы/а, 80 үй, 54 пәтер

Тел./факс + 7 727 2265306

E-mail: info.kazakhstan@alpenpharma.com

Прикрепленные файлы

200117281477976278_ru.doc 66.5 кб
044097091477977462_kz.doc 33.1 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники