Гамалате В6 (раствор для приема внутрь)

Производитель: Феррер Интернасиональ С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие психостимуляторы и ноотропные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019571
Информация о регистрации в РК: 05.04.2018 - 05.04.2023

Инструкция

Саудалық атауы

 Гамалате В6

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған 80 мл ерітінді

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді заттар:

магний глютаматы гидробромиді 2.0 г

γ-амин май қышқылы 2.0 г

γ-амин-β-гидрокси май қышқылы 1.0 г

пиридоксин гидрохлориді 1.0 г

қосымша заттар: лимон қышқылы, натрий сахарині

метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, таңқурай эссенциясы 80374, “күнбатар түстес ”сары бояғыш FCF Е110,

сорбитол 70 %, тазартылған су.

Сипаттамасы

Қызыл сары түсті, өзіне тән дәмі және иісі бар тұтқыр сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Психостимуляторлар және басқа да ноотроптар. АТХ коды N06B X

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гамалате В6 құрамында төрт компонент бар, оның үшеуі физиологиялық өнім болып табылады: γ-амин май қышқылы, γ-амин-β-гидрокси май қышқылы және пиридоксин гидрохлориді (ГАМҚ, ГАБГМҚ және В6 витамині). Бұл жағдайда экзогенді және эндогенді компоненттердің санын анықтау күрделілігінен классикалық фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігі жоқ.

Фармакодинамикасы

Гамалате B6 препаратының әсері оның құрамына кіретін белсенді заттар әсеріне байланысты: ми қызметін сергітетін амин қышқылдары, γ-амин май қышқылы және γ-амин-β-гидрокси май қышқылы (ГАМҚ және ГАБГМҚ), әлсіз седативті зат - магний глютаматы гидробромиді (МГГ) және B6 витаминінің коферменті. Препарат мидың энергетикалық және нейрореттегіш белсенділігінің жоғарылауын туындатады. Препарат миға нейрореттегіш әсер етеді. Амин қышқылдары және B6 витамині ми метаболизміне қатысады және жүйке жасушаларының энергетикалық потенциалын жоғарылатады.

Қолданылуы

Мыналармен байқалатын функционалдық астенияда қосымша дәрілер ретінде тағайындалады:

- эмоционалдық тұрақсыздық - зейін шоғырландыру және жадының бұзылуы - депрессия және астения - бейімделу қабілетінің төмендеуі

Қолдану тәсілі

Ересектер: ішке тәулігіне 10 мл 2 - 3 рет.

Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Бір реттік ең төменгі доза 10 мл.

Бір реттік ең жоғары доза 20 мл.

Бұл дозалар дәрігер тағайындауымен өзгеруі мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

- диспепсиялық бұзылулар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы

- бауырдың ауыр зақымдануы

- жүректің ишемиялық ауруы

- балалық және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сипатталмаған

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқаруда сақтық шараларын сақтау керек.

Артық дозалануы

Препараттың уыттылығы төмендігінен тіпті емдік дозасын кездейсоқ жоғарылатқанда да улану ықтималдығы төмен.

Симптомдары – жағымсыз әсерлерінің күшеюі

Емдеу- симптоматикалық

Шығарылу түрі және қаптамасы

Күңгірт шыныдан жасалған құтыда 80 мл препараттан.

1 құтыдан, өлшеуіш стақанмен бірге медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Феррер Интернасиональ, С.А. Испания

Гран Виа Карлос III, 94, 08028, Барселона.

Тіркеу куәлігінің иесі

Лаборатории Новаг С. А. Испания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына

қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР өкілдігі:

«Медиал Ди энд Пи ЛТД»

050050 Алматы қ.,

Темекі зауыты көшесі, 20,

тел +77272954882/83,

e-mail: medial.office@gmail.com

 

Прикрепленные файлы

075834261477976941_ru.doc 46.5 кб
203431591477978095_kz.doc 46.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники