Галазолин® (гель для носа, 0,05%, Медана Фарма)

МНН: Ксилометазолин
Производитель: Медана Фарма АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Xylometazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014397
Информация о регистрации в РК: 31.10.2014 - 31.10.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Галазолин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ксилометазолин

Дәрілік түрі

Мұрынға арналған гель 0,05 және 0,1

Құрамы

Бір грамм гельдің құрамында

белсенді зат: ксилометазолин гидрохлориді 0.5 мг немесе 1.0 мг

қосымша заттар: натрий гидрофосфаты додекагидраты, натрий дигидрофосфаты моногидраты, натрий хлориді, динатрий эдетаты бензалконий хлориді ерітіндісі, сорбитол, гидроксиэтилцеллюлоза, глицерин, тазартылған су.

Сипаттамасы

Түссіз немесе түссіз дерлік, мөлдір немесе әлсіз бозаңданатын қою сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антиконгестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да мұрын препараттары. Симпатомиметиктер. Ксилометазолин.

ATX коды R01AA07

Фармакологиялық қасиетттері

Фармакокинетикасы

Препараттың әсері қолданудан кейін 5-10 минуттан соң басталады және 5-6 сағат бойы жалғасады, қан тамырларының тарылуы 8-12 сағатқа дейін сақталады. Ұсынылған дозаларда жергілікті қолданғанда препарат іс жүзінде сіңбейді және жүйелік әсері болмайды.

Фармакодинамикасы

Ксилометазолин - симпатикомиметикалық әсері бар имидазол туындылары, тікелей льфа2-рецепторлар агонисі болып табылады. Жергілікті қолданған кезде препарат қан тамырларын тарылтады, мұрынжұтқыншақ шырышты қабығының ісінуі мен гиперемиясын азайтады, соның салдарынан ринит кезінде мұрынмен тыныс алуды жақсартады.

Қолданылуы

Кешенді емнің құрамында:

  • шығу тегі вирустық немесе бактериялық жедел ринитте

  • жедел немесе өршу кезіндегі созылмалы синуситте

  • аллергиялық ринитте

  • ортаңғы жедел отитте (евстахиев түтігі шырышты қабығының ісінуін азайту және оның өткізгіштігін қалпына келтіру үшін).

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты қолданар алдында қорғағыш қондырғыны алу қажет. Жаңа құтыны алғаш қолданар алдында қондырғыны алғаннан кейін препараттың буы пайда болғанға дейін дозалағышты 3-5 рет басу керек.

Мұрынға арналған гель 0,05

1 дозаның құрамында 0.05 мг ксилометазолин гидрохлориді бар.

3-тен 12 жасқа дейінгі балаларға: препараттың бір дозасын әрбір мұрын қуысына әр 8-10 сағат сайын қолдану керек.

Мұрынға арналған гель 0,1

1 дозаның құрамында 0.1 мг ксилометазолин гидрохлориді бар.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: препараттың бір дозасын әрбір мұрын қуысына әр 8-10 сағат сайын қолдану керек.

Препаратты тәулігіне 3 реттен артық қолданбаған жөн.

Дәрігердің кеңесінсіз емдеу 3-5 күннен аспауы керек.

Препаратты 7 күннен артық қолданбау керек.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

  • жиі немесе ұзақ қолданған кезде мұрын шырышты қабығының тітіркенуі немесе құрғауы, мұрын шырышты қабығының атрофиясы, күйдіру, түшкіру, тәуелділік, гиперсекреция, созылмалы ринит болуы мүмкін

- аллергиялық реакциялар (ентігу, Квинке ісінуі)

Өте сирек жүйелік реакциялар

- жүрек айну, бас ауыру, әлсіздік, қажу, ұйқышылдық

- көрудің бұзылуы

- тахикардия, артериялық қысымның көтерілуі (әсіресе жүрек-тамыр жүйесінің аурулары бар адамдарда)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • жабықбұрышты глаукома

  • 3 жасқа дейінгі балаларға (0,.05 гель үшін)

  • 12 жасқа дейінгі балаларға (0.1 гель үшін)

  • гипофизэктомиядан кейінгі жағдай

  • мидың ми қабықтарына жасалған хирургиялық араласулар (сыртартқыда)

  • атрофиялық ринит

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілік препарат жүйелі қан ағымына ең аз мөлшерде түсетіндіктен, оның басқа қолданылатын дәрілермен өзара әрекеттесу мүмкіндігі аз.

МАО тежегіштерімен және үшциклді антидепрессанттармен үйлеспейді (АҚ көтерілуі байқалады).

Айрықша нұсқаулар

Құтыдағы гель әр адамға жеке қолдануға арналған; жұқпалар таралу мүмкіндігін болдырмас үшін оны басқа адамдарға пайдалануға беруге болмайды.

Препаратты созылмалы немесе вазомоторлы ринит кезінде ұзақ уақыт бойы қолданбаған жөн.

Гипертиреоз, қант диабеті, артериялық гипертензия, стенокардия, қуықасты безінің гипертрофиясы, феохромоцитомаға шалдыққан пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Препаратты МАО тежегіштерімен және үшциклді антидепрессивті дәрілермен бір мезгілде қолданбаған жөн.

Препаратты ұзақ (2 аптадан астам) қолдану қан тамырларының салдарлы кеңеюіне және rhinitis medicamentosa туындауына әкелуі мүмкін. Бұл аурудың себебі пресинапстық альфа2-рецепторларды қоздыру арқылы жүйке ұштарынан норадреналин босап шығуын тежеу болып табылады.

Жүктілік және лактация

Жүктілік кезінде, егер ана үшін пайдасы ұрыққа төнетін қауіптен асып түскен жағдайда ғана, препаратты қолдануға болады. Ксилометазолиннің бала емізетін ана сүтімен бірге бөлініп шығуына қатысты деректер жоқ. Алайда, лактация кезеңінде препаратты қолданғанда сақтық танытқан жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын басқару қабілетіне және қозғалатын механизмдермен жұмысқа әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозаланған жағдайда немесе препаратты, әсіресе балалар, кездейсоқ ішіп қойған жағдайда шектен тыс мәңгіру, көрудің бұзылысы, бас ауыруы, күйгелектік, жүрек ырғағының бұзылуы, ұйқысыздық байқалуы мүмкін.

Препараттың артық дозалануы жағдайында дәрігермен хабарласу қажет. Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 г-ден сорғы-дозаторы бар полиэтилен құтыда. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15-тен 25оС-ге дейінгі температурада. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Бірінші қаптамасы ашылғаннан кейінгі сақтау мерзімі 12 апта. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Медана Фарма АҚ,

В. Локетка к-сі 10, 98-200 Серадз, Польша

Тіркеу куәлігінің иесі

Варшава фармацевтикалық зауыты «Польфа» АҚ,

Карольков к-сі 22/24, 01-207 Варшава, Польша

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81,

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы infomed@santo.kz

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

954817031477976633_ru.doc 88 кб
302184441477977780_kz.doc 79 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники