Галавит® таблетки (25 мг)

МНН: Аминодигидрофталазиндион натрия
Производитель: ООО "Сэлвим"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Иммуноcтимуляторы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021265
Информация о регистрации в РК: 20.10.2020 - 20.10.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Галавит®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тіл астына салатын таблеткалар 25 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - Галавит® 0,025 г,

қосымша заттар: сорбитол, крахмал, лактоза, кальций стеараты, тальк және рацементол (ментол)

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, ментол иісі бар, сарғыштау реңді ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Иммуномодуляторлар

АТХ коды L03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Галавит® жылдам сіңеді, ағзаларға, тіндер мен биологиялық сұйықтықтарға енеді. Тіл астына салып енгізгеннен кейін ең жоғары концентрациясына 24 мин өткен соң жетеді. Плазма ақуыздарымен байланысуы – 6 %. Препараттың ең жоғары концентрациясы бүйректе, ең төменгісі бұлшықеттер мен ми тіндерінде болады. Галавит® препаратының тіл астына салғанда абсолютті биожетімділігі 60 %. Препарат гематоэнцефалды және плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Организмнен негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Тіл астына салып қолданғанда препараттың жартылай шығарылу кезеңі 30 минутты құрайды.

Фармакодинамикасы

Галавит® иммунтапшылығы жағдайының кешенді емінде иммуномодуляциялаушы және қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданылады. Препараттың әсер ету механизмі оның фагоцитарлық жасушалардың (моноциттер/макрофагтар, нейтрофилдер, табиғи киллерлер) функционалдық-метаболизмдік белсенділігіне әсер ету қабілетімен байланысты. Сонымен қатар, Галавит® антидене түзілуін қалыпқа түсіреді, жанама түрде эндогенді интерферондар өндірілуін көтермелейді (ИФН-α, ИФН-γ).

Қабыну ауруларында препарат асқын белсендірілген макрофагтармен α-ісіктер, интерлейкин-1, интерлейкин-6 некроз факторының және басқа да қабынуға қарсы цитокиндер, оттегінің белсенді түрлерінің шамадан артық синтезін 6-8 сағатқа қайтымды тежейді, деңгейлері қабыну реакциялар дәрежесін, олардың циклдігін, сондай-ақ уыттану айқындылығы мен оксидантты стресс деңгейін анықтайды. Макрофагтардың функционалдық жағдайын қалыпқа түсіру макрофагтардың антиген көріністеу және реттеу функциясын қайта қалпына келтіреді, аутоагрессия деңгейін төмендетеді. Фагоцитозды күшейте және организмнің жұқпалы ауруларға спецификалық емес төзімділігін жоғарылата отырып, нейтрофилді гранулоциттердің бактерицидтік белсенділігін көтермелейді. Негізгі фармакологиялық әсерлері (иммуномодуляциялаушы және қабынуға қарсы) 72 сағат ішінде байқалады.

Қолданылуы

Ересектер және 12 жастан асқан балаларда

- ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерде кіші жамбас мүшелерінің іріңді-қабыну ауруларында;

- ауыз қуысы және тамақ шырышты қабығының қабыну ауруларында, пародонта ауруларында;

- шығу тегі бактериялық және вирусты тыныс алу жолдары мен ЛОР-мүшелерінің жиі қайталанатын ауруларында (жиі ЖРВЖ, бронхит, пневмония, созылмалы тонзиллит, созылмалы отит, созылмалы аденоидит) және олардың алдын алуда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 12 жастан асқан балаларға

Тіл астына 1 таблеткадан күніне 4 рет күн сайын немесе 2 таблеткадан күніне 2 ретке дейін, аурудың диагнозы мен ауырлығына байланысты.

- Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерде кіші жамбас мүшелерінің іріңді-қабыну ауруларында 2 таблеткадан күніне 2 рет, әр 48 сағат сайын 3 апта бойы.

- Ауыз қуысы және тамақ шырышты қабығының қабыну ауруларында, пародонта ауруларында: бастапқы доза 1 таблетка күніне 4 рет 5 күн бойы, содан соң 1 таблеткадан күніне 4 рет әр 72 сағат сайын. Курсы 3 аптаға дейін.

- Шығу тегі бактериялық және вирусты тыныс алу жолдары мен ЛОР-мүшелерінің жиі қайталанатын ауруларында (жиі ЖРВЖ, бронхит, пневмония, созылмалы тонзиллит, созылмалы отит, созылмалы аденоидит): күніне 4 рет 1 таблеткадан 5 күн бойы, содан соң 7 күн 1 таблеткадан күніне 4 рет әр 48 сағат сайын қолдану керек. Курсы 3 аптаға дейін.

- Жедел респираторлық жұқпалар мен тұмаудың алдын алу үшін 1 таблеткадан күніне 2 рет. Курсы 5-10 күн.

Егде жастағы емделушілер үшін дозалар түзетілмейді.

Жағымсыз әсерлері

Сирек (0.01 % бастап 0.1 % дейін)

- тері мен тері асты тіндері тарапынан аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, қышыну, есекжем

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жекелей жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы

- 12 жасқа дейінгі балаларға.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолданғанда антибиотиктердің курстық дозалары төмендетілуі мүмкін. Басқа дәрілік препараттармен үйлесімсіздік жағдайлары байқалмаған.

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға тағайындамайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүкті әйелдерге, емшекпен қоректендіру кезеңіндегі әйелдерге тағайындамайды

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Галавит® препаратының артық дозалану жағдайлары туралы деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 1, 2, 3 немесе 4 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Сэлвим» ЖШҚ,

Ресей Федерациясы, 308013, Белгород қ., Рабочая к-сі, 14 үй.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Сэлвим» ЖШҚ,

Ресей Федерациясы, 123290, Мәскеу қ., 1-ші Магистральді тұйық көше, 5А үй, 91 бөлме.

Тел/факс (495) 269-03-43, 269-03-44.

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«АЛДИМЕД» ЖШС, 050051, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 1 үй. Тел/факс (727) 263-27-34.

 

Прикрепленные файлы

943183361477976508_ru.doc 49.5 кб
543770581477977667_kz.doc 56 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники