Галавит® Суппозитории ректальные (100 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Галавит®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ректальді суппозиторийлер 100 мг
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат - Галавит® 100 мг,
қосымша заттар: витепсол W-35 (майлы қышқылдар глицеридтері), витепсол H-15 (майлы қышқылдар глицеридтері)
Сипаттамасы
Торпеда пішінді, ұзына бойғы кесіндісінде теңбілдері көрінбейтін, ақтан сарғыш реңді ақ түске дейінгі суппозиторийлер.
Фармакотерапиялық тобы
Иммуномодуляторлар
АТХ коды L03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Галавит® жылдам сіңеді, ағзаларға, тіндер мен биологиялық сұйықтықтарға енеді. Ректальді енгізгеннен кейін қан плазмасында ең жоғары концентрациясына 23 мин өткен соң жетеді. Плазма ақуыздарымен байланысуы – 6 %. Препараттың ең жоғары концентрациясы бүйректе, ең төменгісі бұлшықеттер мен ми тіндерінде болады. Галавит® препаратының ректальді енгізгенде абсолютті биожетімділігі 61%. Препарат гематоэнцефалды және плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Организмнен негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Ректальді енгізгеннен кейін препараттың жартылай шығарылу кезеңі 40-60 минутты құрайды.
Фармакодинамикасы
Галавит® иммунтапшылығы жағдайының кешенді емінде иммуномодуляциялаушы және қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданылады. Препараттың әсер ету механизмі оның фагоцитарлық жасушалардың (моноциттер/макрофагтар, нейтрофилдер, табиғи киллерлер) функционалдық-метаболизмдік белсенділігіне әсер ету қабілетімен байланысты. Сонымен қатар, Галавит® антидене түзілуін қалыпқа түсіреді, жанама түрде эндогенді интерферондар өндірілуін көтермелейді (ИФН-α, ИФН-γ).
Қабыну ауруларында препарат асқын белсендірілген макрофагтармен α-ісіктер, интерлейкин-1, интерлейкин-6 некроз факторының және басқа да қабынуға қарсы цитокиндер, оттегінің белсенді түрлерінің шамадан артық синтезін 6-8 сағатқа қайтымды тежейді, деңгейлері қабыну реакциялар дәрежесін, олардың циклдігін, сондай-ақ уыттану айқындылығы мен оксидантты стресс деңгейін анықтайды. Макрофагтардың функционалдық жағдайын қалыпқа түсіру макрофагтардың антиген көріністеу және реттеу функциясын қайта қалпына келтіреді, аутоагрессия деңгейін төмендетеді. Фагоцитозды күшейте және организмнің жұқпалы ауруларға спецификалық емес төзімділігін жоғарылата отырып, нейтрофилді гранулоциттердің бактерицидтік белсенділігін көтермелейді. Негізгі фармакологиялық әсерлері (иммуномодуляциялаушы және қабынуға қарсы) 72 сағат ішінде байқалады.
Қолданылуы
Ересектер және 12 жастан асқан балаларға кешенді ем құрамында
- 1 және 2 типті герпес вирусы туындатқан созылмалы қайталанатын ауруларда
- адам папилломасы вирусы туындатқан ауруларда
- урогенитальді жұқпалы-қабыну ауруларында (шығу тегі хламидиялық және трихомонадтық уретрит, хламидиялық простатит, жедел және созылмалы сальпингоофорит, эндометрит)
- кіші жамбас мүшелерінің іріңді-қабыну ауруларында
- жатыр миомасы бар науқастарды операциядан кейін оңалтуда
- ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердегі операциядан кейінгі асқынуда
- операциялардан кейінгі іріңді-септикалық асқынуларда және олардың алдын алуда (оның ішінде, онкологиялық науқастарда)
- созылмалы қайталанатын фурункулезде, тілмеде
- астениялық жағдайларда, невроздық және соматоформалы бұзылыстарда, дене жұмыс қабілетінің төмендеуінде (оның ішінде, спортшыларда) алкогольдік және есірткіге тәуелділік кезінде психикалық, мінез-құлық және постабстинентті бұзылыстарда
- тұмау және жедел респираторлық жұқпалардың спецификалық емес алдын алуда және емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер және 12 жастан асқан балаларға.
Ректальді. Суппозиторийді пішінді қаптамадан босатады, содан соң тік ішекке енгізеді. Алдын ала ішекті босату ұсынылады.
Препараттың дозасы мен қолдану ұзақтығы аурудың сипатына, ауырлығы мен ұзақтығына байланысты болады.
- 1 және 2 типті герпес вирусы туындатқан созылмалы қайталанатын ауруларда 5 күн 1 суппозиторийден күніне 1 рет, содан соң күнара
1 суппозиторийден. Емдеу ұзақтығы 5 аптаға дейін.
- Адам папилломасы вирусы туындатқан ауруларда: 5 күн 1 суппозиторийден күніне 1 рет, содан соң күнара 1 суппозиторийден. Курс ұзақтығы 5 аптаға дейін.
- Урогенитальді ауруларда - шығу тегі хламидиялық және трихомонадтық уретрит, хламидиялық простатитте: 1 күнде 1 суппозиторийден екі рет, содан соң 1 суппозиторийден күнара. Курсы 4 аптаға дейін (патологиялық үдерістің ауырлығына байланысты).
Жедел кезеңдегі сальпингоофоритте, эндометритте: 2 күн 2 суппозиторийден бір рет (бірінен кейін бірін ретімен енгізу керек), содан соң біреуден 72 сағат аралықпен. Созылмалы кезеңде: 5 күн 1 суппозиторийден күніне 1 рет, содан соң біреуден әр 72 сағат сайын. Емдеу курсы 7 аптаға дейін
- Кіші жамбас мүшелерінің іріңді-қабыну ауруларында – жедел кезеңде: 1-ші күні 2 суппозиторийден бір рет (бірінен кейін бірін ретімен), содан соң келесі 3 күнде бір суппозиторийден күнделікті, содан соң біреуден күнара - 5 күн. Курс – 2 аптаға дейін. Созылмалы кезеңде: 5 күн 1 суппозиторийден күніне 1 рет, содан соң біреуден әр 72 сағат сайын. Курсы 7 аптаға дейін.
- Жатыр миомасы бар науқастарды операциядан кейін оңалту үшін және ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердегі операциядан кейінгі асқынуда: 5 күн 1 суппозиторийден күніне 1 рет, содан соң біреуден - күнара. Курсы – 4 аптаға дейін.
- Хирургиялық асқынулардың операцияға дейінгі және кейінгі кезеңде алдын алу және емдеу үшін (оның ішінде, онкологиялық науқастарда): 1 суппозиторийден күніне 1 рет - 5 суппозиторийден операцияға дейін, 5 – операциядан кейін біреуден күнара және 5 суппозиторийден - 72 сағат аралықпен тағайындайды. Аурудың ауыр ағымы кезінде бастапқы доза 2 суппозиторий бір рет немесе біреуден күніне 2 рет. Курс – 4 аптаға дейін.
- Созылмалы қайталанатын фурункулезде, тілмеде: 5 күн бір суппозиторийден күніне 1 рет, содан соң біреуден - күнара. Курсы 5 аптаға дейін.
- Астениялық жағдайларда, невроздық және соматоформалы бұзылыстарда, алкогольдік және есірткіге тәуелділігі бар емделушілерде психикалық, мінез-құлық және постабстинентті бұзылыстарда: 5 күн бір суппозиторийден күн сайын, содан соң біреуден - 72 сағаттан кейін. Курсы 7 аптаға дейін. Дененің жұмыс қабілетін жоғарылату үшін: 1 суппозиторийден күнара – 5 суппозиторий, содан соң біреуден - 72 сағаттан кейін, курс - 8 аптаға дейін.
- Тұмау және жедел респираторлық жұқпалардың спецификалық емес алдын алуда және емдеу үшін бір суппозиторийден күніне 1 рет. Курсы 5 күн.
Егде жастағы емделушілер үшін дозалар түзетілмейді.
Жағымсыз әсерлері
Сирек (0.01 % бастап 0.1 % дейін)
- тері мен тері асты тіндері тарапынан аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, қышыну, есекжем
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа жекелей жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балаларға.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бір мезгілде қолданғанда антибиотиктердің курстық дозалары төмендетілуі мүмкін. Басқа дәрілік препараттармен үйлесімсіздік жағдайлары байқалмаған.
Айрықша нұсқаулар
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға тағайындамайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүкті әйелдерге, емшекпен қоректендіру кезеңіндегі әйелдерге тағайындамайды
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Галавит® препаратының артық дозалану жағдайлары туралы деректер жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 суппозиторийден поливинилхлоридті үлбірден пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 1 немесе 2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Сэлвим» ЖШҚ,
Ресей Федерациясы, 308013, Белгород қ., Рабочая к-сі, 14 үй.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Сэлвим» ЖШҚ,
Ресей Федерациясы, 123290, Мәскеу қ., 1-ші Магистральді тұйық көше, 5А үй, 91 бөлме.
Тел/факс (495) 269-03-43, 269-03-44.
ҚР аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«АЛДИМЕД» ЖШС, 050051, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 1 үй. Тел/факс (727) 263-27-34.