Вотриент (400 мг)

МНН: Пазопаниб
Производитель: Глаксо Оперэйшенс Великобритания Лимитед. Глаксо Веллком Оперэйшенс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Пазопаниб (Pazopanib)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017862
Период регистрации: 30.05.2016 - 30.05.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 20 052.29 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Вотриент

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пазопаниб

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 200 мг және 400 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 216,70 мг немесе 433,40 мг пазопаниб гидрохлориді (200 мг және 400 мг пазопанибке баламалы),

қосымша заттар: 200 мг 400 мг

микрокристалды целлюлоза 64,10 мг 128,10 мг

повидон К30 16,00 мг 32,00 мг

натрий крахмалының гликоляты 21,20 мг 42,40 мг

магний стеараты 2,10 мг 4,20 мг

қабықтың құрамы:

Опадрай® қызғылт YS-1-14762-А 9,60 мг

титанның қостотығы (Е171) 2,98 мг

гипромеллоза 5,66 мг

макрогол/полиэтиленгликоль (ПЭГ) 400 0,77 мг

полисорбат 80 0,10 мг

темірдің қызыл тотығы (E172) 0,09 мг

Опадрай® ақYS-1-7706-G 19,20 мг

титанның қостотығы (Е171) 6,00 мг

гипромеллоза 11,47 мг

макрогол/ПЭГ 400 1,54 мг

полисорбат 80 0,19 мг

Сипаттамасы

200 мг таблеткалар: Қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде «GS JT» өрнегі бар және басқа жақ беті тегіс, капсула пішінді таблеткалар.

400 мг таблеткалар: Ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде «GS UHL» өрнегі бар және басқа жақ беті тегіс, капсула пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Протеинкиназа тежегіштері. Пазопаниб.

АТХ коды L01XE11

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Пазопаниб, ішке қабылданғаннан кейін, орта есеппен 2 - 4 сағаттан соң ең жоғары концентрацияға (Сmах) жетіп, сіңеді. Күн сайын қабылдау «концентрация-уақыт» фармакокинетикалық қисығы астындағы ауданның (AUC) 1.23-4 есе артуына әкеледі. Күн сайын 800 мг пазопанибті қабылдаған кезде AUC және Сmах мәні, сәйкесінше, 650±500 сағ.*мкг/мл және 19±13 мкг/мл құрайды және бұған орта есеппен 3.5 сағаттан соң жетеді. AUC және Сmах елеулі артуы пазопаниб дозасын 800 мг-ден астамға арттырған кезде байқалған жоқ.

Тамақпен бірге қабылдаған кезде пазопанибтің жүйелік экспозициясы артады. Пазопанибті құрамында майы жоғары және төмен болатын тамақпен бірге қабылдаған кезде AUC және Сmах мәні шамамен 2 есе артады. Осыған байланысты, пазопанибті тамақ ішуден, ең кемінде, 1 сағат бұрын немесе тамақтанғаннан кейін 2 сағаттан соң қабылдаған жөн.

400 мг пазопанибтің ұсақталған түрін тағайындау AUC мәнінің 46%-ға және Сmах – екі есе артуына әкеледі және жартылай шығарылу кезеңін бүтін таблетканы қабылдаумен салыстырғанда екі есе төмендетеді. Препараттың әсерінің күшеюіне жол бермеу үшін пазопаниб таблеткасын ұсақтамаған жөн.

Таралуы

Пазопанибтің қан плазмасы ақуыздарымен in vivo байланысуы 10-100 мкг/мл диапазонындағы концентрацияларға тәуелділіктен тыс 99%-дан астамды құрайды.

Іn vitro деректер пазопаниб сүт безі обыры резистенттілігінің (BCRP) ақуызы мен Р-гликопротеин (P-gp) үшін субстрат болып табылады деп болжам жасауға мүмкіндік береді.

Метаболизмі

Іn vitro зерттеулер пазопаниб метаболизмі көбіне CYP3A4 изоферменті, сондай-ақ аздаған дәрежеде CYP1A2 және CYP2C8 изоферменттері арқылы жүзеге асатындығын көрсетті.

Шығарылуы

Пазопаниб ұсынылған 800 мг дозада қабылданғаннан кейін жартылай шығарылу кезеңінің орташа мәні деп есептелетін 30,9 сағат ішінде баяу шығарылады. Шығарылуы, негізінен, ішек арқылы жүзеге асады, мұндайда қабылданған дозаның тек 4%-дан азы ғана бүйректер арқылы шығарылады.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Креатинин клиренсі минутына ≥30 мл болатын пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Фармакокинетикасы жөніндегі деректер бауыр функциясының жеңіл дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттерде пазопаниб дозасын түзетудің қажеті жоқ екендігін көрсетеді, өйткені AUC және Сmах көрсеткіштері бауыр функциясы қалыпты пациенттердегі көрсеткіштерге ұқсас.

Бауыр функциясының орташа дәрежелі жеткіліксіздігінде пазопанибтің клиренсі, бауыр функциясының жеткіліксіздігіне шалдықпаған пациенттермен салыстырғанда, шамамен 50%-ға төмендейді. Бауыр функциясының ауырлығы орташа дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін пазопанибтің ең жоғары дозасы тәулігіне 200 мг құрайды.

Бауыр функциясының ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттерге пазопаниб қолданылмайды.

Пазопаниб бауыр функциясының жедел бұзылуы бар пациенттерге ұсынылмайды (АЛТ деңгейіне қарамай-ақ жалпы билирубин деңгейінің үш еседен астам болатыны анықталды).

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Пазопаниб көптеген нысана-рецепторларға ықпал ететін белсенді, ішке қабылдауға арналған тирозинкиназа тежегіші болып табылады.

Пазопаниб көптеген тирозинкиназалардың, соның ішінде эндотелий өсу факторы-1,2,3 рецепторының (VEGFR-1, VEGFR-2, VEGFR-3), альфа және бета тромбоциттердің (PDGFR-α және PDGFR-β) өсу факторының рецепторының, мәндері сәйкесінше IC50 10, 30, 47, 71, 84 және 74 нмоль болатын (с-Kit) жасушалық өсу факторының тежегіші болып табылады. In vitro пазопаниб лигандпен индукцияланатын VEGFR-2, с-Kit және PDGFR-β рецепторларының автофосфорлануын тежейді. In vivo пазопаниб VEGF-индукцияланатын VEGFR-2 фосфорлануды, ангиогенезді және адамдағы кейбір ісік ксенотрансплантаттарының өсуін тежейді.

Қолданылуы

- жайылған бүйрек-жасушалық обыры бар ересек пациенттерді емдеу үшін бірінші желілі препарат ретінде және аурудың өршуіне байланысты алдын ала цитокиндік ем қабылдаған пациенттерді емдеуге

- жұмсақ тіндердің жайылған саркомасының белгілі түрі бар, (нео) адъювантты емді бастағаннан кейін 12 ай бойы аурудың өршігені байқалған ересек пациенттерді немесе жұмсақ тіндердің метастаздық саркомасына байланысты алдын ала стандартты химиялық ем қабылдаған ересек пациенттерді емдеуге.

Тиімділігі және қауіпсіздігі жұмсақ тіндер саркомасының жекелеген гистологиялық түр тармақтарында ғана анықталды.

Қолдану тәсілі және дозалары

Вотриентпен емдеу ісікке қарсы препараттарды қолдану тәжірибесі бар дәрігермен тағайындалуы тиіс.

Ересектер

Бүйрек-жасушалық обырды немесе жұмсақ тіндердің саркомасын емдеу үшін Вотриент препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет ішке 800 мг құрайды. Вотриентті тамақ ішуден бір сағат бұрын немесе тамақтанудан кейін екі сағаттан соң қабылдаған жөн. Таблетканы, олардың тұтастығын бұзбай, бүтіндей жұтқан жөн (сындырмау, шайнамау керек). Қабылдауды ұмытып өткізіп алған дозалардың орнын, егер кезекті дозаны қабылдауға дейінгі уақыт 12 сағатқа жетпесе, толтыру керек емес.

Дозаны таңдау

Жекелей жағымдылығына байланысты препараттың тәуліктік дозасы 200 мг қадаммен азайтылуы немесе арттырылуы мүмкін, мұндайда ең жоғары тәуліктік доза 800 мг-ден аспауы тиіс.

Пациенттердің ерекше топтары Балалар

Препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.

Егде жастағы пациенттер

65 жастан асқан пациенттерде дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Пазопанибтің және оның метаболиттерінің бүйрек арқылы шығарылу дәрежесінің төмендігін ескерсек, бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің пазопанибтің фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан маңызды ықпал ету ықтималдығы аз, сондықтан дозалау режимін түзету қажет емес.

Вотриент препаратын бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге немесе перитонеальді диализдегі немесе гемодиализдегі пациенттерге қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан Вотриентті мұндай пациенттерге қолдану ұсынылмайды.

Креатинин клиренсі минутына ≥30 мл пациенттерде дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге дозаны таңдау жөнінде нұсқаулар бауыр функциясының жеткіліксіздігі әртүрлі дәрежеде болатын пациенттерге жүргізілген пазопаниб фармакокинетикасының зерттеулеріне негізделген. Бауыр функциясынің жеңіл немесе орташа дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттерде Вотриентті сақтықпен тағайындаған және препараттың жағымдылығына мұқият мониторинг жүргізген жөн. Бауыр функциясының жеңіл дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттерге, билирубин көрсеткіштері қалыпты болғанда және АЛТ жоғарылауы әртүрлі деңгейлерде болғанда, немесе билирубинді АЛТ деңгейін нормадан тыс (>35% тікелей билирубин) 1.5 есеге дейін арттырғанда 800 мг Вотриент қабылдау ұсынылады. Тәуліктік дозаны 200 мг-ге дейін төмендету бауыр функциясының орташа дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұсынылады (билирубин көрсеткіші АЛТ деңгейіне қарамай-ақ нормадан 1.5 -3 есе жоғары).

Вотриентті бауыр функциясының ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттерге қабылдау ұсынылмайды (жалпы билирубин қалыпты көрсеткіштен 3 есе жоғары болады).

Жағымсыз әсерлері

Препараттың қауіпсіздігін зерттеудің қысқаша нәтижелері

Пазопанибтің қауіпсіздігіне жайылған бүйрек-жасушалық обыры (БЖО) бар 1149 пациенте, және жұмсақ тін саркомасы (ЖТС) бар 382 пациентте баға берілді.

БЖО немесе ЖТС зерттеулерінде келесі өте маңызды ауыр жағымсыз реакциялар байқалды: транзиторлы ишемиялық шабуыл, ишемиялық инсульт, миокардиальді ишемия, миокард инфарктісі және церебральді инфаркт, жүрек дисфункциясы, АІЖ тесілуі және жыланкөздердің пайда болуы, QT аралығының ұзаруы, өкпелік қан кетулер, асқазан-ішек жолынан қан кетулер және миішілік қан кету. Жағымсыз реакцияларды бастан кешкен <1% пациент тіркелді. ЖТС зерттеулерінде анықталған басқа да маңызды ауыр жағымсыз реакциялар көктамырлық тромбоэмболиялық асқынуларды, сол жақ қарынша дисфункциясын және пневмотораксті қамтыды.

Пазопанибті қолданумен байланысты болуы мүмкін өліммен аяқталудың қарастырылған жағдайлары асқазан-ішектік қан кетуді, өкпелік қан кетуді/қан түкіруді, бауыр функциясының бұзылуын, ішектің тесілуін және ишемиялық инсультті қамтыды.

Кез келген дәрежедегі келесі өте кең таралған жағымсыз БЖО және ЖТС зерттеулері барысында реакциялар, ең кемінде, пациенттердің 10%-да анықталды: диарея, шаш түсінің өзгеруі, тері гипопигментациясы, эксфолиативті бөртпе, артериялық гипертензия, жүректің айнуы, бас ауыру, шаршау, тәбеттің болмауы, құсу, дисгевзия, стоматит, салмақтың төмендеуі, ауыру, аланинаминотрансфераза және аспартатамино-трансфераза деңгейінің жоғарылауы.

Жағымсыз құбылыстар кездесу жиілігіне байланысты берілген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және <1/10), жиі емес (≥1/1 000 және <1/100), сирек (≥1/10 000 және <1/1 000), өте сирек (<1/10 000, жекелеген жағдайларды қоса). Жиілік категориялары препаратты қабылдаған кездегі клиникалық зерттеулерге, постмаркетингтік бақылауға және кездейсоқ мәлімдемелерге негізделіп жасалды.

Бүйрек-жасушалық обыры бар пациенттер

Өте жиі

- тәбеттің төмендеуі, дәмнің бұзылуы

- бас ауыруы

- артериялық қысымның жоғарылауы

- жүректің айнуы, құсу, диарея, іш тұсының ауыруы

- шаш түсінің өзгеруі

- шаштың түсуі

- қажығыштық

- тері бөртпелері

- пальмарлы-плантарлы эритродизестезия (алақан-табан синдромы)

- іштің кебуі

- протенинурия

- аланинаминотрасфераза (АЛТ), аспартатаминотрансфераза (ACT) белсенділігінің жоғарылауы, гиперальбуминемия

Жиі

- тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения, лимфоцитопения

- гипотиреоз

- бас ауыру, бас айналу

- артериялық қысымның жоғарылауы

- ұйқысыздық

- әлсіздік, парестезиялар

- шеткергі сенсорлы нейропатия

- көздің анық көрмеуі

- қан кернеулер, гиперемия

- көктамырлық тромбоздық асқынулар

- мұрыннан қан кету

- дисфония, ауыз ішінің құрғауы

- стоматит, соның ішінде ойық жаралы стоматит

- диспепсия, метеоризм, бауыр функциясының бұзылуы

- бөртпе, алопеция

- тері жабындары тұтастығының бұзылуы, эритема, қышыну, тері жабындары құрғақтығының жоғарылауы, гипергидроз

- миалгия, бұлшықет түйілулері

- астения

- шырышты қабықтардың қабынуы

- ісінулер

- кеуде қуысының ауыруы

- ентігу

- қан түкіру

- дене салмағының төмендеуі

- гипофосфатемия

- сусыздану

- қан плазмасында креатинин деңгейінің жоғарылауы

- гипербилирубинемия

- липаза белсенділігінің жоғарылауы

- қан сарысуында амилазаның жоғарылауы

- қалқанша без қызметін стимуляциялайтын гормондар белсенділігінің жоғарылауы

- гамма-глутамилтрансфераза белсенділігінің жоғарылауы

- бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы

- қан сарысуында лейкоциттер санының төмендеуі

Жиі емес

- инфекциялық аурулар (нейтропениямен немесе онсыз)

- қанда магний концентрациясының төмендеуі

- гипоастения

- гипестезия

- ұйқышылдық

- транзиторлы ишемиялық шабуыл (ми қан айналымының өткінші бұзылуы)

- ми қан айналымының жедел бұзылуы

- ишемиялық инсульт

- торқабықтың ажырауы, торқабықтың жыртылуы

- брадикардия, жүрек функциясының бұзылуы, миокард инфарктісі, ишемия, QT аралығының ұзаруы

- гипертониялық криз

- кірпік түсінің өзгеруі

- қан кетулер

- ринорея

- пневмоторакс

- өкпе эмболиясы, өкпеден қан кету

- ауыз қуысының ойық жарасы, қызылиектің инфекциялық зақымданулары

- панкреатит

- аш ішектің жиырылуының артуы

- ауыздан қан кетулер, эзофагальді қан кету, асқазан-ішектік қан кету, құрсақішілік қан кету, ректальді қан кету

- асқазан-ішек жолының тесілуі, асқазан-ішек жыланкөздерінің түзілуі, ішперде сыртының жыланкөзі

- мелена

- ішектің жиі босауы

- перитонит

- уытты гепатит, сарғаю, бауыр функциясының жеткіліксіздігі, гепатит

- меноррагия, метроррагия, вагинальді қан кетулер

- фотосезімталдық, везикулярлы бөртпе, папулезді бөртпе, макулезді бөртпе, эритематозды бөртпе, қышытатын бөртпе, денеге жайылған бөртпе, денеге жайылған қышыну, табан эритемасы, тері жабындарының жара болуы

- шырышты қабықтар тарапынан бұзылулар

- тырнақтардың зақымдануы, терінің түлеуі

- жаңа түзілімдердің ауыруы

- сүйектер мен бұлшықеттердің ауыруы

- қалтырау

- қанда мочевина дегейінің артуы

- қан сарысуында трансаминаза және амилаза белсенділігінің жоғарылауы

- қан сарысуында глюкоза концентрациясының төмендеуі

- диастолалық немесе систолалық артериялық қысымның жоғарылауы

- қалқанша без функциясының бұзылуы

- диастолалық артериялық қысымның жоғарылауы

- систолалық артериялық қысымның жоғарылауы

- бауыр ферменттері сынамаларындағы ауытқулар

Сирек

- тромбоздық микроангиопатия (соның ішінде тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура және гемолиздік уремиялық синдром)

- артқы қайтымды энцефалопатия / артқы реверсивті лейкоэнцефалопатиялық синдром

- өкпенің интерстициальді ауруы/ пневмонит

Нейтропения, тромбоцитопения, пальмарлы-плантарлы эритродизестезия (алақан-табан синдромы) шығу тегі шығыс-азиялық пациенттерде жиі байқалды.

Жұмсақ тіндердің саркомасы бар пациенттер

Өте жиі

- онкологиялық ауырулар (жаңа түзілімдер кезіндегі ауыру)

- тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения

- тәбеттің төмендеуі, дәмнің бұзылуы

- гиперальбуминемия

- бас ауыру

- артериялық қысымның жоғарылауы

- стоматит, жүректің айнуы, құсу, диарея, іш тұсының ауыруы

- тері депигментациясы, шаш түсінің өзгеруі

- эксфолиативті бөртпе

- қажығыштық

- дене салмағының төмендеуі

Жиі

- гингивит (қызылиектің инфекциялық зақымданулары)

- гипотиреоз

- дегидратация

- ұйқысыздық

- шеткергі нейропатия

- бас айналу

- көрудің бұзылуы (анық көрмеуі)

- жүрек функциясының бұзылуы, жүрек функциясының сол жақ қарынша типі бойынша бұзылуы, брадикардия, көктамырлық тромбоэмболиялар

- қан кернеулер,гиперемия

- қан түкіру, мұрыннан қан кетулер

- ықылық, дисфония, ентігу, жөтел, пневмоторакс, өкпелік қан кетулер

- метеоризм, іштің кебуі, ауыз ішінің құрғауы, диспепсия

- ауыздан қан кету, анальді қан кетулер

- алопеция, дерматит, пальмарлы-плантарлы эритродизестезия, тері жабындарының қатты құрғауы, гипергидроз, тырнақ пластинасының патологиялары

- қышыну, эритема

- бұлшықеттердің ауыруы, миалгия, бұлшықеттің түйілуі, артралгия

- протеинурия

- қынаптық қан кетулер, меноррагиялар

- ісінулер

- кеуде қуысының ауыруы, қалтырау

- ЛОР-мүшелері тарапынан бұзылулар

- АЛТ, АСТ, гамма-глутамилтрансферазаның және холестеролдың жоғарылауы

Жиі емес

- тромбоздық микроангиопатия (соның ішінде тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура және гемолитикалық уремиялық синдром)

- ұйқышылдық

- парестезиялар

- инсульт

- миокрад инфарктісі

- инсульт

- геморрагиялар

- тамақтың ауыруы, орофарингеальді ауыру

- бронхиальді қан кетулер, ринорея, қан түкіру, өкпенің интерстициальді ауруы/пневмонит

- эзофагальді қан кетулер, асқазан-ішектік қан кетулер, ректальді қан кетулер, ішек фистулалары (соның ішінде ішперде сыртының жыланкөзі), асқазаннан қан кетулер, асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлімдерінен қан кетулер, құрсақішілік қан кету, мелена

- мықын ішектің тесілуі, перитонит

- бауыр сынамасы көрсеткіштерінің өзгеруі

- тері жабындарының ойық жаралануы

- бөртпе, папулалардың түзілуі, фотосезімталдық реакциялары, пальмарлы-плантарлы эритродизестезия (алақан-табан синдромы)

- қынаптық қан кетулер, меноррагиялар

- протеинурия

- артралгия

- шырышты қабықтардың қабынуы

- астения

- бауыр функциясының бұзылуы, билирубин, АСТ, АЛТ деңгейлерінің жоғарылауы

- гипомагниемия

- тромбоцитопения

- электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы

Сирек

- өкпенің интерстициальді ауруы/ пневмонит

Нейтропения, тромбоцитопения, пальмарлы-плантарлы эритродизестезия (алақан-табан синдромы) шығу тегі шығыс-азиялық пациенттерде жиі байқалды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- пазопанибке немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі (деректердің жеткіліксіздігімен байланысты)

- бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (деректердің жеткіліксіздігімен байланысты)

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (деректердің жеткіліксіздігімен байланысты)

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Іn vitro зерттеулердің деректері негізінде адамның бауыр микросомаларында пазопанибтің тотықтырғыш метаболизмі, негізінен, CYP3A4 изоферментінің қатысуымен, CYP1A2 және CYP2C8 изоферменттерінің аздаған үлес қосуымен өтеді деп шамалауға болады. Сонымен, CYP3A4 изоферментінің тежегіштері мен индукторлары пазопанибтің метаболизмін өзгертуі мүмкін.

CYP3A4 изоферментінің тежегіштері, P-gp және BCRP тежегіштері

Пазопаниб CYP3A4, P-gp және BCRP үшін субстрат болып табылады.

Вотриентті (күніне бір рет 400 мг) CYP3A4 изоферментінің күшті тежегіштерімен және P-gp тежегіштермен (кетоконазол тәулігіне 400 мг дозада) 5 күн бойы бірге қолдану, тек пазопанибтің өзін ғана 7 күн бойы 400 мг дозада қабылдаумен салыстырғанда, AUC және Сmах мәндерінің сәйкесінше 66%-ға және 45%-ға артқанын көрсетті. Осы біріктірілген емнен тәулігіне бір рет 800 мг дозада пазопанибті қабылдауға көшкеннен кейін AUC және Сmах фармакотерапиялық параметрлері ұқсас болды.

CYP3A4 изоферментінің басқа да күшті тежегіштерімен (итраконазол, кларитромицин, атазанавир, индинавир, нефозадон, нелфинавир, ритонавир, саквинавир, телитромицин және вориконазол) біріктіріп қолдану пазопанибтің концентрациясын арттыруы мүмкін. Грейпфрут шырыны да пазопанибтің концентрациясын арттыра алады.

1500 мг лапатинибті (CYP3A4 изоферментінің, P-gp және BCRP субстратын және әлсіз тежегішін) - 800 мг Вотриентпен бірге қолдану пазопанибтің AUC(0-24) және Сmах орташа шамасының, 800 мг доза Вотриенттің өзін қолданумен салыстырғанда, шамамен 50-60%-ға артуына әкелді. Вотриентті CYP3A4 изоферменті, P-gp және BCRP тежегіштерімен (мысалы, лапатиниб) бірге қолдану пазопанибтің плазмалық концентрациясының артуына әкеледі, ал P-gp және BCRP сондай-ақ орталық жүйке жүйесінде пазопанибтің таралуына да ықпалын тигізе алады.

Сонымен, препаратты CYP3A4 изоферментінің күшті тежегіштерімен бірге қолдануға жол бермеген жөн, немесе CYP3A4 изоферментіне тежегіш әсері жоқ немесе өте төмен болатын баламалы препараттарды қолданған жөн.

Вотриентті CYP3A4 изоферментінің күшті тежегіштерімен бірге қолдану қажет болған жағдайда Вотриент дозасын тәулігіне 400 мг-ге дейін төмендеткен жөн. Препараттарды қабылдау барысында пайда болатын жағымсыз реакцияларға көңіл бөлу қажет, және препарат-индукциялайтын жағымсыз құбылыстар пайда болған жағдайда пазопаниб дозасын төмендету мүмкіндігін қарастыру керек.

Препаратты P-gp немесе BCRP күшті тежегіштерімен бірге қолдануға жол бермеген, немесе P-gp және BCRP-ке тежегіш әсері жоқ немесе өте төмен баламалы препараттарды қолданған жөн.

CYP3A4 изоферментінің, P-gp және BCRP индукторлары

CYP3A4 изоферментінің индукторлары, мысалы рифампицин, пазопанибтің плазмалық концентрациясын азайтуы мүмкін. P-gp және BCRP индукторлары орталық жүйке жүйесінде пазопанибтің таралуына да ықпалын тигізуі мүмкін. CYP3A4 изоферментіне қатысты тежегіш белсенділігі жоқ немесе өте төмен болатын баламалы препараттарды таңдау керек.

Вотриенттің Р450 цитохромының басқа да субстраттарына ықпалы

Адамның бауыр микросомына іn vitro жасалған зерттеулерде пазопанибтің 1А2, 3А4, 2В6, 2С8, 2С9, 2С19 және 2Е1 цитохромы ферменттерін тежейтіні айғақталды. Адамдағы CYP3A4 изоферментінің индукцияға қабілеті адам прегнанының Х-рецепторын (PXR) қолдана отырып жүргізілген in vitro зерттеулерде көрінді. Пазопанибтің фармакологиялық қасиеттеріне жүргізілген, препаратты тәулігіне бір рет 800 мг дозада қолданған зерттеулерде пазопанибтің қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде кофеиннің (СYP1А2 субстраты), варфариннің (CYP2C9 субстраты) немесе омепразолдың (CYP2C19 субстраты) фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан ықпалы жоқ екендігі байқалды.

Пазопаниб мидазоламның (CYP3A4 субстраты) AUC және Сmах орташа мәндерін шамамен 30 %-ға арттырды және декстрометорфанды (CYP2D6 субстраты) ішке қабылдағаннан кейін несепте декстрометорфан мен декстрорфан концентрацияларының арақатынасын 33-64%-ға жоғарылатты.

800 мг пазопанибті тәулігіне бір рет және 80 мг/м2 паклитакселді (CYP3A4 және CYP2C8 субстраты) аптасына бір рет бірге қолдану паклитакселдің AUC және Сmах мәндерінің, сәйкесінше, шамамен 26%-ға және 31%-ға артуына әкелді.

Асқазан-ішек жолында пазопанибпен P-gp және BCRP тежелуін жоққа шығаруға болмайды, осыған байланысты Вотриент және осы препараттар бірге сақтықпен тағайындалуы тиіс.

In vitro пазопаниб органикалық аниондардың тасымалдаушы полипептидін (ОАТР1В1) тежейді. Пазопанибанның ОАТР1В1 субстратының (статиндер) фармакокинетикасына ықпалын жоққа шығаруға болмайды.

Симвастатин

Вотриентті және симвастатинді бірге қолдану АЛТ деңгейін арттыруы мүмкін. Егер симвастатинді қатарластыра қабылдаған кезде пациентте АЛТ деңгейі артса, симвастатинді қабылдауды тоқтату қажет.

Сондай-ақ Вотриентті басқа статиндермен (аторвастатин, флувастатин, правастатин, розувастатин) бірге тағайындағанда сақтық таныту қажет, өйткені олардың АЛТ деңгейіне ықпалы және пазопанибтің олардың фармакокинетикасына әсері жөнінде деректер жеткіліксіз.

Басқа да препараттар

Вотриентті бевацизумабпен және топотеканмен біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

CYP3A4 күшті тежегіштерімен, Р-гликопротеинмен (P-gp) немесе сүт безі обыры резистенттілігінің ақуызымен (BCRP), пазопанибке экспозициясының жоғарылау қаупімен байланысты, қатарластыра емдеуге жол бермеген жөн. CYP3A4, P-GP немесе BCRP тежеу үшін потенциалы жоқ немесе өте аз баламалы қатар қолданылатын дәрілік заттарды таңдау мүмкіндігін қарастыру қажет.

Пазопанибке экспозициясының төмендеу қаупіне байланысты, CYP3A4 индукторларымен қатар емдеуге жол бермеген жөн.

Кетоконазолмен қатар емдеу барысында гипергликемия жағдайлары байқалды.

Пазопанибты уридиндифосфат-глюкуронозилтрансфераза 1A1 (UGT1A1) субстраттарымен (мысалы, иринотекан) бір мезгілде абайлап қабылдаған жөн, өйткені пазопаниб UGT1A1 тежегіші болып табылады.

Тамақ ішудің пазопанибтің фармакокинетикасына ықпалы

Вотриентті майға қаныққан және майы аз тамақпен бірге қолдану препараттың AUC және Сmах мәнін шамамен екі есе арттырады. Сондықтан Вотриентті тамақ ішуден кемінде бір сағат бұрын немесе тамақтанудан кейін 2 сағаттан соң қабылдау қажет.

Асқазан сөлінің рН арттыратын дәрілік препараттар

Пазопаниб пен эзомепразолды бір мезгілде қолдану пазопанибтың биожетімділігін шамамен 40%-ға (AUC және Cmax) төмендетеді. Пазопанибті асқазан сөлінің рН-ын арттыратын дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдануға жол бермеген жөн. Протонды помпа тежегішін (ППТ) бір мезгілде қолдану қажет болғанда пазопанибтің дозасын тамақ ішуден тыс тәулігіне 1 рет кешке ППТ-мен бір мезгілде қабылдау ұсынылады. Н2-рецепторларының антагонисін бір мезгілде қолдану қажет болғанда, пазопанибті тамақ ішуден тыс, Н2-рецепторларын қабылдаудан кемінде 2 сағат бұрын немесе ең кемінде 10 сағаттан соң қабылдаған жөн. Пазопанибті әсері қысқа антацидтерді қолданудан 1 сағат бұрын немесе 2 сағаттан соң қабылдау керек. ППТ және Н2-рецепторлардың антагонистерін бір мезгілде қолдану жөніндегі нұсқаулар адам организмінің физиологиялық ерекшеліктеріне негізделген.

Айрықша нұсқаулар

Бауыр функциясына ықпалы

Вотриентті қолданған кезде, өліммен аяқталатын жағдайларды қоса есептегенде, бауыр функциясы жеткіліксіздігінің даму жағдайлары байқалды.

Пазопанибді бауыр функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттердің қабылдауын сақтықпен және мұқият бақылаумен жүргізген жөн. 800 мг пазопанибті күніне бір рет – бұл қан сарысуында бауыр сынамаларында жеңіл бұзылулар бар пациенттер үшін ұсынылатын доза (билирубиннің қалыпты көрсеткіші және АЛТ жоғарылауының кез келген дәрежесі ретінде немесе билирубин көрсеткішінің 1,5 х НЖШ дейін, АЛТ мәндеріне байланыссыз, жоғарылауы ретінде анықталады). Бауыр функциясының орташа бұзылуы (билирубин көрсеткішінің > 1,5-ден 3 х НЖШ дейін, АЛТ мәндеріне байланыссыз жоғарылауы) бар пациенттерге пазопанибтің төмендетілген күніне бір рет 200 мг дозасы ұсынылады. Пазопаниб бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар (жалпы билирубин > 3 х НЖШ, АЛТ кез келген дәрежесіне қарамай-ақ) пациенттерге ұсынылмайды. Клиникалық әсер алу үшін жеткіліксіз деп саналатын көрсеткіштері бар мұндай пациенттерде 200 мг дозадағы концентрациясы, күшті құбылмалы болса да, айқын төмендейді.

Пазопанибке жүргізілген клиникалық зерттеулерде сарысулық трансаминазаның (АЛТ, аспартатаминотрансфераза [АСТ]) және билирубиннің артқаны байқалды. Көптеген жағдайларда сілтілік фосфатаза белсенділігі немесе билирубин концентрациясының бір мезгілде жоғарылауымен қатар жүрмейтін, АЛТ және ACT белсенділігінің оқшау жоғарылағаны байқалды. 60 жастан асқан пациенттерде АЛТ-тің орташадан (> 3 х ЖҚШ) ауыр дәрежеге (> 8 х ЖҚШ) дейін ұлғаю қаупі жоғары.

Вотриентті тағайындар алдында «бауырлық» ферменттердің белсенділігіне, ең кемінде, емнің алғашқы 4 айы ішінде 3, 5, 7 және 9 аптада бір рет немесе жиі (клиникалық көрсетілімдері бойынша) мониторинг жүргізу қажет. Мезгіл-мезгіл мониторингті алғашқы 4 ай өткеннен кейін де жүргізген жөн. Осы нұсқаулар жалпы билирубиннің бастапқы мәні ≤ 1,5 х жоғарғы қалып шегі (ЖҚШ), сондай-ақ АЛТ және ACT ≤ 2 х ЖҚШ болатын пациенттерге қатысты.

• АЛТ белсенділігі жоғарғы қалып шегінен 3-8 еседен астамға оқшауланып жоғарылаған пациенттер Вотриентті қабылдауды жалғастыра алады, мұндайда бауыр функциясының көрсеткіштерін, АЛТ белсенділігі 1 дәрежелі уыттылыққа немесе бастапқы мәніне дейін төмендегенше, күн сайын мониторинг жүргізіп отырған жөн.

  • АЛТ белсенділігі > 8 х ЖҚШ жоғарылаған пациенттерде Вотриентті қабылдауды, АЛТ белсенділігі 1 дәрежелі уыттылыққа немесе бастапқы мәніне дейін төмендегенше, тоқтата тұрған жөн. Егер Вотриент қабылдауды қайта бастаудың потенциальді пайдасы гепатоуыттылықтың даму қаупінен басым болса, онда Вотриентті қабылдау, 8 апта бойы бауыр функциясының көрсеткіштерін апта сайын бақылай отырып, тәулігіне бір рет 400 мг-ге дейінгі азайтылған дозада қайта жаңғыртылуы мүмкін. Вотриенттің кейінгі қабылдауларында АЛТ белсенділігі > 3 х ЖҚШ қайтадан жоғарылаған жағдайда, Вотриентті толық тоқтатқан жөн.

  • АЛТ белсенділігі > 3 х ЖҚШ жоғарылаған және билирубин концентрациясы > 2 х ЖҚШ бір мезгілде жоғарылаған пациенттерде билирубин фракциясының 1 дәрежелі уыттылыққа немесе бастапқы мәніне дейін төмендегенге дейінгі пайыздық арақатынасына баға беру қажет. Пазопаниб тирозинкиназаның тежегіші болып табылады. Мардымсыз, жанама (конъюгацияланбаған) гипербилирубинемия пациенттерде Жильбер синдромын туындатуы мүмкін. Егер пациенттерде мұндай синдром дамыса және тікелей билирубин жалпы билирубиннен 35% артық болса, Вотриентті біржолата тоқтатқан жөн.

Вотриентті симвастатинмен бірге қолдану АЛТ деңгейінің жоғарылау қаупін арттырады, осыған байланысты, біріктіріп емдегенде мұқият мониторинг және сақтық қажет.

Артериялық гипертензия

Вотриентпен емделген кезде артериялық гипертензия және гипертониялық криз құбылыстары байқалды. Вотриентті тағайындар алдында АҚ-ны талапқа сай бақылап отыруға қол жеткізген жөн. Вотриентті тағайындау бойына бірден АҚ мониторинг жүргізуді бастаған жөн (емдеуді бастағаннан кейін бір аптадан кешіктірмей) және, қажетіне қарай, гипотензиялық емді Вотриенттің төмен дозасымен үйлестіріп жүргізу керек.

Артериялық гипертензия (систолалық қысым ≥ 150 мм с.б. немесе диастолалық қысым ≥ 100 мм с.б.) емдеу курсының бас кезінде пайда болады (40% жағдайы 9-шы күні және 90% жағдайы алғашқы 18 апта ішінде). Гипотензиялық дәрілерге резистентті ауыр артериялық гипертензия жағдайында немесе гипертониялық криз белгілері пайда болғанда Вотриент қабылдауды тоқтатқан жөн.

Артқы қайтымды энцефалопатия синдромы / артқы қайтымды лейкоэнцефалопатия синдромы (PRES/RPLS)

Артқы қайтымды энцефалопатия синдромының/артқы қайтымды лейкоэнцефалопатия синдромының (PRES/RPLS) пайда болуы Вотриентті қабылдау аясында байқалды, ол бас ауыру, гипертензия, құрысу, әлсіздік, сананың шатасуы, соқырлық және басқа да көзге көрінетін және неврологиялық бұзылулар түрінде білінді, олар өлімге әкеп соғуы мүмкін. PRES/RPLS дамығанда Вотриент қабылдауды уақытша тоқтату қажет.

Өкпенің интерстициальді ауруы/Пневмонит

Пазопанибті қабылдаумен байланысты ӨИА (өліммен аяқталғанға дейін) туралы мәлімдемелер бар. ӨИА немесе пневмонит дамыған жағдайда ӨИА немесе пневмонитті айғақтайтын респираторлық симптомдарды анықтау және Вотриент препаратын қолдануды тоқтату үшін пациенттерге мониторинг жүргізу қажет.

Жүрек жұмысының бұзылуы/жүрек функциясының жеткіліксіздігі

Жүрек дисфункциясы бар пациенттерде Вотриентті қолдануды бастар алдында пайдасы мен қаупінің арақатынасына баға беру қажет. Жүрек функциясы жеткіліксіздігінің орташа және ауыр түрлері бар немесе сол жақ қарыншадан қанды айдау фракциясы нормадан төмендеген (СҚАФТ) пациенттерде пазопанибті қолдану қауіпсіздігі және фармакокинетикасы зерттелген жоқ.

Клиникалық зерттеулерде жүрек функциясының, мысалы, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі және сол жақ қарыншадан қанды айдау фракциясының нормадан төмендеуі (СҚАФТ) сияқты, бұзылу жағдайлары тіркелген. Жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі 240 пациенттің 3-уінде (1%), сол жақ қарыншадан қан айдау фракциясының төмендеуі – плацебо тобындағы 5%-ға (2/40) қарсы пазопаниб қабылдап жүрген топта 11% (16/142) білінді.

Қауіп факторлары қатар жүретін гипертензия және антрациклинмен алдын ала емделу болып табылады.

СҚАФ едәуір төмендеген пациенттерде Вотриентті қабылдауды тоқтату немесе гипертензияны емдеумен бірге қабылданатын дозаны төмендету қажет.

Жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігінің клиникалық симптомдары пайда болған пациенттерді ұдайы бақылап отыру қажет. Жүрек жұмысында бұзылудың пайда болуына қатысты қауіпті топқа жататын пациенттер үшін бастапқы жағдайға және мезгіл-мезгіл СҚАФ мәніне баға беріп отыру ұсынылады.

QT аралығының ұзаруы және «пируэт» типті қарыншалық тахикардия

Вотриенттті қолданған кезде QT аралығының ұзару және «пируэт» типті қарыншалық тахикардия жағдайлары білінді.

Сыртартқысында QT аралығының ұзаруы көрсетілген, аритмияға қарсы және QT аралығын ұзартатын басқа да препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде, сондай-ақ ырғағының бұзылуымен асқынуы мүмкін жүрек аурулары бар пациенттерде Вотриентті электрокардиограмма және электролиттердің (кальций, магний, калий) концентрациялары мезгіл-мезгіл бақыланып отырған жағдайларда қолдану ұсынылады.

Артериялық тромбоз

Миокард инфарктісі, стенокардия, ишемиялық инсульт және мидың өткінші ишемиясы жағдайлары тіркелген. Өліммен аяқталған жағдайлардың болғаны айтылған.

Вотриент артериялық тромбоздың пайда болу қаупі жоғары немесе сыртартқысында артериялық тромбоз көрсетілген пациенттерге сақтықпен тағайындалуы тиіс. Сонымен, Вотриентті тағайындау жөніндегі шешімді оның пайда/қаупінің арақатынасына берілген бағаның негізінде әр адамға жекелей қабылдаған жөн.

Көктамырлар тромбоэмболиясы

Пазопанибты клиникалық зерттеулер кезінде, көктамырлық тромбозды және өліммен аяқталатын өкпе эмболиясын қоса, тромбоэмболия жағдайлары байқалды. Бүйрек-жасушалық карциноманы және жұмсақ тіндердің саркомасын зерттегенде осындай асқынулардың жиілігі жұмсақ тіндердің саркомасы бар пациенттер тобында (5%), бүйрек-жасушалық карциномасы бар пациенттер тобына (2%) қарағанда жоғары болды.

Тромбоздық микроангиопатия

Пазопанибті монотерапия ретінде, бевацизумабпен үйлестіріп және топотеканмен үйлестіріп қабылдаған клиникалық зерттеулерде тромбоздық микроангиопатия (ТМА) жағдайларының болғаны мәлімделді. Дамыған ТМА бар пациенттер пазопанибпен емделуді дереу тоқтатуы тиіс. Емдеуді аяқтағаннан кейін ТМА симптомдарының тоқтағаны байқалды. Пазопанибті басқа препараттармен қолдану көрсетілмеген.

Қан кетулер

Вотриентті қолдану кезінде қан кету (соның ішінде өліммен аяқталған) жағдайларының тіркелуіне байланысты, соңғы 6 ай ішінде қан түкіру, бас сүйекішілік және асқазан-ішектік қан кету көріністері байқалған пациенттерге Вотриентті абайлап тағайындаған жөн.

Асқазан-ішек жолының (АІЖ) тесілуі және жыланкөздердің пайда болуы

Асқазан-ішек жолының (АІЖ) тесілу және жыланкөздердің пайда болу жағдайлары білінді. Өліммен аяқталған жағдайлар жөнінде мәлімделген. Осыған байланысты Вотриент АІЖ тесілу және жыланкөздердің пайда болу қаупі жоғары болатын пациенттерге сақтықпен тағайындалуы тиіс.

Жараның жазылуы

Жараның жазылуына Вотриенттің ықпал етуіне қатысты зерттеу жүргізілген жоқ.

Қантамырлар эндотелийінің өсу факторының (VEGFR) тежегіштері жараның жазылуын нашарлатуы мүмкін болғандықтан, Вотриентті жоспарлы операциялық араласымнан кем дегенде 7 күн бұрын тоқтатқан жөн.

Операциядан кейін Вотриентпен емдеуді қайта жаңғырту жөнінде шешімді операциядан кейін жараның талапқа сай жазылуына берілген клиникалық баға негізінде қабылдаған жөн. Жараның жиегі ыдыраған пациенттер Вотриентті қабылдауды тоқтата тұрғаны жөн.

Гипотиреоз

Пазопанибке жүргізілген клиникалық зерттеулерде гипотиреоз жағдайы орын алды. Қалқанша без функциясына бастапқы зертханалық зерттеу жүргізу ұсынылады; гипотиреозы бар пациенттерге пазопанибпен емдеуді бастамас бұрын стандартты медициналық тәжірибеге сәйкес ем жүргізген жөн. Пазопанибпен емдеген кезде барлық пациенттер қалқанша без дисфункциясының белгілері мен симптомдарының бар-жоқтығына тексерілуі тиіс. Қалқанша без функциясына мезгіл-мезгіл зертханалық тексеру жүргізу және стандартты медициналық тәжірибеге сәйкес шаралар қабылдау қажет.

Протеинурия

Вотриентпен емдеу аясында протеинурияның пайда болу жағдайлары байқалған. Мұндай пациенттерде протеинурия динамикасын мезгіл-мезгіл бақылап отыру керек. Бүйректік синдром пайда болған жағдайда Вотриентті қабылдауды тоқтатқан жөн.

Пневмоторакс

Клиникалық зерттеулерде пневмоторакстің пайда болу жағдайлары байқалды, бұл пневмоторакс белгілері мен симптомдарының пайда болуына мұқият бақылауды қажет етеді.

Инфекциялар

Вотриентті қабылдау аясында (нейтропениямен және онсыз), кейбір жағдайларда өліммен аяқталған ауыр инфекциялардың пайда болу жағдайлары байқалды.

Ісікке қарсы басқа препараттармен бірге қолдану

Вотриенттің пеметрекседпен (өкпенің ұсақ жасушалы емес обырын емдеу) және лапатинибпен (жатыр мойны обырын емдеу) біріктіріліміне клиникалық сынақтар жоғары уыттылық және/немесе өлім қаупіне байланысты тез арада тоқтатылды, ал біріктірілген қауіпсіз және тиімді доза анықталған жоқ.

CYP3A4 изоферментінің тежегіштері

CYP3A4 изоферментінің, BCRP немесе P-gp күшті тежегіштерін қатарластыра қолданбаған жөн, өйткені бұл пазопанибтің концентрациясын арттырып жіберуі мүмкін. Вотриентті CYP3A4 индукторларымен бірге қабылдауға болмайды.

Вотриент пен кетоконазолды бірге қолдану гипергликемияның пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.

Вотриентті иринотеканмен біріктіргенде абайлап қолданған жөн.

Вотриент препаратымен емдеген кезде грейпфрут шырынын ішпеген жөн.

Фертильділігі

Жануарларға жүргізілген зерттеулер Вотриент препаратымен емдеу еркектер мен әйелдерде ұрпақ өрбіту функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін екендігін көрсетті.

Жүктілік

Пазопанибті жүкті әйелдерге пайдалану жөнінде тиісті деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер ұрпақ өрбітуге уыттылық көрсетті. Адам үшін потенциальді қаупі белгісіз.

Вотриент препаратын, егер әйелдің клиникалық жағдайы пазопанибпен емдеуді қажет етпесе, жүктілік кезінде қолданбаған жөн.

Егер әйел жүкті болған кезінде Вотриент қабылдаса немесе әйел Вотриентті қабылдау аясында жүкті болып қалса, онда препараттың ұрыққа зиянды әсері жөніндегі ақпараттан хабардар ету қажет. Бала көтере алатын жастағы әйелдер Вотриент препаратымен емделу кезінде контрацепцияның сенімді құралдарын қолдану және жүктілікке жол бермеу керек.

Лактация кезеңі

Вотриент препаратын лактация кезеңінде пайдаланудың қауіпсіздігі анықталған жоқ. Вотриент препаратының ана сүтіне экскрециясына қатысты деректер жоқ. Пазопанибтің жануарлардың сүтіне экскрециясына қатысты деректер жоқ. Емшек еміп жүрген нәрестелер үшін қаупін жоққа шығаруға болмайды. Пазопанибпен емдеу кезінде емшек емізуді тоқтатқан жөн.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Вотриенттің автокөлікті басқару қабілетіне ықпалы зерттелген жоқ.

Пациенттің жалпы жағдайына және препараттың жағымсыз әсерінің бейініне көңіл бөлген жөн. Пациенттер бас айналу, шаршау немесе әлсіздік пайда болған жағдайда көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқаруды тоқтата тұруы тиіс.

Артық дозаланғанда

Симптомдары: 3-дәрежелі артериялық гипертензияның, қатты қажығыштықтың пайда болуы, жағымсыз жанама құбылыстар дәрежесі күшеюі мүмкін.

Емі: симптоматикалық, арнайы у қайтарғысы жоқ.

Препараттың тек аздаған бөлігі ғана гемодиализ арқылы шығарылуы мүмкін, өйткені оның қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі жоғары.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған 200 мг және 400 мг таблеткалар.

200 мг дозасы: балалардан қорғайтын бұралатын қақпақпен бекітілген, тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған ақ түсті, мөлдір емес құтыларға 30 немесе 90 таблеткадан салынған.

1 құтыдан қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

400 мг дозасы: балалардан қорғайтын бұралатын қақпақпен бекітілген, тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған ақ түсті, мөлдір емес құтыларға 30 немесе 60 таблеткадан салынған.

1 құтыдан қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Глаксо Оперэйшенс Ұлыбритания Лимитед. Глаксо Веллком Оперэйшенс, Ұлыбритания

Priory Street, Ware, Hertfordshire, SG12 0DJ, Ұлыбритания

Қаптаушы

Глаксо Веллком С.А.

Avda.Extremadura 3, Aranda de Duero, Burgos 09400, Испания

Тіркеу куәлігінің иесі

Новартис Фарма АГ, Базель, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Новартис Фарма Сервисэз АГ Қазақстандағы филиалы

050051 Алматы қ., Луганский к-сі, 96

тел.: (727) 258-24-47 

факс: (727) 244-26-51

e-mail: drugsafety.cis@novartis.com

 

EU SPC от 12.06.2015

Прикрепленные файлы

026345701477976226_ru.doc 154 кб
145907951477977491_kz.doc 194 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники