Вориол (200 мг)

МНН: Вориконазол
Производитель: МСН Лабораториез Прайвэт Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Voriconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121694
Информация о регистрации в РК: 26.04.2021 - 26.04.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Вориол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Вориконазол

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг және 200 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 50.00 мг немесе 200.00 мг вориконазол,

қосымша заттар: лактоза моногидраты (Лактохем), желатинделген крахмал (Крахмал 1500), натрий кроскармеллозасы (Aсдисоль), повидон (Пласдон К29/32), магний стеараты,

қабықтың құрамы: Опадри ақ YS-1-7027: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), триацетин.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында "50" өрнегі бар және екінші жағында тегіс беткейлі таблеткалар (50 мг доза үшін).

Сопақша пішінді, екі беті дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында "200" өрнегі бар және екінші жағында тегіс беткейлі таблеткалар (200 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған зеңге қарсы препараттар. Триазол туындылары. Вориконазол.

АТХ коды J02АС03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Екпінді ішу арқылы қабылданатын дозаны қолданғанда қан плазмасындағы концентрациясы бастапқы 24 сағат бойына тепе-теңдікке жақындайды. Егер науқас екпінді доза қабылдамаса, онда вориконазолды тәулігіне 2 рет қайта қолданғанда препараттың жинақталуы жүреді, плазмадағы тепе-теңдік концентрациясына көптеген пациенттерде 6-шы күнге қарай жетеді. Вориконазол ішке қабылданғаннан кейін жылдам және іс жүзінде толық сіңеді; плазмадағы ең жоғары концентрациясына (Cmax) қабылдағаннан кейін 1-2 сағаттан соң жетеді. Ішке қабылдағандағы вориконазол биожетімділігі 96% құрайды. Вориконазолды майлы тамақпен қайта қабылдағанда Cmax және AUC (қисық астындағы «концентрация-уақыт» ауданы) тиісінше 34% және 24% төмендейді. Вориконазолдың сіңуі асқазан сөлінің рН байланыссыз.

Вориконазолдың тепе-теңдік жай-күйіндегі таралу көлемі 4,6 л/кг құрайды, бұл препараттың тіндерге белсенді таралуын көрсетеді. Плазмадағы ақуыздармен байланысуы 58% құрайды. Вориконазол жұлын-ми сұйықтығында анықталады.

Вориконазол цитохром Р450 бауыр изоферменттерінің – CYP2C19, CYP2C9 және CYP3A4 әсерімен метаболизденеді. Вориконазолдың негізгі метаболиті N-оксид болып табылады, оның үлесі плазмадағы айналымда жүретін нысаналы метаболиттер арасында 72% құрайды. Бұл метаболит зеңге қарсы ең төмен белсенділікке ие және вориконазол әсеріне үлесі жоқ. Өзгермеген түрде несеппен препарат дозасының 2% азы шығарылады. Таңбаланған вориконазолды қайталап вена ішіне және ішу арқылы қолданғаннан кейін шамамен 80% және 83% радиоактивті дозасы тиісінше несепте анықталады. Жалпы дозаның үлкен бөлігі (> 94%) вена ішіне және ішу арқылы қолданғаннан кейін бастапқы 96 сағат ішінде шығарылады. Вориконазолдың жартылай шығарылуының терминальді кезеңі дозаға байланысты және препаратты ішке 200 мг дозада қабылдағанда шамамен 6 сағатты құрайды. Фармакокинетикасының дозаға тәуелді еместігіне байланысты жартылай шығарылуының терминальді кезеңі вориконазолдың жинақталатынын немесе шығарылатынын болжауға мүмкіндік бермейді.

Балалар жасындағы пациенттер

Науқас жасқөспірімдердің көбіндегі вориконазолдың әсері сондай сызбамен дәрі қабылдайтын ересектердегі вориконазол әсерімен салыстырарлық болды. Алайда вориконазолдың төмендеген әсері ересектермен салыстырғанда дене салмағы төмен ерте жасөспірімдік жастағы кейбір пациенттерде бақыланды. Бұл адамдарда вориконазолдың метаболизм жолы ересектермен салыстырғанда балалардағы метаболизм жолына ұқсас болуы мүмкін. Популяциялық фармакинетикалық талдау негізінде дене салмағы 50 кг төмен 12-14 жастағы жасөспірімдер препараттың балаларға арналған дозасын қабылдауы тиіс.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы қалыпты және жеңілден (креатинин клиренсі 41-60 мл/мин) ауыр дәрежеліге дейінгі (креатинин клиренсі <20 мл/мин) бүйрек функциясы бұзылуы бар адамдардағы бір реттік ішу арқылы қабылданатын (200 мг) доза зерттеулерінде вориконазол фармакокинетикасына бүйрек жеткіліксіздігінің елеусіз әсер еткені көрсетілген.

Вориконазолдың қан плазмасындағы ақуыздармен байланысуы бүйрек функциясының әртүрлі дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерде салыстырарлық болды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауырлығы жеңілден орта дәрежеліге дейінгі (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша А және В класы) бауыр циррозы бар субъектілерде вориконазолдың ішу арқылы қабылданатын дозасын (200 мг) бір рет қабылдағаннан кейін AUC көрсеткіші бауыр функциясы қалыпты субъектілермен салыстырғанда 233%-ға жоғары болды. Бауыр жеткіліксіздігі вориконазолдың плазма ақуыздарымен байланысына әсер етпеген.

Вориконазолды ұзақ уақыт қолданғанда вориконазолды күніне екі рет демеуші доза 100 мг ретінде қабылдайтын бауыр циррозының орташа (Чайлд-Пью бойынша В класы) ауыр дәрежелі циррозы бар субъектілерде және вориконазолды күніне екі рет 200 мг дозада қабылдайтын бауыр функциясы қалыпты субъектілерде AUCt,бірдей болды.

Ауыр дәрежелі бауыр циррозы (Чайлд-Пью бойынша С класы) бар пациенттердегі препарат фармакокинетикасы бойынша деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Вориол – бұл әсері кең ауқымды зеңге қарсы препарат, құрылымы триазолдық антибиотиктер тобына жатады.

Вориол препаратының әсер ету механизмі зеңдік цитохром Р450 арқылы жүретін 14α-стеролының деметилденуі тежелуіне байланысты; бұл реакция эргостерол биосинтезінің шешуші кезеңі болып табылады. Вориол зеңге қарсы кең ауқымды белсенділікке ие және Candida spр. қатысты (C. krusei штаммдарын қоса, флуконазолға төзімді және резистентті штаммдар C.glabrata және C.albicans) белсенді, барлық зерттелген Аspergillus spp. штаммдарына қатысты, сондай-ақ осыған дейінгі зеңге қарсы дәрілерге сезімталдығы шектеулі Scedosporium немесе Fusarium қоса, соңғы уақытта өзекті болған патогенді зеңдерге қатысты фунгицидті әсері бар.

Клиникалық тиімділігі Aspergillus spp., қоса A. flavus, A. fumigatus, A. terreus, A.niger, A. nidulans, Candida spp., қоса C.albicans, C.dubliniensis, C.glabrata, C. inconspicua, C. krusei, C. parapsilosis, C. tropicalis және C. guilliermondii, Scedosporium spp., S. apiospermum, S. prolificans қоса және Fusarium spp туындаған инфекцияларда көріністелді.

Препарат қолданылған басқа зеңдік инфекцияларға (көбіне ішінара немесе толық жауап болған) Alternaria spp., Blastomyces dermatitidis, Blastoschizomyces capitatus, Cladosporium spp., Coccidioides immitis, Conidiobolus coronatus, Cryptococcus neoformans, Exserohilum rostratum, Exophiala spinifera, Fonsecaea pedrosoi, Madurella mycetomatis, Paecilomyces lilacinus, Penicillium spp., P.marneffei, Phialophora richardsiae, Scopulariopsis brevicaulis қоса және Trichosporon spp., T. Beigelii қоса туындаған инфекциялардың жеке-дара жағдайлары жатады.

Төмендегі клиникалық штаммдарға қатысты Acremonium spp., Alternaria spp., Bipolaris spp., Cladophialophora spp., Histoplasma capsulatum Вориол белсенділігі көріністелді. Штаммдардың көбінің өсуі Вориол препаратының 0,05-ден 2 мкг/мл дейінгі концентрацияларында бәсеңдетілді.

Curvularia spp. және Sporothrix spp. қатысты Вориол препаратының белсенділігі анықталды, бірақ оның клиникалық мәні белгісіз.

Қолданылуы

Вориконазол ересектерде және 12 үлкен жастағы балаларға қолданылады.

- инвазиялық аспергиллезді емдеуде

- нейтропениясы жоқ пациенттердегі кандидемияны емдеуде

- Candida тектес зеңдерден туындаған (оның ішінде C.krusei) флуконазолға төзімді күрделі инвазиялық инфекцияларды емдеуде

- Scedosporium және Fusarium тектес зеңдерден туындаған ауыр зеңдік инфекцияларды емдеуде

Вориол препаратын негізінен үдемелі және өмірге потенциалды қауіп төндіретін инфекциялары бар пациенттерде қолдану керек.

Қолдану тәсілі және дозалары

Қажет болған жағдайда бастағанға дейін және вориконазолмен ем кезінде

гипокалиемия, гипомагниемия, гипокальциемия сияқты электролиттік бұзылуларды анықтау және түзету керек.

Вориолды ішке тамақтың алдында ең кемі 1 сағат бұрын немесе 1 сағат кейін қабылдау керек.

Вориол ересектерде және 12 үлкен жастағы жасөспірімдерге тағайындалады.

Емді бірінші күні сарысудағы тепе-теңге жақын концентрациясына қол жеткізу үшін анықталған қанықтыратын дозамен вена ішіне енгізуден немесе ішу арқылы қабылдаудан бастау керек.

Ішке қабылдағандағы жоғары биожетімділігін ескере отырып, клиникалық көрсеткіштер болғанда препаратты вена ішіне енгізуден ішу арқылы қолдануға және керісінше қолдануға өтуге болады.

Кестеде препаратты дозалау бойынша толық ақпарат келтірілген:

 

Вена ішіне

Ішке қабылдауға

Дене салмағы 40 кг және одан астам пациенттер

Дене салмағы 40кг*аз пациенттер

Қанықтыратын доза

– барлық көрсетілімде (бірінші 24 сағат)

6 мг/кг 12 сағат сайын

400 мг әрбір 12 сағат сайын

200 мг әрбір 12 сағат сайын

Демеуші доза (бірінші 24 сағаттан кейін)

4 мг/кг 12 сағат сайын

200 мг 12 сағат сайын

100 мг 12 сағат сайын

* 15 астағы және одан үлкен пациенттерге қатысты.

Дозаны түзету

Ем тиімділігі жеткіліксіз болғанда демеуші доза ішке әрбір 12 сағат сайын 300 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін. Дене салмағы 40 кг төмен науқастарда доза әрбір 12 сағат сайын ішке 150 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін.

Егер пациентке препарат жоғары дозада жағымсыз болса, онда оны ішке әрбір 12 сағат сайын 50 мг-ден 200 мг дейін сатылап төмендетеді (немесе дене салмағы 40 кг төмен науқастарда 100 мг әрбір 12 сағат сайын).

Фенитоинді вориконазолмен қолдануға болады, егер соңғысының демеуші дозасын әрбір 12 сағат сайын ішу арқылы 200-ден 400 мг дейін ұлғайтылса

(100-ден 200 мг дейін әрбір 12 сағат сайын ішу арқылы дене салмағы 40 кг төмен науқастарда).

Эфавирензді вориконазолмен бірге қолдануға болады, егер вориконазолдың демеуші дозасы әрбір 12 сағат сайын 400 мг дейін ұлғайтылса және эфавиренз дозасы 50%-ға, яғни тәулігіне бір рет 300 мг дейін азайтылса. Вориконазолмен ем тоқтатылғаннан кейін эфавирензді қабылдауды бастапқы дозасында жаңғырту керек.

12 жастан 14 жасқа дейінгі дене салмағы <50 кг жасөспірімдер

Ұсынылатын дозалау режимі төмендегідей:

 

вена ішіне

ішу арқылы

Қанықтыратын доза

(бірінші 24 сағатта)

9 мг/кг әр 12 сағат сайын

Ұсынылмайды

Демеуші доза (ем басталғаннан кейін 24 сағаттан соң)

8 мг/кг 2 тәулігіне бір рет

9 мг/кг тәулігіне 2 рет (ең жоғары доза 350 мг тәулігіне 2 рет)

Ескерту. 12 жасқа дейінгі балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Емді препаратты вена ішіне енгізуден бастау ұсынылады.

Ішу арқылы қабылдау мүмкіндігін тек елеулі клиникалық жақсарудан кейін ғана қарастыру керек. Вена ішіне 8 мг/кг дозада енгізгендегі вориконазолдың әсері 9 мг/кг дозада ішу арқылы қабылдағандағыға қарағанда шамамен 2 есе жоғары болатынын белгілеу керек.

Дозаны түзету

Пациенттің емге жеткіліксіз жауабында бастапқы ең жоғары 350 мг доза пайдаланумен доза 50 мг қадаммен ұлғайтылуы мүмкін.

Пациентке ем жағымсыз болғанда дозаны бастапқы ең жоғары 350 мг доза пайдаланумен 50 мг қадаммен азайту керек.

Емнің ұзақтығы

Ем пациенттің клиникалық жауабын және микологиялық зерттеу нәтижелерін ескере отырып, барынша қысқа болуы тиіс.

Егер бала таблетканы жұта алатын болса онда дозаны мг/кг-да 50 мг ең жақын дозаға дейін дөңгелектейді және тұтас таблетка түрінде тағайындайды.

Балалардағы жоғарырақ дозалардың фармакокинетикасы мен жағымдылығы зерттелмеген.

Егде жастағы адамдарда қолданылуы

Егде жастағы адамдарда доза түзету талап етілмейді.

Бүйрек функциясы бұзылуы бар науқастардағы қолданылуы

Бүйрек функциясы бұзылуы ішке қабылдағанда Вориол фармакокинетикасына әсер етпейді. Осыған байланысты бүйрек функциясының жеңіл, орташа немесе айқын бұзылуы бар науқастарда ішке қабылдауға арналған Вориол дозасын түзету талап етілмейді.

Вориконазол клиренсі 121 мл/мин гемодиализде шығарылады. Ұзақтығы 4 сағат гемодиализ сеансы вориконазолдың елеулі бөлігінің шығарылуына алып келмейді, бұл доза түзету қажеттігінен құтқарады.

Бауыр функциясы бұзылуы бар науқастардағы қолданылуы

Бауыр циррозы жеңіл немесе ауырлығы орташа (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша А және В кластары) науқастарда Вориолдың стандартты екпінді дозасын тағайындау, ал демеуші дозасын 2 есеге азайту ұсынылады.

Вориол ауыр созылмалы бауыр циррозы (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша С класы) бар пациенттерде зерттелмеген.

Бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы (аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатаминотрансфераза (АСТ), сілтілік фосфатаза (СФ) немесе жалпы билирубин қалыптың жоғарғы шегінен > 5 есе жоғары) бар пациенттерде Вориолдың қауіпсіздігі бойынша деректер шектеулі көлемде берілген.

Вориолды қолдану бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің жоғарылауымен және бауыр зақымдануының клникалық белгілерімен мысалы, сарғаюмен бірге жүрген, сондықтан бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде препараттың уыттылық белгілерін анықтау мақсатында мұқият бақылау жүргізу керек.

12 жастан кіші балалардағы қолданылуы

Вориол препаратының 12 жастан кіші балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі

- көрудің бұзылуы (өзгерген/күшейген көзбен көріп қабылдауды қоса, бұлыңғыр көру, түсті ажыратудың өзгерістері,

фотофобия)

- қызба

- жедел респираторлық дистресс-синдромы (ентігуді қоса, оның ішінде ширығуда)

- тері бөртпесі

- жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы

- бас ауыруы

- шеткері ісінулер

- бауыр функциясының көрсеткіштері жоғарылауы (АСТ, АЛТ, сілтілік

фосфатаза, гамма-ГТ, ЛДГ, билирубинді қоса)

Жиі

- синусит

- миелосупрессия, агранулоцитоз (фебрильді нейтропения және нейтропенияны қоса), тромбоцитопения (имvундық тромбоцитопениялық пурпураны қоса), анемия (оның ішінде макроцитарлық, микроцитарлық, нормоцитарлық, мегалобластты, апластикалық), лейкопения, геморрагиялық бөртпе, панцитопения

- бас айналуы, естен тану, тремор, құрысулар, парестезиялар, гипертония (желке бұлшықеттердің сіресуін қоса)

- гипокалиемия

- гипогликемия

- елестеулер, сананың шатасуы, депрессия, мазасыздық, үрейлену,

қорқыныш

- өкпе ісінуі

- артериялық қысымның төмендеуі (АҚ)

- аритмия

- суправентрикулярлы тахикардия, брадикардия

- тромбофлебит, флебит

- тыныс алу жеткіліксіздігі

- хейлит, гастроэнтерит

- қышыну, макулопапулезді бөртпе, фотосезімталдықтың тері реакциялары,

алопеция, эксфолиативті дерматит, бет ісінуі (периорбиталдық ісінуді, ерін ісінуін қоса)

- арқаның ауыруы

- қалтырау, астения, кеуденің ауыруы, тұмауға ұқсас синдром

- сарғаю (холестаздықты қоса), бауырдың дәрі-дәрмектік зақымдануын қоса, гепатит, уытты гепатит, гепатоцеллюлярлық зақымдану және гепатоуыттылығы

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, гематурия, креатинин жоғарылауы

Жиі емес

- лимфаденопатия, агранулоцитоз, эозинофилия, диссеминацияланған тамырішілік қан ұю синдромы, сүйек кемігінде қан түзілуінің бәсеңдеуі

- аллергиялық реакциялар, анафилактоидты реакциялар, аса жоғары сезімталдық

- бүйрек үсті безі қыртысының жеткіліксіздігі

- гиперхолестеринемия

- гипонатриемия

- атаксия, мидың ісінуі, вертиго, гипестезия, нистагм, естен тану, энцефалопатия, нейролептикалық экстрапирамидалық бұзылыстар (акатизияны және паркинсонизмді қоса)

- дәм сезу бұзылуы

- блефарит, көру жүйкесінің бұзылыстары (көру жүйкесінің невриті, көру жүйкесінің дискісінің ісінуі), склерит, диплопия, окулогирлік кризис

- нашар есту

- жүрекше аритмиясы, брадикардия, тахикардия, қарыншалық аритмия,

қарынша үстілік /қарыншалық тахикардия (қарыншалық жыпылықтауды қоса), QT аралығының ұзаруы, естен тану

- дуоденит, диспепсия, гингивит, глоссит, панкреатит, тамақ ісінуі, тілдің ісініп кетуі, перитонит, диспепсия, іш қатуы, дисгевзия

- холецистит, холелитиаз, бауыр ұлғаюы, гепатит, бауыр жеткіліксіздігі

- экзема, псориаз, аллергиялық дерматит, фотосезімталдық, Стивенс-Джонсон синдромы, есекжем, ангионевроздық ісіну, дәрілік аса жоғары сезімталдық

- артрит

- флебит

- тромбофлебит, лимфангит

- креатинин жоғарылауы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, гематурия

- мочевина қалдық азотының жоғарылауы, альбуминурия, нефрит

Сирек

- гипертиреоз, гипотиреоз

- Гийен-Барре синдромы, экстрапирамидті синдром

- ұйқысыздық, энцефалопатия

- шеткері нейропатия

- торқабыққа қан құйылу, мөлдір қабықтың бұлыңғырлануы, көру жүйкесінің атрофиясы, көз алмасының қозғалысы, нистагм, мөлдір қабықтың күңгірттенуі

- естудің төмендеуі, құлақтағы шуыл

- актиниялық кератоз,

- толық атрио-вентрикулярлық блокада, Гис будасы тармағының блокадасы, түйіндік аритмиялар, қарыншалық тахикардия, «пируэт» типті көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардия

- гипертония

- дисгевзия

- лимфангиит

- жалған жарғақшалы колит

- бауыр функциясы көрсеткіштерінің жоғарылауы (АСТ, АЛТ, сілтілік фосфатазаны, гамма-ГТ, ЛДГ, билирубинді қоса), сарғаю, холестаз

- бүйректің тубулярлық некрозы

- бауыр энцефалопатиясы, кома

- уытты эпидермальді некролиз, көп формалы эритема, дискоидты қызыл жегі, жалған порфирия

- диссеминацияланған тамырішілік қан ұюы

Белгісіз

- терінің жалпақ жасушалы обыры

- терінің қызыл жегісі, секпіл пайда болуы, лентиго

- периостит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың әсер етуші затына немесе кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық

- CYP3A4 субстраттарымен, терфенадинмен, астемизолмен, цизапридпен, пимозидпен немесе хинидинмен бірге қолдану, өйткені қан плазмасындағы бұл дәрілік заттардың ұлғайған концентрациясы QTc аралығының ұзаруына және сирек жағдайларда «пируэт» типті көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардия туындауына алып келуі мүмкін

-рифабутинмен, рифампицинмен, карбамазепинмен және фенобарбиталмен бірге қолдану, өйткені бұл дәрілік заттар қан плазмасында вориконазол концентрациясын елеулі азайтуы мүмкін

- эфавиренздің жоғары дозаларымен бірге қолдану (400 мг және одан астам 1 рет/тәулік), өйткені эфавиренз дені сау сынақтағылардың қан плазмасында вориконазол концентрациясын елеулі азайтуы мүмкін

- ритонавирдің жоғары дозаларымен бірге қолдану (400 мг және одан астам тәулігіне екі рет), өйткені дені сау сынақтағылардың қан плазмасында ритонавир бұл дозада вориконазол концентрациясын елеулі азайтуы мүмкін

- цитохром CYP3A4 субстраттары болып табылатын қастауыш алкалоидтарымен (эрготаминмен, дигидроэрготаминмен) бірге қолдану, өйткені қан плазмасындағы бұл заттардың концентрациясының артуы эрготизмге алып келуі мүмкін

- вориконазол қан плазмасындағы сиролимус концентрациясын елеулі ұлғайтуы мүмкіндігінен сиролимуспен бірге қолдану

- шайқурай препараттарымен бірге қолдану

- жүктілік және лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балалық жас

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттардың Вориол фармакокинетикасына әсері

Вориол цитохром Р450 – CYP2C19, CYP2C9 және CYP3A4 изоферменттерінің әсерімен метаболизденеді. Бұл изоферменттердің тежегіштері немесе индукторлары Вориолдың плазмадағы концентрациясының тиісінше жоғарылауын немесе төмендеуін туындатады.

Вориолдың плазмадағы деңгейі төмендегі препараттармен бір уақытта қолданғанда елеулі төмендейді:

Рифампицин (600 мг тәулігіне бір рет) Вориолдың Cmax (плазмадағы ең жоғары концентрациясын) және AUC тиісінше 93% және 96% төмендетеді.

Вориол және рифампицинді бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде.

Карбамазепин және ұзақ уақыт әсер етуші барбитураттар (мысалы, фенобарбитал) Вориолдың плазмадағы концентрациясын елеулі төмендетуі ықтимал, бірақ олардың өзара әрекеттесулері зерттелмеген. Вориолды карбамазепинмен және ұзақ уақыт әсер етуші барбитураттармен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде.

Аздаған фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерін немесе елеулі өзара әрекеттесулері болмауын ескере отырып, төмендегі препараттардың дозасын түзету талап етілмейді: циметидин, ранитидин, макролидтер тобының антибиотиктері (эритромицин және азитромицин).

Вориолдың басқа препараттарға әсері

Вориол цитохром Р450 – CYP2C19, CYP2C9 және CYP3A4 изоферменттерінің белсенділігін тежейді. Осыған байланысты Вориол осы CYP450 изоферменттермен метаболизденетін заттардың плазмалық концентрациясын жоғарылатуы мүмкін.

Вориолмен өзара әрекеттесулер төменде аталған препараттардың қандағы концентрациясының жоғарылауына алып келуі мүмкін. Осыған байланысты оларды бір мезгілде қолданғанда ұдайы бақылау және/немесе доза түзету керек.

Циклоспорин (CYP3A4 субстраты): бүйрек трансплантациясын өткерген пациенттерде және тұрақты жай-күйде болатын Вориол циклоспориннің Cmax және AUC ең кемі тиісінше 13% және 70% жоғарылатады.

Вориолды циклоспорин қабылдайтын науқастарға тағайындағанда циклоспориннің дозасын екі есе азайтуы мүмкін және оның плазмадағы деңгейін бақылау керек. Циклоспориннің концентрациясы жоғарылауы нефроуыттылықпен бірге жүреді. Вориолды тоқтатудан кейін циклоспориннің деңгейін бақылау керек және қажет болғанда оның дозасын арттыру керек.

Такролимус (CYP3A4 субстраты): Вориол такролимустың (0,1 мг/кг бір рет) Cmax және AUC (соңғы мөлшерлік өлшеуге дейінгі концентрация-уақыт қисығы астындағы аудан) 117 % және 221 % тиісінше жоғарылатады. Вориолды такролимус қабылдайтын науқастарға тағайындағанда соңғысының дозасын үштен бірге дейін азайту және оның плазмадағы деңгейін бақылау ұсынылады. Такролимус деңгейінің артуы нефроуыттылықпен бірге жүреді. Вориолды тоқтатқаннан кейін такролимус концентрациясын бақылау керек және қажет болғанда оның дозасын арттыру керек.

Метадон (CYP3A4 субстраты): Вориолды ішу арқылы қайта қабылдау (400 мг әр 12 сағат сайын 1 күн бойына, содан кейін 200 мг әр 12 сағат сайын 4 күн бойына) метадонның демеуші дозасын қабылдайтын адамдарда (30-100 мг тәулігіне бір рет) тиісінше фармакологиялық белсенді R-метадонның Cmax және AUC 31%-ға (90% СА: 22%, 40%) және 47% (90% СА: 38%, 57%) жоғарылатты.

Әсері қысқа апиындар (CYP3A4 субстраты): Вориолды және альфетанилді бір мезгілде қолданғанда бір рет енгізілген альфетанилдің AUC 6 есе жоғарылатты. Вориолмен бір мезгілде тағайындағанда құрылымы альфетанилге ұқсас және CYP3A4 (мысалы, суфентанил) метаболизденетін альфетанилдің және басқа да әсері қысқа апиындардың дозасын төмендету туралы мәселені шешу керек.

Фентанил (CYP3A4 субстраты): Вориолды (400 мг әр 12 сағат сайын 1-ші күні, содан кейін 200 мг әр 12 сағат сайын 2-ші күні) вена ішіне фентанилмен (5 µг/кг) бір мезгілде қолдану фентанилдің орташа AUC0-∞ 1.4 есе (1.12-1.60 есе шамада) жоғарылауына алып келді. Вориол және фентанилді бір мезгілде тағайындағанда пациенттердің тыныс алу функциясын бәсеңдетуге және басқа да жағымсыз әсерлеріне кеңейтілген және жиі бақылау ұсынылады, қажет болғанда фентанил дозасы төмендетілуі тиіс.

Оксикодон (CYP3A4 субстраты): Вориолдың бірнеше дозасын ішке (400 мг әр 12 сағат сайын 1 күнге кейінгі 2-4 күнде әр 12 сағат сайын 200 мг бес рет қабылдаумен) 10 мг оральді оксикодонды бір рет қабылдауға бір мезгілде тағайындағанда 3 –ші күні оксикодонның орташа Cmax және AUC0–∞ тиісінше 1.7 есе (1.4- 2.2 есе шамада) және 3.6 есе (2.7- 5.6 есе шамада) жоғарылауына алып келді. Сондай-ақ оксикодонның орташа жартылай шығарылу кезеңі 2 есе жоғарылаған (1.4-2.5 есе шамада). Апиындарға байланысты жағымсыз әсерлерінен аулақ болу үшін Вориолмен емде оксикодон дозасын азайту талап етілуі мүмкін. Оксикодонмен және CYP3A4 метаболизденетін басқа да әсері ұзақ апиындармен байланысты жағымсыз әсерлерге кеңейтілген және жиі бақылау ұсынылады.

Варфарин (CYP2C9 субстраты): Вориолды (300 мг тәулігіне 2 рет) варфаринмен (30 мг бір рет) бір мезгілде қолдану ең жоғары протромбиндік уақыттың 93%-ға дейін артуымен бірге жүрді.

Варфарин және Вориолды бір мезгілде тағайындағанда протромбиндік уақытты бақылау ұсынылады.

Басқа пероральді антикоагулянттар, мысалы, фенпрокумон, аценокумарол (CYP2C9, CYP3A4 субстраты): Вориол плазмадағы кумариндер концентрациясының және протромбиндік уақыттың жоғарылауын туындатуы мүмкін. Егер кумарин препараттарын қабылдайтын науқастарға Вориол тағайындаса қысқа аралықты протромбиндік уақытты бақылау керек және антикоагулянттар дозасын тиісті түрде таңдау керек.

Сульфонилмочевина туындылары (CYP2C9 субстраты): Вориол сульфонилмочевина туындыларының (мысалы, толбутамид, глипизид және глибенкламид) плазмадағы концентрациясын арттыруы және гипогликемия туындатуы мүмкін. Оларды бір мезгілде қолданғанда қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау керек.

Статиндер (CYP3A4 субстраты): Вориол ловастатин метаболизмін (адам бауырының микросомаларында) тежейді. Осыған байланысты Вориол CYP3A4 әсерімен метаболизденетін статиндердің плазмадағы концентрациясының жоғарылауын туындатуы мүмкін. Оларды бір мезгілде қолданғанда статиндер дозасын түзету дұрыстығын бағалау ұсынылады. Статиндер деңгейінің жоғарылауы кейде рабдомиолиз дамуымен бірге жүреді.

Бензодиазепиндер (CYP3A4 субстраты): өзара әрекеттесулері клиникалық зерттеулерде тексерілмесе де, Вориол мидазолам метаболизмін тежейді (адам бауырының микросомалары). Осыған байланысты Вориол CYP3A4 әсерімен метаболизденетін бензодиазепиндердің (мидазолам, триазолам, алпразолам) плазмадағы деңгейінің жоғарылауын және ұзаққа созылатын тыныштандыратын әсері дамуын туындатуы мүмкін.

Бұл препараттарды бір мезгілде қолданғанда бензодиазепин дозасын түзетудің мақсатқа сәйкестігін талқылау ұсынылады.

Қабіршөп алкалоидтары (CYP3A4 субстраты): Вориол плазмадағы қабіршөп алкалоидтары (мысалы, винкристин және винбластин) мөлшерін жоғарылатуы және нейроуыттылығын туындатуы мүмкін. Қабіршөп алкалоидтары дозасын түзетудің мақсатқа сәйкестігін талқылау ұсынылады.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): Вориол ибупрофеннің (400 мг бір рет) Cmax және AUC тиісінше 20% және 100%, жоғарылатты. Вориол диклофенактың (50 мг бір рет) Cmax және AUC тиісінше 114% және 78% жоғарылатты.

ҚҚСП байланысты жағымсыз әсерлер мен уыттылығына жиі бақылау жасау ұсынылады. ҚҚСП дозасын түзету талап етілуі мүмкін.

Вориолды төмендегі препараттармен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде: Вориолды CYP3A4 субстраттарымен: терфенадинмен, астемизолмен, цизапридпен, пимозидпен немесе хинидинмен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде, өйткені олардың плазмадағы концентрациясының артуы QT аралығының ұзаруына және сирек жағдайларда қарыншалық жыпылықтау/дірілдеуге алып келуі мүмкін.

Сиролимус (CYP3A4 субстраты): Вориол сиролимустың (2 мг бір рет) Cmax және AUC тиісінше 556 % және 1014 % жоғарылатады. Вориол мен сиролимусты бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде.

Қастауыш алкалоидтары (CYP3A4 субстраты): Вориол қастауыш алкалоидтарының (эрготамин және дигидроэрготамин) плазмадағы концентрациясының жоғарылауын және эрготизм дамуын туындатуы мүмкін. Вориол мен қастауыш алкалоидтарын бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде.

Вориолды төмендегі препараттармен бір мезгілде қолданғанда елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер анықталмады, сондықтан олардың дозасын түзету талап етілмейді.

Преднизолон (CYP3A4 субстраты): Вориол преднизолонның (60 мг бір рет) Cmax және AUCτ тиісінше 11 % және 34 % жоғарылатады. Дозасын түзету ұсынылмайды.

Дигоксин (Р-гликопротеин арқылы тасымал): Вориол дигоксиннің (0,25 мг тәулігіне бір рет) Cmax және AUC елеулі әсер етпейді.

Микофенол қышқылы (УДФ-глюкуронилтрансфераза субстраты): Вориол микофенол қышқылының (1 г бір рет) Cmax және AUC әсер етпейді..

Эфавиренз (нуклеозидты емес кері транскриптазаның тежегіші [CYP450 индукторы; CYP3A4 тежегіші және субстраты]): Вориолдың стандартты дозасы және эфавиренздің стандартты дозасы бір мезгілде тағайындалмауы тиіс. Дені сау адамдарда эфавиренз (400 мг оральді тәулігіне бір рет) Вориолдың тұрақты Cmax және AUC тиісінше орташа 61% және 77% төмендетті. Вориол тұрақты күйінде (400 мг оральді әр 12 сағат сайын 1 күн, содан кейін әр 12 сағат сайын 8 күн бойы 200 мг оральді) сол адамдарда эфавиренздің тұрақты Cmax және AUC тиісінше орташа 38% және 44% төмендетті.

Вориолды тәулігіне екі рет 300 мг дозада эфавиренздің төмен дозасымен (300 мг тәулігіне бір рет) үйлесімде қабылдау Вориолдың жеткілікті әсер етуіне алып келмеді.

Вориконазолдың стандартты дозасын эфавиренздің 400 мг немесе одан жоғары дозасымен күніне 1 рет пайдалану қарсы көрсетілімде. Дені сау адамдарда Вориолды тәулігіне екі рет 400 мг эфавирензбен 300 мг оральді тәулігіне бір рет бір мезгілде тағайындағанда, Вориолмен тәулігіне екі рет 200 мг моноеммен салыстырғанда, Вориолдың AUC - 7 % төмендеген және Cmax - 23 % жоғарылады. Эфавиренздің 600 мг тәулігіне бір рет моноеммен салыстырғанда эфавиренздің AUC - 17 %-ға жоғарылады және Cmax баламалы болды. Бұл айырмашылық клиникалық елеулі болып табылмайды.

Вориолды эфавиренздің демеуші дозасымен бір мезгілде тағайындағанда Вориолдың дозасы тәулігіне екі рет 400 мг дейін жоғарылатылуы тиіс, ал эфавиренз дозасы 50%-ға төмендетілуі тиіс, мысалы, тәулігіне бір рет 300 мг дейін. Вориолмен ем тоқтатылғанда эфавиренздің бастапқы дозасына оралуы қажет.

Фенитоин (CYP2C9 субстраты және CYP450 қуатты индукторы): Вориол мен фенитоинді, күтілетін пайдасы болжамды қаупінен астам болған жағдайды қоспағанда, бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Фенитоин (300 мг тәулігіне бір рет) Вориолдың Cmax және AUC тиісінше 49% және 69% төмендетеді. Вориол (400 мг тәулігіне екі рет) фенитоиннің (300 мг тәулігіне бір рет) Cmax және AUCτ тиісінше 67% және 81% жоғарылатады. Фенитоинді Вориолмен бір мезгілде қолданғанда плазмадағы фенитоин деңгейін мұқият мониторингтеу ұсынылады. Фенитоинді Вориолмен бірге қолдануға болады, егер соңғысының демеуші дозасы әр 12 сағат сайын көктамыр ішіне 5 мг/кг дейін немесе әр 12 сағат сайын ішу арқылы 200 мг-ден 400 мг дейін (100 мг-ден 200 мг дейін әр 12 сағат сайын ішу арқылы дене салмағы 40 кг төмен пациенттерде) жоғарылатылса.

Рифабутин (CYP450 индукторы): рифабутин (тәулігіне бір рет 300 мг) Вориолдың (тәулігіне екі рет 200 мг) Cmaxжәне AUCτ тиісінше 69% және 78% төмендетеді. Рифабутинді Вориолмен 350 мг дозада тәулігіне 2 рет бір мезгілде тағайындауда Cmax және AUCτ Вориолды бөлек-бөлек тәулігіне 2 рет 200 мг дозада қолданғандағы көрсеткішінің 96% және 68% құрайды. Вориолды 400 мг дозада тәулігіне екі рет қолданғанда Вориолды 200 мг дозада тәулігіне 2 рет моноемдегісінен Cmax және AUCτ, тиісінше, 104% және 87% жоғары болды. Вориол тәулігіне 2 рет 400 мг дозада рифабутиннің Cmax және AUCτ тиісінше 195% және 331% жоғарылатады. Егер емнен күтілетін пайдасы қаупінен астам болса, рифабутинді Вориолмен бір уақытта қолдануға болады. Бұндай жағдайда Вориолдың демеуші дозасын әр 12 сағат сайын вена ішіне 5 мг/кг дейін немесе әр 12 сағат сайын ішу арқылы 200 мг-ден 350 мг дейін (100 мг-ден 200 мг дейін әр 12 сағат сайын ішу арқылы дене салмағы 40 кг төмен науқастарда) жоғарылату керек. Рифабутин және Вориолмен бір мезгілдегі ем кезінде қанның толық талдауын ұдайы жүргізу және рифабутиннің жағымсыз әсерлерін бақылау (мысалы, увеит) ұсынылады.

Омепразол (CYP2C19 тежегіші; CYP2C19 және CYP3A4 субстраты): омепразол (40 мг тәулігіне бір рет) Вориолдың Cmaxжәне AUCτ тиісінше 15% және 41% жоғарылатады. Вориол дозасын түзету ұсынылмайды. Вориол омепразолдың Cmax және AUCτ тиісінше 116% және 280% жоғарылатады. Вориол тағайындағанда омепразол қабылдайтын науқастарда соңғысының дозасын екі есе азайту ұсынылады. Вориол сондай-ақ CYP2C19 субстраттары болып табылатын протондық насостың басқа блокаторларының метаболизмін тежеуі мүмкін.

Вориконазол және флуконазолдың өзара әрекеттесулері анықталмаған. Егер вориконазол флуконазолдан кейін біртіндеп пайдаланылса, Вориолға байланысты жағымсыз құбылыстарға мониторинг жүргізу ұсынылады.

Оральді контрацептивтер (CYP3A4 субстраты): дені сау әйелдерде Вориолды және оральді контрацептивті бір уақытқа тағайындау (1 мг норэтистерон және 0.035 мг этинилэстрадиол тәулігіне бір рет) этинилэстрадиолдың (тиісінше 36% және 61%) және норэтистеронның (тиісінше 15% және 53%) Cmax және AUC жоғарылауына алып келді. Вориолдың Cmax және AUC тиісінше 14% және 46% жоғарылаған. Оральді контрацептивтердің 1 мг норэтистерон және 0.035 мг этинилэстрадиолдан басқа дозалары зерттелмеген. Норэтистерон және этинилэстрадиолдың арақатынасы Вориолмен өзара әрекеттесу кезіндегіге ұқсас болып қалғандықтан, олардың контрацептивтік белсенділігі өзгермеуі мүмкін. Оральді контрацептивтермен бір мезгілге тағайындауға байланысты жағымсыз әсерлерін бақылау ұсынылады.

Индинавир (CYP3A4 тежегіштері және субстраты): индинавир (800 мг тәулігіне үш рет) Вориолдың Cmax және AUCτ елеулі әсер етпейді. Препарат индинавирдің Cmax, Сmin және AUCτ (800 мг тәулігіне 3 рет) елеулі әсер етпейді.

Басқа АИТВ протеаза тежегіштері (CYP3A4 тежегіштері және субстраттар): Вориол АИТВ протеаза тежегіштерінің (мысалы, саквинавир, ампренавир және нелфинавир) метаболизмін тежеуі мүмкін. АИТВ протеаза тежегіштері Вориол метаболизмін бәсеңдетуі мүмкін. Вориолды АИТВ протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қолданған жағдайда науқастарды болжамды уытты әсерлерін анықтау мақсатында бақылау керек.

Кері транскриптаза нуклеозидты емес басқа тежегіштері (КТНТ) (CYP3A4 немесе CYP450 тежегіштері, субстраттар): Вориолдың метаболизмі делавирдинмен тежелуі мүмкін. Вориолдың метаболизмі невипаринмен индукциялануы мүмкін. Сондай-ақ Вориол КТНТ метаболизмін тежеуі мүмкін. Пациенттерді Вориол және КТНТ бір мезгілде тағайындағанда препараттарды уыттылық тұрғысынан мұқият бақылау керек.

Айрықша нұсқаулар

Аса жоғары сезімталдығы

Басқа азольді препараттарға аса жоғары сезімталдығы бар науқастарға Вориол сақтықпен тағайындалуы тиіс.

Жүрек-қан тамыр бұзылуы

Вориолды қолдану электрокардиограммада QT аралығының ұзаруына байланысты, бұл Вориол емін қабылдайтын пациенттерде аритмия, қарыншалық жыпылықтау-дірілдеудің сирек жағдайларымен бірге жүреді (қауіптің көптеген факторлары бар ауыр науқасты пациенттердегі кардиоуытты химиотерапия, кардиомиопатия, гипокалиемия және осы асқынудың дамуына ықпал етуі мүмкін қатарлас ем). Проаритмиялық жай-күйінің потенциалды деректері бар төмендегі пациенттерге Вориол сақтықпен тағайындалуы тиіс:

- туа біткен немесе жүре пайда болған QT аралығының ұзаруы;

- кардиомиопатия, әсіресе жүрек жеткіліксіздігі болуындағы;

- синустық брадикардия;

- клиникалық симптомдары бар бұрыннан бар аритмиялар;

- QT аралығының ұзаруына ықпалы анықталған дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану. Қажет болғанда және вориконазолмен ем бастағанға дейін және ем уақытында гипокалиемия, гипомагниемия, гипокальциемия сияқты электролиттік бұзылуларды анықтау және түзету керек.

Гепауыттылық.

Вориолмен емдегенде бауыр тарапынан жиі емес күрделі реакциялар жағдайлары (0,1 – 1%) бақыланған (клиникалық білінетін гепатит, холестаз және бауырдың шұғыл сипатты жеткіліксіздігі, оның ішінде өліммен аяқталатынын қоса). Бауыр тарапынан жағымсыз құбылыстар негізінен күрделі ауруы бар науқастарда (негізінен қанның қатерлі аурулары) байқалады. Қандай да бір қауіп факторы жоқ науқастарда гепатит пен сарғаюды қоса, бауыр тарапынан өтпелі реакциялар байқалады. Бауыр функциясының бұзылуы әдетте қайтымды және ем тоқтатылғаннан кейін өтеді.

Бауыр функциясын мониторингтеу.

Вориолмен ем уақытында бауыр функциясын, әсіресе бауыр сынамасы және билирубинді ұдайы бақылау ұсынылады. Бауыр ауруының Вориолға байланысты болуы мүмкін клиникалық белгілері білінгенде емді тоқтатудың дұрыстығын талқылау керек.

Бүйрек тарапынан жағымсыз құбылыстар.

Вориол қабылдайтын ауыр науқастарда жедел бүйрек жеткіліксіздігі дамуының жағдайлары бақыланған.

Бүйрек функциясын мониторингтеу.

Науқастарды бүйрек функциясы бұзылуы белгілерін анықтау мақсатында бақылау керек. Осы үшін зертханалық зерттеулер жүргізу керек, ішінара креатининнің сарысулық деңгейін анықтау керек.

Көру тарапынан жағымсыз құбылыстар.

Көру жүйкесінің невриті және көру жүйкесінің ұшы ісінуін қоса, көру тарапынан жағымсыз әсерлер туралы мәліметтер бар. Бұл құбылыстар бәрінен бұрын тиісті жай-күйлері бар ауыр аурулы пациенттерде және/немесе осы құбылыстарды туындатуы мүмкін немесе туындауына қатысы бар бір уақытқа тағайындалған препараттардан туындаған.

Ұйқы безінің функциясын бақылау.

Ересектерде және балаларда жедел панкреатит дамуы бойынша қауіп факторы болуы (мысалы, жуырда өткерген химиялық ем, гематопоэздік дің жасушаларының трансплантациясы [ГДЖТ]) Вориолмен ем аясында панкреатит дамуына бақылау керек.

Тері тарапынан жағымсыз әсері.

Вориолмен ем аясында пациенттерде Стивенс-Джонсон синдромы сияқты эксфолиативті тері реакциялары сирек дамыған. Пациенттерде эксфолиативті тері реакциялары дамығанда Вориолмен ем тоқтатылуы тиіс. Одан басқа Вориолмен ем фотосезімталдықтың тері реакцияларымен байланысты болды. Вориолмен ем аясында күн сәулесінің қарқынды немесе ұзақ әсерінен аулақ болу ұсынылады.

Фотоуыттылық реакциялары туындағанда әртүрлі мамандардан кеңес алу керек және пациентті дерматологке жіберу керек. Тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Фотосезімталдықтың тері реакциялары және ұзақ ем аясында қосымша қауіп факторлары бар пациенттерде терінің жалпақ жасушалы обыры және меланома дамығаны байқалды. Егер пациентте жалпақ жасушалы обырға немесе меланомаға тән тері зақымдануы дамыса, препаратты тоқтату туралы мәселені шешу керек.

Фотосезімталдық реакциялары педиатриялық тәжірибеде көбірек бақыланады.

Ұзақ ем

Вориол препаратымен ұзақ емдеуде ауыр жағымсыз құбылыстар дамығаны туралы хабарланды, сондықтан дәрігерлерге препаратты ұзақ қолдануды шектеу қажеттігі туралы ескеру керек.

Қаңқа тарапынан жағымсыз құбылыстар

Трансплантаты бар пациенттерде Вориолмен ұзақ мерзімді емде периостит туралы хабарланды. Егер науқаста қаңқа ауыруы туындаса және рентген зерттеулері нәтижелері периоститке ұқсас болса вориконазолмен емді үзу керек.

Басқа препараттармен үйлесімде қабылдау

Эверолимус (CYP3A4 субстраты, Р-гликопротеин субстраты): вориконазолды эверолимуспен үйлесімде қабылдау ұсынылмайды, өйткені вориконазол болжам бойынша эверолимус концентрациясынан елеулі жоғары. Бұл жағдайдағы дозалау бойынша ұсыныстар жасау үшін осы кезде деректер жеткіліксіз.

Флуконазол (CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 тежегіштері): вориконазолды және флуконазолды үйлесімде ішу арқылы қабылдау дені сау субъектілердегі вориконазолдың Cmax және AUCt елеулі жоғарылауына әкелді. Вориконазол және флуконазол қолдануда дозасын және/немесе жиілігін қандай төмендетудің бұл әсердің жойылуына әкелетіні анықталмаған. Егер вориконазол флуконазолдан кейін пайдаланылса, вориконазолға байланысты жағымсыз құбылыстардың мониторингін жүргізу ұсынылады.

Эфавиренз (CYP450 индукторы; CYP3A4 тежегіші және субстраты): вориконазол эфавирензбен бірге қабылданған кезде вориконазол дозасын әрбір 12 сағат сайын 400 мг дейін арттыру керек және эфавиренз дозасы әрбір 24 сағат сайын 300 мг дейін төмендетілуі тиіс.

Фенитоин (CYP2C9 субстраты және CYP450 қуатты индукторы): фенитоинді вориконазолмен бірге қолданылғанда фенитоин деңгейіне мұқият мониторинг ұсынылады. Егер тек пайдасы қаупінен астам болмаса Вориконазолды және фенитоинді бірге пайдаланудан аулақ болу керек.

Ритонавир (CYP450 қуатты индукторы, CYP3A4 тежегіші және субстраты): егер пайда-қаупін бағалау вориконазол пайдалануды ақтаса ғана вориконазолды және ритонавирдің төмен дозасын (күніне екі рет 100 мг) бірге пайдаланудан аулақ болу керек.

Метадон (CYP3A4 субстраты): плазмадағы метадон концентрациясының жоғарылығы, QT аралығы ұзаруын қоса, уыттылығына байланысты. Бірге қолданған уақытта метадонға байланысты жағымсыз құбылыстар мен уыттылығының жиі мониторингі ұсынылады. Метадон дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.

Әсері қысқа апиындар (CYP3A4 субстраты): құрылымы бойынша алфентанилге ұқсас және вориконазолмен бірге қабылданғанда CYP3A4 (мысалы, суфентанил) көмегімен метаболизденетін алфентанил, фентанил және басқа да әсері қысқа мерзімді апиындардың дозасын төмендетуді қарастыру керек, өйткені алфентанилді вориконазолмен бірге қабылдағанда алфентанилдің жартылай шығарылу кезеңі 4 есеге ұзарған және вориконазолды фентанилмен бірге пайдалану фентанилдің AUC0-∞ орташа мәнінің 1.4 есеге жоғарылауына әкелді. Апиындарға байланысты (тыныс алу жүйесін зерттеудің ұзақ кезеңін қоса) жағымсыз құбылыстардың жиі мониторингі қажет болуы мүмкін.

Әсері ұзақ мерзімді апиындар (CYP3A4 субстраты): вориконазолмен бірге қабылдағанда CYP3A4 көмегімен метаболизденетін (мысалы, гидрокодон) оксикодонның және басқа да әсері ұзақ апиындардың дозасын төмендетуді қарастыру керек. Апиындарға байланысты жағымсыз құбылыстардың жиі мониторингі қажет болуы мүмкін.

Вориол таблеткалары құрамында лактоза бар және сирек тұқым қуалайтын лактоза жағымдылығы бұзылуы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттерге тағайындалмауы тиіс.

Балаларда қолданылуы

12 жастан кіші балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Вориол 12 жастан кіші және одан үлкен жастағы балаларда қолданылады. Ересектердегі сияқты балаларда да бауыр функциясы бақылануы тиіс.

Балаларда 12 жастан бастап сіңу бұзылуы бар болғанда және жасына қарай дене салмағы өте төмен болғанда вориконазолдың оральді биожетімділігі шектеулі болуы мүмкін.

Жүктілік

Жүкті әйелдердегі Вориол қолданылуы туралы нақты ақпарат жоқ. Жануарларда жүргізілген зерттеулер препараттың ұрпақ өрбітуге уыттылығы барын көрсетті. Егер бұл препарат жүктілік кезінде пайдаланылса пациенттер шарана үшін потенциалды қауіптілігі туралы хабардар болуы тиіс.

Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер ем уақытында контрацепцияның тиімді әдістерін тұрақты түрде пайдалануы тиіс.

Вориол препаратын тек күтілетін пайдасы қаупінен анық астам болатын жағдайларды қоспағанда, бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды.

Дәрілік заттардың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Вориол көз алдындағы тұмандануды, өзгерген/күшейген көзбен көріп қабылдауды қоса көрудің өтпелі немесе қайтымды бұзылуын және/немесе фотофобияны туындатуы мүмкін. Бұндай симптомдар болған кезде пациенттер мысалы, автомобиль басқару немесе күрделі техника пайдалану сияқты аса қауіпті әрекеттерді орындаудан аулақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерінің күшеюі.

Емі: антидоты белгісіз. Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық терапия көрсетілген. Асқазан шаю жүргізілуі мүмкін.

Вориол клиренсі 121 мл/мин гемодиализде шығарылады. Сульфобутилді эфир бета-циклодекстрин (SBECD) де 55 мл/мин клиренспен диализденеді. Артық дозаланған жағдайда гемодиализ Вориолдың және SBECD организмнен шығарылуына ықпал етуі мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг және 200 мг.

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

MSN Laboratories Private Limited

Plot No 42, Anrich Industrial Estate, Bollaram,

Medak District - 502 325. A. P., Үндістан.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

MSN Laboratories Private Limited, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан, Алматы қ.,Жангелдин к-сі, 31, кеңсе 205, тел. +7 747 8163142

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері

Қазақстан, Алматы қ.,Жангелдин к-сі, 31, кеңсе 205

Тел. 8 701 880 1967, 8 777 081 9393, e-mail: ms.ascarova@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

681717341477976396_ru.doc 161 кб
275343131477977600_kz.doc 183.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники