Волвит®

МНН: Биотин
Производитель: Кусум Хелткер Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Биотин
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018101
Период регистрации: 26.07.2016 - 26.07.2021

Инструкция

Саудалық атауы

ВОЛВИТ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Биотин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг

Құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 5 мг биотин,

қосымша заттар: целлактоза 80, натрий лаурилсульфаты, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы,

қабық құрамы: Opadry II 85 G 54348 Қызғылт (поливинилді спирт, тальк, макрогол/PEG 3350, лецитин, понсо 4R алюминий лагы (Е 124), титанның қостотығы (Е 171), хинолинді сары алюминий лагы (Е 104).

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Басқа да витаминдер. Басқа да витаминдер таза түрінде. Биотин.

АТХ коды A11HA05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Организмде биотин пассивті диффузия жолымен жіңішке ішекте жедел сіңеді, содан соң қақпалық жүйе арқылы бауырға және одан әрі жүйелік қан ағынына барады. Биотиннің қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі 80% құрайды. Әдетте қандағы бос және әлсіз байланысқан биотин концетрациясы 200-ден 1200 мкг/л дейінді құрайды. Биотин гематоэнцефалдық және плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Организмде әртүрлі метаблиттер түзе отырып, метаболизденеді. Өзгермеген түрде несеппен (тәулігіне 6-дан 50 мкг дейін) және нәжіспен (50% жуық), сондай-ақ алмасудың биологиялық инертті өнімдері түрінде шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі енгізілген дозаның көлеміне байланысты және

ішке дене салмағының әр кг 100 мкг дозадан енгізгеннен кейін 26 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Биотин (Н витамині, В7 витамині) В тобының суда еритін витамині болып табылады. Биотин организмде көмірсулар, майлар, ақуыздар алмасуында маңызды рөл атқарады және жасушалардың қалыпты өсуі мен дамуы үшін өмірлік қажеттілік болып табылады. Организмге түскен биотин карбоксилазалардың коферменті ретінде қызмет етеді, инсулинге ұқсас әсер береді, глюконеогенез үдерісіне қатысады (глюкокиназа синтезіне қатысуына байланысты), соның әсерінен қандағы қант деңгейін тұрақтандыруға әрекет етіп, жүйке жүйесі функциясын жақсартады. Биотин В тобындағы басқа витаминдерінің: фолий қышқылы, пантотен қышқылы, цианокобаламиннің синергисі болып табылады. Биотиннің пуринді нуклеотидтар синтезіне қатысатыны туралы деректер бар. Биотин ақуыз – коллаген синтезіне қатысатын күкірт көзі болып табылады, осылайша тері және оның қосалқыларының құрылымына (шаш, тырнақтар) оң әсер етеді. Биотин адам организміне азықтық өнімдерден түседі, сондай-ақ ішек микрофлорасымен синтезделеді.

Қолданылуы

- биотин тапшылығына байланысты ауруларды емдеуде және профилактикасында: шаш, тері, тырнақ аурулары

- биотинмен астасқан генетикалық негізделген энзимопатияны (көптеген карбоксилаза жеткіліксіздігі) емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Биотин тапшылығын емдеген кезде ересектерге ұсынылатын доза (тырнақ, шаш, тері аурулары) – тәулігіне 5 мг биотин.

Биотинмен астасқан генетикалық негізделген энзимопатияны (көптеген карбоксилаза жеткіліксіздігі) емдеу үшін тәулігіне 10 мг дейін биотин тағайындайды. Таблеткаларды тамақтануға дейін, шайнамай, жеткілікті сұйықтық мөлшерімен ішу керек. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың сипаты мен ағымына байланысты.

Жағымсыз әсерлері

Сирек:

- кеуденің ауыруы

- ентігу

- тері бөртпелері, есекжем түріндегі аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- биотинге немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Волвит® құрысуларға қарсы препараттармен біріктіре қолданғанда биотиннің қан плазмасындағы концентрациясы оның несеппен шығарылуының артуы есебінен төмендеуі мүмкін. Вальпрой қышқылы бауыр митохондриясы функциясын төмендете отырып, биотинидазалар белсенділігін төмендетеді.

Шикі жұмыртқаның ақуызында биотинмен өзара әрекеттесетін авидин протеині бар, сондықтан оларды бір мезгілде қолдануды болдырмаған жөн. Шикі жұмыртқаны өте үлкен шамада 2-3 апта бойы пайдалану биотин тапшылығын туғызады.

Пантотен қышқылы үлкен дозаларда биотинмен бәсекелеседі, сондықтан оларды бір мезгілде қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препарат құрамында аллергиялық реакциялар туындатуы ықтимал понсо 4R (Е124) бар.

Дәрігер тағайындаған емнің ұзақтығын бұзуға болмайды. Үзіп-үзіп немесе уақытынан бұрын тоқтатылған емдеу жағдайында препараттың әсері төмендеуі мүмкін. Биотинді жақсы көтерудің мүмкіндігі бар болғандықтан емді ұзақ мерзімге созуға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Волвит® препаратының психомоторлық реакциялар жылдамдығына теріс әсеріне қатысты деректер жоқ.

Артық дозалануы

Волвит® артық дозалану жағдайлары үлкен дозаларды қолданғанда да байқалмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапта.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Кусум Хелткер Пвт. Лтд.,

СП 289 (А), Риико Индл. Ареа Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Дәрі-Фарм, (Қазақстан)» ЖШС, Алматы қ., Достық д-лы, 117/6, «Хан-Тәңірі» БО.

Телефон: 295-26-50, 295-26-51 (54) , Факс: 295-26-55

Электрондық пошта: mtt@kusumhealthcare.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«Дәрі-Фарм, (Қазақстан)» ЖШС, Алматы қ., Достық д-лы, 117/6, «Хан-Тәңірі» БО.

Телефон: 295-26-50, 295-26-51 (54) , Факс: 295-26-55

Электрондық пошта: mtt@kusumhealthcare.kz

 

Прикрепленные файлы

825918671477976200_ru.doc 56.5 кб
000402641477977450_kz.doc 68.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники