Водорода перекись-DF (спрей для наружного применения 3%)

МНН: Водорода пероксид
Производитель: Досфарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Hydrogen peroxide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013206
Информация о регистрации в РК: 19.05.2021 - 19.05.2031
Предельная цена закупа в РК: 84.36 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Сутегінің асқын тотығы - DF

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 3% спрей

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат – концентрацияланған сутегінің асқын тотығы (құрамында 27%-дан 40%-ға дейінгі сутегінің асқын тотығы қанықтырылған) – 7,5 г-нан 11,11 г-ға дейін

қосымша заттар: натрий бензоаты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Түссіз, иіссіз мөлдір сұйықтық немесе өзіне тән әлсіз иісі, аздап қышқылды реакциясы бар

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да антисептиктер және зарарсыздандырғыш препараттар

АТХ коды D08AX01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сутегінің асқын тотығы жарықтың әсерінен, қыздырғанда, сілтілермен, тотықтыратын және тотықсыздандыратын заттармен жанасқанда оттегіні бөле отырып жылдам ыдырайды.

Фармакодинамикасы

Оксиданттар тобының атнисептикалық дәрісі. Зарарсыздандырғыш, иіссіздендіргіш, сондай-ақ гемостатикалық әсері бар. Сутегінің асқын тотығы зақымданған терімен және шырышты қабықтармен жанасқанда қанның құрамындағы фермент – пероксидаза су және белсенді оттегін түзе отырып сутегінің асқын тотығын ыдыратады. Бұл кезде көбік түзіледі, оның көмегі арқылы механикалық тазару және органикалық заттардың (протеиндер, қан, ірің) белсенділігін жою жүзеге асады.

Препараттың антисептикалық әсері стерилизацияламайды, оны қолданғанда тек микроорганизмдер мөлшері уақытша азаяды.

Қолданылуы

- беткейлік аздаған жараларда, ойық жараларда

- беткейлік жараларындағы ұсақ қылтамырлардан қан кеткенде

- мұрыннан қан кеткенде

Қолдану тәсiлдерi және дозасы

Ересектер мен барлық жастағы балаларға зарарсыздандырғыш және иіс жоятын дәрі түрінде қолданылады.

Тері жабындарын, жараларды және ойық жараларды өңдеу үшін спрейді зақымданған бөліктерге оларды мұқият ылғалдануы үшін жеткілікті мөлшерде бүркеді немесе оларды тампонмен сулау үшін қолданылады.

Препаратты жаралар толық жазыла бастағанға дейін және қара қотырланғанша қолданады.

Жағымсыз әсерлері

- болуы мүмкін: жараны өңдеу кезінде шымылдатып ашытуды сезу

- жекелеген жағдайларда: аллергиялық реакция

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғарғы сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат металл тұздарының, кейбір оксиданттардың күрделі радикалдары болатын сілтілі ортада тұрақсыз.

Айрықша нұсқаулар

Қуыстарды шаю үшін қолданылмайды.

Препарат жарық пен жылуда тұрақсыз.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және бала емізу кезінде қолдануға қарсы көрсетілім жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Қорғаушы қалпақшасымен және бүріккіш қондырғысы бар полиэтиленді құтыларда 30 мл, 50 мл, 100 мл, 200 мл-ден.

Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілінде жазылған нұсқаулықпен бірге топтық ыдысқа салынады. Немесе 1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілінде жазылған нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3, тел.: (727) 253-03-88.

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, 050034, Қазақстан, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3

Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-cі, 3, тел./факс: (727) 253-03-88, эл. поштасы: dosfarm@dosfarm.kz

 

Прикрепленные файлы

877749301477977050_ru.doc 43.5 кб
063826091477978233_kz.doc 47.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники