Витрум® Мемори

МНН: Гинкго Билоба
Производитель: Юнифарм, Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ginkgo biloba
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010816
Информация о регистрации в РК: 17.10.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Витрум® МЕМОРИ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар, 60 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат -

Гинкго Билоба жапырақтарының стандартталған құрғақ экстраты (24 % флавонды гликозидтер*)

- 60 мг,

* - 14.4 мг флавонды гликозидтер

қосымша заттар: кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, кремнийдің қос тотығы,

қабық құрамы: гипромеллоза, триацетин.

Сипаттамасы

Бір жақ бетінде бөлетін сызығы және теңбілі бар, ашық-қоңырдан қою қоңыр түске дейінгі екі беті дөңес, қабықпен қапталған таблеткалар. Ерекше иістің болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Деменцияны емдеуге арналған препараттар. Деменцияны емдеуге арналған басқа да препараттар. Гинкго билоба.

АТХ коды N06DХ02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гинкго Билоба экстрактының құрамында флавонды гликозидтер, терпенолактондар (гинкголидтер және билобалидтер) және басқа да экстрактивті заттар бар. Ішке қабылдаған кезде жақсы сіңеді, ең жоғарғы концентрацияға (Сmax) 1.5 сағатта жетеді. Жүйкелік және без тіндері препаратқа жоғары афинділігімен сипатталады. А және В гинкголидтердің және билобалидтердің биожетімділік коэффиценті тиісінше 0.80, 0.88 және 0.79 құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі (T½) 4.5 сағатты құрайды. СО2 және несеппен жеңіл түрде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Шығу тегі өсімдік текті препарат, ми қан айналымын жақсартады және миды оттегімен және глюкозамен қамтамасыз етеді, жасушалардағы зат алмасуын, қанның реологиялық қасиетін және микроциркуляциясын қалыптандырады. Қан тамырлар жүйесіне реттегіш әсер етеді, ұсақ артерияларды кеңейтеді, вена тонусын жоғарылатады, сонымен тамырлардың қанға толуын реттейді; тромб түзілуіне кедергі болады; капиллярлар (ми, шеткері тіндер) өткізгіштігінің төмендеуіне байланысты ісінуге қарсы әсер етеді; орталық жүйке жүйесінде (ОЖЖ) нейромедиаторлы үдерісті қалпына келтіреді. Гипоксияға қарсы әсер етеді, жадыны және оқуға қабілеттілікті жақсартады; ми қызметін стимуляциялайды.

Қолданылуы

  • зейін қоюдың, жадының, жылдам ойлаудың төмендеуі, интеллектуальді қабілеттіліктің, естудің, көрудің, сөйлеу функциясының нашарлауы (оның ішінде жас ұлғаю өзгерісі нәтижесінде)

  • шеткері қан айналымының және аяқ-қолдың микроциркуляциясы бұзылыстары (кешенді ем құрамында)

Қолданылу тәсілі және дозасы

Ішке, тағам қабылдау кезінде тәулігіне 1 таблеткадан 2 рет.

Орташа емдеу ұзақтығы - 3 ай.

Қайталау курсы дәрігерден кеңес алғаннан кейін.

Жағымсыз әсерлері

  • диспепсия

  • бас ауыруы, бас айналуы

  • терінің аллергиялық реакциясы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компонентіне жекелей жоғары сезімталдық

  • қан ұюының төмендеуі

  • ми қан айналымының жедел бұзылуы

  • жедел миокард инфаркті

  • артериялық гипотензия

  • эрозиялық гастрит

  • асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ацетилсалицил қышқылымен және антикоагулянттармен біріктіруден аулақ болу керек.

Айрықша нұсқаулар

Витрум® Мемори тағайындағанға дейін церебральді көрсетілім кезінде патологиялық симптомдарды спецификалық емдеу қажеттілігін анықтау қажет. Алғашқы емнен кейін 1 айдан соң жағдайдың жақсарғаны байқалады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне өнімнің теріс әсері туралы деректер жоқ.

Артық дозалануы

Витрум® Мемори препаратымен артық дозалануы туралы осы уақытқа дейін хабар болған жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қабықпен қапталған 30 таблеткадан салынған.

1 немесе 2 ұяшықты қаптамадан қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 10 – 30 °С температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Юнифарм, Инк., АҚШ

Тіркеу куәлігінің иесі

Юнифарм, Инк., АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейін қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы Юнифарм, Инк. (АҚШ) өкілдігі

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

тел.: +7 (727) 244-50-04

факс: +7 (727) 244-50-06

info@unipharm.kz

Прикрепленные файлы

773867391477975702_ru.doc 53.5 кб
773313271477977413_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники