Витрум® Вижн Форте

Производитель: Юнифарм, Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины в других комбинациях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010876
Информация о регистрации в РК: 17.10.2016

Инструкция

Саудалық атауы

ВИТРУМ ВИЖН ФОРТЕ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

Белсенді заттар:

лютеин

6.0

мг

зеаксантин

0.5

мг

С дәрумені (аскорбин қышқылы)

60.0

мг

Е дәрумені (альфа токоферол ацетаты)

10.0

мг1

А дәрумені (бета-каротин)

1.5

мг

мырыш (мырыш тотығы)

5.0

мг

В2 дәрумені (рибофлавин)

1.2

мг

селен (селен хелатты амин қышқыл жиынтығы)

25.0

мкг

рутин

25.0

мг

қара жидек экстракты

60.0

мг

1 – 10 ХБ Е дәруменіне баламалы

қосымша заттар: магний стеараты, кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, кальций гидрофосфаты,

қабықтың құрамы: Опадрай ІІ сары 89F12001 (темірдің қызыл тотығы (Е 172), тальк, полиэтиленгликоль, темірдің сары тотығы (Е 172), гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), поливинил спирті).

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, екі жағы дөңес, ашық- ақсұрдан ашық-сары түске дейінгі қабықпен қапталған таблеткалар. Өзіне тән ерекше иіс болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Дәрумендер. Поливитаминдер. Поливитаминдер басқа да біріктірілімдерде.

АТХ коды А11АВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі, метаболизмі, таралуы және шығарылуы ВИТРУМ ВИЖН ФОРТЕ препараты құрамына кіретін жекелеген компоненттердің қасиеттеріне сәйкес келеді. Кинетикалық бақылаулар жүргізу мүмкін болмайды, барлық компоненттер бірге маркерлердің немесе биозерттеулердің көмегімен бақылануы мүмкін емес. Осы себептен препараттың метаболиттерін табу мүмкін болмайды.

Фармакодинамикасы

Дәрумендер, минералдар, өсімдік каротиноидтары және антоцианозидтер кешені. Антиоксидантты және қорғағыш әсер береді. Метаболиздік әсер етеді, көздің капиллярларын нығайтады, көру өткірлігін күшейтеді (оның ішінде асқынған миопатиясы бар науқастарда), ымырт кезіндегі көруді жақсартады, көзге жоғары жүктеме түскен кезде көруді жақсартады.

Қолданылуы

  • оқу, жанаспалы линзалар тағу, компьютермен жұмыс істеу кезіндегі көздің шаршау синдромында (көздің шаршауы және ауыруы)

  • әртүрлі дәрежедегі алыстан көрмеуде

  • диабеттік ретинопатияда

  • торқабықтың орталықтық және шеткері дистрофиясында

  • көзге жасалатын операциялық араласудан кейінгі қалпына келу кезеңінде

  • көздің қараңғылыққа үйрену механизмдерінің нашарлауында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке. Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға – күніне екі рет тамақтан кейін 1 таблеткадан. Емдеу курсы – 3 ай. Қайталау курстары дәрігердің тағайындауы бойынша.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың кез келген компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

  • 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Осы уақытқа дейін ВИТРУМ ВИЖН ФОРТЕ препаратының басқа дәрілік препараттармен клиникалық мәні бар өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Құрамында дәрумендер мен минералдарға ұқсас препараттармен бір мезгіде қабылдағанда артық дозаланудың пайда болу қаупі күшейеді.

С дәрумені микробқа қарсы сульфаниламидтер тобына жататын дәрілердің әсерін және жағымсыз әсерлерін (оның ішінде несепте кристалдардың пайда болуын) күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Тиісті дозаны арттырмау керек.

Артық дозалануды болдырмау үшін басқа да осындай поливитаминді-минералдар кешендермен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және лактация кезеңінде тек дәрігердің кеңесі бойынша қолдану керек.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Ұсынылған дозада және емдеу ұзақтығында артық дозалану құбылыстары сипатталмаған.

Байқаусызда артық дозаланса тез дәрігерге қаралу керек.

Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық ем ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қабықпен қапталған 30 немесе 60 таблетка.

Поливинилхлоридтен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада қабықпен қапталған 15 таблеткадан.

2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 10 – 30 °С температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйым

Unipharm, Inc. (Юнифарм, Инк.)

заңды мекенжайы: 350 Бесінші Авеню, 6701 кеңсе,

Нью-Йорк, Нью-Йорк штаты 10118, АҚШ

Тіркеу куәлігінің иесі

Unipharm, Inc. (Юнифарм, Инк.), АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Unipharm, Inc. (Юнифарм, Инк.) ҚР өкілдігі

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

тел.: +7 (727) 244-50-04, факс: +7 (727) 244-50-06

info@unipharm.kz

Прикрепленные файлы

562839691477975702_ru.doc 57.5 кб
153365501477977412_kz.doc 54.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники