Витрум® Бьюти Элит

МНН: Поливитамины + Прочие препараты
Производитель: Юнифарм, Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины в других комбинациях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010872
Информация о регистрации в РК: 03.01.2013 - 03.01.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Витрум Бьюти Элит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

А витамині (бета-каротин)

1.02

мг*

Е витамині (d-α-токоферол ацетаты)

10

мг**

D3 витамині (холекальциферол)

1.68

мкг***

С витамині (аскорбин қышқылы)

40

мг

В1 витамині (тиамин мононитраты)

2

мг

В2 витамині (рибофлавин)

2

мг

пантотен қышқылы (кальций пантотенаты)

10

мг

В6 витамині (пиридоксин гидрохлориді)

5

мг

фолий қышқылы

133

мкг

В12 витамині (цианокобаламин)

4

мкг

никотинамид

10

мг

биотин

133

мкг

кальций (кальций гидрофосфаты)

150

мг

магний (магний тотығы)

50

мг

фосфор (кальций гидрофосфаты)

155

мг

темір (хелатты амин қышқылы кешенінің темірі)

10

мг

мырыш (мырыш тотығы)

5

мг

йод (калий йодиді)

75

мкг

марганец (марганец глюконаты)

3.33

мг

селен (хелатты амин қышқылы кешенінің селені)

8.3

мкг

бор (бор цитраты)

0,5

мг

пара-аминобензой қышқылы

10

мг

папаин

3.3

мг

бетаин гидрохлориді

10

мг

рутин

10

мг

инозитол

20

мг

холин

50

мг

L-цистеин

20

мг

L-аргинин

10

мг

L-лизин

20

мг

L-метионин

20

мг

алое вера жапырағы

25

мг

шай жапырағының сығындысы

20

мг

жүзім сүйегі сығындысы

20

мг

лимон биофлавоноидтері

20

мг

еуропалық зәйтүн жапырағының сығындысы

20

мг

ламинарий қатпарларының ұнтағы

9

мг

бұрыш жалбызы шөбінің сығындысы

5

мг

қалақай жапырағының сығындысы

3

мг

дәріханалық зімбір тарамтамыр сығындысы

3

мг

анис ұрықтарының сығындысы

3

мг

куркум тарамтамыр сығындысы

2

мг

дала қырықбуыны шөбінің сығындысы

2

мг

лаванда шөбінің сығындысы

2

мг

даршын ағашы қабығының сығындысы

1

мг

розмарин жапырағының сығындысы

1

мг,

* - 1.02 мг бета-каротин 1700 ХБ А витаминіне сәйкес келеді

** - 10 мг d-α-токоферол ацетаты 13.6 ХБ Е витаминіне сәйкес келеді

*** - 1.68 мкг колекальциферол 67.2 ХБ D3 витаминіне сәйкес келеді

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, кремнийдің қостотығы,

қабықтың құрамы: Опадрай II Қан қызыл 85F10193 (поливинилді спирт, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль, тальк, қызыл FD&C #40 бояғыш (Е129), көк FD&C бояғыш #2 (Е132))

Сипаттамасы

Өзіне тән сәл ерекше иісі бар, сопақша пішінді, екі беті дөңес, қызғылт-күлгіннен көкшіл реңді күңгірт-күлгін түске дейінгі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа біріктірілімдердегі поливитаминдер.

АТХ коды А11АВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі, метаболизмі, таралуы және бөлініп шығуы Витрум Бьюти Элит өнімінің құрамына кіретін жекелеген компоненттердің қасиеттеріне сәйкес келеді. Клиникалық бақылау жүргізу мүмкін емес, бірге әсер етуші компоненттер маркерлердің немесе биозерттеулердің көмегімен байқалмайды.

Фармакодинамикасы

Әсері оның құрамына кіретін заттардың қасиеттерімен анықталатын біріктірілген препарат. Препараттың белсенді құрамдас бөліктері негізгі метаболикалық үдерістерге қатысатын ферментативті жүйенің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады; ағзаның қорғаныс күштерін және терінің регенерация үдерістерін көтермелейді; шаш және тырнақ пластиналарының құрылымын жақсартуға ықпал етеді; ас қорыту жүйесі жұмысын, ішектің перистальтикасын қалыпқа келтіреді; қылтамырлар қабырғаларын нығайтады, микроциркуляцияны жақсартады; стрестік күйдің салдарын азайтады; антиоксидантты және жалпы нығайтатын әсері бар.

Қолданылуы

Гипо- және авитаминоздардың, организмдегі минералды заттар жеткіліксіздігінің алдын алу және емдеуде:

  • дене және ақыл-ой жүктемелері жоғары болғанда

  • аурудан, оның ішінде жұқпалы аурулардан кейінгі қалпына келу кезеңінде

  • теңестірілмеген тамақтануда және толыққанды тамақтанбағанда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке. Ересектерге күніне 2 таблеткадан тамақтан кейін. Дәрігер кеңесі бойынша дозасы 3 таблеткаға дейін ұлғайтылуы мүмкін.

Емнің ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың кез келген компонентіне жекелей жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат құрамында темір мен кальций бар, сондықтан да ішекте тетрациклиндер тобы антибиотиктерінің, сондай-ақ антимикробтық дәрілер – фторхинолдар туындыларының сіңуін кідіртеді. С витамині сульфаниламидтер тобы микробтарға қарсы дәрілерінің әсері мен жағымсыз әсерлерін күшейтеді. Құрамында алюминий, магний, кальций, сондай-ақ холестирамин бар антацидті препараттар темірдің сіңуін азайтады. Тиазидтер тобының диуретиктік дәрілерін бір мезгілде тағайындаған кезде гиперкальциемия (қанда кальций құрамының артуы) болу ықтималдығы артады.

Басқа поливитамин кешендерін бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Тромбоздардың жоғары даму қаупі бар адамдарға : жүрекке, тамырларға жасалған операциялардан, аортокоронарлық шунттаудан кейін қабылдау ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілікте және лактация кезеңінде препаратты қолданар алдында дәрігердің кеңесі қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Кездейсоқ артық дозаланғанда дәрігерге қаралу керек.

Симптомдары: жүрек айну, әлсіздік, асқазан-ішек бұзылыстары.

Артық дозалану жағдайында дәрігерге қаралу қажет.

Емі: ішке белсенділендірілген көмір, асқазанды шаю, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қабықпен қапталған 30 немесе 60 таблеткадан полиэтилен құтыда сол материалдан жасалған бұралатын қақпағымен және фольгадан жасалған сақтандырғыш клапанымен. Құтыға заттаңба жапсырылады, құтыны полиэтилен үлбірмен тартып қояды, медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 10 оС – 30 оС температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Юнифарм, Инк., АҚШ

Тіркеу куәлігінің иесі

Юнифарм, Инк., АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Юнифарм, Инк.» (АҚШ) өкілдігі

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

Телефон нөмірі: +7 (727) 244-50-04

Факс нөмірі: +7 (727) 244-50-06

Электронды поштасы: info@unipharm.kz

 

 

Прикрепленные файлы

266668101477976976_ru.doc 71 кб
940588691477978143_kz.doc 108 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники