ВИТРУМ® БЬЮТИ

МНН: Поливитамины + Прочие препараты
Производитель: Юнифарм, Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины в других комбинациях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013709
Информация о регистрации в РК: 18.02.2014 - 18.02.2019

Инструкция

Саудалық атауы

ВИТРУМ® БЬЮТИ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

А витамині (бета-каротин)

1700

ХБ1

Е витамині (d -α-токоферол ацетаты)

10

ХБ2

D3 витамині (холекальциферол)

67

ХБ3

C витамині (аскорбин қышқылы)

40

мг

фолий қышқылы

133

мкг

B1 витамині (тиамин мононитраты)

2

мг

B2 витамині (рибофлавин)

2

мг

B6 витамині (пиридоксин гидрохлориді)

5

мг

B12 витамині (цианокобаламин)

4

мкг

никотинамид

10

мг

биотин

133

мкг

пантотен қышқылы (кальций пантотенаты)

10

мг

рутин

10

мг

инозитол

20

мг

холин (холин тартраты)

50

мг

биофлавоноидтар

20

мг

бетаин гидрохлориді

10

мг

пара-аминобензой қышқылы

10

мг

L-цистеин

3,3

мг

L-метионин

3,3

мг

папаин

3,3

мг

кальций (кальций гидрофосфаты)

200

мг

йод (калий йодиді)

75

мкг

темір (хелатты амин қышқылдарының жиынтығы)

2

мг

магний (магний тотығы)

50

мг

фосфор (кальций гидрофосфаты)

155

мг

мырыш (мырыш тотығы)

5

мг

марганец (марганец глюконаты)

3,3

мг

селен (хелатты амин қышқылдарының жиынтығы)

8,3

мкг

бор (бор цитраты)

0,5

мг

дала қырықбуыны шөбі

20

мг

1 - 1,02 мг бета-каротинге баламалы

2 - 10 мг d-α-токоферол ацетатына баламалы

3 - 1,68 мкг холекальциферолға баламалы

қосымша заттар: стеарин қышқылы, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы,

қабықтың құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), кармин бояғышы (Е 120), триацетин, көк FD&C бояғыш #2(Е 132), ванилин.

Сипаттамасы

Сопақ пішінді, екі беті дөңес, қызғылт-күлгін түсті үлбірлі қабықпен қапталған, одан қоюлау түсті сирек теңбілдері, өзіне тән иісі бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да біріктірілімдегі поливитаминдер.

АТХ коды А11АВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі, метаболизмі, таралуы және бөлінуі ВИТРУМ® БЬЮТИ өнімінің құрамына кіретін жекелеген компоненттердің қасиеттеріне сай келеді. Клиникалық байқаулар жүргізу мүмкін емес, бірге әсер ететін компоненттер маркерлер немесе биозерттеулердің көмегімен байқалмайды.

Фармакодинамикасы

Біріктірілген препарат, әсері препараттың құрамына кіретін заттардың қасиеттеріне қарай анықталады. Препараттың белсенді компоненттері негізігі метаболизм үдерістеріне қатысатын ферментативті жүйелердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Құрамында тері, тырнақ, шаш құрылымдарын жақсартуға ықпал ететін коллаген және басқа да ақуыздар қалыптасуына қажетті амин қышқылдары бар; зат алмасуы қалпына келуіне ықпал етеді, антиоксидантты әсері бар.

Бета-каротин А витаминінің ізашары болып табылады. Иммуномодуляциялаушы әсер етеді, В- және Т-лимфоциттер жіктемесін көтермелейді, бос радикалдардың белсенділігін жоюға айқын қабілеті бар.

Е витамині табиғи антиоксидант болып табылады – липидтердің асқын тотығуына жол бермейді. Ақуыздар (коллаген, жиырылатын ақуыздар, шырышты қабық), Q коэнзимі синтезіне, тіндік тыныс алуға, тін метаболизмінің басқа да маңызды үдерістеріне қатысады, қылтамырлардың жоғары өткізгіштік және сынғыштығына кедергі етеді.

D3 витамині ақуыз алмасуын реттеу арқылы кальций және фосфор теңгерімін демеуде маңызды рөл атқарады.

С витамині бірқатар биологиялық белсенді заттар тотығуына, дәнекер тіндерде алмасуды реттеуге, көмірсу алмасуына, қан ұйығыштығына және тіндердің регенерациясына қатысады, стероидты гормондар түзілуін реттейді, қылтамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіреді, организмнің жұқпаларға төзімділігін арттырады, қабыну реакцияларын азайтады.

Фолий қышқылы қан жасушаларының қалыпты түзілуі үшін қажет, эритропоэз, лейкопоэз, тромбоцитопоэзді көтермелейді, амин қышқылдары синтезіне қатысады. Зақымданған тіндер трофикасына және регенерациясына ықпал етеді.

В тобының витаминдері (В1 витамині, В2 витамині, В6 витамині, В12 витамині) организмдегі әр түрлі зат алмасуларды реттейтін ферменттер түзілуіне қатысады.

Никотинамид – көмірсулар мен липидтер метаболизміне қатысады. Организмдегі амин қышқылдары мен триглицеридтер алмасуын реттейді. Қан тамырларды холестериннің жағымсыз әсерінен қорғайды.

Биотин – көмірсулар мен май қышқылдары метаболизмінде маңызды рөл атқарады.

Пантотен қышқылы А коэнзимі құрамына кіреді, ол май және басқа да алмасулар түрін реттейді, жасуша жарғақшаларының қалыпты құрылымын қамтамасыз етеді, липид алмасуын қалпына келтіреді және организмдегі тотығу-тотықсыздану үдерістерін белсендіреді.

Рутин Р тобының витаминдері – флавоноидтарға жатады, олар қылтамырлардың өткізгіштігі және сынғыштығын азайту қабілетіне ие (әсіресе аскорбин қышқылымен біріктіргенде).

Инозитол нуклеозидтер синтезін көтермелейді, зат алмасу үдерістеріне оң әсер етеді.

Холин организм жасушаларының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын фосфолипид лецитин құрамына кіреді, организмде жүйке қозуының негізгі медиаторларының бірі – ацетилхолин түзілетін зат.

Биофлавоноидтар антиоксидантты қасиеттері болуына байланысты биологиялық белсенділігі жоғары, қабыну факторларының түзілуі және босап шығуын және тіндер құрылымының бұзылуын бәсеңдетеді.

Пара-аминобензой қышқылы фолий қышқылының құрамдас бөлігі, пантотен қышқылының ассимиляциясына ықпал етеді.

L-цистеин альфа-кератин, организмнің басқа ақуыздары, оның ішінде ас қорыту ферменттері құрамына кіреді, коллаген қалыптасуына ықпал етеді және терінің иілгіштігін жақсартады.

L-метионин – алмастырылмайтын амин қышқылы, ас қорытуға ықпал етеді, уытсыздандыру үдерістерін қамтамасыз етеді, бұлшықет әлсіздігін азайтады, радиацияның әсерінен қорғайды.

Папаин гидролаз класының ферменті.

Кальций сүйек тіні қалыптасуына, қан ұюына, жүйке импульстері берілуіне, қаңқа және тегіс бұлшықеттер жирылуына, жүректің қалыпты жұмысына қатысады.

Йод – қалқанша без гормондарының синтезі үшін қажет.

Темір –эритропоэзге қатысады, гемоглобиннің құрамында оттегінің тіндерге тасымалдануын қамтамасыз етеді.

Магний ақуыздардың, майлар және көмірсулардың метаболизмінде өмірлік маңызды рөл атқарады, қуатқа айналдыру үдерістеріне қатысады.

Фосфор – метаболизмдік үдерістерде, қуат алмасуында, сүйек тінінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Мырыш – нуклеин қышқылдарының, ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, май қышқылдарының метаболизміне, сондай-ақ гармондар метаболизміне қатысады.

Марганец – бұлшықет рефлекстеріне әсер етеді, есте сақтауды жақсартады, жүйке қозғыштығын төмендетеді. Марганец – көптеген ферменттік жүйелерді (барлық субжасушалық құрылымдар мен барлық тіндерде) белсендіруші.

Селеннің антиоксидантты қасиеттері бар, бос радикалдар түзілуіне жол бермейді.

Бор паратгормон белсенділігін және ол арқылы – кальций, магний фосфор және холекальциферол алмасуын реттейді, менопаузадан кейінгі остеопороз дамуының алдын алуға ықпал етеді және бұлшықеттерді нығайтады.

Дала қырықбуыны шөбінің құрамында кремний қышқылы, иіткіш заттар, сапониндер, органикалық қышқылдар, макро- және микроэлементтер және басқа да биологиялық заттар бар, диуретикалық және қабынуға қарсы әсер етеді.

Қолданылуы

  • организмдегі гиповитаминоз және минералдық заттар жетіспеуінің алдын алу және емдеуде

  • зат алмасуды қалпына келтіру, тері, тырнақ, шаш құрылымдарын жақсартуда

  • дене және ой жүктемесі жоғарылағанда

  • ұзақ, оның ішінде жұқпалы аурулардан кейінгі қалпына келу кезеңінде

  • теңгерілмеген тамақтану және толыққанды тамақтанбауда.

Қолдану тәсiлі және дозалары

Ішке, ересектерге тамақтан кейін күніне 2 таблеткадан. Ең жоғары әсеріне қол жеткізу үшін дозасын 3 таблеткаға дейін арттыруға болады.

Емдеу курсы 1 ай.

Жағымсыз әсерлері

- препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Артық дозалауға жол бермеу үшін бір мезгілде басқа да поливитаминді кешендерді қабылдауға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Ұсынылатын дозадан арттыруға болмайды. Несептің сары түске боялуы мүмкін, мұның мүлдем зияны жоқ және препаратта рибофлавиннің болуымен түсіндіріледі.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Артық дозалану симптомдары Д және Е гипервитаминозы белгілерімен сипатталады.

Емі: ішке белсенділендірілген көмір қабылдау, асқазанды шаю, симптоматикалық емдеу.

Шығарылу түрi және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған 30 немесе 60 таблеткадан полиэтиленнен жасалған, сол материалдан бұрандалы қақпағы мен фольгадан жасалған қорғаныш клапаны бар құтыда. Құтыға заттаңба желімденіп, полиэтилен үлбірмен тартып қаптайды және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

10 – 30 °С температурада, құрғақ жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтiн жерде сақтау керек!

Сақтау мерзiмi

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзiмi өткеннен кейiн қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Юнифарм, Инк., АҚШ

Тіркеу куәлігінің иесі

Юнифарм, Инк., АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Юнифарм, Инк.» (АҚШ) өкілдігі

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

Телефон нөмірі: +7 (727) 244-50-04

Факс нөмірі: +7 (727) 244-50-06

Электронды поштасы: info@unipharm.kz

Прикрепленные файлы

983932391477976752_ru.doc 118.5 кб
386106991477977917_kz.doc 109.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники