Витапрост® Форте

МНН: Простаты экстракт
Производитель: Нижфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения урологических заболеваний
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012101
Информация о регистрации в РК: 30.12.2022 - 30.12.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Витапрост Форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ректальді суппозиторийлер, 20 мг

Құрамы

1 суппозиторийдің құрамында

белсенді зат – 100 мг простата сығындысы (субстанция Сампрост) (20 мг суда еритін пептидтерге шаққанда),

қосымша зат: қатты май (Витепсол, H 15, W 35 маркасы; Суппосир, NA 15, NAS 50 маркасы) – салмағы 1,25 г суппозиторий алғанға дейін.

Сипаттамасы

Пішіні торпеда тәрізді, сарғыш, крем тәрізді немесе сұрғылт реңді ақ түсті суппозиторийлер. Суппозиторий беткейінде ақ өңездің пайда болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды G04ВХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сипатталмаған

Фармакодинамикасы

Витапрост Форте қуық асты безіне органотропты әсері бар. Қуық асты безінің ісіну, лейкоцитарлы инфильтрация деңгейін азайтады, эпителиальды жасушалардың секреторлық функциясын қалыпқа келтіреді, ацинустардың секретінде лецитинді түйірлердің санын арттырады, қуықтың бұлшық ет тонусын ынталандырады. Тромб түзілуін, антиагрегантты белсенділікті төмендету салдарынан қуық асты безінің микроайналымын жақсартады, қуық асты безінде венулалар тромбозының дамуына кедергі жасайды.

Витапрост® Форте қуық асты безінің көлемін орташа түрде азайтады. Препарат қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы кезінде обструктивті және ирритативті симптомдар айқындығын азайтады, бұл несеп ағыны көлемінің ең жоғары және орташа жылдамдығының ұлғаюынан және несептің қалдық көлемінің азаюынан көрінеді.

Витапрост® Форте зақымданбаған қантамырларды кеңейту (вазодилатация әсері) есебінен қуық қабырғасында қанның микроайналымын жақсартады, сонысымен гипоксияға шалдыққан тіндерге оттегі жеткізілуінің қалыпқа келуіне ықпал етеді, бұл физиологиялық репарацияны көтермелейді. Қуық қабырғалары трофикасы үдерістерінің жақсаруы және регенераторлық үдерістерді көтермелеу есебінен қабынуға қарсы әсер етеді.

Ағзалар қан ағысын белсенділендіру, қуық сыйымдылығын арттыра отырып, детрузордың бейімделу және жиырылу белсенділігінің жақсаруына ықпал етеді.

Детрузор ишемиясының төмендеуімен қуықтың жоғары белсенділігінің айқын төмендеуін түсіндіруге болады, ол Витапрост® Фортені қолдану аяқталғаннан кейін де жалғасады.

Витапрост Форте қуық асты безі функциясы мен эякулят құрамын қалыпқа келтіреді, спермограмма көрсеткіштерінің жақсаруына ықпал етеді (сперматозоидтар санын, шапшаңдығын және өмірге қабілеттілігін арттырады, олардың морфологиясын жақсартады). Простатиттен туындаған ауыруды және жайсыздықты азайтады, дизуриялық құбылыстарды жояды, копулятивті функцияны жақсартады (либидоны күшейтеді, эрекция мен жыныстық акті ұзаруын жақсартады, ерте эякуляцияны азайтады).

Қолданылуы

  • созылмалы простатитте

  • қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында

  • климакс және климакстан кейінгі кезеңде әйелдердегі қуықтың жоғары белсенділігінің асқынбаған түрлерінде несепті ургентті (императивті) ұстай алмаушылықты, несеп шығаруға ургентті (императивті) қысылу мен несеп шығарудың жиілеуін емдеуде

  • қуық асты безіне операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ректальді. Ішек өз бетінше босағаннан кейін немесе тазартушы клизмадан кейін 1 суппозиторийден күніне 1 рет. Суппозиторийді енгізгеннен кейін емделуші төсекте 30-40 минут бойы жатқаны жөн.

Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында емдеу курсының ең аз ұзақтығы – 15 күн, созылмалы простатитте – 10 күн, қуық белсенділігі жоғары болғанда – 20 күн.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар (өте сирек)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Созылмалы простатитті және қуық асты безіне операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайларды емдеу, Витапрост Форте тағайындаумен, басқа топтағы дәрілік препараттарды және емдеудің дәрі-дәрмексіз әдістерін қолданумен қатар, болжамды, кешенді болуы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдануға рұқсат етілмеген.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

20 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

603950, Нижний Новгород қ.,

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

тел.: (831) 278-80-88

факс: (831) 430-72-28

веб сайт: http://www.nizhpharm.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нижфарм» АҚ ҚР Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 2222-100

факс: (727) 398-64-95

e–mail: almaty@stada.kz

 

Прикрепленные файлы

422781961477976890_ru.doc 55.5 кб
229279961477978055_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники