Витапрост® (суппозитории ректальные, 10 мг)

МНН: Простаты экстракт
Производитель: Нижфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения урологических заболеваний
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013280
Информация о регистрации в РК: 16.08.2023 - 16.08.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Витапрост

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ректальді суппозиторийлер, 10 мг

Құрамы

1 суппозиторийдің құрамында

белсенді зат – 50 мг простата сығындысы (субстанция Сампрост) (20 % суда еритін пептидтердің мөлшеріне шаққанда – 10 мг)

қосымша зат: қатты май (Витепсол H 15, W 35 маркасы, Суппосир NA 15, NAS 50 маркасы) – салмағы 1,25 г суппозиторий алғанға дейін.

Сипаттамасы

Пішіні торпеда тәрізді, ақтан сарғыш немесе сұрғылт-қоңыр реңді ақ түске дейінгі суппозиторийлер

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды G04ВХ

Фармакологиялық қасиеттері

Витапрост қуық асты безіне органотропты әсері бар. Қуық асты безінің ісінуі, лейкоцитарлы инфильтрация дәрежесін төмендетеді, эпителиальді жасушалардың секреторлық қызметін қалыпқа келтіреді, ацинустардың секретінде лецитинді түйірлердің санын арттырады, қуықтың бұлшық ет тонусын көтермелейді. Тромб түзілуін, антиагрегантты белсенділікті төмендету салдарынан қуық асты безінің микроайналымын жақсартады, қуық асты безінде венулалар тромбозының дамуына кедергі жасайды.

Витапрост қуық асты безі қызметі және эякулят құрамын қалыпқа келтіреді. Простатиттен туындаған ауыруды және жайсыздықты азайтады, дизуриялық құбылыстарды жояды, копулятивті қызметті жақсартады.

Қолданылуы

  • созылмалы простатитте

  • қуық асты безіне операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ректальді, ішек өз бетінше босағаннан кейін немесе тазартушы клизмадан кейін 1 суппозиторийден күніне 1 рет. Суппозиторийді енгізгеннен кейін емделушінің төсекте 30-40 минут бойы жатқаны дұрыс.

Емдеу курсының ұзақтығы – 10 күннен кем емес.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Созылмалы простатитті және қуық асты безіне операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайларды емдеу, Витапрост тағайындаумен қатар, әр түрлі топтағы дәрілік препараттарды және емдеудің дәрі-дәрмексіз әдістерін қолдануды болжамдаумен, кешенді болуы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

20 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

603950, Нижний Новгород қ.,

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

тел.: (831) 278-80-88

факс: (831) 430-72-28

веб сайт: http://www.nizhpharm.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 2222-100

факс: (727) 398-64-95

e–mail: almaty@stada.kz

 

Прикрепленные файлы

593862081477976866_ru.doc 47 кб
235819621477978029_kz.doc 50.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники