Витапрост® Плюс

МНН: Ломефлоксацин, Простаты экстракт
Производитель: Нижфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения урологических заболеваний
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015736
Информация о регистрации в РК: 12.01.2015 - 12.01.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Витапрост® Плюс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ректальді суппозиторийлер

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді зат - субстанция Сампрост – 100 мг (суда еритін пептидтерге шаққанда – 20 мг),

ломефлоксацин гидрохлориді – 400 мг,

қосымша зат: қатты май (Витепсол) – салмағы 2,25 г суппозиторий алғанға дейін жеткілікті мөлшерде.

Сипаттамасы

Торпедо пішінді, ақтан немесе ақ дерлік түстен сұрғылт реңді ашық-крем түске дейінгі суппозиторийлер

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды G04BХ

Фармакологиялық қасиеттері

Біріктірілген Витапрост® Плюс препаратының микробтарға қарсы және қабынуларға қарсы қасиеттері бар.

Ломефлоксацин – фторхинолондар тобына жататын әсер ету ауқымы кең бактерицидтік дәрі. Күшті спиралдануды қамтамасыз ететін бактериялық фермент ДНҚ-гиразаға әсер етіп, оның тетрамерімен кешен (гираза суббірлігі А2В2) түзеді және ДНҚ транскрипциясы мен репликациясын бұзып, микроб жасушасының қырылуына әкеледі. Мына грамтеріс аэробтық микроорганизмдерге қатысты белсенділігі жоғары: Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitides, Escherichia coli, Citrobacter diversus, Klebsiella pneumoniae, Enterobacter cloacae, Proteus vulgaris, Salmonella spp., Shigella spp., Moraxella morganii, Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Legionella pneumophila, Pseudomonas aeruginosa. Препаратқа сезімталдығы орташа Staphylococcus aureus, Staphylococcus epidermidis, Serratia liquifaciens, Serratia marcescens, Pseudomonas aeruginosa, Mycobacterium tuberculosis, Chlamydia trachomatis, Hafnia alvei, Citrobacter freundii, Aeromonas hydrophila, Proteus mirabilis, Proteus stuartii, Providencia rettgeri, Providencia alcalifaciens, Klebsiella oxytoca, Klebsiella ozaenae, Enterobacter aerogenes, Enterobacter agglomerans. Препаратқа төзімді Streptococcus spp., Pseudomonas cepacia, Ureaplasma urealyticum, Treponema pallidum, Mycoplasma hominis және анаэробтық бактериялар. Микроорганизмдердің көбісіне төмен концентрацияларда әсер етеді (90% штаммдардың өсуін басу үшін қажетті концентрация әдетте 1 мкг/мл-ден аспайды). Төзімділіктің пайда болуы сирек.

Простата сығындысының қуықасты безіне органотроптық әсері бар. Қуықасты безінің ісінуін, лейкоцитарлы инфильтрациясын азайтады, эпителиальді жасушалардың секреторлы қызметін қалыпты етеді, ацинустар секретінде лецитин түйірлерінің санын арттырады, қуықтың бұлшықет тонусын стимуляциялайды. Тромбтың түзілуін азайту, антиагреганттық белсенділігін азайту есебінен қуықасты безіндегі микроайналымды жақсартады, қуықасты безінде көктамырлар тромбозының пайда болуына кедергі жасайды.

Витапрост® Плюс қуықасты безінің қызметін және эякулят құрамын қалыпты етеді. Простатиттен болған ауыруды және жайсыздықты азайтады, копулятивтік қызметті жақсартады.

Қолданылуы

  • сезімтал микроорганизмдердентуындаған, соның ішінде несеп-жыныс жолының қабыну ауруларымен қатар жүретін жедел және созылмалы бактериялық простатитте

  • қуықасты безіне жасалатын операциялық араласымға дейінгі және кейінгі жағдайларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ректальді, күніне 1 рет 1 суппозиторийден, ішек өздігінен босағаннан немесе клизмамен тазартылғаннан кейін. Суппозиторийді қолданар алдында пішінді ұяшықты қаптамасынан шығарып алған жөн. Суппозиторийді енгізгеннен кейін емделушінің төсекте 30-40 минут жата тұрғаны дұрыс.

Емделу курсы қуықасты безі секретіндегі қоздырғыштар жоғалғанша жалғастырылады және 10 күннен 30 күнге дейінді құрайды (емдеу ұзақтығын дәрігер әрбір емделуші үшін жекелей белгілейді).

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар (терінің қышуы, есекжем, фотосенсибилизация, қатерлі экссудативті эритема (Стивен-Джонсон синдромы))

  • астения, бас айналу, ашушаңдық, үрейленгіштік, қажығыштық, дімкәстік, бас ауыру, естен тану жағдайы, ұйқысыздық, елестеулер, құрысулар, гиперкинездер, тремор, парестезиялар, депрессия, қозу

  • жалған жарғақшалы энтероколит, дисбактериоз, ауыз қуысындағы шырышты қабықтың құрғауы, диарея немесе іш қату, метеоризм, тіл түсінің өзгеруі, тәбеттің төмендеуі немесе булемия, дәмнің бұзылуы, «бауыр» трансаминазасы белсенділігінің жоғарылауы

  • асқазан-ішек жолы ағзаларынан қан кету, тромбоцитопения, фибринолиздің жоғарылауы, лимфоаденопатия, пурпура, мұрыннан қан кету

  • артериялық қысымның төмендеуі, тахикардия, брадикардия, экстрасистолия, аритмиялар, жүрек қызметі жеткіліксіздігінің өршуі және стенокардия, өкпе артерияларының тромбоэмболиясы, кардиомиопатия, флебит

  • гломерулонефрит, дизурия, полиурия, анурия, альбуминурия, уретральді қан кетулер, кристаллурия, гематурия, несептің іркілуі, ісінулер

  • орхит, эпидидимит

  • гипогликемия, подагра

  • артралгия, васкулит, балтыр бұлшықеттерінің құрысулары, егде жастағы емделушілерде сіңірлердің үзілуі, әсіресе глюкокортикоидтарды бірге қабылдағанда, арқаның және кеуденің ауыруы

  • ентігу, бронх түйілуі, жөтел, қақырықтың гиперсекрециясы, тұмау тәрізді белгілері

  • көрудің нашарлауы, құлақтың ауыруы және шыңылдауы, көздің ауыруы

  • терлеудің күшеюі, қалтырау, шөлдеу, супержұқпа

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Витапрост® Плюс пероральді антикоагулянттардың белсенділігін арттырады және қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың уыттылығын ұлғайтады.

Өзекшелік секрецияны бөгейтін дәрілік заттар препараттың шығарылуын баяулатады.

Пенициллиндермен, цефалоспориндермен, аминогликозидтермен, ко-тримоксазолмен, метронидазолмен айқаспалы төзімділігі жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Витапрост® Плюсті келесі жағдайларда абайлап тағайындаған жөн:

  • церебральді атеросклерозда

  • эпилепсия және құрысу синдромымен, орталық жүйке жүйесінің басқа да ауруларында.

Витапрост® Плюс препаратымен емдеу кезеңінде, артық дозаланудың пайда болуына және жағымсыз әсерлер жиілігінің артуына жол бермеу үшін, микробтарға қарсы дәрілерді – фторхинолондарды бір мезгілде қолдануды шектеген жөн.

Бауыр циррозында дозалау режимін түзету қажет емес (бүйрек қызметі қалыпты болған жағдайда).

Емдеу кезеңінде күн сәулесінің ұзақ әсер етуінен және жасанды ультракүлгін жарықтардан сақтанған жөн. Фотосенсибилизацияның алғашқы белгілерінде (тері сезімталдығының жоғарылауы, күю, гиперемия, ісіну, күлбіреуіктердің, бөртпенің, қышынудың, дерматиттің пайда болуы), асқын сезімталдықта, нейроуыттылық біліністерінде (қозу, құрысулар, тремор, жарықтан қорқу, сананың шатасуы, уытты психоздар, елестеулер) емдеуді тоқтату қажет.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқарған кезде сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Анықталған жоқ

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 суппозиторийден салынған.

Пішінді ұяшықты 2 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

20 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

603950, Нижний Новгород қ.,

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

тел.: (831) 278-80-88

факс: (831) 430-72-28

веб сайт: http://www.nizhpharm.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 2222-100

факс: (727) 398-64-95

e–mail: almaty@stada.kz

Прикрепленные файлы

737924151477976516_ru.doc 56 кб
771941531477977673_kz.doc 64 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники