Витамин С 500 Вива Фарм

МНН: Аскорбиновая кислота
Производитель: ВИВА ФАРМ ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ascorbic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018434
Период регистрации: 24.11.2014 - 24.11.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Витамин С 500 ВИВА ФАРМ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аскорбин қышқылы

Дәрілік түрі

Шайнайтын таблеткалар, 500 мг

Құрамы

Бір шайнайтын таблетканың құрамында

белсенді зат - 500 мг аскорбин қышқылы

(200 мг аскорбин қышқылы және 337 мг натрий аскорбаты түрінде),

қосымша заттар: кристалды сорбитол, микрокристалды целлюлоза (МКЦ 101) РН 101, түйіршіктелген аспартам, ацесульфам-К, шабдалы хош иістендіргіші, кальций стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, «күн батар түстес» сары (Е110).

Сипаттамасы

Ақ түсті теңбілдері бар қызғылт-қызыл сары түсті, дөңгелек, жалпақ, бір жақ бетінде сызығы және екі жақ бетінде де ойығы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Аскорбин қышқылы, басқа да препараттармен біріктірілімін қоса. Таза түріндегі аскорбин қышқылы. Аскорбин қышқылы.

АТХ коды A11GA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін аскорбин қышқылы асқазан-ішек жолынан жылдам және толық сіңіріледі.

Плазмадағы аскорбин қышқылының концентрациясы қалыптыда шамамен 10-20 мкг/мл құрайды, организмдегі қосымша қоры  – күнделікті ұсынылған дозаларды қабылдағанда 1,5 г-ге жуық және тәулігіне 200 мг қабылдағанда 2,5 г. Ішке қабылдағаннан кейінгі TСmax – 4 сағат.

Лейкоциттерге, тромбоциттерге, содан кейін барлық тіндерге оңай өтеді; ең көп концентрациясына безді ағзаларда, лейкоциттерде, бауырда және көз бұршағында жетеді; гипофиздің артқы бөлігінде, бүйрек үсті бездерінің қыртысында, көз эпителийінде, ұрық бездерінің аралық жасушаларында, аналық бездерде, бауырда, көкбауырда, ұйқы безінде, өкпеде, бүйректе, ішек қабырғасында, жүректе, бұлшықеттерде, қалқанша безде жиналады; плацента арқылы өтеді. Лейкоциттер мен тромбоциттерде аскорбин қышқылының концентрациясы эритроциттер мен плазмаға қарағанда жоғары. Тапшылық жағдайларында лейкоциттердегі концентрациясы кешірек және баяуырақ төмендейді, әрі тапшылығына баға берудің плазмадағы концентрациясына қарағанда өте жақсы критерий ретінде қарастырылады. Плазма ақуыздарымен байланысуы 25%-ға жуықты құрайды.

Аскорбин қышқылы қайтымды түрде тотығып, дегидроаскорбин қышқылын түзеді, бір бөлігі метаболизденіп, белсенді емес аскорбат-2-сульфатын түзеді, және несеппен шығарылатын қымыздық қышқылын түзеді.

Өзгермеген аскорбат және метаболиттер түрінде бүйрек, ішек арқылы, термен бірге, емшек сүтімен бірге шығарылады.

Шамадан тыс мөлшерде қабылданған аскорбин қышқылы өзгермеген күйінде несеппен бірге тез шығарылады, әдетте бұл тәуліктік дозаны 200 мг-ден арттырғанда болады.

Фармакодинамикасы

Аскорбин қышқылы тотығу-тотықсыздану үдерістерін, көмірсу алмасуын, қанның ұюын реттеуде, стероидты гормондардың биосинтезінде, тіндердің регенерациясында, коллаген мен проколлаген синтезінде, қылтамырлар өткізгіштігінің қалыпқа келуінде, липидтер мен ақуыздар синтезінде, жасушалық тыныс үдерістерінде маңызды рөл атқарады.

Организмде синтезделмейтін аскорбин қышқылының тағамда жетіспеуі С авитаминозының немесе гиповитаминозының дамуына мүмкіндік береді.

Аскорбин қышқылы B1, B2, A, E витаминдерінің, фолий қышқылының, пантотен қышқылының қажеттілігін төмендетеді; организмнің жұқпаларға және сыртқы ортаның қолайсыз әсер етуіне қарсы тұруына ықпал етеді, жалпы жай-күйді, тәбетті жақсартады, ұйқының қалыпқа келуіне ықпал етеді.

Аскорбин қышқылының антиоксиданттық және радиопротекторлық қасиеттері бар, сәулесоқ ауруының геморрагиялық көріністерін азайтады және қан түзілуін стимуляциялайды.

Қолданылуы

  • С гипо- және авитаминозында

Организмде С витаминінің жоғары қажеттілігін қамтамасыз ету:

  • жедел респираторлық, жедел және созылмалы жұқпалы ауруларда

  • ауыр сырқаттардан, операциялық араласымдардан кейінгі реконвалесценция кезеңінде

  • уыттанғанда

  • геморрагиялық диатезде, қан кетулерде (мұрыннан, өкпеден, жатырдан және басқалардан), сәулесоқ ауруында, баяу жазылатын, жұқпаланған жарақаттарда

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге арналмаған.

Препарат тамақтанудан кейін, таблетканы алдын ала шайнап, ішке қабылданады.Ересектерге емдік мақсатта тәулігіне 1 таблеткадан (500 мг) тағайындайды. Жедел респираторлы вирустық жұқпаларда ересектерге 5-7 күн бойы тәулігіне (2 қабылдау) 1-2 таблеткадан (500-1000 мг) қабылдау ұсынылады. Әрі қарай тәулігіне 1/2 таблеткадан (250 мг).

Емдеу мерзімдері аурудың сипаты мен ағымына байланысты.

Ең жоғары тәуліктік доза – 1000 мг (2 таблетка).

Жағымсыз әсерлері

Ұсынылған дозада қолданылатын препараттың жағымдылығы жақсы. Тәулігіне 1000 мг астам жоғары дозаларда ұзақ қолданғанда келесі жағымсыз әсерлер болуы мүмкін :

Жиі:

  • асқазан-ішек жолының шырышты қабығының тітіркенуі, жүректің айнуы, құсу, диарея, гиперацидтік гастрит, асқазан-ішек жолының шырышты қабығының ульцерациясы

  • су-электролиттік алмасудың бұзылуы

  • эритроциттердің гемолизге жоғары бейімділігі

  • қымыздық қышқылының несеппен бірге бөлініп шығуының жоғарылауы

  • гипероксалурия, кальций оксалатынан бүйрек тастарының түзілуі, бүйректің гломерулярлық аппаратының зақымдануы

  • тромбоцитоз, гиперпротромбинемия, эритропения, нейтрофильді лейкоцитоз, гипокалиемия

  • қылтамырлар өткізгіштігінің төмендеуі (тіндердің нәрленуінің нашарлауы, артериялық қысымның жоғарылауы, гиперкоагуляция, микроангиопатия дамуы мүмкін)

  • диспепсиялық бұзылыстар (лоқсу, құсу)

  • орташа поллакиурияның туындауы (несеп шығарудың орташа өткінші жиілеуі) тәулігіне 600 мг-ден көп доза қолданғанда

Сирек:

  • ұйқы безінің инсулярлық аппараты функциясының бәсеңдеуі (гипергликемия, глюкозурия)

  • бас ауыру, орталық жүйке жүйесі қозуының жоғарылауы, ұйқысыздық

Өте сирек:

  • глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар адамдарда гемолиз туындауы мүмкін

  • тері бөртпесі, тері гиперемиясы, геморрагия

  • дағдылану

  • миокард дистрофиясы

  • мырыш, мыс алмасуының бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • қант диабеті

  • гипероксалурия, оксалоз

  • нефролитиаз

  • гемохроматоз

  • талассемия, сидеробластты анемия

  • қанның ұюының жоғарылауы

  • тромбофлебит

  • тромбоздарға бейімділік

  • глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

  • фенилкетонурия (құрамында аспартам бар)

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы

  • бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

  • қатерлі аурулардың үдеуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Витамин С 500 ВИВА ФАРМ сульфаниламидтік препараттардың уыттылығын азайтады, гепариннің және әсері тікелей емес антикоагулянттардың әсерін төмендетеді, этинилэстрадиолдың, пенициллиннің сіңуін арттырады, салицилаттардың жағымсыз әсерінің ықпалын күшейтеді (кристаллурияның пайда болу қаупі бар).

Ішуге арналған контрацептивтерді пайдалану организмдегі С витаминінің деңгейін төмендетеді.

Литий тұздарымен бір мезгілде қолданғанда плазмадағы литий иондарының концентрациясын жоғарылатады.

Барбитураттар және примидон аскорбин қышқылының несеппен бірге шығарылуын күшейтеді.

Дозалары жоғары аскорбин қышқылы амфетаминнің және үшциклді антидепрессанттардың шығарылуын арттырады. Психозға қарсы дәрілік зат (нейролептиктер) – фенотиазин туындыларының емдік әсерін азайтады.

Ұзақ уақыт қолданғанда хинолондар, кальций хлориді, салицилаттар және глюкокортикостероидтар плазмадағы аскорбин қышқылының деңгейін және оның организмдегі мөлшерін төмендетеді.

Темір препараттарының ішекте сіңуін жақсартады (үш валентті темірді екі валенттіге ауыстырады); дефероксаминмен бір мезгілде қолданғанда темірдің шығарылуын арттыруы мүмкін. Дефероксаминмен біріктіргенде темірдің тіндерге уытты әсерін арттырады (әсіресе жүрекке, жүрек функциясы жеткіліксіздігінің дамуын туындата отырып), аскорбин қышқылын тағайындау дефероксамин концентрациясын және темірдің экскрециясын анықтағаннан кейін, дефероксамин инфузиясынан соң кем дегенде 1-2 сағаттан кейін жүргізіледі.

Бір мезгілде қолданғанда изопреналиннің хронотроптық әсерін азайтады.

Жоғары дозаларда мексилетиннің бүйрек арқылы шығарылуын арттырады.

Шылым шегу және этил спирті аскорбин қышқылының метаболизмін жылдамдатады және оның организмдегі мөлшерін азайтады. Алкогольдің асқазан-ішек жолының шырышты қабығына уытты әсер етуін күшейтеді.

С Витамині мен В1, В2 және В6 витаминдерін бір мезгілде қолданғанда емдік әсерінің өзара күшеюі байқалады. Рутин С Витаминінің сіңуін жақсартады.

Қышқылдардың бүйрек арқылы шығарылуын баяулатады, сілтілік реакциялары бар препараттардың (соның ішінде алкалоидтардың) кері сіңірілуін кемітеді.

Ұзақ уақыт қолданғанда немесе жоғары дозаларда қолданғанда дисульфирам-этанолдың өзара әрекеттесуін бұзуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Аскорбин қышқылының кортикостероидты гормондардың түзілуін стимуляциялау әсеріне байланысты, бүйрек функциясын және артериялық қысымды қадағалау қажет. Үлкен дозаларды (тәулігіне 1000 мг астам) ұзақ уақыт қолданғанда ұйқы безінің инсулярлық аппаратының функциясы бәсеңдеуі мүмкін, сондықтан емдеу үдерісінде ұйқы безінің функционалдық қабілетін ұдайы бақылау қажет.

Аскорбин қышқылының жоғары дозалары (тәулігіне 1000 мг астам), оксалаттардың экскрециясын күшейтіп, бүйректе тастардың түзілуіне ықпалын тигізеді.

Организмде темір мөлшері жоғары болатын емделушілерде аскорбин қышқылын өте аз дозаларда қолданған жөн.

Аскорбин қышқылын жылдам пролиферацияланатын және қарқынды метастазданатын ісіктері бар емделушілерге тағайындау үдеріс ағымын өршітуі мүмкін. Шайнайтын дәрілерді қарқынды қолдану тіс эмалінің зақымдануын туғызуы мүмкін.

Сақтықпен қолдану. Аскорбин қышқылын полицитемиясы, сидеробластты анемиясы және лимфопролиферативті аурулары бар емделушілерге тағайындағанда сақтық таныту қажет.

Зертханалық көрсеткіштерге ықпалы. Аскорбин қышқылын қолданғанда қандағы глюкоза, билирубин деңгейлерін, трансаминазалар мен лактатдегидрогиназа (ЛДГ) белсенділігін анықтау нәтижелері бұрмалануы мүмкін.

Осы препараттың құрамында доза бірлігіне шаққанда 283 мг натрий бар, мұны тұзы төмен емдәмді қатаң ұстанатын адамдар ескеруі тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі.

Аскорбин қышқылы плацента арқылы өтеді және ана сүтіне бөлінеді. Жүктілік және лактация кезеңінде дәрігерден кеңес алғаннан кейін ғана қолдану керек. С витаминін тәулігіне 1 г-ден астам үлкен дозаларда қолданғанда эстрогендердің синтезі жоғарылайтын болғандықтан, жүктілік үзілуі мүмкін.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері.

Аскорбин қышқылын қолдану емделушінің автокөлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: эпигастрий аймағындағы ауыру, жүректің айнуы, құсу, диарея, қышыну және тері бөртпесі, жүйке жүйесі қозғыштығының жоғарылауы. Препараттың үлкен дозаларын (тәулігіне 1000 мг астам) ұзақ уақыт қолданғанда артериялық гипертензия, гипергликемия, тромбоцитоз, тромбтың түзілуі, эритроцитопения, нейтрофильді лейкоцитоз, миокард дистрофиясы, бүйректе тастардың түзілуі, қозу, микроангиопатия болуы ықтимал.

Емі: асқазанды шаю, бүйрек функциясын және артериялық қысымды бақылау, симптоматикалық ем (антиагреганттарды, инсулинді, сілтілендіретін дәрілерді тағайындау). Арнайы у қайтарғысы жоқ. Гемодиализ және перитонеальді диализ тиімді емес.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 1 немесе 2 қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1,5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ВИВА ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы

2-ші Остроумов к-сі, 33, Алматы қ., 050030

тел.: +7 (727) 383 74 63, факс: +7 (727) 383 74 56

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«ВИВА ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ВИВА ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 2-ші Остроумов к-сі, 33, Алматы қ., 050030, тел.: +7 (727) 383 74 63, факс: +7 (727) 383 74 56;

e-mail: pv@vivapharm.kz

Прикрепленные файлы

908939471477976599_ru.doc 69.5 кб
396831571477977755_kz.doc 85 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники