ВИТАМИН В КОМПЛЕКС

МНН: Никотинамид, Пиридоксина гидрохлорид, Рибофлавин в форме рибофлавина натрия фосфата, Тиамина гидрохлорид
Производитель: СОФАРМА АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Витамины группы B в комбинации с минеральными веществами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025061
Информация о регистрации в РК: 17.06.2021 - 17.06.2026

Инструкция

Саудалық атауы

ВИТАМИН В КОМПЛЕКС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 2 мл

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Дәрумендер. В тобы дәрумендері кешені, басқа препараттармен біріктірілімін қоса.В тобының дәрумендері басқа препараттармен біріктірілімде.

АТХ коды: A11EX

Қолданылуы

В (B1, B2, B6) топтары дәрумендерінің және   никотинамид тапшылығы кезіндегі жай-күйі.

Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

* Белсенді заттарға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық.

* ІІ-ІІІ дәрежелі гипертониялық ауру.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Егер сіз  басқа да дәрілік препараттарды қабылдап жатсаңыз немесе  таяу арада қабылдасаңыз, соның ішінде дәрігердің рецептісіз  босатылатын дәрілерді қабылдасаңыз   Сіз өзіңіздің дәрігеріңізді немесе фармацевтті хабардар етіңіз өтінеміз.

Хлорпромазин несеппен бірге B2 дәруменінің экскрециясын күшейтеді, ал пробенецид оның ағзадан шығарылуын баяулатады, бұл терапиялық және жағымсыз әсерлердің қоздыруға  әкеледі.

Дәрілік препараттың құрамындағы В1 дәрумені адренолитиктердің гипотензивті әсерін азайтуы, сондай-ақ барбитураттар мен глутетимидтің седативті және ұйықтататын әсерін басуы мүмкін.

В1 дәрумені трициклді антидепрессанттардың (нортриптилин, имипрамин, дезипрамин), әсіресе егде жастағы пациенттерде  әсерін күшейтуі мүмкін.

В6 дәрумені L-Dopa емдік әсерін азайтады.

Никотинамидті эпилепсияға қарсы заттармен, әсіресе карбамазепин, диазепам және натрий вальпроаты сияқтылармен  бір мезгілде қолданғанда, олардың құрысуға қарсы әсері қоздыруы мүмкін.

Арнайы ескертулер

  • Қатерлі ісік процестерінде оның жасушаларының көбеюін ынталандыруға байланысты В дәруменін (құрамында тиамин бар) абайлап қолдану керек.

  • Өте сирек, бірақ анафилаксиялық шоктың елеулі қаупіне байланысты (тиамин шок),  Витамин В комплекс препаратын қолданар алдында бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді тері-аллергиялық сынама жүргізу ұсынылады.

  • Ұзақ уақыт бойы пиридоксиннің тәуліктік дозасын (100 мг-нан артық) арттыру үйлестіру бұзылыстары және табанның күюі салдарынан шеткі полиневропатияның пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл симптомдар әдетте емдеу басталғаннан кейін 1 айдан 3 жылға дейін басталады.

  • Уробилиногенді Эрлих реактивімен анықтаған кезде пиридоксин жалған оң нәтиже тудыруы мүмкін.

  •  Рибофлавин несептің сары-қызғылт сары түсін туындатуы мүмкін.

  • Никотинамидті анамнезінде ойық жара, гастрит, геморрагия, подагра, бауыр мен өт жолдарының зақымдануы туралы деректері бар пациенттерге қолдану аса сақтықты  талап етеді. Трансаминазалар, сілтілік фосфатаза, ГТП, билирубин, несеп  қышқылы, тромбоциттер деңгейлерін, әсіресе, егер Витамин В комплекс препаратымен ұзақ емдеу қажет болса, қадағалау қажет.

  • Дәрілік препарат аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін( мүмкін баяу түрі) қосымша зат ретінде метилпарагидроксибензоат құрайды, ал ерекше жағдайларда - бронх түйілуі мүмкін.

  • Бұл дәрілік препаратта дозаға 1 ммоль натрийден (23 мг) аз құрайды, яғни шын мәнінде «натрийсіз».

Жүктілік немесе емшек емізу кезінде

Дәрілік препаратты жүктілік кезінде емдік дозаларда қолдануға болады. Емшек емізетін әйелдерде Витамин В комплекс препаратын қолдану ұсынылмайды. Міндетті түрде қолданған жағдайда емшек емізуді тоқтату керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Витамин В комплекс препараты емдік дозаларда көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Дозалау

Ересектер: Әдетте  препаратты   күніне  1-2 мл.  дозада немесе  5-10 күн бойы күнара  қолданады. Курсты аяқтағаннан кейін Витамин В комплекс препаратымен пероральді емдеуге ауысуға болады.

Енгізу әдісі мен жолы

Бұлшықет ішіне.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Витамин В комплекс препараты (10 г-нан астам) өте жоғары дозада артық дозалану симптомдарын тудыруы мүмкін: қозу, қорқыныш, тремор, ұйқысыздық, герпес, бас ауыруы, құрысулар.

Емдеу симптоматикалық болып табылады.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар

Өткізіп алған дозаны тұрақты дозаға қосымша ретінде қабылдауға болмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға  бару жөнінде нұсқаулар

Егер Сізде осы препаратты қолдануға қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Өте сирек, әсіресе сезімтал пациенттерде есекжем, қышыну немесе Квинке ісінуі пайда болуы мүмкін.

Никотинамид (құрамында Витамин В комплекс) бет терісінің қызаруын  және дене ыстығының көтерілуін туындатуы мүмкін.

Егер  кез келген жағымсыз  әсер маңызды  болса  немесе  Сіз   осы нұсқаулықта сипатталмаған  жағымсыз  әсерлерді  байқасаңыз  ол туралы өзіңіздің дәрігеріңізге немесе фармацевтке хабардар етуіңізді сұраймыз.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір ампулада:

Белсенді заттар: тиамин гидрохлориді (B1 дәрумені) 10 мг, рибофлавин натрий фосфаты (B2 дәрумені) формасындағы рибофлавин 2 мг, пиридоксин гидрохлориді (B6 дәрумені) 10 мг, никотинамид (PP дәрумені) 100 мг.

Қосымша заттар: 1 мг динатрий эдетаты, 2 мг метилпарагидроксибензоат, 352 мг глицерол, хлорсутек қышқылы (1 моль/л), инъекцияға арналған су 2 мл-ге дейін.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір сұйықтық, бөлшектерсіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ампуланы ашуға арналған  түсті нүкте түріндегі  таңбалаумен    қоңыр шыныда (І типті) ампулада 2 мл препараттан.

Әрбір ампулаға өздігінен жабысатын затбелгі жапстырылады.

10 ампуладан   поливинилхлорид  үлбірден жасалған   пішінді  ұяшықты қаптамаға салынады.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғауға арналған түпнұсқалық қаптамада, 25 °C-ден аспайтын температурада. Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші туралы мәліметтер

Софарма АҚ, Болгария

Илиенское тас жолы к-сі 16

1220 София, Болгария

Тел: (359 2) 813 4200

факс: (359 2) 974 3759

E-mail: mail@sopharma.bg

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Софарма АҚ, Болгария

Илиенское тас жолы к-сі 16

1220 София, Болгария

Тел: (359 2) 813 4200

факс: (359 2) 974 3759

E-mail: mail@sopharma.bg

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және  дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Софарма Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Алматы қ., Қазақстан, 050036, «Мамыр 4» ы.а., 190 үй

Телефон нөмірі: 7 (727) 380 01 03, 380 01 37, 380 01 42 (ішкі 108)

Факс нөмірі: 7 (727) 381 63 86

Электронды пошта: info@sopharma.kz

Прикрепленные файлы

Инструкция_Витамин_В_комплекс_инж_р-р_KZ__08.03_.2021_cl_.docx 0.05 кб
Инструкция_Витамин_В_комплекс_инж_р-р_KZ__08.03_.2021-tr_КАЗ_.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту