Вирамун® (200 мг)

МНН: Невирапин
Производитель: Берингер Ингельхайм Эллас А.Е.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nevirapine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016270
Период регистрации: 20.05.2015 - 20.05.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 155.3 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

ВИРАМУН

Халықаралық патенттелмеген атауы

Невирапин

Дәрілік түрі

200 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 200 мг невирапин,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, повидон К25, натрий крахмалының гликоляты, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Сопақша, екі беті дөңес, ақ түсті таблеткалар. Бір жағында сызықпен бөлінген «54» және «193» таңбалары, екінші жағында фирманың логотипі бар.

Фармакотерапиялық тобы

Вирусқа қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Нуклеозид еместер – кері транскриптаза тежегіштері.

Невирапин.

АТХ коды J05AG01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі. Невирапинді ішке қабылдағаннан кейін жақсы (> 90%) сіңеді. Препараттың бір реттік дозасын қолданғаннан кейін абсолюттік биожетімділігі 50 мг таблетка үшін 93  9% (орташа мәні  стандартты ауытқу (СА)), ішуге арналған суспензия үшін 91  8% құрады. 200 мг дозада бір рет қабылдағаннан кейін плазмада невирапин концентрациясы 2 + 0,4 мкг/мл (7,5 мкмоль) тең болатын ең жоғары шектегі концентрациясына 4 сағатта жетті. Күніне 200-ден 400 мг дейінгі дозалар ауқымында көп рет қабылданғаннан кейін невирапин ең жоғары шектегі концентрациясына дозаға байланысты жоғарылады. АИТВ жұқпасын жұқтырған 20 пациенттен алынып жарияланған деректер 200 мг невирапинді күніне екі рет қабылдап жүрген пациенттерде ҚАА (қисық астындағы аудан) 109,0 сағ.*мкг/мл (96.0 - 143.5) Cmax 5,74 мкг/мл (5.00 - 7.44) және Cmin 3,73 мкг/мл (3.20 - 5.08) тепе- тең жағдайлардағы мәндерін айғақтайды. Невирапиннің ең төмен концентрациясының деңгейі 3,5 мкг/мл асып кететін пациенттерде тиімділігі ұзақ мерзімдік болуы мүмкін.

Таралуы. Невирапиннің жоғары липофильділігі бар және негізінен рН физиологиялық мәнінде иондалмайды. Невирапин плацентарлық бөгет арқылы тез өтеді және емшек сүтінде анықталады. Невирапин плазмада 1 - 10 мкг/мл дейінгі ауқымдағы концентрацияларда плазма ақуыздарымен 60%-ға жуығы байланысады. Адамда (n = 6) жұлын сұйықтығындағы невирапин концентрациялары плазмадағы концентрацияның 45%-ын (5%) құрайды; бұл арақатынас шамамен препараттың плазма ақуыздарымен байланыспаған фракциясына баламалы.

Биотрансформациясы және шығарылуы. Невирапин P450 цитохромының метаболизмі (тотығу реакциясы) арқылы гидроксилденген бірнеше метаболиттерге дейін қарқынды түрде биотрансформацияланады. Невирапиннің тотығу метаболизмі, өзге изоферменттер де қосымша рөл атқарғанмен, негізінен CYP3A тегіндегі P450 цитохромы изоферменттерінің қатысуымен жүреді. Адамдағы невирапин биотрансформациясы мен шығарылуының негізгі жолы P450 цитохромының метаболизмі, глюкуронидтік коньюгациялануы және глюкурондалған метаболиттердің несеппен шығарылуы болып табылады. Бастапқы заттың бүйрек арқылы шығарылуы аздаған рөл атқарады. Невирапин бауырдағы Р450 цитохромының метаболизмдік ферменттерінің индукторы болып табылады. Аутоиндукция фармакокинетикасы ішке қабылдаған кезде препараттың бір дозасын қабылдаудан бастап тәулігіне 200–400 мг дозаларда екі-төрт апта бойы қабылдауға өтуінде невирапиннің болжамды клиренсінің шамамен 1,5–2 есе жоғарылауымен сипатталады. Аутоиндукция сондай-ақ плазма құрамындағы невирапиннің жартылай шығарылу кезеңінің ақырғы фазасының тиісінше: тәулігіне 200–400 мг көп реттік дозаларын қабылдағаннан кейін шамамен 45 сағаттың орнына (бір реттік доза қабылдағанда) 25-30 сағатқа жуыққа дейін қысқаруына әкеледі.

Бүйрек функциясының бұзылуы. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі (ауырлығы жеңіл, орташа және ауыр дәрежедегі) невирапин фармакокинетикасының елеулі өзгеруіне әкелмейді. Алайда диализді қажет ететін бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің терминальді сатысындағы пациенттерде бір апталық әсер ету кезеңінен кейін невирапиннің ҚАА мәнінің («концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданы) 43,5% төмендегені байқалды. Сондай-ақ плазмада невирапиннің гидроксиметаболиттерінің жиналғаны да білінді. Нәтижелері диализдің әрбір сеансынан кейін невирапинмен емдеудің 200 мг ВИРАМУН препаратының қосымша дозасымен байытылуы невирапин клиренсіне диализдің ықпал ете алатынына мүмкіндік беретіндігін айғақтайды. Және керісінше, креатинин клиренсі ≥ 20 мл/мин пациенттерде невирапинді дозалау режимін түзету қажет емес.

Бауыр функциясының бұзылуы. Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде көп реттік ВИРАМУН дозаларын пайдаланған кезде невирапиннің және тотыққан бес метаболитінің фармакокинетикасы өзгерген жоқ. Алайда бауыр фиброзы бар пациенттердің шамамен 15%-ында невирапиннің ең төмен концентрациялары 9000 нг/мл-ден асып кетті (ең төмен концентрацияларының әдеттегі орташа мәндерінен 2 есе жоғары болды). Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде дәрілік препаратты қабылдау әсерінен туындаған уыттылықтың бар-жоқтығын анықтау үшін мұқият мониторинг жүргізу қажет. Орташа асциті бар бір пациенттегі фармакокинетиканы зерттеу нәтижелері бауыр функциясы нашарлаған және асциті бар пациенттерде жүйелік қан айналымында невирапиннің жинақталып қалуы мүмкін екендігін көрсетті. Невирапин көп рет дозаланғанда өзінің дербес метаболизмін индукциялайтын болғандықтан, бұл бір реттік дозаны зерттеу бауыр функциясы бұзылуының көп рет дозалану тұсындағы фармакокинетикасына ықпал ететіндігін көрсете алмады («Айрықша нұсқауларды» қараңыз).

Егде жастағы пациенттер. Невирапиннің фармакокинетикасы АИТВ-1 жұқпасын жұқтырған ересек пациенттерде жасқа (19-68 жас ауқымы) немесе нәсіліне (қара нәсілді, испан тілділер немесе еуропалықтар) байланысты өзгермейді. Невирапинді 65 жастан асқан пациенттерге қолдану қосымша зерттелген жоқ.

Бала жастағы пациенттер. Балаларда невирапиннің фармакокинетикасына қатысты мәліметтер негізгі екі дереккөзден алынды: Оңтүстік Африкада, бұрын антиретровирустық ем қабылдамаған, АИТВ-1-жұқпасын жұқтырған 3 айлықтан 16 жасқа дейінгі 123 пациенттің қатысуымен 48-апталық педиатриялық зерттеуден; және туғанына 14 күндік жастан 19 жасқа дейінгі 495 пациент балада ЖИТС-ке жүргізілген клиникалық зерттеулер (PACTG) бойынша мамандардың жұмыс тобының бес хаттамасының консолидацияланған талдауынан.

Үлгілерді қарқынды сұрыптау тобындағы деректерде 33 пациенттен бастап (жасы 0,77-ден 13,7 жасқа дейінгі ауқымдағы) алынған фармакокинетикалық деректер невирапин клиренсінің дене беті ауданының артуына пропорционалды түрде жастың өсуімен жоғарылағанын көрсетті. Невирапинді күніне екі рет 150 мг/м2 дозалау режимі (күніне бір рет 150 мг/м2 дозада екі апталық кіріспе кезеңнен кейін) невирапиннің 4-6 мкг/мл ауқымындағы орташа геометриялық немесе орташа ең төмен концентрациясының алынуына әкелді (ересек пациенттерде алынған деректер бойынша мақсаттық мәні). Бұдан басқа, невирапиннің байқалатын ең төмен концентрациялары екі әдісте де ұқсас болды.

Балаларда ЖИТС-ке жүргізілген клиникалық зерттеулер бойынша (PACTG) мамандардың жұмыс тобының бес хаттамасына жүргізілген консолидацияланған талдау осы PACTG зерттеуге қамтылған жасы 3 айлыққа толмаған пациент (n = 17) балаларға баға беруге мүмкіндік берді. Плазмада байқалған невирапин концентрациялары ересек пациенттерде және бала пациенттердің қалған популяцияларында байқалған ауқым шегінде болды, бірақ пациенттер арасында, әсіресе өмірінің екінші айында өте құбылмалы болды.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі. ВИРАМУН АИТВ-1 кері транскриптазасының нуклеозидтік емес тежегіші болып табылады. Невирапин — АИТВ-1 кері транскриптазасының бәсекелес емес тежегіші, бірақ ол АИТВ-2 кері транскриптазасына немесе , ,  немесе  эукариоттардың ДНҚ-полимеразасына биологиялық тұрғыдан маңызды тежегіш әсер көрсетпейді.

Вирусқа қарсы in vitro әсері. Невирапин A, B, C, D, F, G және H клейдтерінен M тобының АИТВ-1 изоляттары панеліне қатысты (биологиялық тармақтарынан), сондай-ақ адамның бүйректегі эмбриональді 293 жасуша желісінен көбейетін, айналымдағы рекомбинантты (CRF), CRF01_AE, CRF02_AG және CRF12_BF түрлерінен алынған 63 нмоль EC50 (тежегіш концентрацияның 50%-ы) мәнінің медианасымен сипатталады. АИТВ-1 2923 клиникалық изоляттарының панелінде, көбіне B қосалқы типінде, EC50 орташа мәні 90 нмоль құрады. EC50 осыған ұқсас мәндері шеткері қанның мононуклеарлық жасушаларында, моноцитарлық макрофагтарда немесе лимфобластоидтық жасушалық тізбекте невапириннің вирусқа қарсы белсенділігін анықтаған кезде алынды. Невирапин O тобындағы АИТВ-1 изоляттарына немесе АИТВ-2 изоляттарына қатысты вирусқа қарсы жасушалық өсіріндісінде белсенділікке ие болған жоқ.

Эфавирензбен біріктірілген невирапин АИТВ-1-ге қатысты in vitro күшті антагонистік әсерін және вирусқа қарсы белсенділік көрсетті және ритонавир протеазасының тежегішіне немесе энфувиртидтің қосылысу тежегішіне антагонистік әсерін толықтырды. Невирапин протеаза тежегіштері – ампренавирмен, атазанавирмен, индинавирмен, лопинавирмен, сагвинавирмен және типранавирмен біріктіргенде, сондай-ақ КТНТ – абакавирмен, диданозинмен, эмтрицитабинмен, ламивудинмен, ставудинмен, тенофовирмен және зидовудинмен біріктіргенде АИТВ-1-ге қатысты аддитивті синергизм көрсетті. Невирапиннің in vitro АИТВ-1-ге қатысты вирусқа қарсы белсенділігі HBV (В гепатиті вирусы) қарсы дәрілік препарат – адефовирмен және HCV (С гепатиті вирусы) қарсы дәрілік препарат – рибавиринмен басылды.

Төзімділігі. Жасушалық өсіріндісінде невирапинге сезімталдығы (100-250 есе) төмендеген АИТВ-1 изоляттары байқалады. Генотиптік талдау вирус штаммдарына және пайдаланылатын жасушалық желіге байланысты ОТ АИТВ-1 Y181C және (немесе) V106A генінің мутациясын анықтады. Невирапинге төзімділік пайда болғанға дейінгі уақыт бірнеше басқа КТНЕТ-пен біріктірілген невирапиннің селекциясына енгізген кезде өзгерген жоқ.

Бұрын антиретровирустық ем қабылдамаған, вирусологиялық сәтсіздік (n = 71) болған, невирапинді күніне бір рет (n = 25) немесе екі рет (n = 46) ламивудинмен және ставудинмен біріктіріп 48 апта бойы қабылдаған пациенттерден алынған изоляттарды генотиптік талдау 25-тің 8-індегі және 46-ның ішінен 23 пациенттегі изоляттарда, сәйкесінше, КТНЕТ-ке резистенттілікпен байланысты бір немесе бірнеше: Y181C, K101E, G190A/S, K103N, V106A/M, V108I, Y188C/L, A98G, F227L және M230L алмасулар болғанын көрсетті.

Айқаспалы төзімділігі. КТНЕТ-ке айқаспалы резистенттілігі бар АИТВ штаммдарының тез пайда болуы in vitro зерттеулерде байқалды. Невирапиннің вирусологиялық тиімсіздігінде делавирдинге және эфавирензге айқаспалы резистенттілік күтіледі. Резистенттілікке тестілердің нәтижелеріне байланысты кейіннен құрамында этравирин бар ем қолдануға болады. Невирапин және АИТВ протеаза тежегіштері, немесе интеграза тежегіштері, немесе АИТВ қосылысу тежегіштері арасында айқаспалы резистенттіліктің болу ықтималдылығы аз, өйткені қамтылған ферменттік нысаналар алуан түрлі. Осыған ұқсас, невирапин мен КТНТ арасында айқаспалы резистенттіліктің ықтималдылығы аз, өйткені молекулалар кері транскриптазада байланысудың әртүрлі бөлімдерін пайдаланады.

Перинатальді берілім. HIVNET 012 зерттеу нәтижелері ВИРАМУН препаратымен емдеу тобында (13,1 % (n = 310)) невирапиннің бір реттік дозасын пайдаланғанда зидовудинмен ультрақысқа емдеу 25,1% (n = 308) тобындағымен (p = 0,00063)) салыстырғанда ауру жағдайлары берілімінің едәуір төмендегенін көрсетті. ВИРАМУН препаратымен монотерапия КТНЕТ-ке резистенттіліктік дамуымен қатар жүрді. Ананың немесе сәбидің невирапинді бір рет қабылдауы, егер невирапинді пайдаланып АИТВ-ні емдеу режимі осы пациенттерге 6 ай шегінде немесе одан ерте тағайындалса, тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Басқа антиретровирустық препараттарды невирапиннің бір реттік дозасымен біріктіру невирапинге резистенттіліктің пайда болу жиілігін төмендетеді. Басқа антиретровирустық препараттарға қол жетерлік болғанда ВИРАМУН препаратының бір реттік дозасын қосымша тиімділігі бар антиретровирустық препараттармен біріктірген жөн (бүкіл әлемде мойындалған жетекші нұсқауларға сәйкес). ВИРАМУН препараты АИТВ-1 инфекциясының вертикальді берілімінің профилактикасы үшін бір реттік доза түрінде қолданылған жағдайда ана мен нәресте үшін гепатоуыттылығының қаупін жоққа шығару мүмкін емес.

Бала жастағы пациенттер. Оңтүстік африкалық зерттеу деректерін 48 апталық талдау нәтижелері невирапинмен 4/7 мг/кг және 150 мг/м2 дозаларда емделген топтарда препараттың жағымдылығы жақсы болғанын және бұрын антиретровирустық ем қабылдамаған пациент балаларды емдеген кезде тиімді болғанын айғақтады. CD4+ жасушалардың пайыздық көрсеткіштерінің едәуір жақсаруы емдеудің екі тобын қоса 48 аптаға дейін байқалды. Бұдан басқа, емдеу режимінің екеуінде де вирустық жүктемені төмендетуде тиімді болды. Осы 48 апталық зерттеулерде емдеу тобының бірде-біреуінде қауіпсіздігіне қатысты алдын ала болжау жасалмайтын деректер болған жоқ.

Қолданылуы

  • АИТВ-1 жұқпасын жұқтырған ересектерде және жасөспірімдерде басқа антиретровирустық дәрілік препараттармен, кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштерімен (КТНТ) біріктіріп емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблетканы, тамақтануға қарамай, ішке сумен ішіп, сындырмай және шайнамай қабылдау керек.

16 жастағы және одан үлкен пациенттер

ВИРАМУН препаратының ұсынылған дозасы алғашқы 14 күн бойы тәулігіне бір рет 200 мг дозада бір таблеткадан қабылдау болып табылады (бір кіріспе кезең орындалуы тиіс, өйткені бұл бөртпенің пайда болу жиілігін төмендететіні байқалды), әріқарай - күніне екі рет 200 мг дозада бір таблетканы ең кемінде екі қосымша антиретровирустық препаратпен біріктіріп қабылдау.

Егер дозаны қабылдауды өткізіп алу уақыты оны жоспарлы қабылдау уақытынан кейін 8 сағаттан аспаса, пациент өткізіп алған дозаны мүмкіндігінше тезірек қабылдағаны жөн. Егер доза өткізіп алу уақытына оны жоспарлы қабылдау уақытынан кейін 8 сағаттан астам уақыт өтсе, пациент тек кезекті дозаны әдеттегідей уақытында қабылдағаны жөн.

Дозалау режимі бойынша нұсқаулар

Күніне 200 мг дозаны қабылдаған кезде 14 күндік кіріспе кезең барысында бөртпе пайда болған пациенттерде ВИРАМУН препаратының дозасын бөртпе жоғалғанша арттырмаған жөн. Бөртпе бар аймақты мұқият бақылау қажет. Күніне бір рет 200 мг дозалау режимін 28 күннен артық жалғастырмау керек, және осы мерзім шегінде әсер етуінің жеткіліксіз және тұрақты қаупінің туындауына байланысты баламалы ем тағайындау керек.

Невирапин қабылдауды 7 күннен астам мерзімге тоқтатқан пациенттер екі апталық кіріспе кезеңді сақтай отырып, ұсынылған дозалау режимін қайта жаңғыртуы тиіс.

Егде жастағы пациенттер

Невирапинді 65 жастан асқан пациенттерге қолдану қосымша зерттелген жоқ.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер. Диализді қажет ететін бүйрек дисфункциясы бар пациенттерге диализдің әрбір сеансынан кейін 200 мг невирапиннің қосымша дозасын қабылдау ұсынылады. Креатинин клиренсінің көрсеткіштері (CLcr)  20 мл/мин болатын пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер. Невирапинді бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар (Чайлд-Пью бойынша С санаты) пациенттердің қабылдамағаны жөн. Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуы бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Бала жастағы пациенттер. ВИРАМУН преапаратының 200 мг таблеткалары жоғарыда сипатталған дозалау режиміне сәйкес үлкен жастағы балаларға, атап айтқанда 16 жасқа дейінгі, дене салмағы 50 кг-ден асатын және дене бетінің ауданы Мостеллер формуласы бойынша 1,25 м2 болатын жасөспірімдерге қолданылуы мүмкін. Дене салмағы 50 кг-ден аз немесе дене бетінің ауданы 1,25 м2-ден төмен балалар мен жасөспірімдер үшін препаратты ішке қабылдауға арналған суспензия түріндегі дәрілік түрмен қолданған жөн, ол дене салмағына немесе дене бетінің ауданына сәйкес дозалануы мүмкін.

Үш жасқа толмаған балалар. 3 жасқа толмаған пациенттер үшін препаратты тез босап шығатын белсенді ингредиенті бар дәрілік формасында, ішке қабылдауға арналған суспензия түрінде қолданған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Мұқият бақылауды қажет ететін қиын кезең емнің алғашқы 18 аптасы болып табылады. Осы кезеңде өмір үшін ықтимал ауыр және қауіпті жағымсыз реакцияларды анықтау үшін пациенттерді мұқият бақылау қажет болады.

Қолданудың тіркеуден кейінгі тәжірибелері күрделірек жағымсыз реакциялар Стивенс — Джонсон синдромы /уытты эпидермальді некролиз, гепатит/ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі, ысыну, буындардың ауыруы, бұлшықеттердің ауыруы сияқты жайылған патологиялық үдерістер туралы айғақтайтын бөртпе түрінде білінетін эозинофилиясы және жүйелік симптомдары бар дәрілік реакциялар және ішкі ағзалар қабынуымен, мысалы, гепатитпен, эозинофилиямен, гранулоцитопениямен және бүйрек функциясы бұзылуымен үйлескен лимфаденопатия болып табылатынын көрсетті.

 

ВИРАМУН препаратымен емге байланысты көбірек таралған жағымсыз реакцияларға бөртпе, аллергиялық реакциялар, гепатит, бауыр функциясы биохимиялық көрсеткіштерінің мәнінің ауытқуы, жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, шаршау сезімі, ысыну, бас ауыруы және бұлшықеттердің ауыруы жатады.

Жағымсыз әсерлер төменде келесі жіктеуді пайдалана отырып берілген: жиі ≥1/100 <1/10 дейін, жиі емес ≥1/1000 <1/100 дейін, сирек ≥1/10000 <1/1000 дейін, өте сирек <10000.

Қан және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар

Жиі гранулоцитопения

Жиі емес анемия

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Жиі аса жоғары сезімталдық (оның ішінде анафилаксиялық реакция, ангионевротикалық ісіну, есекжем)

Жиі емес анафилаксиялық реакция

Сирек эозинофилиямен және жүйелік көріністермен қатар жүретін дәрілік тері реакциясы

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі бас ауыру

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Жиі жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі гепатит (ауыр және өмірге қауіп төндіретін гепатоуыттылықты қоса) (1,9 %)

Жиі емес сарғаю

Сирек шұғыл дамитын гепатит (ол өліммен аяқталуы мүмкін)

Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар

Өте жиі бөртпе (12,5%)

Жиі емес Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермальді некролиз (ол өліммен аяқталуы мүмкін) (0,2 %), ангионевротикалық ісіну, есекжем

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

Жиі емес артралгия (буындардың ауыруы), миалгия (бұлшықеттердің ауыруы)

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар

Жиі гипертермия, қажу

Зертханалық және құралдық деректер

Жиі бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы (аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы; трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы; аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы; гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы; бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы; гипертрансаминаземия)

Жиі емес қанда фосфор деңгейінің төмендеуі; артериялық қысымның

жоғарылауы

Метаболизмдік параметрлер

Айрықша нұсқаулар

Невирапинді басқа антиретровирустық препараттармен бірге қабылдағанда сондай-ақ келесі жағымсыз реакциялар анықталды: панкреатит, шеткері нейропатия және тромбоцитопения. Бұл жағымсыз реакциялар басқа антиретровирусты препараттармен жиі астасады және невирапинді басқа препараттармен үйлесімде қабылдағанда күтілуі мүмкін; алайда бұл жағымсыз реакциялардың невирапинмен емге байланысты болуының ықтималдығы аз. Сирек жағдайларда бауыр және бүйрек жеткіліксіздігінің синдромы туралы хабарланды.

Иммун тапшылығының ауыр түрінен зардап шегетін біріктірілген антиретровирусты ем (БАРЕ) бастау сәтінде АИТВ жұқпасын жұқтырған пациенттерде симптомдарсыз немесе қалдық шартты-патогенді қоздырғышқа қабыну реакциясы туындауы мүмкін. Сондай-ақ аутоиммундық аурулар анықталды (мысалы, диффуздық уытты зоб); алайда ауру басталу уақыты ауытқиды және ауру басталғаннан кейін көп айдан соң басталуы мүмкін.

Остеонекроз жағдайлары туралы, әсіресе белгілі қауіп факторы бар пациенттерде АИТВ үдемелі сатысы бар немесе біріктірілген антиретровирусты ем (БАРЕ) қолданғанда хабарланған.

Бұл аурудың туындау жиілігі белгісіз.

Дәрілік препаратты тіркегеннен кейін болжамды жағымсыз реакциялар туралы мәліметтер хабарлаудың маңызы зор. Медициналық препарат үшін бұл «пайда/қауіп» арақатынасының одан әрі қарайғы мониторингі үшін керек. Медициналық қызметкерлердің кез келген болжамды жағымсыз реакциялар туралы жағымсыз реакцияларды тіркеудің ұлттық жүйесі арқылы мәлімдеуін өтінеді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық

- невирапинді қабылдау нәтижесінде жайылу симптомдарымен қатар жүретін ауыр бөртпемен, аса жоғары сезімталдық реакцияларымен байланысты болатын бөртпемен немесе клиникалық тұрғыдан айқын гепатитпен байланысты препаратты толық тоқтату қажет болатын пациенттерге қайталап тағайындау

- бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар (Чайлд-Пью бойынша С санаты) пациенттер немесе бастапқы АСТ немесе АЛТ > 5 ЖҚШ (жоғарғы қалып шегі) деңгейінің АСТ/АЛТ бастапқы көрсеткіштері < 5 ЖҚШ деңгейінде тұрақтанғанға дейін артқан жағдайда

- бұрын невирапинмен емдеу барысында АСТ немесе АЛТ > 5 ЖҚШ мәндері байқалған және невирапинді қайта тағайындағанда бауыр функциясының қалыптан ауытқуының қайталануы анықталған пациенттерге қайта тағайындау

- плазмадағы концентрациясының төмендеу және невирапиннің клиникалық тиімділігінің төмендеу қаупіне байланысты құрамында шілтерлі шайқурай (Hypericum perforatum) бар өсімдік шикізаты негізіндегі препараттармен біріктіріп қолдану

-– галактоза жақпаушылығының тұқым қуалайтын аурулары (галактоземия, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза сіңуінің төмендеу синдромы)

- эфавирензбен, делавирдинмен, этравиринмен, рилпивиринмен, элвитегравирмен (кобицистатпен біріктіріп), боцепревирмен, рифампицинмен, кетоконазолмен, атазанавирмен, фосампренавирмен*, саквинавирмен*, типранавирмен* біріктіріп бір мезгілде қолдану (* - егер олар ритонавирдің төмен дозасымен тағайындалмаса)

- дене салмағы 50 кг-ден төмен немесе дене бетінің ауданы Мостеллер формуласы бойынша 1,25 м2-ден төмен 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (осы дәрілік түрі үшін – таблеткалар).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Невирапин CYP3A индукторы және потенциальді — CYP2B6 индукторы болып табылады, ең жоғары индукциясы көп реттік дозаларымен емдеуді бастағаннан кейін 2–4 апта шегінде пайда болады.

Осы метаболизмдік жол пайдаланылатын заттардың концентрациялары оларды невирапинмен үйлесімде қолданғанда төмендеуі мүмкін. P450 метаболизденетін дәрілік препараттарды невирапинмен біріктіріп қолданған кезде олардың емдік тиімділігіне мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.

Невирапиннің сіңуіне тамақтану, антацидтер немесе құрамына сілтілік буферлеуші агент кіретін дәрілік препараттар ықпалын тигізбейді.

Өзара әрекеттесуі жөніндегі деректер орташа геометриялық мәндер түрінде және осы деректер бар болған кезде 90% сенімді аралық (90 % СА) түрінде берілген. АЖ = анықталған жоқ, ↑ = Жоғарылаған, ↓ = Төмендеген,  = Ықпалы жоқ

Емдік топтары бойынша препараттар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бірге қолданылуы жөніндегі нұсқаулар

ИНФЕКЦИЯЛАРҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР

АнтиретровирусТЫҚ препаратТАР

КТНТ

Диданозин

100-150 мг күніне екі рет

(ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет х 14 күн; 200 мг күніне 2 рет х 14 күн)

Диданозиннің ҚАА  1,08 (0,92-1,27)

Диданозиннің Cmin АЖ

Диданозиннің Cmax  0,98 (0,79-1,21)

Дозалау режимін түзету қажет емес

Эмтрицитабин

Эмтрицитабин адамда CYP 450 ферменттерінің тежегіші болып табылмайды

Дозалау режимін түзету қажет емес

Абакавир

Адамның бауыр микросомдарында абакавир P450 цитохромының тежегіштерін тежемейді

Дозалау режимін түзету қажет емес

Ламивудин

150 мг күніне 2 рет

(ВИРАМУН 200 мг күніне 2 рет)

Невирапиннің ламивудиннің клиренсін индукциялайтын әсері жоқ

Дозалау режимін түзету қажет емес

Ставудин:

30/40 мг күніне 2 рет

(ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет х 14 күн; 200 мг күніне 2 рет х 14 күн)

Ставудиннің ҚАА  0,96 (0,89-1,03)

Ставудиннің Cmin АЖ

Ставудиннің Cmax  0,94 (0,86-1,03)

Невирапиннің деңгейлерінде өзгерулер байқалған жоқ

Дозалау режимін түзету қажет емес

Тенофовир

300 мг күніне 1 рет

(ВИРАМУН 200 мг күніне 2 рет)

Невирапинмен біріктіріп қолданғанда плазмадағы тенофовирдің деңгейі өзгеріссіз қалады.

Тенофовирді біріктіріп қолдану плазмадағы невирапиннің деңгейіне ықпалын тигізген жоқ.

Дозалау режимін түзету қажет емес

Зидовудин

100-200 мг күніне 3 рет

(ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет х 14 күн; 200 мг күніне 2 рет х 14 күн)

Зидовудиннің ҚАА  0,72 (0,60-0,96)

Зидовудиннің Cmin АЖ

Зидовудиннің Cmax  0,70 (0,49-1,04)

Зидовудин невирапиннің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Дозалау режимін түзету қажет емес

Зидовудинді бірге қабылдау әдетте гранулоцитопениямен қатар жүреді. Сондықтан невирапин мен зидовудинді біріктіріп қабылдап жүрген пациенттерде, әсіресе балаларда және зидовудиннің жоғары дозаларын қабылдап жүрген пациенттерде, немесе сүйек кемігі қоры кеміген, әсіресе АИТВ ауруы үдеген пациенттерде гранулоцитопения қаупі жоғарылады. Мұндай пациенттерде гематологиялық параметрлерге мұқият мониторинг жүргізу қажет.

КТНЕТ

Эфавиренз

600 мг күніне 1 рет

Эфавиренздің ҚАА  0,72 (0,66-0,86)

Эфавиренздің Cmin 0,68 (0,65-0,81)

Эфавиренздің Cmax  0,88 (0,77-1,01)

Эфавиренз бен ВИРАМУН препаратын бірге қолдану, КТНЕТ жеке өзін қолданумен салыстырғанда қосымша уыттылығына және қосымша тиімділігінң жоқтығына байланысты ұсынылмайды

Делавирдин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

ВИРАМУН препараты мен КТНЕТ бірге қолдану ұсынылмайды

Этравирин

Этравирин мен невирапинді біріктіріп қолдану плазмада этравирин концентрациясының маңызды төмендеуін және этравириннің емдік тиімділігінің жоғалуын туындатуы мүмкін.

ВИРАМУН препараты мен КТНЕТ-ті бірге қолдану ұсынылмайды

Рилпивирин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ

ВИРАМУН препараты мен КТНЕТ бірге қолдану ұсынылмайды

ПТ (протеаза тежегіштері)

Атазанавир/ритонавир 300/100 мг күніне 1 рет

400/100 мг күніне 1 рет

(ВИРАМУН 200 мг күніне 2 рет)

Атазанавир/р 300/100 мг:

Атазанавир ҚАА/р  0,58 (0,48-0,71)

Атазанавир Cmin /р  0,28 (0,20-0,40)

Атазанавир Cmax /р  0,72 (0,60-0,86)

Атазанавир/р 400/100 мг:

Атазанавир ҚАА/р  0,81 (0,65-1,02)

Атазанавир Cmin/р  0,41 (0,27-0,60)

Атазанавир Cmax/р  1,02 (0,85-1,24)

(невирапинсіз 300/100 мг салыстырғанда)

Невирапин ҚАА  1,25 (1,17-1,34)

Невирапиннің Cmin  1,32 (1,22-1,43)

Невирапиннің Cmax  1,17 (1,09-1,25)

Атазанавирді/ритонавирді және ВИРАМУН препаратын бірге қолдану ұсынылмайды

Дарунавир/ритонавир 400/100 мг күніне 2 рет

(ВИРАМУН 200 мг күніне 2 рет)

Дарунавирдің ҚАА  1,24 (0,97-1,57)

Дарунавирдің Cmin  1,02 (0,79-1,32)

Дарунавирдің Cmax  1,40 (1,14-1,73)

Невирапиннің ҚАА  1,27 (1,12-1,44)

Невирапиннің Cmin  1,47 (1,20-1,82)

Невирапинанің Cmax  1,18 (1,02-1,37)

Дарунавир 100 мг ритонавирмен және ВИРАМУН препаратымен бірге дозаларын түзетусіз қолданылуы мүмкін.

Фосампренавир

1400 мг күніне 2 рет

(ВИРАМУН 200 мг күніне 2 рет)

Ампренавирнің ҚАА  0,67 (0,55-0,80)

Ампренавирдің Cmin  0,65 (0,49-0,85)

Ампренавирдің Cmax  0,75 (0,63-0,89)

Невирапиннің ҚАА  1,29 (1,19-1,40)

Невирапиннің Cmin  1,34 (1,21-1,49)

Невирапиннің Cmax  1,25 (1,14-1,37)

Егер фосампренавир ритонавирмен бірге қолданылмаса, фосампренавирді және ВИРАМУН препаратын біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

Фосампренавир/ритонавир 700/100 мг күніне 2 рет

(ВИРАМУН 200 мг күніне 2 рет)

Ампренавирдің ҚАА  0,89 (0,77-1,03)

Ампренавирдің Cmin  0,81 (0,69-0,96)

Ампренавирдің Cmax  0,97 (0,85-1,10)

Невирапиннің ҚАА  1,14 (1,05-1,24)

Невирапиннің Cmin  1,22 (1,10-1,35)

Невирапиннің Cmax  1,13 (1,03-1,24)

Дозалау режимін түзету қажет емес

Индинавир 800 мг әрбір 8 сағат сайын 1 рет

(ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет х 14 күн; 200 мг күніне 2 рет х 14 күн)

Индинавирдің ҚАА  31 (64-тен 30 дейін)

Индинавирдің Cmax  15 (53-тен 55 дейін)

Индинавирдің Cmin  44 (77-ден 39 дейін)

Плазмада невирапин деңгейінің клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерулері байқалған жоқ

Қазіргі таңда индинавир әдетте ВИРАМУНМЕН бірге тағайындалады. ВИРАМУННЫҢ индинавирмен/итонавир-мен өзара әрекеттесуіне қатысты клиникалық деректер шектеулі.

Лопинавир/ритонавир (капсулалар) 400/100 мг күніне 2 рет

Ересек пациенттер:

Лопинавирдің ҚАА  0,73 (0,53-0,98)

Лопинавирдің Cmin  0,54 (0,28-0,74)

Лопинавирдің Cmax  0,81 (0,62-0,95)

ВИРАМУН препаратымен бірге қолданғанда лопинавирдің/ритонавирдің дозасын 533/133 мг (4 капсула) дейін арттыру ұсынылады немесе 500/125 мг (әрқайсысы 100/25 мг 5 таблетка) күніне екі рет тамақпен бірге. Лопинавирмен бірге қолданған кезде ВИРАМУН препаратының дозасын түзету қажет емес.

Лопинавир/ритонавир (ішке қабылдауға арналған ерітінді) 300/75 мг/м2 күніне 2 рет

Бала жастағы пациенттер:

Лопинавирдің ҚАА  0,78 (0,56-1,09)

Лопинавирдің Cmin  0,45 (0,25-0,82)

Лопинавирдің Cmax  0,86 (0,64-1,16)

Балаларда ВИРАМУН препаратымен бірге қолданғанда, әсіресе лопинавирге/ритонавирге сезімталдығының төмендегеніне күдіктенген пациенттерде лопинавир/ритонавир дозасын күніне 2 рет тамақпен бірге қабылданатын 300/75 мг/м2 дозаға дейін арттыруды қарастыру қажет.

Нелфинавир 750 мг күніне 3 рет

(ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет х 14 күн; 200 мг күніне 2 рет х 14 күн)

Нелфинавир: невирапинді қосқаннан кейін фармакокинетикалық параметрлерінде клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерулер жоқ.

Нелфинавирдің жалпы әсері плюс AG1402 метаболиті:

AUC 20 (72-ден 128 дейін)

Cmax  12 (61-ден 100 дейін)

Cmin  35 (90-нан 316 дейін)

Невирапин: деңгейлерінде өзгерулер байқалған жоқ

Дозалау режимін түзету қажет емес

Ритонавир

600 мг күніне 2 рет

(ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет х 14 күн; 200 мг күніне 2 рет х 14 күн)

Ритонавирдің ҚАА  0,92 (0,79-1,07)

Ритонавирдің Cmin  0,93 (0,76-1,14)

Ритонавирдің Cmax  0,93 (0,78-1,07)

Невирапин: Ритонавирді бірге қолдану плазмада невирапин деңгейінің клиникалық тұрғыдан маңызды өзеруіне әкелген жоқ.

Дозалау режимін түзету қажет емес

Саквинавир 600 мг күніне 3 рет

(ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет х 14 күн; 200 мг күніне 2 рет х 14 күн)

Саквинавирдің ҚАА 38 (47-ден 11 дейін)

Саквинавирдің Cmax 32 (44-тен 6 дейін)

Саквинавирдің Cmin АЖ

ВИРАМУНДІ ритонавирсіз саквинавирмен тағайындамаған жөн

Саквинавир/

ритонавир

Саквинавир, күшейтілген ритонавир, және невирапин арасында клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесу жоқ.

Дозалау режимін түзету қажет емес

Типранавир/ритонавир 500/200 мг күніне 2 рет

Типранавирдің Cmin 20%-ға клиникалық маңызды емес төмендеуі.

Дозалау режимін түзету қажет емес

ҚОСЫЛЫСУ ТЕЖЕГІШТЕРІ

Энфувиртид

Метаболизмдік жолына байланысты, энфувиртид және невирапин арасында клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу болады деп болжам жасалмайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес

Маравирок

300 мг күніне 1 рет

Маравироктің ҚАА  1,01 (0,6-1,55)

Маравироктің Cmin АЖ

Маравироктің Cmax  1,54 (0,94-2,52)

тарихи бақылаумен ұқсас

Невирапиннің концентрациялары өлшенген жоқ, ықпалы жоқ деп күтіледі.

Дозалау режимін түзету қажет емес

интегразА ТЕЖЕГІШТЕРІ

Элвитегравир/

кобицистат

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Кобицистат, P450 3A цитохромының тежегіші бауыр ферменттерін, сондай-ақ басқа метаболизмдік жолдарды маңызды түрде тежейді. Сондықтан бірге қолдану плазмада кобицистаттың және ВИРАМУН препаратының деңгейлерінің төмендеуіне әкеледі.

ВИРАМУН препаратын және элвитегравирді кобицистатпен біріктіріп қолдану ұсынылмайды

Ралтегравир

400 мг күніне 2 рет

Клиникалық деректер жоқ. Метаболизмдік жолына байланысты ралтегравирдің өзара әрекеттесуі болады деп болжам жасалмайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес

АнтибиотикТЕР

Кларитромицин

500 мг күніне 2 рет

Кларитромициннің ҚАА  0,69 (0,62-0,76)

Кларитромициннің Cmin  0,44 (0,30-0,64)

Кларитромициннің Cmax  0,77 (0,69-0,86)

14-OH кларитромицин метаболитінің ҚАА  1,42 (1,16-1,73)

14-OH кларитромицин метаболитінің Cmin  0 (0,68-1,49)

14-OH кларитромицин метаболитінің Cmax  1,47 (1,21-1,80)

Невирапиннің ҚАА  1,26

Невирапиннің Cmin  1,28

Невирапиннің Cmax  1,24

тарихи бақылаулармен ұқсас.

Кларитромициннің әсері маңызды түрде төмендеді, 14-ОН метаболитінің әсері жоғарылады. Кларитромициннің белсенді метаболитінің Mycobacterium avium-жасушаішілік кешен қатысты төмендеуімен байланысты патогендік микроорганиздерге қатысты жалпы белсенділігі де төмендеуі мүмкін. Кларитромицинге баламалы азитромицин сияқты препараттарды тағайындауды қарастыру қажет. Бауыр функциясының қалыптан ауытқуына мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады

Рифабутин

150 немесе 300 мг күніне 1 рет

Рифабутиннің ҚАА  1,17 (0,98-1,40)

Рифабутиннің Cmin  1,07 (0,84-1,37)

Рифабутиннің Cmax  1,28 (1,09-1,51)

25-O-дезацетилрифабутин метаболитінің

ҚАА  1,24 (0,84-1,84)

25-O-дезацетилрифабутин метаболитінің

Cmin  1,22 (0,86-1,74)

25-O-дезацетилрифабутин метаболитінің

Cmax  1,29 (0,98-1,68)

Тарихи деректермен салыстырғанда невирапиннің шамаланған клиренсінің клиникалық тұрғыдан маңызды емес жоғарылауы (9%-ға) жөнінде мәлімдемелер бар.

Рифабутиннің және ВИРАМУН препаратының негізгі ФК-параметрлеріне маңызды ықпалы байқалмайды. Рифабутин және ВИРАМУН препараты дозаларын түзетусіз бірге қолданылуы мүмкін. Алайда жекелей аралық ауытқушылығы жоғары болғандықтан, кейбір пациенттерде рифабутиннің әсерінің едәуір артқаны және рифабутиннің уыттылық көріністерінің өте жоғары қаупі байқалуы мүмкін. Сондықтан бірге қолданған кезде сақ болу қажет.

Рифампицин

600 мг күніне 1 рет

Рифампициннің ҚАА  1,11 (0,96-1,28)

Рифампициннің Cmin АЖ

Рифампициннің Cmax  1,06 (0,91-1,22)

Невирапиннің ҚАА  0,42

Невирапиннің Cmin  0,32

Невирапиннің Cmax  0,50

тарихи бақылаулармен ұқсас.

Рифампицинді және ВИРАМУН препаратын бірге қолдану ұсынылмайды. Туберкулез инфекциясы бар және құрамында ВИРАМУН препараты бар режимді қолданып жүрген пациенттерді емдейтін дәрігерлер оның орнына рифабутинді бірге тағайындауды қарастыруы мүмкін.

ЗЕҢГЕ ҚАРСЫ препаратТАР

Флуконазол

200 мг күніне 1 рет

Флуконазолдың ҚАА  0,94 (0,88-1,01)

Флуконазоладың Cmin  0,93 (0,86-1,01)

Флуконазолдың Cmax  0,92 (0,85-0,99)

Невирапин: невирапин жеке қолданылған кезде тарихи деректермен салыстырғанда әсері 100% болды.

ВИРАМУН препаратының әсер етуінің жоғары қаупімен байланысты, егер дәрілік препараттар бірге қолданылса сақ болу және пациенттерге мұқият мониторинг жүргізу қажет.

Итраконазол

200 мг күніне 1 рет

Итраконазолдың ҚАА  0,39

Итраконазолдың Cmin  0,13

Итраконазолдың Cmax  0,62

Невирапиннің фармакокинетикалық параметрлері бойынша маңызды айырмашылық болған жоқ.

Осы екі препаратты бірге қолданғанда итраконазолдың дозасын арттыруды қарастыру қажет.

Кетоконазол

400 мг күніне бір рет

Кетоконазолдың ҚАА  0,28 (0,20-0,40)

Кетоконазолдың Cmin АЖ

Кетоконазолдың Cmax  0,56 (0,42-0,73)

Невирапин: плазмадағы деңгейі: табиғи деректермен ұқсас  1,15-1,28

Кетоконазолды және ВИРАМУН препаратын бірге қолдану ұсынылмайды

СОЗЫЛМАЛЫ В ЖӘНЕ С гепатитІН ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ВИРУСҚА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР

Адефовир

Іn vitro зерттеу нәтижелері адефовирдің невирапинге әлсіз антагонистік әсерін көрсетті, бірақ бұл клиникалық зерттеулерде айғақталған жоқ, және тиімділігінің төмендеуі күтілмейді. Адефовир, қолда бар деректер бойынша, адамда дәрілік препараттың метаболизміне қамтылған СҮР негізгі изомерлерінің бірде-біреуіне ықпалын тигізген жоқ, және бүйрек арқылы шығарылады. Клиникалық тұрғыдан маңызды дәріаралық өзара әрекеттесулер болады деп болжам жасалмайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес

Боцепревир

Боцепревир CYP3A4/5 қатысуымен ішінара метаболизденеді. Боцепревирді CYP3A4/5 индукцияланатын немесе тежелетін дәрілік заттармен бірге қолдану, әсерінің жоғарылауына немесе төмендеуіне әкелуі мүмкін. Боцепревирдің плазмадағы ең төмен концентрациялары оны метаболизмдік жолымен сипатталатын, невирапиндегі осындайға ұқсас КТНЕТ-пен бірге қолданған кезде төмендеді. Осы бақыланғанның клиникалық нәтижесі боцепревирдің ең төмен концентрациялары-ның төмендеуіне тікелей баға берілген жоқ.

Боцепревирді және ВИРАМУН препаратын бірге қолдану ұсынылмайды

Энтекавир

Энтекавир P450 (CYP450) цитохромы ферменттерінің субстраты, индукторы немесе тежегіші болып табылмайды. Энтекавирдің метаболизмдік жолымен байланысты клиникалық тұрғыдан маңызды дәріаралық өзара әрекеттесу болады деп болжам жасалмайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес

Интерферондар (пегилирленген интерферондар альфа 2a және альфа 2b)

Интерферондардың CYP 3A4 немесе 2B6 ықпалы жөнінде деректер жоқ. Клиникалық тұрғыдан маңызды дәріаралық өзара әрекеттесулер болады деп болжам жасалмайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес

Рибавирин

Іn vitro зерттеу нәтижелері рибавириннің невирапинге әлсіз антагонистік әсерін көрсетті, бірақ бұл клиникалық зерттеулерде айғақталған жоқ, және тиімділігі төмендейді деп күтілмейді. Рибавирин P450 цитохромының ферменттерін тежемейді, және уыттылығын зерттеу нәтижелері бауыр ферменттерінің рибавиринмен индукциялануын көрсетпейді. Клиникалық тұрғыдан маңызды дәріаралық өзара әрекеттесу болады деп болжам жасалмайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес

Телапревир

Телапревир бауырда CYP3A қатысуымен метаболизденеді және P-гликопротеиннің субстраты болып табылады. Телапревирді және CYP3A индукциялайтын дәрілік препараттарды және (немесе) P-гликопротеинді үйлесімде қолдану, плазмада телапревир концентрациясының төмендеуіне әкеледі. Телапревирдің және невирапиннің дәріаралық өзара әрекеттесуіне зерттеу жүргізілген жоқ, алайда телапревирдің метаболизмдік жолмен сипатталатын, невирапиндегі осындайға ұқсас КТНЕТ-пен өзара әрекеттесу нәтижелері екі препараттың да деңгейінің төмендегенін көрсетті. Телапревирді эфавирензбен ДАӘ зерттеу нәтижелері телапревирді және Р450 индукторларын үйлесімде қолданғанда сақ болу қажеттілігін көрсетеді.

Телапревирді және невирапинді бірге қолданғанда сақ болған жөн.

ВИРАМУН препаратымен біріктіріп қолданғанда телапревирдің дозасын түзетуді қарастырған жөн.

Телбивудин

Телбивудин P450 цитохромы (CYP450) жүйесі ферменттерінің сустратын, индукторы немесе тежегіші болып табылмайды. Телбивудиннің метаболизмдік жолына байланысты, клиникалық тұрғыдан маңызды дәріаралық өзара әрекеттесу болады деп болжам жасалмайды.

Дозалау режимін түзету қажет емес

АнтацидТЕР

Циметидин

Циметидин: циметидиннің ФК-параметрлеріне маңызды ықпалы байқалмайды.

Невирапиннің Cmin  1,07

Дозалау режимін түзету қажет емес.

ТРОМБОЗҒА ҚАРСЫ препаратТАР

Варфарин

Невирапинмен және тромбозға қарсы препаратпен варфарин арасында өзара әрекеттесу оларды үйлесімде қолданғанда қан ұю уақытын арттыруы да, қысқартуы да мүмкін болатын, күрделі болып табылады.

Қанның ұю көрсеткіштеріне мұқият мониторинг ұсынылады.

КонтрацептивТЕР

Депо-медроксипрогестерон ацетаты (ДМПА) әрбір 3 ай сайын 150 мг

ДМПА-ның ҚАА 

ДМПА-ның Cmin 

ДМПА-ның Cmax 

Невирапиннің ҚАА 1,20

Невирапиннің Cmax  1,20

ВИРАМУН препаратымен бірге қолданған кезде ДМПА-ның овуляцияны басатын әсерлерінің төмендегені байқалған жоқ. ДМПА және ВИРАМУН препараты дозаларды түзетусіз үйлесімде қолданылуы мүмкін.

Этинилэстрадиол (ЭЭ) 0,035 мг

ЭЭ-нің ҚАА  0,80 (0,67 - 0,97)

ЭЭ-нің Cmin АЖ

ЭЭ-нің Cmax  0,94 (0,79 - 1,12)

ВИРАМУН препаратын қабылдап жүрген әйелдер контрацепцияның жалғыз ғана әдісі ретінде пероральді гормональді контрацептивтерді қолданбағаны жөн. Гормональді контрацептивтердің (пероральді немесе басқа тәсілдермен қолдануға арналған дәрілік түрлердің сәйкес келетін дозалары ДМПА-дан өзгеше, ВИРАМУН препаратымен біріктірудің қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты анықталды.

Норэтиндрон (НЭТ) 1,0 мг күніне 1 рет

НЭТ-тің ҚАА  0,81 (0,70 - 0,93)

НЭТ-тің Cmin АЖ

НЭТ-тің Cmax  0,84 (0,73 - 0,97)

АНАЛЬГЕТИКТЕР/АПИЫНДАР

Метадон,пациент үшін жекелей доза

Метадонның ҚАА  0,40 (0,31 - 0,51)

Метадонның Cmin АЖ

Метадонның Cmax  0,58 (0,50 - 0,67)

Метадонның демеуші дозаларын қабылдап жүрген және ВИРАМУН препаратымен емді бастаған пациенттерде мониторинг жүргізген жөн, тоқтату синдромының бар болуын, және метадонның дозасын тиісінше түзету қажет.

ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНАН ЖАСАЛҒАН ПРЕПАРАТТАР

Шайқурай

Сарысудағы невирапин деңгейі препаратты шайқурай (Hypericum perforatum) шикізатынан алынған препаратпен бірге қолданғанда төмендеуі мүмкін. Бұл дәрілік препараттарды метаболиздейтін ферменттердің, және (немесе) тасымалдаушы ақуыздардың шайқураймен индукциялануымен байланысты.

Құрамында шайқурай бар өсімдік шикізатынан алынған препараттар, және ВИРАМУН препаратын бірге қабылдамаған жөн. Егер пациент шайқурайды қабылдап жүрген болса, невирапиннің деңгейін және, мүмкіндігінше, вирус жүктемесін тексеріңіз және шайқурайды қабылдауды тоқтатыңыз. Шайқурайды қабылдауды тоқтатқаннан кейін невирапин деңгейі жоғарылауы мүмкін. ВИРАМУН препаратының дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Индукциялаушы әсері шайқураймен емдеуді тоқтатқаннан кейін ең кемінде 2 апта бойы сақталуы мүмкін.

Қосымша ақпарат

Адамның бауыр микросомаларын пайдаланып жүргізілетін in vitro зерттеулер невирапиннің гидроксилденген метаболиттерінің түзілуіне дапсонның, рифабутиннің, рифампициннің және триметопримнің/сульфаметоксазолдың қатысуына ықпалын тигізбегенін көрсетті. Кетоконазол және эритромицин невирапиннің гидроксилденген метаболиттерінің түзілуін едәуір тежейді.

Айрықша нұсқаулар

ВИРАМУН препараты ең кемінде басқа екі антиретровирустық препараттармен бірге ғана қолданылуы тиіс.

ВИРАМУН препараты жалғыз ғана белсенді антиретровирустық препарат ретінде, монотерапия ретінде немесе вирусқа төзімділік көрсеткен кез келген антиретровирустық препаратпен бірге қолданылмауы тиіс.

ВИРАМУНМЕН емдеудің алғашқы 18 аптасы қиын кезең болып табылады, оның барысында тері тарапынан ауыр және өмірге қауіп төндіретін реакциялардың (Стивенс-Джонсон синдромы (СДС) және уытты эпидермальді некролиз (УЭН) жағдайларын қоса), сондай-ақ ауыр гепатит/бауыр функциясының жеткіліксіздігінің ықтимал дамуын анықтау үшін пациенттерге мұқият мониторинг жасау қажет болады. Бауыр және тері рекцияларының ең жоғары қаупі емнің алғашқы 6 аптасында байқалады. Алайда бауыр тарапынан кез келген құбылыстар қаупі сақталады және сондықтан осы кезең өткен соң қысқа уақыт аралығынан кейін мониторингті жалғастырған жөн. ВИРАМУН-мен емдеудің бас кезінде әйел жынысты пациенттерде және CD4-жасуша концентрациясы өте жоғары пациенттерде (ересек әйелдерде > 250/мм3 және ересек еркектерде > 400/мм3), егер ВИРАМУНЕН емдеудің бас кезінде пациентте плазмадағы АИТВ-1 РНҚ деңгейі анықталатын — яғни концентрация ≥ 50 көшірме/мл — бар болса, бауыр тарапынан жағымсыз реакциялар қаупінің жоғары болуымен қатар жүреді. Бақыланатын және бақыланбайтын зерттеулер барысында, көбіне плазмадағы АИТВ-1 вирустық жүктемесі 50 көшірме/мл және одан жоғары болатын пациенттерде ауыр және өмірге қауіп төндіретін гепатоуыттылық байқалса, күтілетін пайдасы болжамды қаупінен басым болатын жағдайларды қоспағанда, плазмасында АИТВ-1 РНҚ анықталатын концентрациясында CD4 сандық көрсеткіштері 250 жасуша/мм3 жоғары болатын әйелдерде немесе CD4 сандық көрсеткіштері 400 жасуша/мм3 жоғары болатын ересек еркектерде ВИРАМУНМЕН емдеуді бастамаған жөн.

Кейбір жағдайларда препаратты тоқтатқанға қарамастан бауырдың зақымдануы үдейді. Гепатит, тері тарапынан ауыр реакциялар немесе аса жоғары сезімталдық реакцияларының белгілері немесе симптомдары бар пациенттер ВИРАМУНДЫ қабылдауды тоқтатуы және медициналық көмек үшін кідіртпей дәрігерге қаралуы тиіс. ВИРАМУНДЫ қабылдауды бауыр, тері тарапынан ауыр реакциялардан немесе жоғары сезімталдық реакцияларынан кейін қайта жаңғыртпаған жөн.

Препаратты, әсіресе 14 күндік кіріспе кезең барысында көрсетілген дозалауда қабылдау қажет.

Тері реакциялары. Ауыр және өмірге қауіп төндіретін тері реакциялары, соның ішінде өліммен аяқталатын жағдайлар невирапинмен емделген пациенттерде негізінен алғашқы 6 ай емделу барысында пайда болды. Олар Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз жағдайларын және бөртпемен, ішкі ағзаларға жайылу және қамтылу белгілерімен сипатталатын аса жоғары сезімталдық реакцияларын қамтыды. Алғашқы 18 апта емделу барысында пациенттерде белсенді мониторингті жүзеге асыру қажет. Бөртпе ошақтары пайда болған кезде пациенттерде мұқият мониторинг жүргізу керек. ВИРАМУН пациенттерде ауыр бөртпелер немесе жайылу симптомдарымен (қызба, сулы бөртпелердің пайда болуы, ауыз қуысында зақымданулар, конъюнктивит, беттің ісінуі, бұлшықеттердің немесе буындардың сырқырап ауырулары немесе жалпы дімкәстік) қатар жүретін бөртпелер, соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермальді некролиз пайда болған кезде тоқтатылуы тиіс. ВИРАМУН кез келген пациентде онда аса жоғары сезімталдық реакциялары (жайылған симптомдары бар бөртпемен және ішкі ағзаларды қамтуымен, мысалы — гепатитпен, эозинофилиямен, гранулоцитопениямен және бүйрек дисфункциясымен сипатталатын) пайда болған кезде тоқтатылуы тиіс.

ВИРАМУН препаратын қабылдаған кезде ұсынылған дозаны арттыру Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты тері реакцияларының жиілігін және ауырлығын ұлғайтады.

ВИРАМУН препаратын қабылдаумен байланысты тері және (немесе) бауыр тарапынан реакциялары бар пациенттерде рабдомиолиз байқалды.

Преднизонды үйлесімде қолдану (ВИРАМУН препаратын қабылдаудың алғашқы 14 күні ішінде күніне 40 мг) невирапинді қабылдаумен байланысты бөртпенің пайда болу жиілігін төмендетпейтінін көрсетті, және невирапинмен алғашқы 6 апта емдеу барысында бөртпенің пайда болуымен және ауырлық дәрежесінің артуымен қатар жүруі мүмкін.

Ауыр тері реакцияларының даму қаупінің бірқатар факторлары анықталды; олар кіріспе кезең барысында күніне 200 мг бастапқы дозалау режимін сақтамауды және бастапқы симптомдар мен дәрігерге қаралу арасындағы ұзақ кідірісті қамтиды. Невирапинді қабылдаған кезде де, сондай-ақ невирапинді қамтымайтын емде де әйелдерде бөртпенің даму қаупі еркектермен салыстырғанда өте жоғары.

Невирапинмен уыттылықтың негізгі көрінісі бөртпе екендігінен пациенттерді хабардар еткен жөн. Пациенттер кез келген бөртпенің пайда болғаны туралы өз дәрігерін дереу хабардар етуге және бастапқы симптомдар арасында кідіріске жол бермеуге және дәрігерге қаралуға тиіс. Невирапинді қабылдаумен байланысты бөртпелер жағдайының көбісі емдеуді бастағаннан кейін алғашқы 6 апта ішінде пайда болады. Сондықтан осы кезеңде бөртпенің пайда болуын білу тұрғысынан пациентке мұқият мониторинг жүргізу қажет. Пациенттерге, егер екі апталық кіріспе кезең барысында кез келген бөртпе пайда болса, бөртпелер жоғалғанша препарат дозасын арттырмауы тиіс екендігіне нұсқау берген жөн. Күніне бір рет 200 мг дозалау режимін 28 күннен ұзаққа созбаған жөн, және осы мерзім өткеннен кейін әсерінің жеткіліксіз болу және тұрақтылық туындау қаупіне байланысты баламалы ем тағайындау қажет.

Ауыр бөртпе немесе, мысалы, қызба, сулы бөртпелер түзілуі, ауыз қуысындағы ошақты зақымдар, конъюнктивит, беттің ісінуі, бұлшықеттердің немесе буындардың сырқырап ауыруы немесе жалпы дімкәстік сияқты жайылған симптомдармен қатар жүретін бөртпе пайда болған кез келген пациент дәрілік препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерге дереу қаралуы тиіс. Мұндай пациенттер санатына невираминді қабылдауды қайта жаңғыртуға тыйым салынады.

Невирапинді қабылдаумен байланысты бөртпеге күдік пайда болғанда, бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерін тексеру қажет. Зертханалық көрсеткіштерінің орташа немесе күрделі жоғарылауы бар (АСТ немесе АЛТ > ЖҚШ 5 еседен астам жоғарылайды) пациенттерде невирапинді қабылдауды тоқтатқан жөн.

Қызба, артралгия, миалгия және лимфаденопатия сияқты жайылған симптомдары бар бөртпемен, плюс ішкі ағзалардың қамтылуымен, мысалы, гепатитпен, эозинофилиямен, гранулоцитопениямен және бүйректік дисфункциямен сипатталатын аса жоғары сезімталдық реакциялары пайда болған кезде невирапинді қабылдау тоқтатылуы тиіс, және оны қабылдау қайта жаңғыртылмауы керек.

Бауыр тарапынан реакциялар. Невирапинмен ем қабылдап жүрген пациенттерде ауыр және өмірге қауіп төндіретін гепатоуыттылық, соның ішінде өліммен аяқталатын шұғыл дамитын гепатит болды. Емнің алғашқы 18 аптасы қиын кезең болып табылады, оның барысында пациенттерге мұқият мониторинг қажет болады. Бауыр тарапынан болатын реакциялар қаупі емдеудің алғашқы 6 аптасында өте жоғары болды. Алайда қауіп осы кезең өткеннен кейін де сақталады, және мониторингті барлық емдеу кезеңі бойына қысқа уақыт аралықтарымен жалғастырған жөн.

Невирапин қабылдауға байланысты тері және (немесе) бауыр тарапынан реакциялары бар пациенттерде рабдомиолиз бақыланды. АСТ немесе АЛТ деңгейлері > ЖҚШ 2,5 есе немесе одан көп асатын және (немесе) антиретровирустық емнің бас кезінде B және (немесе) C гепатиті вирусымен инфекциясы болуы кез келген антиретровирустық ем барысында, соның ішінде невирапинмен емдеген кезде бауыр тарапынан жағымсыз реакциялардың өте жоғары қаупімен қатар жүреді.

Әйел жынысы және невирапинмен емдеудің бас кезінде CD4-жасушаларының сандық өте жоғары көрсеткіштері бұрын ем қабылдамаған пациенттерде бауыр тарапынан жағымсыз реакциялар қаупінің жоғарылауымен қатар жүреді. Әйелдерде еркектерге қарағанда бөртпе туындауымен жиі байланысты болатын бауыр тарапынан симптоматикалық қауіп дамуы үш есе жоғары (2,2%-бен салыстырғанда 5,8%), ал плазмада АИТВ-1 РНҚ анықталатын және невирапинмен емдеудің бас кезінде CD4-лимфоциттерінің концентрациялары жоғары, бұрын ем қабылдамаған кез келген жынысты пациенттерде невирапинді қабылдаумен байланысты бауыр тарапынан симптоматикалық қауіп туындауы өте жоғары. Ретроспективті талдау нәтижелері бойынша, көбіне плазмадағы АИТВ-1 вирус жүктемесі 50 көшірме/мл немесе одан жоғары болатын пациенттерде, CD4-лейкоциттер > 250 жасуша/мм3 болатын әйелдерде бауыр тарапынан симптоматикалық қауіп дамуы жағымсыз реакциялар қаупі CD4 лейкоциттер концентрациялары < 250 жасуша/мм3 болатын әйелдерден 12 есе жоғары болды (0,9%-бен салыстырғанда 11,0%). Жоғары қауіп плазмада АИТВ-1 РНҚ анықталатын концентрациялары және CD4-лейкоциттер > 400 жасуша/мм3 болатын еркектерде байқалды (CD4-лейкоциттер < 400 жасуша/мм3 болатын еркектерде 1,2%-бен салыстырғанда 6,3%). CD4- лимфоциттер концентрациялары шектерінің негізінде уыттылық қаупінің бұл жоғарылауы плазмада анықталмайтын (яғни < 50 көшірме /мл) вирус жүктемесі бар пациенттерде байқалған жоқ.

Пациенттер бауыр тарапынан реакциялар невирапинмен уыттанудың негізгі көрінісі болып табылатындығынан, және ол емдеудің алғашқы 18 аптасы барысында мұқият мониторинг жүргізуді қажет ететіндігінен хабардар болуы тиіс. Гепатиттің бар екендігін айғақтайтын симптомдар пайда болған кезде олар невирапинді қабылдауды тоқтатуы және бауыр функциясына жасалатын тестіні қамтитын тексерілуден өту үшін дереу дәрігерге қаралуы тиіс.

Бауыр функциясын бақылау. Бауыр сынамалары бар қанның клиникалық биохимиялық талдауы невирапинмен емдеуді бастар алдында және емдеу барысында тиісінше мезгіл-мезгіл жүргізілуі тиіс.

Невирапинді қабылдау кезінде, негізінен емнің алғашқы бірнеше аптасында бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің мәнінде ауытқулар бақыланды.

Бауыр ферменттері деңгейлерінің симптомсыз көтерілулері жиі сипатталады, және бұл невирапинді қолдануға міндетті түрде қарсы көрсетілім болып табылмайды. ГГТ деңгейлерінің симптомсыз көтерілулері емдеуді жалғастыруға қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Бауыр тестілерінің нәтижелеріне емдеудің алғашқы 2 айы барысында әрбір екі апта сайын, содан кейін 3 ай өткен соң, содан кейін жүйелі түрде, сондай-ақ егер пациентте гепатиттің және (немесе) аса жоғары сезімталдықтың бар екендігін айғақтайтын белгілер немесе симптомдар пайда болса, мониторинг жүргізілуі тиіс.

Егер емдеу алдында немесе емдеу барысында АСТ немесе АЛТ көрсеткіштері > 2,5 есе немесе одан астам жоғары ЖҚШ болса, бауыр тестілерінің нәтижелеріне мониторинг жүйелі клиникалық қаралу барысында жиі жүргізілуі тиіс. Невирапин АСТ немесе АЛТ көрсеткіштері > 5 ЖҚШ есе астам болатын пациенттерге емделер алдында АСТ/АЛТ бастапқы көрсеткіштері < 5 ЖҚШ деңгейіне тұрақтанғанға дейін тағайындалмауы тиіс.

Дәрігерлер және пациенттер гепатиттің бар екендігін айғақтайтын анорексия, жүректің айнуы, сарғаю, билирубинурия, ахолиялық нәжіс, гепатомегалия немесе бауырды пальпациялау кезіндегі ауыру сияқты продромальді белгілерге қатысты қырағылық танытуы керек. Пациенттерге бұлар пайда болған жағдайда дәрігерге дереу қаралуы қажеттілігі жөнінде нұсқау берілуі тиіс.

Емделу барысында АСТ немесе АЛТ деңгейлері > 5 ЖҚШ дейін жоғарылағанда невирапинді қабылдауды дереу тоқтатқан жөн. Егер АСТ және АЛТ деңгейлері бастапқы мәндеріне оралса, және егер пациентте гепатиттің клиникалық белгілері немесе симптомдары, бөртпе, жайылған симптомдар немесе ішкі ағзалардың дисфункциясы жөнінде айғақтайтын басқа да деректер жоқ болса, невирапинді қабылдау жекелей негізде, 14 күн бойы күніне 200 мг дозадағы бастапқы режимде, әрі қарай күніне 400 мг дозада қайта жаңғыртылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда бауыр функциясына өте жиі мониторинг қажет болады. Бауыр функциясының қалыптан ауытқулары қайталанған кезде невирапин қабылдауды тоқтатқан жөн.

Анорексиямен, жүректің айнуымен, құсумен, сарғаюмен және зертханалық деректермен (бауыр функциясына тест нәтижелерінің қалыптан орташа немесе күшті ауытқуы сияқты (ГГТ-ні қоспағанда) сипатталатын клиникалық тұрғыдан айқын гепатит пайда болған кезде невирапин қолдануды тоқтатқан жөн. ВИРАМУН препараты невирапинді қабылдау әсерінен туындаған клиникалық гепатитке байланысты препаратты тоқтатуды қажет ететін пациенттерге қайталап тағайындалмауы тиіс.

Бауыр ауруы. ВИРАМУН препаратының қауіпсіздігі және тиімділігі бауырдың негізгі елеулі аурулары бар пациенттерде тексерілген жоқ. ВИРАМУН препаратын бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша С класы) пациенттерге қолдануға болмайды. Фармакокинетикалық талдаулар нәтижелері бауыр функциясының ауырлығы орташа дәрежелі бұзылуы бар (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша В класы) пациенттерге невирапинді қабылдағанда сақ болу керек.

Біріктірілген антиретровирустық ем қабылдап жүрген, созылмалы В немесе С гепатиті бар пациенттер бауыр тарапынан ауыр және потенциальді өлімге әкелетін жағымсыз реакциялар дамуының қауіпті аймағында болады. Егер пациент В немесе С гепатитіне байланысты қатар жүретін вирустарға қарсы ем алып жүрсе, қабылданатын медициналық препараттар туралы тиісті ақпаратпен танысыңыз. Бұрыннан бауыр функциясы бұзылуы, оның ішінде созылмалы белсенді гепатиті бар пациенттерде біріктірілген антиретровирустық ем барысында бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің ауытқуы жиі бақыланады және стандартты практикаға сәйкес бақылануы тиіс. Егер мұндай пациенттерде бауыр ауруларының өршу белгілері болса, емдеуді доғару немесе тоқтатудың мүмкіндігін қарастыру қажет.

Басқа да сақтандырулар.

Жанасудан кейінгі профилактикасы. АИТВ жұқпасын жұқтырмаған субъектілерде ВИРАМУН препаратының көп реттік дозаларын қабылдағанда жанасудан кейінгі профилактика (ЖКП) жүргізу мақсатында ауыр гепатоуыттылығы, оның ішінде трансплантацияны (тіркелмеген көрсетілімі бойынша қолдану) қажет ететін бауыр жеткіліксіздігі анықталды. ВИРАМУН препаратын қолдану ЖКП арнайы зерттеулерінің аясында, әсіресе емдеу ұзақтығына қатысты, зерттелген жоқ, сондықтан ол қатаң түрде ұсынылмайды.

Невирапинмен біріктірілген ем АИТВ-1 жұқпасын жұқтырған пациенттер үшін емдік дәрі болып табылмады; пациенттерде АИТВ-1 үдемелі инфекциясы бар, соның ішінде оппортунистік инфекциямен байланысты аурулар жалғасуы мүмкін.

 

Вирустық белсенділікті антиретровирусты препараттармен тиімді бәсеңдету аурудың жыныстық жолдармен берілу қаупін елеулі төмендететіні расталса да, қалдық қаупі болатынын жоққа шығаруға болмайды. Аурудың берілуін болдырмау үшін ұлттық ұсыныстарға сәйкес сақтық шараларын қолдану керек.

Контрацепцияның гормональді әдістері, депо-медроксипрогестерон ацетатын (ДМПА) қоспағанда, Вирамун препаратын қабылдап жүрген әйелдерде контрацепцияның жалғыз әдісі ретінде пайдаланылмауы тиіс, өйткені невирапин плазмада осы дәрілік заттардың концентрацияларын төмендетуі мүмкін. Осы себепті және АИТВ жұқпасын жұқтыру қаупін төмендету мақсатында контрацепцияның бөгегіш әдістері (мысалы, мүшеқаптарды) ұсынылады. Бұдан басқа, невирапинді қабылдау барысында менопаузадан кейінгі гормональді емді қолданғанда оның емдік тиімділігіне бақылау жүргізу қажет.

Дене салмағы және метаболизмдік параметрлер. Антиретровирустық ем уақытында дене салмағының артуы және қандағы липидтер және глюкозаның концентрациясы жоғарылауы орын алуы мүмкін. Бұндай өзгерістер бір жағынан ауыруды бақылау нашарлауымен және өмір стиліне байланысты болуы мүмкін. Емнің липидтер концентрациясына әсерінің кейбір айғақтары бар, бірақ дене салмағының артуы мен қандай да бір ем арасындағы өзара байланыстың салмақты айғағы жоқ. Қандағы липидтер және глюкозаның концентрациясын АИТВ емдеу бойынша нұсқауға сәйкес бақылау керек. Липид алмасуларының бұзылуын клиникалық практикаға сәйкес емдеу керек.

Клиникалық зерттеулерде ВИРАМУН препаратын қабылдау ТЖЛП-холестерин деңгейінің жоғарылауымен және жалпы холестерин/ТЖЛП-холестериннің арақатынасының жалпы жақсаруымен қатар жүрді.

Алайда, арнайы жүргізілген зерттеулердің жоқ болуын ескере отырып, осы өзгерістердің клиникалық маңыздылығы белгісіз. Бұдан басқа, ВИРАМУН препаратын қабылдау глюкоза деңгейі өзгерісінің себебі болып табылатыныдығының айғағы жоқ.

Остеонекроз

Ауру бірнеше факторлардан туындайды (оның ішінде кортикостероидтар қабылдау, алкоголь тұтыну, ауыр иммунодепрессия, дене салмағы индексі жоғарылауы бар) ден саналса да, остеонекроз жағдайы әсіресе АИТВ үдемелі сатысы бар және (немесе) біріктірілген антиретровирустық ем (БАРЕ) ұзаққа созылған пациенттерде анықталды. Пациенттерге буындардың ауыруы, буындардың қимылсыздығы немесе жүрген кезде қиналулар пайда болған кезде дәрігерге қаралып кеңес алу керегін ұсыну керек.

Иммундық реактивация синдромы біріктірілген антиретровирустық емнің (БАРЕ) бастапқы сатысында ауыр иммун тапшылығы бар АИТВ жұқпасын жұқтырған пациенттерде симптомсыз немесе қалдық шартты патогендік қоздырғыштарға қабыну реакциялары өршуі мүмкін, бұл клиникалық күрделі жай-күйге немесе симптомдардың күшеюіне әкелуі мүмкін. Әдетте мұндай реакциялар БАРЕ бастағаннан бері қарай алғашқы бірнеше аптада немесе айда байқалады. Қолайлы мысалдары цитомегаловирустық ретинит, жалпы және (немесе) фокальді микобактериялық инфекциялар және Pneumocystis jirovecii микроорганизмдерінен туындаған пневмония болып табылады. Кез келген қабыну симптомдары бағалануы тиіс, және қажет болғанда ем басталуы тиіс. Аутоиммундық аурулар (мысалы, диффуздық уытты зоб) сондай-ақ

иммундық реактивация синдромының контекстінде анықталды; алайда ауру басталуының уақыты ауытқиды және ауру ем басталғаннан кейін көп айдан соң басталуы мүмкін.

Лактоза: ВИРАМУН препаратының таблеткаларының құрамында ең жоғары дозада ұсынылатын 636 мг лактоза бар.

Осы дәрілік препаратты галактоза жақпаушылығы (мысалы, галактоземия), Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы сияқты сирек тұқым қуалаған аурлары бар пациенттер қабылдамағаны жөн.

Жүктілік және емшек емізу кезеңі

Бала көтере алатын жастағы әйелдер бала көтеруді бақылаудың жалғыз әдісі ретінде пероральді контрацептивтерді пайдаланбауы тиіс, өйткені невирапин плазмада осы дәрілік препараттардың концентрациясын төмендетуге қабілетті.

Жүктілік

Жүкті әйелдердің қатысуымен алынған қазіргі таңда қолда бар деректер шаранада туа біткен ақаулардың/кемістіктердің дамуы немесе фето/неонатальді уыттылық құбылыстары жоқтығын айғақтайды. Невирапинді жүкті әйелдерге тағайындағанда сақ болған және бөртпенің пайда болуының барлық потенциальді себептерін ескерген жөн, сондай-ақ невирапиннің уыттылығын күшейтуі мүмкін препараттарды біріктіріп қолдануға жол бермеген жөн. Гепатоуыттылық плазмада АИТВ-1 РНҚ концентрациясы анықталатын (50 және және одан көп көшірме/мл), CD4 лимфоциттер концентрациясы 250 жасуша/мм3 жоғары болатын әйелдерде байқалатын болғандықтан, бұл жағдайлар ем туралы шешімді қабылдағанда назарға алынуы тиіс. Невирапинмен емделе бастаған, вирустық жүктемесі анықталмайтын (плазмадағы АИТВ-1 50 көшірме/мл-ден аз) және СD4 сандық көрсеткіштері 250 жасуша/мм3 жоғары, бұрын емделген әйелдерде байқалатын уыттанудың жоғары қаупінің болмауы оны жүкті әйелдерге де қолдануға болатындығын бекіту үшін деректер саны жеткіліксіз.

Бала емізу

Невирапин плацента арқылы тез өтеді және емшек сүтінен табылады.

АИТВ жұқпасын жұқтырған аналарға АИТВ-нің постнатальді жұғу қаупіне жол бермеу мақсатында өз нәрестелеріне емшек емізуді тоқтата тұру ұсынылады, невирапин қабылдап жүрген аналар бала емізуді тоқтатқаны жөн.

Адамда фертильділігіне ықпалы жөнінде деректер жоқ.

Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне қатысты қосымша зерттеулер жүргізілген жоқ.

Алайда пациенттерге ВИРАМУН препаратымен емделу барысында оларда қажу сияқты жағымсыз реакциялардың пайда болуы мүмкін екендігінен хабардар еткен жөн. Сондықтан автомобильді басқарғанда немесе механизмдермен жұмыс жасағанда сақ болу ұсынылады. Пациенттерде қажу сезімі пайда болған жағдайда потенциальді қауіпті операцияларды орындауға, соның ішінде көлік құралдарын немесе механизмдерді басқаруға жол бермеген жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: ісінулер, түйінді эритема, қажуды сезіну, қызба, бас ауыру, ұйқысыздық, жүректің айнуы, өкпеде инфильтраттар, бөртпе, бас айналу, құсу, трансаминазалар деңгейінің артуы және дене салмағының төмендеуі.

Емі: артық дозалануын жоюға арналған антидоты жоқ.

ВИРАМУН препаратын артық дозалану жағдайлары (15 күн бойы күніне 800-ден 6000 мг дейін қабылдау) жөнінде мәлімделді. Препаратты тоқтатқаннан кейін барлық аталған құбылыстар тоқтады.

Балалар. Жаңа туған нәрестелерде артық дозалануының кездейсоқ елеулі бір жағдайы тіркелді. Енгізілген доза ұсынылған тәулігіне 2 мг/кг дозадан 40 есе астам болды. Жеңіл оқшау нейтропения және гиперлактатемия бақыланды, ол қандай да бір клиникалық асқынуларсыз бір апта ішінде өздігінен жойылды. Бір жылдан кейін бала дамуы қалып шегінде қалды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді 6 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Берингер Ингельхайм Эллас А.Е., Коропи, Греция

Тіркеу куәлігінің иесі

Берингер Ингельхайм Интернешнл ГмбХ, Ингельхайм, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Берингер Ингельхайм Фарма Геселлшафт м.б.Х» Қазақстан Республикасындағы филиалы

Заңды мекенжайы және поштасы:

050008, Алматы қ., Абай даңғ., 52, «Innova Tower» БО, 7 қабат

Тел:+7-727-250-00-77, факс:+7-727-244-51-77

e-mail: PV_local_Kazakhstan@boehringer-ingelheim.com

 

 

Прикрепленные файлы

718377101477976496_ru.doc 249.5 кб
585020661477977669_kz.doc 357.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники