Виракар®

МНН: Абакавир
Производитель: Абди Ибрахим Глобал Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Abacavir
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№021526
Период регистрации: 16.02.2018 - 16.02.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 674.82 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Виракар®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Абакавир

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 300 мг таблетка

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 351.39 мг абакавир сульфаты (300 мг абакавирге баламалы),

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты, магний немесе кальций стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы;

қабықтың құрамы: Опадрай ақ Y-1-7000 (гипромеллоза, полиэтиленгликоль/макрогол, титанның қостотығы (Е171))

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Вирусқа қарсы тікелей әсер ететін препараттар. Нуклеозидтер – кері транскриптаза тежегіштері. Абакавир.

АТХ коды J05AF06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Препаратты ішке қабылдағаннан кейін асқазан ішек-жолынан абакавир тез және толық сіңеді. Ересектерде абсолютті биожетімділігі 83% құрайды. Ең жоғары концентрацияға жетудің орташа уақыты (t мах) шамамен 1,5 сағатты құрайды.

Абакавирді 300 мг дозада тәулігіне 2 рет қолданған кезде ең жоғары концентрациясына (Cmax) тең орташа мәні 3 мкг/мл жуықты, ал қабылдау арасындағы 12 сағаттық аралықта орташа AUC 6.02 мкг сағ/мл құрайды. 600 мг абакавирді (2 таблетка) қолданған кезде ең жоғары концентрация (Cmax) 4.26 мкг/мл жуықты құрайды, ал AUC шамамен 11.95 мкг сағ./мл тең.

Тамақ абакавирдің сіңуін баяулатады және ең жоғары концентрациясын Сmax төмендетеді, бірақ плазмада AUC жалпы концентрацияға ықпалын тигізбейді, сондықтан абакавирді ас қабылдауға қарамай-ақ қабылдай беруге болады.

Ұсақталған таблеткаларды жартылай сұйық тамақтың немесе сұйықтықтың аздаған мөлшерімен тағайындау препараттың фармакологиялық сипатына әсер етпейді, сәйкесінше оның клиникалық жауабынан өзгерістер күтілмейді. Бұл аспект таблетка толығымен ұсақталып, ерігеннен кейін дереу қабылданады деген болжаммен абакавирдің физика-химиялық және фармакокинетикалық параметрлерімен және оның in vitro суда ерігіштік қасиеттерімен расталады.

Таралуы

Абакавир жұлын сұйықтығына жақсы енеді: жұлын сұйықтығы мен қан плазмасында AUC-тың арақатынасы 30-44% құрайды. Абакавирді 300 мг дозада күніне 2 рет қабылдауда жұлын сұйықтығындағы абакавирдің орташа концентрациясына 1.5 сағаттан кейін жетеді және 0.14 мкг/мл құрайды; абакавирді 600 мг дозада тәулігіне екі рет тағайындағанда абакавирдің жұлын сұйықтығындағы орташа концентрациясы уақыт өтуіне қарай, қабылдағаннан кейін бір сағат ішінде 0.13-тен 0.5 мкг/мл дейінгі шегінде және 3-4 сағаттан соң 0.74 мкг/мл жете отырып ұлғаяды

Ең жоғары шектегі концентрацияға кем дегенде 4 сағаттан соң жетеді, бірақ абаковирдің байқалатын мәні ІC50-ден (50% тежегіш концентрация) 9 есе жоғары болады, ол 0.08 мкг\мл немесе 0.26 мкМ (микромоль) құрайды.

Плазма ақуыздарымен байланысуы емдік дозаларда мардымсыз (шамамен 49%), бұл дәрілік өзара әрекеттесудің алмастыру механизмі бойынша төменгі дәрежелігін дәлелдейді.

Метаболизмі

Абакавир негізінен бауырда метаболизденеді. Өзгермеген қосылыстар түрінде несеппен бірге дозаның 2%-дан азы бөлініп шығады. Адам организміндегі абакавир метаболизмі көбіне алкогольдегидрогеназаның әсерімен және глюкуронидтік конюганттардың 5’-карбон қышқылы және 5’-глюкуронидтің түзілуімен байланысты. Бұл метаболиттердің мөлшері қабылданған дозаның 66%-на жуығын құрайды. Метаболиттер несеппен бірге шығарылады.

Шығарылуы

Абакавирдің жартылай шығарылу кезеңі 1.5 сағатты құрайды. Препаратты ішке тәулігіне 2 рет 300 мг дозада көп рет қабылдағаннан кейін препараттың айтарлықтай жиналып қалуы байқалмайды. Абакавирдің шығарылуы бауыр метаболизмі арқылы жүзеге асады да, метаболиттердің несеппен бірге экскрециялануына ұласады. Қабылданған дозаның 83%-ға жуығы метаболиттер түрінде және өзгермеген препарат түрінде шығарылады, қалған бөлігі нәжіспен бірге шығарылады.

Фармакокинетикалық зерттеулер препараттың тәуліктік дозасын күніне бір рет қабылдау препараттың тәуліктік дозасын күніне екі рет қабылдағандағыдай AUC0-24 қамтамасыз ететінін көрсетті.

Пациенттердің ерекше қауымы

Балалар

Фармакокинетикалық зерттеулер таблетка үшін абакавирдың тәуліктік дозасын күніне бір рет қабылдау препараттың тәуліктік дозасын күніне екі рет қабылдағандағыдай AUC0-24 қамтамасыз ететінін көрсетті.

Егде пациенттер

65 жастан асқан пациенттерде абакавирдің фармакокинетикасы зерттелген жоқ.

65 жастан асқан егде пациенттерді емдеген кезде оларда бауыр, бүйрек және жүрек функциясының төмендеуі орын алатындығын, оларда қатар жүретін көптеген аурулары болатындығын және антиретровирустық дәрілермен қатар, басқа да көптеген препараттарды қабылдайтындығын ескерген жөн.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Терминальді сатыдағы бүйрек жеткіліксіздігі бар және бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде абакавирдің фармакокинетикасы ұқсайды, осыған байланысты бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде абакавир дозасын төмендету қажет етілмейді.

Бауыр функциясының бұзылуы

Абакавир көбіне бауырда метаболизденеді. Бауыр функциясы аздап бұзылған пациенттерде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 5-6 балл) абакавир AUC-ы орташа алғанда 1.89 есе, ал жартылай шығарылу кезеңі 1.58 есе артады. Бауыр функциясының аздап бұзылуы абакавир метаболиттерінің AUC-на әсер еткен жоқ, бірақ метаболиттердің түзілу және элиминациялану жылдамдығы төмендеді.

Емдік әсерге қол жеткізу үшін бауыр функциясы аздаған дәрежеде бұзылған пациенттер абакавирді ішке қабылдауға арналған ерітінді түрінде 10 мл-ден тәулігіне 2 рет (200 мг) қабылдағандары жөн. Орташа немесе ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде абакавирдің фармакокинетикасы зерттелмеген, сондықтан мұндай пациенттерге абакавир қабылдау ұсынылмайды.

Фармакодинамикасы

Абакавир препараты кері транскриптаза тежегіштерінің нуклеозидтік класына жатады. Ол АИТВ-1 және АИТВ-2, зидовудинге, ламивудинге, зальцитабинге, диданозинге немесе невирапинге төзімді АИТВ-1 изолятын қоса, қуатты таңдамалы тежегіш болып табылады. Абакавир карбовир 5-трифосфатының (ТР) белсенді компонентіне дейін жасушаішілік метаболизмге ұшырайды.

Абакавир әсер ету механизмі АИТВ кері транскриптаза энзимін тежеуіне байланысты, ол РНҚ тізбегінің үзілуіне және вирус репликациясының тоқтауына әкеп соғады.

Абакавир вирусқа қарсы белсенділігі жасушалар өсіріндісінде кері транскриптазаның нуклеазидтік тежегіштерімен (диданозин, эмтрицитабин, ламивудин, ставудин, тенофовир, зальцитабин, зидовудин) және кері транскриптазаның нуклеазидтік емес тежегіштерімен (невирапин) немесе протеаза тежегіштерімен (ампренавир) бірге қолданған жағдайда бәсеңдемейді.

Төзімділіктің дамуы, кері транскриптазаның белгілі бір кодондық аумағындағы (M184V, K65R, L74V және Y115F кодондар) генотиптік өзгерістерге байланысты. Абакавирге төзімділік салыстырмалы түрде баяу өрбиді және вирустың жабайы штамымен салыстырғанда IC50 8-еселі ұлғаюына қол жеткізу үшін көптеген мутациялар болуын қажет етеді. Абакавир мен протеаза тежегіштері немесе кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштері арасында айқаспалы төзімділіктің даму ықтималдығы аз. Абакавирмен, ламивудинмен және зидовудинмен бастапқы ем жүргізудің тиімсіздігі негізінен тек M184V мутациясымен байланысты.

Абакавир препараты гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді және жұлын сұйықтығында АИТВ-1 РНҚ деңгейін төмендетеді. Антиретровирусты қарсы басқа да препараттармен Абакавир препаратын біріктіргенде АИТВ-инфекциясына байланысты туындайтын неврологиялық асқынуларды болдырмауда белгілі бір мәнге ие болады, сондай-ақ төзімділіктің дамуын да баяулата алады.

Қолданылуы

- ересектер мен балалардағы адам иммун тапшылығы вирусын (АИТВ-инфекциясынан) емдеу үшін біріктірілген антиретровирусты емнің құрамында

Қолдану тәсілі және дозалары

Виракар® препаратын АИТВ-инфекциясын емдеу тәжірибесі бар маман тағайындауы тиіс. Виракар® препаратын тамақтануға байланыссыз қабылдай беруге болады. Таблетканы тұтастай жұту керек, бірақ таблетканы тұтастай жұта алмайтын пациенттер үшін оны ұсақтаған, жартылай сұйық тамақтың немесе судың аздаған мөлшерімен араластырып, бірден қабылдау керек.

Емдеу курсын дәрігер анықтайды.

Ересектер, жасөспірімдер және дене салмағы 25 кг астам балалар

Ұсынылатын дозасы тәулігіне 600 мг құрайды. 300 мг-ден (1 таблетка) тәулігіне 2 рет немесе 600 мг-ден (2 таблетка) тәулігіне 1 рет тағайындауға болады.

Балалар

6 жасқа толмаған балаларға препараттың таблетка түрін тағайындау ұсынылмайды.

Дене салмағы 20 кг-дан астам, бірақ 25 кг аз болатын балалар

½ таблетканы таңертең және тұтас 1 таблетканы кешкісін немесе 1½ таблетканы бір рет.

Дене салмағы 14 кг-дан 20 кг дейінгі балалар

Сызықпен бөлінген ½ таблетканы күніне 2 рет немесе 1 таблетканы бір рет.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Дозаны арнайы таңдау қажет етілмейді.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Жеңіл дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге абакавирді ерітінді түрінде қолдану ұсынылады. Орташа немесе ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде абакавирдің фармакокинетикасы мен қауіпсіздік бейіні зерттелмеген, сондықтан мұндай пациенттерде, егер емдеудің мүмкін болатын пайдасы ықтимал қауіптен асып түсетіндей болмаса, абакавирді қабылдау ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Кездесетін жиілігі былайша анықталады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және <1/10), жиі емес (≥1/1 000 және <1/100), сирек (≥1/10 000 және <1/1 000), өте сирек (<1/10 000, жекелеген жағдайларды қоса), белгісіз (жиілігін бағалау мүмкін емес).

Көп реакциялар (жүрек айну, құсу, диарея, қызба, шаршағыштық, бөртпе) абакавирге аса жоғары сезімталдық реакцияларының бөлігі болуы мүмкін, сондықтан кез келген осы симптомдар болған пациенттерде аса жоғары сезімталдықтың бар-жоғына мұқият тексеру жүргізілуі тиіс. Егер абакавирді қабылдау осы симптомдардың қайсы бірінің дамуы себебінен тоқтатылса, емдеуді қайта жаңғырту тікелей емдеуші дәрігердің қатаң бақылауымен жүргізілуі тиіс.

Жиі

- анорексия, жүрек айну, құсу, диарея

- бас ауыруы

- қызба, қажығыштық, әлсіздік

Постмаркетингтік зерттеулер

Жиі

- гиперлактатемия

- бөртпе (жүйелік симптомдарсыз)

Сирек

- лактоацидоз

- май жиналуының қайта таралуы/ұлғаюы (басқа антиретровирустық препараттарды бірге қабылдауды қоса, мультифакторлық этиологиясы болады)

- панкреатит (абакавирды қабылдаумен байланысы айқын емес)

Аса сирек

- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, эпидермальді уытты некролиз

Аса жоғары сезімталдық

Пациенттерге HLA-*B5701 аллелдері болуына міндетті скрининг енгізгенге дейін абакавир қабылдаған шамамен 5 % пациенттерде сирек жағдайларда өлімге әкелетін аса жоғары сезімталдық реакциялары дамыған. Бұл реакциялар полиағзалық зақымдануды дәлелдейтін симптомдармен байқалады. Көптеген жағдайларда аса жоғары сезімталдық реакцияларының байқалуының бір белгісі қызба немесе бөртпе (макуло-папулезді немесе есекжем) болған, алайда аса жоғары сезімталдық реакциялары мұндай симптомдар болмағанда да байқалуы мүмкін.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары абакавир препаратымен емдеудің кез келген сатысында дамуы мүмкін, бірақ әдетте препарат қабылдауды бастағаннан (шамамен 11 күніне қарай) алғашқы 6 апта ішінде көрініс береді.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары көріністеріне төменде қара бояумен көрсетіліп берілген симптомдар жатады, олар аса жоғары сезімталдық реакциялары бар пациенттердің кем дегенде 10 %-да анықталған:

- бөртпе (әдетте макуло-папулезді немесе уртикарлы)

- ауыз қуысы шырышты қабығының ойық жаралануы, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, диарея

- ентігу, жөтел, тамақтың ауыруы, тыныс алу жеткіліксіздігі, респираторлық дистресс синдромы

- қызба, шаршағыштық, дімкәстік, ісінулер, лимфоаденопатия, гипотензия, конъюнктивит, анафилаксия

- бас ауыруы, парестезиялар

- лимфопения

- бауыр сынамалары функциялық көрсеткіштерінің жоғарылауы, бауыр жеткіліксіздігі

- миалгия, миолиз, артралгия, креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы

- креатинин деңгейінің жоғарылауы, бүйрек жеткіліксіздігі.

Кейбір жағдайларда аса жоғары сезімталдық реакциялары респираторлық жүйе аурулары (пневмония, бронхит, фарингит), тұмау тәрізді аурулар, гастроэнтерит немесе басқа дәрілік заттарға реакциялар ретінде түсіндірілуі мүмкін. Аса жоғары сезімталдық реакциялары диагностикасындағы іркілу абакавир қабылдауды жалғастыруға және, сәйкесінше, қабылдау аясында анағұрлым ауыр аса жоғары сезімталдық реакциялары дамуына әкелуі ықтимал. Сонымен, аса жоғары сезімталдық реакцияларына күдіктенгенде, тіптен басқа диагноз болу мүмкіндігі жоққа шығарылмаған жағдайларда да, барлық аталған симптомдар аса жоғары сезімталдық реакциясымен өзара байланыс болу мүмкіндігіне мұқият қарастырылуы тиіс. Егер аса жоғары сезімталдық реакцияларын жоққа шығару мүмкін болмаса, препараты тоқтатылуы және алдағы уақытта ешқашан тағайындалмауы тиіс.

Аса жоғары сезімталдық реакцияларымен байланысты симптомдар емдеуді жалғастырған кезде нашарлайды, ал абакавир және құрамында абакавир бар басқа да препараттар қабылдауды тоқтатқаннан кейін әдетте жоғалады.

Аса жоғары сезімталдықтың қандай да бір симптомының (бөртпе, қызба, дімкәстік/шаршағыштық, гастроинтестинальді немесе респираторлық симптомдар) даму аясында ол тоқтатылғаннан кейін абакавирді қабылдау жаңғыртылған кезде аса жоғары сезімталдық реакциялары дамуының бірнеше жағдайлары анықталған. Аса жоғары сезімталдықтың қайталаған реакциялары гипотензияның өмір үшін қауіп төндіруіне дейін және өліммен аяқталуға дейін дамитын бастапқысына қарағанда ауырлау болуы мүмкін.

Пациенттерде HLA-B*5701 статусына байланыссыз аса жоғары сезімталдық реакциялары дамығанда, құрамында абакавир бар препараттарды қабылдау дереу тоқтатылуы тиіс және болашақта ешқашан тағайындалмауы тиіс.

Абакавирмен емдеу жаңғыртылған кезде аса жоғары сезімталдық дамуының мұның алдында белгілері мен симптомдары болмағанда, сирек жағдайларда аса жоғары сезімталдық реакцияларының дамуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- абакавирге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне белгілі

аса жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балалар

- бауыр функциясының орташа немесе ауыр бұзылулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Іn vitro зерттеулері нәтижелері абакавирдың қатысуымен дәрілік өзара әрекеттесуінің төмен болу ықтималдығы байқалады.

Абакавир P450 цитохромының (мысалы, СYP3A4, CYP2C9 немесе CYP2D6 сияқты) ферменттерімен елеусіз метаболизденеді және осы ферменттік жүйені тежейтін немесе индукциялайтын әсер бермейді. Абакавирдың протеазаның антиретровирусты тежегіштерімен және Р450 цитохромы жүйесінің ферменттері арқылы метаболизденетін басқа препараттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Абакавир, зидовудин және ламивудин арасында клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесу байқалған жоқ.

Абакавир этил спиртінің метаболизміне әсерін тигізбейді.

600 мг дозада абакавир және метадонды біріктіріп тағайындау абакавирдің ең жоғарғы концентрациясын (Смах) 35%-ға төмендетеді және оған жету уақытын (t max) 1 сағатқа ұзартады, мұндайда AUC шамасы өзгерген жоқ. Бұл өзгерістер абакавир фармакокинетикасына әсер етпейді, бірақ метадонның жүйелік клиренсінің 22% дейін ұлғаюына алып келуі мүмкін. Бұл өзгерістер клиникалық тұрғыдан маңызды емес, алайда кейде метадонның дозасын әрі қарай титрлеу талап етілуі мүмкін.

Ретиноидтар, мысалы изотретиноин, алкогольдегидрогиназаның әсерінен белсенділігі жойылады.

Айырықша нұсқаулар

Абакавирге аса жоғары сезімталдық

Емдеуші дәрігер Виракар® препаратымен ем бастар алдында пациенттерде HLA B*5701 аллелінің болуына скрининг жүргізудің маңызын назарда ұстауы тиіс. Сондай-ақ HLA B*5701 статусы белгісіз, аталған препаратты бұрын қабылдаған және абакавирге толеранттығы барын көрсеткен пациенттерде Виракар® препаратын қабылдауды жаңғыртар алдында скрининг жүргізу ұсынылады. HLA B*5701 аллелдерін тасымалдаушылық жағдайында абакавир қолдану ұсынылмайды; құрамында абакавир бар препараттар тек қатаң медициналық бақылаумен және потенциалды пайдасы болуы мүмкін қауіптен артық болған жағдайда ғана тағайындалуы мүмкін.

Виракар® қолданатын пациенттерде аса жоғары сезімталдық реакциясына күдіктенгенде клиникалық диагнозы клиникалық деректер негізіне негізделуі тиіс. Тіпті HLA B*5701 аллелдерін тасымалдаушылық болмаған жағдайда да, қолда бар клиникалық деректер негізінде аса жоғары сезімталдық реакциялары дамуын жоққа шығару мүмкін болмаған жағдайда Виракар® препаратын тоқтату және соңынан өліммен аяқталудың потенциалды мүмкіндігіне байланысты құрамында абакавир бар препараттар тағайындамау керек.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары полиағзалардың зақымданғанын көрсететін симптомдармен білінеді. Көптеген жағдайларда аса жоғары сезімталдық синдромы біліністерінің бірі қызба немесе бөртпе болып табылады, алайда аса жоғары сезімталдық реакциялары басқа да симптомдармен (қажу, дімкәстік, жүрек айнуы, құсу, диарея, іш аумағы ауырулары сияқты гастроинтестинальді симптомдар; диспноэ, тамақ жыбырлауы, жөтелу, кеуде қуысының инфильтраттары сияқты респираторлық симптомдар) қатар жүруі мүмкін.

Виракар® препаратымен емдеудің кез келген сатысында аса жоғары сезімталдық реакциялары дамуы мүмкін, бірақ әдетте препаратты қабылдаудың алғашқы 6 аптасының ішінде білінеді. Абакавир препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін аса жоғары сезімталдық симптомдары әдетте қайтқан. Емдеуді жалғастырған кезде симптомдар күшейеді, бұл пациенттің өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

HLA B*5701 статусына қарамастан, пациент кез келген аса жоғары сезімталдық симптомдары дамуында бұл туралы емдеуші дәрігеріне дереу хабарлауы тиіс. Аса жоғары сезімталдық реакциялары диагнозы расталғанда Виракар® препаратын қабылдауды дереу тоқтату керек. Аса жоғары сезімталдық реакциялары дамуында құрамында абакавир бар кез келген басқа өнімдерді ешқашан қайталап тағайындауға болмайды, өйткені өмірге қауіп төндіретін артериялық гипотонияны қоса, неғұрлым ауыр симптомдары бірнеше сағат ішінде жаңарады және өлімге соқтыруы мүмкін.

Диагностикада кідіруді болдырмау және ықтимал қауіптерді төмендету үшін басқа диагноздың (мысалы, тыныс алу ағзалары аурулары, тұмау тәрізді аурулар, гастроэнтерит немесе басқа да дәрілік препараттарға реакциялар) болуы жоққа шығарылмайтын жағдайларда да, аса жоғары сезімталдық реакцияларына күдіктенгенде Виракар® препаратын қабылдауды тоқтату қажет. Құрамында абакавир бар препараттарды тіпті мұндай симптомдар басқа баламалы вирусқа қарсы препараттарды қабылдауға дамитын болса да, қайталап тағайындауға болмайды.

HLA B*5701 аллелдері тасымалдағыштығына байланыссыз, егер Виракар® препаратымен емдеу тоқтатылса және оны жалғастыру туралы шешім қабылданып жатса, аса жоғары сезімталдық реакциялары симптомдары байқалуы мүмкіндігін жоққа шығару үшін препаратты тоқтатудың себептері мұқият талдануы тиіс. Егер аса жоғары сезімталдық реакциялары жоққа шығарылмайтын болса, құрамында абакавир бар препараттар жаңғыртылмауы тиіс.

Аса жоғары сезімталдықтың қандай да бір симптомының (бөртпе, қызба, дімкәстік/шаршағыштық, гастроинтестинальді немесе респираторлық симптомдар) дамуы аясында оны тоқтатудан кейін абакавирді қабылдау жаңғыртылған кезде аса жоғары сезімталдық реакциялары дамуының бірнеше жағдайлары анықталған. Егер емді жаңғырту туралы шешім қабылданса, препаратты қабылдау тікелей емдеуші дәрігердің бақылауымен жүруі тиіс.

Кейбір жағдайларда аса жоғары сезімталдықтың алдыңғы белгілері мен симптомдары болмағанда абакавирмен емдеуді жаңғыртқан кезде аса жоғары сезімталдық реакциясының дамуы мүмкін. Егер емдеуді қайта жалғастыруға шешім қабылданса, препарат пациентке шұғыл медициналық жәрдем көрсете алатындай мүмкіндік болғанда ғана қабылдануы тиіс.

Дәрігер Виракар® препаратын тағайындағанда пациенттің аса жоғары сезімталдық реакциялары жөніндегі келесі деректерден хабардар екендігіне сенімді болуы керек:

- пациент Виракар® препаратына болуы мүмкін аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы, ондай реакциялар өмірге қауіп төндіріп немесе өлімге әкелуі мүмкін екендігін, сондай-ақ HLA B*5701 аллелдері тасымалдаушылығы жағдайында аса жоғары сезімталдық реакциялары даму қаупі ұлғаятыны туралы білуі керек

- пациент тіпті HLA B*5701 аллелдері болмаған жағдайда да Виракар® препаратын қабылдауға аса жоғары сезімталдық реакциялары дамуы мүмкіндігі барын білуі тиіс. Егер пациентте аса жоғары сезімталдыққа байланысты симптомдар байқалса, ол пациент дәрігеріне ДЕРЕУ ҚАРАЛУЫ ТИІС

- абакавирге аса жоғары сезімталдығы бар пациенттер, HLA B*5701 статусына қарамастан Виракарды® немесе құрамында абакавир бар басқа препаратты бұдан былай ешқашан қабылдауға болмайтынын білуі тиіс

- аса жоғары сезімталдық реакциясы дамығаннан кейін пациент өз бетімен Виракар® препаратымен емді жаңғыртудан аулақ болу үшін емдеуден қалған таблеткаларды дәрігерге қайтарғаны жөн

- қандай да бір себептермен Виракар® препаратын қабылдауды тоқтатқан пациенттер препарат қабылдауды жаңғыртар алдында дәрігермен кеңесуі тиіс

- пациенттер Виракар® препаратын қолдану жөніндегі нұсқаулығын мұқият оқып шығуы керек.

Стеатозы бар айқын гепатомегалия/сүтқышқылды ацидоз

АИТВ жұқтырған, монотерапия ретінде немесе кешенді емнің құрамында нуклеозидтердің аналогы тобынан антиретровирусты препараттарды қабылдаған пациенттерде (көбінесе әйелдерде) сүтқышқылды ацидоз және бауырдың майлы дистрофиясымен гепатомегалия жағдайлары (оның ішінде өліммен аяқталған) болғаны айтылған.

Сүтқышқылды ацидоздың дамуын көрсететін клиникалық ерекшеліктерге жалпы әлсіздік, анорексия және ешқандай себепсіз күрт салмақ жоғалту, асқазан-ішек және тыныс алу ағзаларының симптомдары (ентігу және тыныстың жиілеуі) жатады.

Виракар® препаратымен емдегенде, әсіресе пациенттерде бауыр ауруларының даму қаупі факторлары болғанда сақ болған жөн. Егер гепатит белгілерімен немесе онсыз сүтқышқылды ацидоздың клиникалық немесе зертханалық белгілері пайда болған жағдайда (гепатомегалия және стеатоз қосылуы мүмкін, тіпті трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы болмағанда да) Виракар® препаратын қабылдауды тоқтатқан жөн.

Липодистрофия/май қабаттарының қайта таралуы

Біріктірілген антиретровирустық ем жүргізілген кейбір пациенттерде жалпы семіздік, дорсоцервикальді семіздікті (Буффал өркеші) қоса, организмде майдың қайта таралуы/жиналып қалуы, шеткері май қабаттары мөлшерінің азаюы, беттің жүдеуі, сүт бездерінің үлкеюі, сарысуда глюкоза мен липидтер деңгейінің жоғарылауы байқалған.

Протеаза тежегіштері класының немесе кері транскриптазаның нуклеозидты тежегіштерінің кез келген препараттарын қабылдағанда липодистрофияға қатысты жағымсыз әсерлер дамуы мүмкін. Алайда қолда бар деректер көрсетілген кластардың әртүрлі препараттарын қабылдағанда бұл жағымсыз әсерлер даму қаупінің бірдей еместігін айғақтайды.

Бұған қоса, липодистрофия дамуына, мысалы АИТВ инфекциясы, егде жас және антиретровирусты емді ұзақ жүргізудің қосылуы секілді көптеген факторлар ықпал етіп, маңызды рөл атқарады, оның синергизмді болуы да мүмкін.

Қазіргі кезде бұл деректердің кейіннен білінетін зардаптары белгісіз. Клиникалық тексерістер кезінде организмде майдың қайта таралу белгілеріне көңіл аударған жөн. Сарысудағы липидтердің және қандағы глюкоза деңгейлерін мұқият бақылау керек. Қажет болғанда липидтік алмасудың бұзылуына тиісінше емдеу жүргізіледі.

Митохондриальді дисфункция

In vitro және in vivo жағдайларында нуклеотидтік және нуклеозидтік аналогтарының әртүрлі дәрежеде митохондрий зақымдалуын туындататын қабілеттілігі анықталған. Жатырішілік немесе туғаннан кейін бірден нуклеозидті аналогтарының ықпалына ұшыраған АИТВ-негативті балаларда митохондрий дисфункциясы жөнінде хабарламалар бар. Митохондрий дисфункциясының негізгі көрінісі, жиі өтпелі болатын, анемия, нейтропения, гиперлактатемия және қан плазмасындағы липаза белсенділігінің жоғарылауы болып келеді. Сондай-ақ осы бұзылыстардың: бұлшықеттің гипертонусы, құрысулар, мінез-құлық аномалиясының кешеуілдеп көрініс бергені байқалған.

Иммунитет қалпына келтірудің қабыну синдромы (ИҚҚС)

Күрделі иммун тапшылығы бар АИТВ жұқтырған пациенттерде антиретровирустық ем (АРЕ) басында асимптомдық немесе шартты-патогенді қалдық инфекцияларға қабыну реакциялары қатарлас жүретін аурулардың клиникалық симптомдарының нашарлауын туындатуы мүмкін. Әдетте АРЕ басталғаннан кейінгі бастапқы бірнеше апта немесе ай бойына цитомегаловирусты ринит, жайылған және/немесе ошақтық микобактериялық инфекциялар және пневмоцистті пневмония бақыланған. Кез келген қабыну симптомдары өз уақытында анықталуы тиіс, және қажет болуына қарай тиісті қабынуға қарсы ем жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ Абакавир препаратын қабылдағанда аутоиммундық бұзылулар (полимиозит, Джуллиан-Барр синдромы, диффуздық уытты зоб) да кездесті, дегенмен ауру ұстамаларының уақыты жеткілікті түрде ауытқыды және Виракар® препаратымен емді бастағаннан кейін көп айдан соң да басталуы мүмкін.

Остеонекроз

Этиологиясы көп факторлы деп саналса да (кортикостероидтарды қолдану, алкогольді тұтыну, иммунитеттің қатты төмендеуі, дене салмағының жоғары индексін қоса), әсіресе АИТВ-ауруының соңғы сатысындағы немесе ұзақ біріктірілген антиретровирусты ем қабылдайтын пациенттерде остеонекроз жағдайы жөнінде хабарламалар болған. Егер пациенттер буындардың ауыруын және сырқырауын, буынның ауыр қозғалуын және қозғалыс кезінде қиындықты сезінсе олар дәрігерге қаралулары тиіс.

Оппортунистік инфекциялар

Виракар® препаратын немесе басқа антиретровирусты препараттарды қолданатын пациенттерде оппортунистік инфекциялар және АИТВ инфекциясының басқа да асқынулары дамуы мүмкін, сондықтан пациенттер АИТВ инфекциясын емдеу тәжірибесі бар дәрігерлердің ұдайы бақылауында болуы тиіс.

Инфекцияның жұғуы

Осы заманғы антиретровирусты ем, Виракар® препаратын қоса алғанда, АИТВ-тің басқа адамдарға жыныстық қатынас немесе инфекция жұқтырған қанды құю арқылы жұғуына кедергі бола алмайтынынан хабардар болулары тиіс. Тиісті қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін есте сақтаған жөн.

Жүрек-қантамыр аурулары

Виракар® препаратын қоса, антиретровирусты ем тағайындағанда жүректің ишемиялық ауруының профилактикасы үшін барлық қауіпті, мысалы гипертония, гиперлипидемия, қант диабеті және шылым шегу сияқты факторларды азайтуға бағытталған сақтық шаралары қолданылуы тиіс.

Жүктілік

Жүктілік кезінде және босанғаннан кейін абакавир қабылдаған 2000 әйел жүктілердің антиретровирусты Регистрінде зерттелген. Алынған деректер жатырішілік ақаулар туындауға жоғары қауіп жоқ екендігін көрсеткен, дегенмен абакавирді жүкті әйелдерде қолданудың бақыланатын клиникалық зерттеулері болмаған. Виракар® препаратын ана үшін күтілетін пайдасы шаранаға келетін қауіптен басым болған жағдайда ғана пайдалануға болады.

Аналары антиретровирусты емде болған жаңа туған нәрестелерде сүт қышқылы деңгейінің елеусіз өтпелі жоғарылауы айқындалған, бұл митохондрий дисфункциясымен байланысты болуы мүмкін. Бұл фактінің клиникалық мәні белгісіз. Дамудың кідіруі, құрысулар және басқа неврологиялық ауытқулардың сирек жағдайлары анықталған, алайда бұл жағдайлар мен жатырішілік даму кезінде антиретровирусты препараттарды қабылдау арасындағы байланыс анықталмаған. Бұл деректер инфекцияның вертикальді берілуін болдырмас үшін жүкті әйелдерде антиретровирусты препараттарды қолдануға берілетін қолданыстағы ұсынымдарға әсер етпейді.

Лактация

АИТВ емшек сүтіне өтетін болғандықтан, вирустың берілуін болдырмас үшін әйелдерге бала емізуге болмайды. Егер жасанды қоректендіру мүмкін болмаса, антиретровирусты ем аясында бала емізу жөніндегі ресми жергілікті ұсынымдарға жүгіну қажет. Абакавирді тәулігіне 300 мг дозада қабылдағанда плазмадағы және емшек сүтіндегі абакавир концентрациясының арақатынасы 0.9 құраған. Көптеген нәрестелерде плазмадағы абакавир деңгейі (сезімталдық шегі - 16 нг/мл) анықталмаған. Карбовир трифосфатының (абакавирдің белсенді метаболиті) жасушаішілік құрамы анықталмағандықтан сарысудаға абакавир концентрациясының клиникалық мәні белгісіз.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігін ескеріп, автокөлікті басқарғанда немесе қозғалыстағы механизмдермен жұмыс жасағанда сақ болған жөн

Артық дозалануы

Симптомдары: 1200 мг дозаны және 1800 мг күндізгі дозаны бір реттік қолданғанда күтілмеген жағымсыз реакциялар жөнінде мәлімдемелер болған жоқ.

Емі: улану белгілерін бақылау мақсатында пациенттің жағдайын бақылап отыру және қажет болған жағдайда демеуші ем жүргізу керек. Абакавирдің гемодиализдің немесе перитонеальді диализдің көмегімен шығарылатыны-шығарылмайтыны белгісіз.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282

тел.: +7 (727) 232-44-85

Тіркеу куәлігінің иесі

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85,

электронды поштасы: info@aigp.kz

Прикрепленные файлы

839023441477976408_ru.doc 105 кб
457149381477977608_kz.doc 118 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники