Виктоза®

МНН: Лираглутид
Производитель: Ново Нордиск А/С
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Liraglutide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017120
Период регистрации: 30.10.2015 - 30.10.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 22 220.73 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Виктоза®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Лираглутид

Дәрілік түрі

Тері астына енгізуге арналған 6 мг/мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 6 мг лираглутид,

қосымша заттар: натрий гидрофосфатының дигидраты, пропиленгликоль, фенол, хлорсутек қышқылы (2М ерітінді)/натрий гидроксиді (2М ерітінді), инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе түссіз дерлік, іс жүзінде механикалық қосылыстары жоқ ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Қант диабетін емдеуге арналған дәрілер.

Пероральді қабылдауға арналған қантты төмендететін препараттар.

Қантты төмендететін басқа да препараттар. Лираглутид.

АТХ коды А10ВX07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тері астына енгізгеннен кейін лираглутидтің сіңуі баяу жүреді, қан плазмасында ең жоғары концентрациясына жету уақыты – препаратты енгізгеннен кейін 8-12 сағат. Тері астына бір реттік 0,6 мг дозасымен инъекция жасағаннан кейін плазмада лираглутидтің ең жоғары концентрациясының деңгейі 9,4 нмоль/л құрайды. Лираглутидті 1,8 мг дозада енгізген кезде плазмада оның тепе-тең концентрациясының орташа көрсеткіші (AUCτ/24) шамамен 34 нмоль/л-ге жетеді. Лираглутидтің әсері енгізілген дозаға пропорционалды түрде күшейеді. Лираглутидті бір реттік дозада енгізгеннен кейін «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданының (AUC) популяция ішілік өзгеру коэффициенті 11% құрайды. Тері астына енгізгеннен кейін лираглутидтің абсолютті биологиялық белсенділігінің деңгейі шамамен – 55% құрайды.

Тері астына енгізгеннен кейін лираглутидтің тіндерге таралу көлемі – 11-17 л. Көктамыр ішіне енгізгеннен кейінгі лираглутидтің орташа таралу көлемі әр кг дене салмағына шаққанда 0,07 л құрайды. Лираглутид қан плазмасы ақуыздарымен берік байланысады (>98%).

Лираглутидтің радиоактивті изотоппен [3H] таңбаланған бір реттік дозасын енгізгеннен кейін 24 сағат бойы плазманың негізгі компоненті өзгермеген лираглутид болып қалды. Плазмадан азғантай екі метаболиті табылды (қан плазмасындағы жалпы радиоактивтілік деңгейінің ≤9%-ы және ≤5%-ы). Лираглутид, шығарылу жолы ретінде қандай да бір ерекше ағзаны қатыстырмай-ақ, ірі ақуыздар тәрізді эндогенді түрде метаболизденеді.

[3H]-лираглутид дозасын енгізгеннен кейін несепте немесе нәжісте өзгермеген лираглутид табылмайды. Радиоактивтілігі лираглутидпен байланысқан түрде болатын метаболиттердің тек аздаған бөлігі ғана (тиісінше, 6% және 5%) несеппен немесе нәжіспен бірге шығарылды. Радиоактивтік заттар, негізінен, препарат дозасын енгізгеннен кейін алғашқы 6-8 күн ішінде несеппен және нәжіспен бірге шығарылады, және бұлар, тиісінше, азғантай үш метаболит түрінде болады. Лираглутидті тері астына жекелей дозада енгізгеннен кейін организмдегі орташа клиренсі сағатына шамамен 1,2 л, элиминациялық жартылай шығарылу кезеңі шамамен – 13 сағатты құрайды.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жас: Дені сау адамдар тобына жүргізілген фармакокинетикалық зерттеу деректері және пациенттер популяциясынан (18-ден 80 жасқа дейінгі) алынған фармакокинетикалық деректер талдамасы пациент жасының лираглутидтің фармакокинетикалық қасиеттеріне клиникалық тұрғыдан маңызды әсер етпейтіндігін айғақтайды.

Жынысы: Әйелдер мен еркектерде лираглутидтің әсеріне жүргізілген зерттеулерден алынған деректерге жасалған популяциялық фармакокинетикалық талдама және дені сау ерікті адамдар тобына жүргізілген фармакокинетикалық зерттеу деректері адамның жынысы лираглутидтің фармакокинетикалық қасиеттеріне клиникалық тұрғыдан маңызды әсер етпейтіндігін айғақтады.

Этникалық тегі: Еуропалық, афроамерикандық, азиаттық және латынамерикандық нәсіл топтарындағы тұлғаларда лираглутидтің әсеріне жүргізілген зерттеулерден алынған популяциялық фармакокинетикалық мәліметтер нәсілдің лираглутидтің фармакокинетикалық қасиеттеріне клиникалық тұрғыдан маңызды әсер етпейтіндігін айғақтайды.

Семіздік: Деректердің популяциялық фармакокинетикалық талдамасы дене салмағының индексі (ДСИ) лираглутидтің фармакокинетикалық қасиеттеріне клиникалық тұрғыдан маңызды әсер етпейтіндігін айғақтайды.

Бауыр жеткіліксіздігі:

Лираглутидтің фармакокинетикалық қасиеттері бауыр жеткіліксіздігінің әртүрлі дәрежелері бар тұлғаларда препараттың бір реттік дозаларына клиникалық сынақ жүргізу барысында зерттелді. Зерттеуге жеңіл дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі (ауырлығы жөнінен Child Pugh жіктемесі бойынша 5 - 6 балл) және бауырдың ауыр жеткіліксіздігі (ауырлығы жөнінен Child Pugh жіктемесі бойынша > 9 балл) болатын пациенттер қамтылды. Лираглутид экспозициясы бауыр функциясы бұзылған пациенттер тобында, сау тұлғалар тобындағы осындайдан жоғары болған жоқ, бұл бауыр жеткіліксіздігінің лираглутидтің фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан маңызды әсер етпейтіндігін көрсетеді.

Бүйрек жеткіліксіздігі:

Лираглутидтің фармакокинетикасы бүйректің әртүрлі дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттерде бір реттік дозаны қолданып зерттелді. Бұл зерттеуге бүйрек жеткіліксіздігі әртүрлі дәрежелі: жеңілден бастап (креатинин клиренсі 50-80 мл/мин) ауырға дейін (креатинин клиренсі <30 мл/мин) тұлғалар және бүйрек жеткіліксіздігінің гемодиализді қажет ететін терминальді сатысындағы тұлғалар қамтылды. Бүйрек жеткіліксіздігі лираглутидтің фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан маңызды әсерін тигізген жоқ.

Бұдан өзге, 2 типті қант диабеті және бүйректің орташа жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 30-59 мл/мин, 5.1 бөлімін қараңыз) пациенттердің қатысуымен жүргізілген 26 апталық клиникалық зерттеуде лираглутидтің әсері 2 типті қант диабеті бар, бүйрек функциясы қалыпты немесе бүйрек функциясының бұзылу дәрежесі жеңіл пациенттерді қоса жүргізілген жеке зерттеумен салыстырғанда 26%-ға төмен болды.

Фармакодинамикасы

Лираглутид адамда ГТП-1 рецепторымен байланысатын және оны белсенді ететін адам ГТП-1-мен гомологиялылығы 97% болатын Sacharomyces cerevisiae штаммын қолдана отырып, рекомбинантты ДНҚ биотехнологиясы әдісімен жасалған адамның глюкагон тәрізді пептид-1 аналогы болып табылады. ГТП-1 рецепторы ұйқы безінің бета-жасушаларында инсулиннің глюкозаға тәуелді секрециясын стимуляциялайтын инкретиннің табиғи ГТП-1-эндогенді гормоны үшін нысана болады. Табиғи ГТП-1-ден айырмашылығы – лираглутидтің фармакокинетикалық және фармакодинамикалық бейіні оны пациенттерге тәулігіне бір рет енгізуге мүмкіндік береді.

Теріастылық инъекция кезінде лираглутид әсерінің ұзаққа созылу бейіні үш механизмнің жұмысымен қамтамасыз етіледі: өздігінен астасу, соның нәтижесінде препараттың сіңуі баяулайды; альбуминмен байланысуы және, дипептидилпептидаза-4 (DPP-IV) және бейтарап эндопептидаза ферментіне (NEP) қатысты ферментативтік тұрақтылық деңгейінің өте жоғары болуы есебінен, препараттың плазмадағы жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруы қамтамасыз етіледі. Лираглутидтің әсері ГТП-1 арнайы рецепторларымен өзара әрекеттесуі есебінен жүзеге асады, соның нәтижесінде циклдік аденозинмонофосфат (цАМФ) деңгейі жоғарылайды. Лираглутидтің әсер етуімен инсулиннің глюкозаға тәуелді секрециясы стимуляцияланады және ұйқы безінің бета-жасушаларының қызметі жақсарады. Бір мезгілде лираглутид глюкагонның глюкозаға тәуелді шамадан тыс секрециясын басады. Осылайша, қан глюкозасының деңгейі жоғары болған кезде инсулин секрециясы стимуляцияланады және глюкагон секрециясы басылады. Басқа жағынан алғанда, гипогликемия кезінде лираглутид инсулин секрециясын төмендетеді, бірақ глюкагон секрециясын баспайды. Қандағы глюкоза деңгейінің төмендеу механизміне асқазанның босауының аздап кідіруі де жатады. Лираглутид салмақты төмендетеді және ашығу сезімін азайтатын және қуат шығынын төмендететін механизмдердің жәрдемімен денедегі май салмағын азайтады.

Предиабеті бар эксперименттегі жануарлар модельдеріне жүргізілген зерттеулер қант диабетінің пайда болуын лираглутидтің бәсеңдететіндігін көрсетті. Іn vitro диагностика лираглутидтің ұйқы безінің бета-жасушалары пролиферациясын арнайы стимуляциялайтын фактор болып табылатындығын және бета-жасушалардың жойылуын (апоптоз) индукциялайтын бос күйіндегі май қышқылдарының және цитокиндердің түзілуіне жол бермейтіндігін көрсетті. In vivo лираглутид диабеті бар экспериментальді жануарлардың үлгілерінде инсулиннің биосинтезін жоғарылатады және бета-жасушалардың массасын арттырады. Глюкоза деңгейі қалыпқа келген кезде, лираглутид ұйқы безінің бета-жасушаларының массасын өсіруді тоқтатады.

Лираглутидтің 24 сағаттық ұзақ әсері бар және қант диабетінің 2-типіне шалдыққан пациенттерде глюкозаның ашқарындағы және постпрандиальді деңгейін төмендету арқылы гликемиялық бақылауды жақсартады.

Инсулиннің глюкозаға тәуелді секрециясы

Глюкозаның қандағы концентрациясы артқан кезде лираглутид инсулин секрециясын арттырады. Глюкозаның сатылық инфузиясын қолданған кезде диабеттің 2-типімен ауыратын пациенттерге лираглутидтің бір реттік дозаларын енгізгеннен кейін инсулин секрециясы дені сау тұлғалардағы осындайдың салыстырмалы деңгейіне дейін артты.

Ұйқы безінің бета-жасушаларының функциясы

Лираглутид ұйқы безінің бета-жасушаларының функциясын жақсартты, бұл инсулиндік жауаптың алғашқы және екінші кезеңімен және бета-жасушалардың секреторлы белсенділігімен айғақталады. Қант диабетінің 2 типімен ауыратын пациенттерге жүргізілген фармакодинамикалық зерттеулер инсулин секрециясының алғашқы кезеңінің қалпына келгенін (инсулинді көктамыр ішіне енгізу), инсулин секрециясының екінші кезеңінің жақсарғанын (гипергликемиялық клэмп-тест) және инсулиннің ең жоғары секрециялық белсенділігін (аргининмен стимуляция тесті) көрсетті.

Виктоза® препаратымен 52 апталық емдеу барысында ұйқы безінің бета-жасушаларының функциясы жақсарды, ол ұйқы безінің бета-жасушаларының гомеостаздық үлгісіне (НОМА-индекс) баға беру арқылы және инсулиннің проинсулинге арақатынасымен айғақталды.

Глюкагон секрециясы:

Лираглутид, инсулин секрециясын стимуляциялай отырып және глюкагон секрециясын баса отырып, қандағы глюкоза деңгейін азайтады. Лираглутид глюкозаның төмен концентрациясына глюкагондық жауапты төмендетпейді. Бұдан басқа, лираглутид аясында эндогендік глюкозаның жасалуының өте төмен болатындығы байқалды.

Асқазанның босауы:

Лираглутид асқазанның босауын аздап кідіртеді, осылайша, қанға постпрандиальді глюкозаның түсу қарқындылығын төмендетеді.

Дене салмағы, дене аумағы және энергия шығыны:

Лираглутидке жүргізілген ұзақ уақыттық клиникалық зерттеуге қатыстырылған, дене салмағы жоғары тұлғаларда соңғысы салмақты едәуір төмендетті. Компьютерлік томография (КТ) және екі энергетикалық рентгендік абсорбциометрия (ЕЭРА) әдістерінің жәрдемімен сканирлеу салмақтың жоғалуы, ең алдымен, пациенттің шел майының жоғалуына байланысты болатындығын көрсетті. Бұл нәтижелер лираглутидпен емдеу кезінде пациенттерде ашығуды сезіну төмендейтіндігімен және энергия жұмсаумен түсіндіріледі.

Жүректің электрофизиологиясы (жЭФ):

Лираглутидтің жүректегі реполяризация үдерісіне әсер жЭФ зерттеулерде тестіленді. Лираглутидті тепе-тең концентрацияда күн сайын 1,8 мг дейінгі дозаға дейін қолдану жЭФ ұзаруын туындатпайды.

Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі

Виктоза® препаратымен емдеу гликирленген гемоглобин (HbA1C) көрсеткіштерін, ашқарынға және тамақтан соң плазмадағы глюкоза деңгейлерін клиникалық және статистикалық тұрғыдан елеулі жақсаруын туғызды.

Лираглутидтің гликемия бақылануына әсер етуінің нәтижелерін бағалау үшін, бес салыстырмалы, жасырын, рандомизацияланған, бақыланатын клиникалық сынақ жүргізілді. Лираглутидпен емдеу плацебо препаратпен салыстырғанда, гликирленген гемоглобин (HbA1c) көрсеткішінің, плазмадағы аш қарындағы (АГ) және постпрандиальді (ҚАГ) глюкоза деңгейлерінің клиникалық және статистикалық тұрғыдан елеулі жақсаруын туғызды.

Бұл зерттеулерге 2 типті қант диабеті бар 3 978 пациент қатысты (2 501 пациент Виктоза препаратымен емделіп шықты); 53.7 %-ы ерлер және 46.3 %-ы әйелдер, 797 пациент (лираглутидпен емделген 508 пациент) 65 жастан асқандар, ал 113 пациент (Виктоза препаратымен емделген 66 пациент) 75 жастан үлкен болған.

1901 пациент кірістірілген қосымша сынақтар лираглутидпен, төрт жасырын рандомизацияланған, бақыланатын клиникалық зерттеулерде (зерттеуге 464, 658, 323 және 177 пациент кірістірілген) және 2 типті қант диабеті және бүйректің орташа жеткіліксіздігі бар пациенттердегі (279 пациент) бір салыстырмалы жасырын, рандомизацияланған, бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілді.

Гликемиялық бақылау

Біріктірілген ем құрамында метформинмен, глимепиридпен біріктіріп немесе метформинді тиазолидиндион препараттарымен (росиглитазонмен) біріктіріп қабылдаған пациенттерде Виктоза® препараты HbA1C гемоглобині деңгейінің статистикалық тұрғыдан маңызды (p < 0,0001) және ұзақ уақытқа төмендеуін туғызды (2 - 5 кестелер).

Метформинмен біріктірілімі

2-кесте. Метформинмен біріктірілген Виктоза® препараты (26 апта)

Метформинмен біріктірілген ем

Лираглутид 1,8 мг метформин2

Лираглутид 1,2 мг + метформин2

Плацебо + метформин2

Глимепирид1 + метформин2

N

242

240

121

242

Орташа HbA1C (%)Бастапқы орны

Бастапқы орнымен салыстырғандағы өзгеруі

8,4

- 1,00

8,3

- 0,97

8,4

0,09

8,4

- 0,98

HbA1C <7% деңгейіне жеткен пациенттер (%)Барлық пациенттерБұған дейін

қантты төмендететін пероральді препараттардың (ҚТПП)

монотерпиясындағы пациенттер

42,4

66,3

35,3

52,8

10,8

22,5

36,3

56,0

Дененің орташа салмағы (кг)

Бастапқы орныБастапқы орнымен салыстырғанда өзгеруі

88,0 - 2,79

88,5 - 2,58

91,0- 1,51

89,0

0,95

1тәулігіне глимепирид 4 мг; 2тәулігіне 2000 мг метформин

Сульфонилмочевина туындыларымен біріктірілімі

3 кесте Глимепиридпен біріктірілген Виктоза® препараты (26 апта)

Глимепиридпен біріктірілген ем

Лираглутид 1,8 мг + глимепирид2

Лираглутид 1,2 мг + глимепирид2

Плацебо + глимепирид2

Росиглитазон1 + глимепирид2

N

234

228

114

231

Орташа HbA1C (%) Бастапқы орны Бастапқы орнымен салыстырғандағы өзгеруі

8,5 - 1,13

8,5 - 1,08

8,4 0,23

8,4

- 0,44

HbA1C <7% деңгейіне жеткен пациенттер

Барлық пациенттерБұған дейін

қантты төмендететін пероральді препараттардың (ҚТПП) монотерпиясын-

дағы пациенттер

41,6

55,9

34,5

57,4

7,5

11,8

21,9

36,1

Дененің орташа салмағы (кг)

Бастапқы орны Бастапқы орнымен салыстырғандағы өзгеруі

83,0

- 0,23

80,0

0,32

81,9

- 0,10

80,6

2,11

1тәулігіне 4 мг росиглитазон; 2тәулігіне 4 мг глимепирид

Тиазолидиндион және метформин туындыларымен біріктірілімі

4-кесте Метформиннің росиглитазонмен біріктірілімімен үйлестірілген Виктоза® препараты (26 апта)

Метформинмен

біріктірілген ем росиглитазонмен үйлестірілімде

Росиглитазонмен2

біріктірілімдегі метформинмен1 үйлестірілген

1,8 мг лираглутид

Росиглитазонмен2

біріктірілімдегі метформинмен1 үйлестірілген

1,2 мг лираглутид

Росиглитазонмен2

біріктірілімдегі метформинмен1 үйлестірілген

плацебо

N

178

177

175

Орташа HbA1C (%)Бастапқы орныБастапқы орнымен салыстырғанда өзгеруі

8,56 - 1,48

8,48 - 1,48

8,42 - 0,54

HbA1C <7% деңгейіне жеткен пациенттер (%) Барлық пациенттер

53,7

57,5

28,1

Дененің орташа салмағы (кг)

Бастапқы орныБастапқы орнымен салыстырғанда өзгеруі

94,9 -2,02

95,3 -1,02

98,5 0,60

1тәулігіне 2000 мг метформин; 2тәулігіне екі қайтара 4 мг росиглитазон

Сульфонилмочевина және метформин туындыларымен біріктірілімі

5 кесте Метформиннің росиглитазонмен біріктірілімімен және глимепиридтің метформинмен біріктірілімімен үйлестірілген Виктоза® препараты (26 апта)

Глимепиридпен

біріктіріліміндегі метформинмен біріктірілген

ем

Лираглутид 1,8 мг + метформин2 + глимепирид3

метформин2 + глимепирид3

Инсулин

гларгин1 + метформин2 + глимепирид3

N

230

114

232

Орташа HbA1C (%)Бастапқы орныБастапқы орнымен салыстырғанда өзгеруі

8,3 - 1,33

8,3 - 0,24

8,1 - 1,09

HbA1C <7% деңгейіне жеткен пациенттер (%)Барлық пациенттер

53,1

15,3

45,8

Дененің орташа салмағы (кг)

Бастапқы орныБастапқы орнымен салыстырғанда өзгеруі

85,8

- 1,81

85,4

- 0,42

85,2

1,62

1 Инсулин гларгинін дозалау ашық болды және дозаны титрлеуге байланысты төменде келтірілген нұсқауға сәйкес жүзеге асырылды. Инсулин гларгині дозасын титрлеуді пациенттің өзі зерттеушінің нұсқауына сәйкес жүзеге асырды.

2тәулігіне 2000 мг метформин; 3тәулігіне 4 мг глимепирид

Инсулин гларгинін титрлеу жөніндегі нұсқаулық

Ашқарында плазмадағы глюкоза деңгейін өздігінен бақылау (ҚАГ)

Инсулин гларгині дозасының артуы (бірлікпен)

≤5,5 ммоль/л (≤100 мг/дл) Мақсаттық деңгей

Жоқ

>5,5 және <6,7 ммоль/л (>100 және <120 мг/дл)

0 – 2a

≥6,7 ммоль/л (≥120 мг/дл)

2

а Зерттеушінің мұның алдындағы жекелей нұсқауларына сәйкес, мысалы, пациенттің гипогликемияны басынан өткерген-өткермегеніне қарай.

2 Тәулігіне 2000 мг метформин; ³ тәулігіне екі рет 4 мг росиглитазон;

4 тәулігіне 4 мг глимепирид.

HbA1C деңгейін төмендетуге қол жеткізген пациенттер саны

Виктоза® препаратын метформинмен, сульфонимочевина препараттарымен, немесе метформинді тиазолидиндионмен біріктіріп қолданудың 26 аптасында HbA1C ≤6,5% деңгейіне жеткен пациенттер саны, Виктоза® препаратын қоспай, қантты төмендететін препараттардың біреуімен ем қабылдаған пациенттер санына қарағанда, статистикалық тұрғыдан маңызды (p ≤ 0,0001) санға өсті. Виктоза® препаратын біріктіріп қолданған 26 апталық зерттеу барысында препаратты біріктіріп қабылдаған пациенттердің көпшілігінде HbA1C < 7,0% деңгейіне қол жеткізілді.

Ашқарындағы гликемия деңгейі

Виктоза® препаратын монотерапия түрінде де, сонымен қатар қантты төмендету үшін пероральді бір немесе екі дәрімен біріктіріп те қабылдау аясында ашқарындағы глюкоза деңгейі 13-43,5 мг%-ге (0,72-2,42 ммоль/л) төмендеді. Бұлай төмендеу емді бастағаннан кейін алғашқы екі апта ішінде-ақ байқалды.

Гликемияның постпрандиальді деңгейі

Виктоза® препаратын стандартты тағамды қабылдаудың үш күні бойы қолдану постпрандиальді глюкоза деңгейін 31-49 мг%-ге (1,68-2,71 ммоль/л) төмендетуге жәрдемдесті.

Ұйқы безінің бета-жасушасының функциясы

Виктоза® препаратын қабылдау аясында ұйқы безінің бета-жасуша функциясының жақсарғаны көрсетілді. Бұл мына өлшеу нәтижелерімен: ұйқы безінің бета-жасуша функциясының гомеостаздық үлгісіне (НОМА-индекс) және инсулиннің проинсулинге арақатынасына баға беру арқылы айғақталды. Виктоза® препаратымен емдеу барысында қант диабетінің 2-типіне шалдыққан пациенттер тобында инсулин секрециясының алғашқы және екінші кезеңінің жақсарғаны байқалды.

Дене салмағы

Метформинмен, метфорфинмен және глимепиридпен немесе метформинмен және росиглитазонмен үйлестіріп лираглутидпен емдеуді зерттеулер бойына дене салмағының 1.0 кг-ден 2.8 кг дейінгі ауқымда тұрақты төмендегені анықталды.

Дене салмағының көп төмендеуі дене салмағының бастапқы жағдайының индексі жоғарылаған кезде байқалды.

Жүрек-қантамыр жүйесінің көрсеткіштерін бағалау

Артериялық қысымның көрсеткіштері

Лираглутидке жүргізілген зерттеулер бойына систолалық қан қысымының орташа алғанда бастапқы жағдайдан 2.3-тен 6.7 мм сын. бағ. дейін төмендегені байқалды, және салыстырмалы белсенді препаратпен салыстырғанда 1.9-дан 4.5 мм сын. бағ. дейінді құрады. Негізгі күрделі жағымсыз жүрек-қантамыр оқиғаларын арнайы талдаудан соң (жүрек-қантамыр жүйесінен болатын өлім, миокард инфарктісі, инсульт) 5607 пациент кірістірілген (3651-і лираглутидпен емделген) барлық аралық және ұзақмерзімді 2 және 3 фазалы зерттеулердің ішінен (ұзақтығы 26 аптадан 100 аптаға дейінгі) жүрек-қантамыр қаупінің ешқандай артқаны көрсетілмеген (лираглутид үшін барлық салыстыру препараттарымен (метформин, глимепирид, розиглитазон, инсулин гларгин, плацебо) салыстырғандағы біріктірілген ақырғы нүкте үшін ауруға шалдығу арақатынасы 0.75 (95% Сl 0.35; 1.63)). Жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі жоғары пациенттер сынақтан шығарылып тасталды және сынақтардағы күрделі негізгі жүрек-қантамыр оқиғалары дамыған жағдайлар төмен болған (лираглутидпен емделген пациенттерде 1000 пациент-жылға шаққанда 6.02, және барлық салыстырмалы препараттармен емделген пациенттер үшін 10.45), ақырғы қорытынды шығарылмаған.

Иммуногенділік

Құрамында ақуыздар немесе пептидтер бар дәрілік препараттардың иммуногенділігі зор қасиеттеріне сәйкес, пациенттерде лираглутидпен емдеуден кейін лираглутидке қарсы антиденелер пайда болуы мүмкін. Орташа алғанда, пациенттердің 8.6%-ында антиденелер пайда болған. Антиденелердің түзілуі лираглутид тиімділігінің төмендеуімен байланысты болмаған.

Балалар тобы

Еуропалық Медицина Агенттігі 2 типті қант диабеті бар блалардың бір немесе бірнеше тобындағы Виктоза препаратын зерттеу нәтижелерін ұсыну міндеттемесін кейінге қалдырды (Балаларда қолданылуы жөнінде ақпарат алу үшін «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

Басқа клиникалық мәліметтер

Метформинмен емдегенде талапқа сай бақылануына жетпеген (HbA1с деңгейінің орташа мәні 8.5%) пациенттерде лираглутидтің (1.2 мг және 1.8 мг дозаларда) және ситаглиптиннің (дипептидилпептидаза–4 тежегіші, 100 мг дозада) тиімділігі мен қауіпсіздігіне жүргізілген ашық жариялы салыстырмалы зерттеуде, 26 апта емдеуден соң ситаглиптинмен салыстырғанда лираглутидтің екі дозада да HbA1с деңгейін жақсы төмендеткені дәлелденген (-0.90%-бен салыстырғанда -1.24%, -1.50% , р < 0.0001). Лираглутидті қабылдаған пациенттерде дене салмағының төмендеуі ситаглиптинді қабылдап жүрген пациенттермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болған (-1.0 кг-мен салытырғанда -2.9 кг және -3.4 кг, р < 0.0001).Ситаглиптинді қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, лираглутидті қабылдап жүрген пациенттер жағымсыз әсері – жүрек айнуының болғанына жиі шағымданған, алайда жүрек айнуы өтпелі болды (ситаглиптин үшін 4.6 %-бен салыстырғанда лираглутид үшін 20.8 % және 27.1 %). HbA1с деңгейінің төмендеуі және ситаглиптинмен салыстырғанда лираглутидтің басымдығы лираглутидпен емдеудің 26-шы аптасынан кейін байқалған (1.2 мг және 1.8 мг) және емдеудің 52-ші аптасынан кейін расталған (-0.88%-бен салыстырғанда -1.29% және -1.51%, р < 0.0001). Ситаглиптинді 52 апта қолданғаннан кейін пациенттер лираглутидке ауыстырылды, бұл емдеудің 78-ші аптасында HbA1с деңгейінің қосымша және статистикалық тұрғыдан маңызды төмендеуіне алып келді (-0.24% және -0.45%, 95 % Сl: -0.41-ден -0.07-ге дейін және -0.67-ден - 0.23-ке дейін), бірақ формальді түрде бақылау тобы қолжетімді болмады.

Лираглутид (1.8 мг дозада) пен эксенатидтің (күніне екі рет 10 мкг дозада), метформинмен және/немесе сульфонилмочевина туындыларымен емдегенде талапқа сай бақылануына жетпеген (HbA1с деңгейінің орташа мәні 8.3%) пациенттердегі тиімділігі мен қауіпсіздігіне жүргізілген ашық жариялы салыстырмалы зерттеуде, 26 апта емдеуден кейін лираглутид HbA1с деңгейінің эксенатидпен салыстырғанда жақсы төмендегенін көрсетті (-0.79%-бен салыстырғанда -1.12%, емдеудің бағаланған айырмашылығы: -0.33%; 95 % Сl: -0.47-ден -0.18-ге дейін). Пациенттердің айтарлықтай көп бөлігі лираглутидпен емдеудегі HbA1с эксенатидпен салыстырғанда 7%-дан төмен деңгейіне қол жеткізген (43.4%-бен салыстырғанда 54.2%, р=0.0015). Екі емдеу де дене салмағының орташа алғанда 3 кг жуық жоғалтылғанын көрсетті. Эксенатидті 26 апта қолданғаннан кейін пациенттер лираглутидке ауыстырылды, бұл емдеудің 40-шы аптасында HbA1с деңгейінің қосымша және статистикалық тұрғыдан маңызды төмендеуіне алып келген (-0.32%, 95 % Сl: -0.41-ден -0.24-ке дейін), бірақ формальді түрде бақылау тобы қолжетімді болмады. 26 апта ішінде лираглутидпен емделіп жүрген пациенттер тобында 12 күрделі жағымсыз жағдай (235 пациент, 5.1 %) сипатталды, ал бұл кезде эксенатидпен емделіп жүрген пациенттер тобында 6 күрделі жағымсыз жағдай (232 пациент, 2.6 %) сипатталған. Жағымсыз әсерлерінің жүйелі ағзалардың жіктемесіне байланысты даму заңдылығы анықталған жоқ.

Қолданылуы

- 2 типті қант диабетінде гликемиялық бақылауға қол жеткізу үшін.

Виктоза® препараты тәулігіне бір рет:

- мұның алдындағы емде төменде аталған препараттар емдәммен және дене жаттығуларымен үйлестірілгенде талапқа сай гликемиялық бақылауға қол жетпеген пациенттерде қантты төмендететін препараттармен (бір препаратпен (метформинмен немесе сульфонилмочевина туындыларымен) немесе екі препаратпен (метформинмен және сульфонилмочевина туындыларымен немесе метформинмен және тиазолидиндиондармен) және/немесе базальді инсулинмен біріктірілген ем ретінде қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Виктоза® препаратын, ас қабылдауға қарамай, тәуліктің кез келген уақытында бір рет қолданады, оны ішке, санға немесе иыққа теріастылық инъекция түрінде енгізуге болады. Инъекция орны және уақыты дозаны түзетпей-ақ өзгертіле береді. Алайда препаратты тәуліктің пациент үшін қолайлы белгілі бір уақытында қабылдаған дұрыс. Виктоза® препаратын қолдану тәсілі жөнінде әрі қарайғы ақпарат қолданылуы және утилизациясы жөніндегі нұсқаулық бөлімінде берілген. Виктоза® препаратын көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне енгізу үшін пайдалануға болмайды.

Дозалары

Виктоза® препаратының бастапқы дозасы күніне 0,6 мг құрайды. Препаратты кем дегенде бір апта бойы қолданғаннан кейін дозаны 1,2 мг-ге арттырған жөн. Кейбір пациенттерде емдеудің пайдасы препарат дозасын 1,2 мг-ден 1,8 мг-ге дейін арттырған кезде артатыны жөнінде деректер бар. Науқаста ең жақсы гликемиялық бақылауға қол жеткізу мақсатында және клиникалық тиімділігін ескере отырып, Виктоза® препаратының дозасын, оның кем дегенде бір апта бойы 1,2 мг дозада қолданғаннан кейін, 1,8 мг-ге дейін арттыруға болады. Препаратты күнделікті 1,8 мг-ден асатын дозада қолдану ұсынылмайды.

Виктоза® препараты метформинмен немесе тиазолидиндионмен біріктірілген метформинмен біріктіріп емдеуді толықтыруға қосымша ретінде қолданылуы мүмкін. Метформинді тиазолидиндионмен біріктіріп емдеуді әсер етуші дозаларда жалғастыруға болады.

Виктоза® препараты сульфонилмочевинамен емдеу немесе метформинді сульфонилмочевинамен біріктіріп емдеу барысында немесе базальді инсулинге қосымша дәрі ретінде қолданылуы мүмкін. Виктоза® препаратын сульфонилмочевинамен немесе базальді инсулинмен емдеуге қосқан кезде жағымсыз гипогликемияның пайда болу қаупін барынша азайту мақсатында сульфонилмочевина дозасын немесе базальді инсулинді төмендету керектігін ескерген жөн («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Виктоза® препаратының дозасын түзету үшін қандағы глюкозаға өздігінен бақылау жасау қажет етілмейді. Алайда Виктоза® препаратын сульфонилмочевина туындыларымен немесе базальді инсулинмен біріктіріп емдеудің басында қандағы глюкоза деңгейіне осындай өздігінен бақылау жасау сульфонилмочевина препараттарының дозаларын түзету үшін қажет етілуі мүмкін.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жас (>65 жас): Дозасын жас шамасына байланысты таңдау қажет емес. Препаратты 75 жастағы және одан үлкен пациенттерге қолдану тәжірибесі шектеулі («Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз).

Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігінің айқындығы әлсіз (креатинин клиренсі 60 - 90 мл/мин) пациенттерді емдеуде дозасын түзету қажет емес. Бүйректің орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерді (креатинин клиренсі 30 - 59 мл/минут) емдеу тәжірибесі шектеулі және бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі бар пациенттерді (креатинин клиренсі 30 мл/минуттан төмен) емдеу жөніндегі мәліметтер жоқ. Қазіргі кезде Виктоза препаратын бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысындағы пациенттерді қоса, бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр және орташа түрлері бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды («Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз)

Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігінің барлық түрлері бар (жеңіл, орташа және ауыр) пациенттерді емдеу тәжірибесі қазіргі кезде, оларға Виктоза препаратын қолдануды ұсыну үшін тым шектеулі («Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз).

Пациенттердің педиатриялық популяциясы

Виктоза препаратын қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде мәліметтер жоқтығына байланысты, оны балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге тағайындау ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Клиникалық зерттеулер барысында асқазан-ішек жолы тарапынан мына жағымсыз әсерлер жөнінде өте жиі мәлімделді: жүрек айнуы және диарея (пациенттердің >10%-да тіркелді); құсу, іш қату, іш тұсының ауыруы және диспепсиялық құбылыстар (пациенттердің ≥ 1%-ында тіркелді, бірақ ≤ 10% пациенттерде)

Виктоза® препаратымен емдеудің басында аталған асқазан-ішектік жағымсыз құбылыстар жиі кездесуі мүмкін, бірақ емдеудің жалғастырылуына орай, бірнеше күн немесе апта ішінде реакциялар әдетте азаяды. Бас ауыру және жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары түріндегі жағымсыз реакциялар біршама жиі байқалды (пациенттердің 1 - 10%-да). Бұдан басқа, Виктоза® препаратын сульфонилмочевина туындыларымен біріктіріп қолданғанда гипогликемиялық жағдайлар пайда болуы мүмкін (пациенттердің > 10%-да тіркелді). Ауыр гипогликемиялар негізінен Виктоза® препаратын сульфонилмочевина туындыларымен біріктіріп қолдану аясында пайда болады.

Күрделі жағымсыз әсерлер жөнінде өте сирек мәлімделді.

1-кестеде Виктоза® препаратына ұзақ мерзімдік бақыланатын клиникалық зерттеулердің ІІІ фазасы барысында және кездейсоқ (постмаркетингтік) мәлімдемелерде анықталған жағымсыз әсерлер жөнінде мәліметтер берілген.

Клиникалық зерттеулер барысында және постмаркетингтік кезеңде алынған деректерге негізделген төмендегі барлық жағымсыз реакциялар MedDRA және ағзалар жүйесіне сәйкес пайда болу жиілігі бойынша топтарға бөлініп берілген. Жағымсыз реакциялардың жиілігі былайша белгіленген: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥1/100 - < 1/10 дейін); жиі емес (≥ 1/1000 - <1/100 дейін); сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000 дейін).

1 кесте Ұзақ мерзімдік плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулердің III фазасы және кездейсоқ (постмаркетингтік) мәлімдемелер барысында анықталған жағымсыз реакциялар

Ағзалар мен кластар жүйесі

Өте жиі

Жиі

Жиі емес

Сирек

Өте сирек

Инфекциялар мен инвазиялар

 

Назофарингит

Бронхит

     

Иммундық жүйенің бұзылулары

     

Анафилактикалық реакциялар

 

Метаболизм және тамақтану бұзылулары

 

Гипогликемия

Анорексия

Тәбеттің төмендеуі

Сусыздану

   

Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылыстар

 

Бас ауыруы

Бас айналуы

     

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан болатын бұзылу

 

Жүректің жиырылу жиілігінің артуы

     

Асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылулар

Жүрек айнуы

Диарея

Құсу

Диспепсия

Іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы

Іштің қатуы

Гастрит

Метеоризм

Іштің кебуі

Гастроэзофагиальді рефлюкс

Құрсақ қуысындағы жайсыздық

Тіс ауыруы

 

Ішектің бітелуі

Панкреатит (некроздық панкреатитті қоса)

Тері мен теріасты тіндері тарапынан болатын бұзылулар

 

Бөртпе

Есекжем

Қышыну

   

Бүйрек пен несеп шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар

   

Бүйрек функциясының бұзылулары

Бүйректің жедел жеткіліксіздігі

   

Жүйелі аурулар және препаратты енгізген жердегі бұзылулар

 

Шаршау

Енгізген жердегі реакциялар

Дімкәстану

   

Жекелеген жағымсыз реакцияларға сипаттама

Лираглутидті монотерапия ретінде пайдаланып жүргізілген клиникалық зерттеуде лираглутидті қолданғандағы гипогликемия жағдайларының жиілігі, салыстырмалы препаратпен (глимепирид) емделген пациенттердегі гипогликемия жағдайларының жиілігінен төмен болды. Анағұрлым жиі кездескен жағымсыз реакцияларға асқазан-ішек аурулары, инфекциялар мен инвазиялар жатады.

Гипогликемия

Клиникалық зерттеулер барысында расталған гипогликемия көріністерінің көпшілігі елеусіз болды.

Лираглутидті монотерапия ретінде пайдаланып жүргізілген зерттеуде гипогликемияның күрделі жағдайлары болмаған. Гипогликемияның күрделі көріністері жиі кездеспейді және бастапқыда лираглутидті сульфонилмочевинамен қолданғанда байқалған (пациент-жылға 0.02 көрініс). Көріністердің өте аз саны (пациент-жылға 0.001 көрініс) лираглутидті сульфонилмочевинадан басқа диабетке қарсы пероральді дәрілермен үйлестіріп енгізген кезде байқалған. Гипогликемияның даму қаупі базальді инсулин мен лираглутидті бірге пайдаланған кезде төмен болып табылады (пациент-жылға 1.0 көрініс, «Фармакодинамикасы» бөлімін қараңыз).

Асқазан-ішек жолының жағымсыз реакциялары

Лираглутидті метформинмен үйлестірген кезде пациенттердің 20.7 %-ы жүрек айнуының кемінде бір көрінісі туралы хабарлаған және пациенттердің 12.6 %-ы диареяның кемінде бір көрінісі туралы хабарлаған.

Лираглутидті сульфонилмочевинамен үйлестірген кезде пациенттердің 9.1 %-ы жүрек айнуының кемінде бір көрініс туралы, пациенттердің 7.9 %-ы диареяның кемінде бір көрінісі туралы хабарлаған. Жағымсыз әсерлерінің көпшілігі жеңіл немесе орташа сипатта болған және дозаға тәуелді сипатқа ие.

Ұзақ уақыт емдеген кезде бастапқы сатыда жүрек айнуы білінген пациенттердің көпшілігінде жиілігі мен ауырлығы төмендеген.

70 жастан асқан пациенттерде лираглутидпен емдеу кезінде асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылулар көбірек байқалуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа түрлері бар пациенттерде (креатинин клиренсі сәйкесінше 60–90 мл/мин және 30-59 мл/мин,) лираглутидпен емдеу кезінде асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялар көбірек туындауы мүмкін.

Пациенттерді сынақтан шығарып тастау

Ұзаққа созылған (26 немесе одан да көп аптаға) бақыланатын сынақтарда жағымсыз реакцияларға байланысты сынақтан шығарып тасталған пациенттердің үлесі лираглутидпен емдеу курсынан өтіп жүрген пациенттер үшін 7.8 %-ды және салыстыру препаратымен емдеу тобындағы пациенттер үшін 3.4 %-ды құрады. Лираглутидпен емдеу кезінде пациенттердің сынақтан шығарылуына алып келген анағұрлым жиі кездесетін жағымсыз реакцияларға, жүрек айнуы (2.8 % пациент) және құсу (1.5 % пациент) жатады.

Препарат енгізілген орындардағы реакциялар

Препарат инъекциясының орнындағы реакция туралы пациенттердің 2 %-ға жуығы жағдайында Виктоза препаратының ұзаққа созылған (26 немесе одан да көп аптаға) бақыланатын клиникалық сынақтары кезінде хабарланған. Бұл реакциялар әдетте елеусіз болды.

Панкреатит

Ұзаққа созылған (26 немесе одан да көп аптаға) бақыланатын сынақтар кезінде жедел панкреатиттің бірнеше жағдайлары (< 0.2 %) туралы хабарламалар келіп түскен. Панкреатит жағдайлары постмаркетингтік кезеңде де сипатталған.

Аллергиялық реакциялар

Есекжем, бөртпе және қышынуды қоса, аллергиялық реакциялар Виктоза® препаратын маркетингте қолдану кезінде сипатталды.

Гипотензия, жүрек соғуының жиілеуі, диспное, ісіну сияқты қосымша симптомдары бар анафилактикалық реакциялардың бірнеше жағдайы Виктоза® препаратын маркетингте қолдану кезінде сипатталды. Виктоза препаратының ұзаққа созылған клиникалық сынақтары барысында ангионевроздық ісіну туындағаны туралы бірнеше (0.05 %) хабарлама болды.

Болжалды жағымсыз реакциялары туралы хабарлама

Дәрілік зат мақұлданғаннан кейінгі болжалды жағымсыз реакциялар туралы хабарлама маңызды болып табылады. Бұл дәрілік заттың пайда/қауіп арақатынасына мониторинг жүргізуді жалғастыруға мүмкіндік береді.

Медицина қызметкерлері кез келген болжалды жағымсыз реакциялар туралы ұлттық есеп беру жүйелері арқылы хабарлап отыруды өтінеді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың белсенді затына немесе оның құрамына кіретін басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • қант диабетінің 1 типімен ауыратын пациенттерге пайдалану

  • диабеттік кетоацидозды емдеу үшін

  • бүйрек және бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

  • 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

  • жүктілік және емшек емізу

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілік заттардың in vitro өзара әрекеттесуіне баға беру

Лираглутид Р-450 (CYP) цитохромы жүйесіндегі метаболизммен, сондай-ақ плазма ақуыздарымен байланысуымен жүзеге асатын дәрілік фармакокинетикалық өзара әрекеттесу қабілеті төмен болатынын көрсетті.

Дәрілік заттардың in vivo өзара әрекеттесуіне баға беру

Лираглутидті қолданғанда асқазанның босауының аздап кідіруі ішке қабылдауға арналған қатарлас қолданылатын дәрілік препараттардың сіңуіне ықпалын тигізуі мүмкін. Дәрілік өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулер осы препараттардың сіңуінің қандай да болсын клиникалық тұрғыдан маңызды баяулағанын көрсеткен жоқ. Виктоза®препаратымен ем қабылдап жүрген пациенттердің бірнешеуінде жедел диареяның, кем дегенде, бір көрінісі білінді. Диарея Виктоза® препаратымен бір мезгілде қолданылған ішілетін дәрілік препараттардың сіңуіне ықпалын тигізуі мүмкін.

Варфарин және кумариннің басқа да туындылары

Екі дәрілік заттың өзара әрекеттесуіне зерттеу жүргізілген жоқ. Виктоза® препаратымен емдеудің басында варфарин немесе кумариннің басқа да туындыларын қабылдап жүрген пациенттерде ХҚҚ (Халықаралық қалыптастырылған қатынас) мониторингін жиі жүргізу керек.

Парацетамол

Лираглутид парацетамолдың жалпы әсерін, оны бір реттік 1000 мг дозада қабылдағаннан кейін, өзгерткен жоқ. Парацетамолдың плазмадағы ең жоғары концентрациясы (Cmax) 31%-ға төмендеді, ал қан плазмасында оның концентрациясының ең жоғары шекке жетуінің орташа уақыты (tmax) 15 минутқа ұзарды. Лираглутид пен парацетамолды бір мезгілде қабылдаған кезде соңғысының дозасын түзету қажет емес.

Аторвастатин

Лираглутид аторвастатиннің жалпы әсерін, оны жекелей 40 мг дозада енгізгеннен кейін, клиникалық тұрғыдан маңызды өзгеріске ұшыратқан жоқ. Осылайша, аторвастатин дозасын Виктоза® препаратын қабылдау аясында түзету қажет етілмейді. Лираглутидті қабылдау аясында аторвастатиннің плазмадағы ең жоғары концентрациясы (Cmax) 38%-ға төмендеді, ал плазмада оның ең жоғары шекке жетуінің орташа уақыты (tmax) бір сағаттан үш сағатқа дейін ұзарды.

Гризеофульвин

Лираглутид гризеофульвиннің жалпы әсерін, оны бір реттік 500 мг дозада енгізгеннен кейін, өзгерткен жоқ. Гризеофульвиннің ең жоғары концентрациясы (Cmax) 37%-ға артты, сол уақытта оның плазмадағы концентрациясының ең жоғары шекке жетуінің орташа уақыты (tmax) өзгерген жоқ. Гризеофульвиннің және ерігіштігі төмен және өткізгіштігі жоғары басқа да дәрілік заттардың дозасын түзету қажет емес.

Дигоксин

Лираглутидті қолдану аясында дигоксинді бір реттік 1 мг дозада енгізу дигоксиннің қисық астындағы ауданының (AUC) 16%-ға азайғанын көрсетті; дигоксиннің плазмадағы ең жоғары концентрациясы (Cmax) 31%-ға төмендеді. Лираглутидті қабылдау аясында дигоксиннің концентрациясының ең жоғары шекке жетуінің орташа уақыты (tmax) бір сағаттан біржарым сағатқа дейін артты. Алынған нәтижелер бойынша, лираглутидті қабылдау аясында дигоксиннің дозасын түзету қажет емес.

Лизиноприл

Лираглутидті қолдану аясында лизиноприлді бір реттік 20 мг дозада енгізу лизиноприлдің қисық астындағы ауданының (AUC) 15%-ға азайғанын көрсетті; лизиноприлдің плазмадағы ең жоғары концентрациясы (Cmax) 27%-ға төмендеді. Лираглутидті қабылдау аясында лизиноприлдің плазмадағы концентрациясының ең жоғары шекке жетуінің орташа уақыты (tmax) алты сағаттан сегіз сағатқа дейін артты. Алынған нәтижелер бойынша, лираглутидті қабылдау аясында лизиноприл мен дигоксиннің дозасын түзетудің қажет емес.

Пероральді контрацептивтер

Лираглутидпен емдеу аясында этинилэстрадиолдың және левоноргестрелдің плазмадағы ең жоғары концентрациясы (Cmax) бір рет қабылданатын дозада тиісінше 12%-ға және 13%-ға төмендеді. Сондай жағдайларда осы дәрілік заттардың концентрацияларының ең жоғары шекке жетуінің орташа уақыты (tmax) әдеттегіден 1,5 сағат кеш басталды. Лираглутид организмде этинилэстрадиолдың және левоноргестрелдің жалпы әсеріне клиникалық тұрғыдан маңызды әсерін тигізбейді. Осылайша, лираглутидпен емдеу аясында дәрілік заттың екеуінің де күтілетін контрацепциялық әсері өзгермейді.

Инсулин

2 типті қант диабеті бар пациенттерге 0,5 ӘБ/кг доза инсулин детемирді 1,8 мг доза лираглутидпен бір мезгілде қолданғанда лираглутид пен инсулин детемир арасында фармакокинетикалық немесе фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер анықталған жоқ.

Үйлесімсіздік

Виктоза® препаратына қосылған заттар лираглутидтің деградациясын тудыруы мүмкін. Үйлесімділігіне сынақ жүргізілмегендіктен, Виктоза® препаратын басқа дәрілік заттармен, соның ішінде инфузиялық ерітінділермен араластыруға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Виктоза® препаратын 1 типті қант диабеті бар пациенттерге немесе диабеттік кетоацидозды емдеу үшін қолданбаған жөн.

Виктоза® инсулинді алмастырмайды.

Виктоза® препаратын I-II функционалдық класты жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Нью-Йорк кардиологиялық ассоциациясының (NYHA) созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің жіктемесіне (ЖСЖЖ) сәйкес қолдану тәжірибесі шектеулі және сондықтан да, мұндай пациенттерде лираглутидті сақтықпен қолдану керек. Виктоза® препаратын NYHA жіктемесіне сәйкес – III-IV класты жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану тәжірибесі жоқ және лираглутидті ондай пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.

Виктоза® препаратын ішектің қабыну аурулары және асқазанның диабеттік парезі бар пациенттерде қолдану жөніндегі деректер шектеулі; Виктоза® препаратын науқастардың аталған топтарында қолдану ұсынылмайды. Виктоза® препаратын қолдану асқазан-ішек жолы тарапынан болатын жүректің айнуы, құсу және диарея сияқты қысқа мерзімді жағымсыз реакциялардың дамуымен астасады.

Жедел панкреатит

Басқа ГТП-1 агонистерін қолдану панкреатиттің даму қаупімен астасты. Жедел панкреатиттің пайда болуының бірнеше жағдайлары жөнінде мәлімделген. Пациенттер жедел панкреатит дамуының өзіне тән симптомдары: іш тұсында персистерленетін күшті ауыру болатыны жөнінде хабардар болуы тиіс. Панкреатитке күдіктенген кезде Виктоза® препаратымен және потенциальді қауіптілігі зор басқа дәрілік заттармен емдеу дереу тоқтатылуы тиіс.

Жедел панкреатит диагнозы расталған жағдайда, Виктоза® препаратын қолдану қайта басталмауы тиіс. Препаратты сыртартқысында панкреатиті бар пациенттерге тағайындағанда сақ болу керек.

Қалқанша без аурулары

Виктоза® препаратына клиникалық сынақ жүргізу барысында, қалқанша без тарапынан болатын жағымсыз құбылыстар туралы, соның ішінде қан сарысуындағы кальцитонин деңгейінің жоғарылауы, диффуздық тиреоуытты зоб және қалқанша бездің жаңа түзілімдері туралы хабарланған, сондықтан лираглутидті, әсіресе бұрыннан қалқанша без аурулары бар пациенттерде сақтықпен пайдалану керек («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).

Гипогликемия

Лираглутидті сульфонилмочевинамен немесе базальді инсулинмен үйлестіріп қабылдап жүрген пациенттерде гипогликемияның пайда болу қаупі жоғары болуы мүмкін («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). Гипогликемияның қаупі сульфонилмочевинаның немесе базальді инсулиннің дозасын азайтудың есебінен төмендетуге болады.

Дегидратация

Бүйрек функциясының бұзылуы мен бүйректің жедел жеткіліксіздігін қоса, дегидратацияның белгілері мен симптомдары лираглутидті қабылдаған пациенттерде сипатталды. Лираглутидті қабылдап жүрген пациенттерге асқазан-ішек жолы тарапынан болатын жағымсыз әсерлермен байланысты сусызданудың даму қаупі жөнінде ескерту және организмдегі сұйықтықтың таусылуын болдырмау үшін сақтық шараларын қабылдауды ұсыну керек.

Қауіпсіздігіне клиникаға дейін жүргізілген зерттеу деректері

Уыттылығына, соның ішінде геноуыттылығына қатысты препараттың дозаларын қайталап енгізуге жүргізілген клиникаға дейінгі фармакологиялық зерттеу нәтижелері лираглутидті қолдану адамдардың денсаулығына қауіп төндірмейтіндігін көрсетті.

Кеміргіштерде дәрілік препараттың онкогенділігіне жүргізілген екі жылдық зерттеу барысында егеуқұйрықтарда және тышқандарда қалқанша бездің С-жасушаларында ісіктер байқалды, бұл олардың қырылуына әкеп соқтырған жоқ. Білінген жағымсыз әсерлердің (NOAEL) деңгейі егеуқұйрықтарда байқалған жоқ. Лираглутидпен 20 ай бойы ем қабылдаған маймылдарда осындай ісіктердің пайда болуы байқалған жоқ. Кеміргіштерге жүргізілген зерттеулер барысында алынған нәтижелер кеміргіштердің глюкагон тәрізді пептид-1 (ГТП-1) рецепторлары арқылы болатын геноуыттық емес спецификалық механизміне қатысты ерекше сезімталдық танытатындығымен байланысты. Адам үшін алынған деректердің маңыздылығы төмен болып табылады, алайда оны түгелдей жоққа шығаруға болмайды. Жүргізілген еммен байланысты қандай да болсын басқа жаңа түзілімдердің пайда болуы орын алған жоқ.

Жануарларға жүргізілген сынақтарда препараттың фертильділікке тікелей жағымсыз әсері байқалған жоқ, бірақ препараттың ең жоғары дозасымен емдеген кезде ерте эмбриональді өлім жиілігінің аздап артқаны білінді. Виктоза® препаратын егеуқұйрықтардың буаздық кезеңнің ортасында енгізу олардың дене салмағын және, қабырғасына әсері зерттелмеген, басынан аяғына дейін эмбрионның өсуін кемітті, ал үй қояндары тобында қаңқа құрылымының ауытқуын тудырды. Егеуқұйрықтар тобында жаңадан туған дарақтың өсуі Виктоза® препаратымен емдеу кезінде төмендеді, және бұл төмендеу лираглутидтің жоғары дозаларын қабылдаған дарақтар тобында емшекпен қоректендіруді аяқтағаннан кейінгі кезеңде де тұрақты түрде сақталды. Егеуқұйрықтың жаңа туған дарақтарындағы өсудің осылай төмендеуіне не себеп болғаны – ГТП-1 тікелей әсер етуі салдарынан олардың ана сүтін пайдалануының нашарлауынан, немесе ұрғашыларында калорияны тұтынуының төмен болуына байланысты емшек сүтінің өндірілу деңгейінің жеткіліксіздігінен екендігі белгісіз.

Лираглутидтің үй қояндарына жүргізілген артерияішілік инъекциясынан кейін инъекция орнында төменнен орташа дейінгі дәрежедегі қан кету, қызару және ісіну байқалған.

Буаздық және емізу кезеңінде қолданылуы

Жануарларға жүргізілген зерттеулерде препараттың фертильділікке тікелей жағымсыз әсері байқалған жоқ, бірақ препараттың ең жоғары дозасымен емдеген кезде ерте эмбриональді өлім жиілігінің аздап артқаны білінді. Виктоза® препаратын егеуқұйрықтардың буаздық кезеңнің ортасында енгізу олардың дене салмағын және, қабырғасына әсері зерттелмеген, басынан аяғына дейін эмбрионның өсуін кемітті, ал үй қояндары тобында қаңқа құрылымының ауытқуын тудырды. Егеуқұйрықтар тобында жаңадан туған дарақтың өсуі Виктоза® препаратымен емдеу кезінде төмендеді, және бұл төмендеу лираглутидтің жоғары дозаларын қабылдаған дарақтар тобында емшекпен қоректендіруді аяқтағаннан кейінгі кезеңде де тұрақты түрде сақталды. Егеуқұйрықтың жаңа туған дарақтарындағы өсудің осылай төмендеуіне не себеп болғаны – ГТП-1 тікелей әсер етуі салдарынан олардың ана сүтін пайдалануының нашарлауынан, немесе ұрғашыларында калорияны тұтынуының төмен болуына байланысты емшек сүтінің өндірілу деңгейінің жеткіліксіздігінен екендігі белгісіз.

Жүктілік

Виктоза® препаратын жүкті әйелдерге қолдану жөнінде талапқа сай деректер жоқ. Адамдар үшін ықтимал қаупі белгісіз.

Виктоза® препаратын жүктілік кезінде қолдануға болмайды, оның орнына инсулинмен ем жүргізу ұсынылады. Егер пациент жүктілікті жоспарлап жүрсе, немесе жүктілік басталып кетсе, Виктоза® препаратымен емдеуді дереу тоқтату қажет.

Лактация кезеңі

Виктоза® препаратын бала емізетін әйелдерге қолдану тәжірибесі жоқ; бала емізу кезінде препаратты қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Виктоза® препаратының автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпалына зерттеу жүргізілген жоқ. Пациенттерге көлікті басқару кезінде және механизмдермен жұмыс жасау кезінде, әсіресе егер Виктоза® препаратын сульфонилмочевина препараттарымен немесе базальді инсулинмен біріктірілген ем құрамында қабылдаса, оларда гипогликемия жағдайының пайда болуына жол бермеу үшін, сақтық шараларын қолдану керектігі ескертілуі тиіс.

Артық дозалануы

Симптомдары: Виктоза® препаратын клиникалық сынақ барысында 2-типті диабеті бар пациенттердің біреуінде препарат 72 мг дозада (препараттың ұсынылған ең жоғары 1,8 мг дозасынан 40 есе көп) тері астына артық дозаланған. Артық дозаланудың әсері жүрек айнуы және құсу болған. Гипогликемия байқалған жоқ. Пациент асқынуларсыз толық айықты.

Емі: клиникалық белгілеріне және симптомдарына байланысты тиісті симптоматикалық емдеу жүргізу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

3 мл препарат бір жақ беті бромбутил резеңкеден/полизопреннен жасалған дискімен және екінші жағы бромбутил резеңке поршеньмен тығындалған, 1 гидролитикалық класты шыны картриджде. Картридж көп реттік инъекцияға арналған бір реттік пластик еккіш-қаламға дәнекерленген.

Көп реттік инъекцияға арналған, пластиктен жасалған бір реттік 2 еккіш-қалам медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Әрбір еккіш-қаламда (3 мл) лираглутидтің 0,6 мг 30 дозасы, 1,2 мг 15 дозасы немесе 1,8 мг 10 дозасы бар.

Сақтау шарттары

2C-ден 8C-ге дейінгі температурада (тоңазытқышта) сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Пайдаланылып жүрген еккіш-қалам үшін: 1 ай бойы пайдалану керек. 30С-ден аспайтын температурада немесе 2C-ден 8C-ге дейінгі температурада (тоңазытқышта) сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды. Жалғанған инесімен сақтамаңыз. Жарықтан қорғау үшін еккіш-қаламды қалпақшасымен жабу керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

30 ай

Еккіш-қаламның заттаңбасы мен қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Пайдаланылуы және утилизациясы жөніндегі нұсқаулар

Виктоза® препаратын, егер ол мөлдір және түссіз немесе түссіз дерлік сұйықтық болмай басқаша көрінсе, қолдануға болмайды.

Виктоза® препаратын, егер ол мұздатып қатырылған болса, қолдануға болмайды.

Виктоза® препаратын ұзындығы 8 мм және қалыңдығы 32G дейін болатын иненің жәрдемімен енгізуге болады. Еккіш-қалам бір реттік НовоФайн® немесе НовоТвист® инъекциялық инелерімен бірге қолдануға арналған.

Инъекциялық инелер қаптамаға салынбаған.

Пациент пайдаланылған инені әрбір инъекциядан кейін тастау керектігі, сондай-ақ еккіш-қаламды жалғанған инесімен бірге сақтауға болмайтындығы жөнінде хабардар болуы тиіс. Мұндай шара препараттың ластануына, жұқпа жұқтыруына және препараттың еккіш-қаламнан ағып кетуіне жол бермейді және дозаның дәл болуын кепілдендіреді.

Өндіруші

Ново Нордиск А/С

Ново Алле, DK-2880 Багсваерд, Дания

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Ново Нордиск А/С, Дания

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

Ново Нордиск А/С, Дания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Ново Нордиск А/С компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Мекенжайы: 050022, Алматы қ., Сейфуллин д-лы 534, 29 пәт.

Телефон нөмірі: +7 (727) 261 56 06

Факс нөмірі: +7 (727) 261 08 04

Электронды поштасы: roa-td@novonordisk.com

Виктоза®, НовоФайн® және НовоТвист® – Ново Нордиск А/С, Дания компаниясының тіркелген саудалық белгісі

© 2015

Ново Нордиск А/С

ВИКТОЗА® ЕККІШ-ҚАЛАМЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕ ПАЦИЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Виктоза® еккішін пайдаланар алдында көрсетілген нұсқаулықты мұқият оқып, танысып шыққан жөн.

Виктоза® еккіш-қаламының ішінде 18 мг лираглутид бар. Сіз мүмкін болатын мына үш: 0,6 мг, 1,2 мг және 1,8 мг дозасының кез келгенін таңдай аласыз.

Виктоза® еккіш-қаламы ұзындығы 8 мм-ге дейін және қалыңдығы 32G-ге дейінгі (0.25-0.23 мм) НовоФайн® немесе НовоТвист® бір реттік инелерімен бірге пайдалануға арналған.

Виктоза® еккіш-қаламы

 

 

Еккіш-қалам қалпақшасы

Картридж

Картридж шкаласы

Индикатор саңылауы

Дозаны көрсеткіш

Іске қосу түймесі

Дозалау селекторы

Жұмысын тексеру символы

 

 

Ине (үлгі)

 

 

Иненің сыртқы қалпақшасы

Иненің ішкі қалпақшасы

Ине

Қағаз жапсырма

 

 

Сіздің Виктоза® еккіш-қаламыңызды инъекцияға дайындау

Еккіш-қаламның ішінде шынымен де Лираглутид бар екендігіне көз жеткізу үшін, заттаңбадағы препараттың атауын тексеріңіз. Басқа препаратты пайдалану ауыр салдарларға алып келуі мүмкін.

A Еккіш-қаламнан қалпақшасын шешіп алыңыз.

B Бір реттік инеден қағаз жапсырмасын алып тастаңыз. Инені еккіш-қаламға мұқият және тығыз бұрап кигізіңіз.

C Иненің сыртқы қалпақшасын шешіп алыңыз да, оны тастамай, жаныңызға қойыңыз.

D Иненің ішкі қалпақшасын шешіп алып, оны тастаңыз.

_______________________________________________________

  • Әрбір инъекция кезінде контаминацияны болдырмау үшін әрдайым жаңа инені пайдаланыңыз.

  • Инемен жұмыс жасаған кезде, пайдаланар алдында инені қисайтып немесе бүлдіріп алмау үшін, сақтық шараларын орындаңыз.

  • Ішкі қалпақшасын, егер оны шығарып алып қойсаңыз, инеге ешқашан қайта кигізбеңіз. Аталған шара иненің байқамай кіріп кету қаупін азайтады.

Виктоза® еккіш-қаламын күтіп ұстау

Виктоза® еккіш-қаламы дәл және қауіпсіз пайдалануға арналған және сіз онымен абайлап жұмыс жасауға тиіссіз:

  • Еккіш-қаламды өз бетіңізше жөндеуге немесе оны бөлшектеуге тырыспаңыз.

  • Еккіш-қаламды шаңның, лас пен сұйықтықтардың барлық түрлерінің түсуінен сақтаңыз.

  • Еккіш-қаламды жұмсақ жуғыш затқа малынған шүберекпен тазалауға болады. Еккіш-қаламды суға батырмаңыз, оны жумаңыз және майламаңыз, өйткені бұл механизмін бүлдіруі мүмкін.

Прикрепленные файлы

352267551477976401_ru.doc 4341.5 кб
820206631477977613_kz.doc 4422 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники