Виброцил®

МНН: Диметинден, Фенилэфрин
Производитель: Новартис Консьюмер Хелс СА
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Фенилэфрин в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013274
Информация о регистрации в РК: 15.12.2015 - 15.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Виброцил

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Мұрынға арналған гель 12 г

Құрамы

1 грамм құрамында

белсенді заттар: 0,250 мг диметинден малеаты,

2.5 мг фенилэфрин негізі,

қосымша заттар: бензалконий хлориді, сусыз натрий гидрофосфаты, лимон қышқылы моногидраты, сорбитол, лавандадан алынған детерпенді сығынды, метилгидроксипропилцеллюлоза, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, түссізден әлсіз сары түске дейінгі гомогенді гель.

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе ауруларын емдеуге арналған препараттар.

Жергілікті қолдануға арналған антиконгестанттар және басқа да мұрын препараттары. Басқа препараттармен (кортикостероидтарды қоспағанда) біріктірілген симпатомиметиктер. Фенилэфрин басқа препараттармен біріктірілімде.

АТХ коды R01АВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Виброцил жергілікті қолдануға арналған, оның белсенділігі қан плазмасындағы белсенді заттардың концентрациясына байланысты емес. Ауыз шырышы арқылы сіңірілген жағдайда фенилэфриннің биожетімділігі шамамен 38-ға төмендейді, өйткені ішекте және бауырда алғашқы өзгеріске ұшырайды. Жартылай ыдырау кезеңі шамамен 2,5 сағатты құрайды. Ішке қолдануға арналған ерітіндіде диметиндиннің жүйелік жетімділігі шамамен 70 болады. Жартылай ыдырау кезеңі - 6 сағатқа жуық.

Фармакодинамикасы

Виброцил – құрамында фенилэфрин және диметинден бар біріктірілген препарат.

Фенилэфрин – симпатомиметикалық дәрі, жергілікті қолданған кезде тамырды орташа тарылтады (мұрынның шырышты қабығының көктамырларында орналасқан альфа1-адренорецепторларды көтермелеу есебінен), мұрынның және оның қосалқы қуыстарының шырышты қабықтарының ісінуін кетіреді.

Диметинден аллергияға қарсы дәрі – гистаминді Н1-рецепторларының антагонисі; мұрын шырышының жыпылықтағыш эпителийі белсенділігін төмендетпейді.

Қолданылуы

  • жедел ринитте (суық тиюден болған ауруларда)

  • аллергиялық ринитте (пішен қызбасы)

  • вазомоторлы ринитте

  • созылмалы ринитте

  • жедел және созылмалы синуситте

  • жедел ортаңғы отитте (қосымша емдеу әдісі ретінде)

  • мұрын маңайына жасалатын хирургиялық араласуға дайындауда және хирургиялық араласудан кейін мұрын мен оның қосалқы қуыстарының ісінуін жоюда.

Қолдану тәсілі және дозалары

6 жастан асқан балаларға және ересектерге гельді әрбір мұрын жолына мүмкіндігінше тереңірек етіп, тәулігіне 3-4 рет жағады (соңғы аппликацияны ұйқыға жатар алдында жасайды). Препаратты ұйқыға жатар алдында қолдану оның түні бойы әсерін қамтамасыз етеді. Емделу курсы 1 апта.

 

Жағымсыз әсерлері

  • мұрынның шырышты қабығы тарапынан сәл білінетін және транзиторлы жергілікті реакциялар (күйдіру немесе құрғау сезімі)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • атрофиялық ринит (оның ішінде, күлімсі иісті бөлінді бөлінетін - озена)

  • МАО тежегіштерін қабылдау (бір мезгілде немесе алдыңғы 14 күнде)

  • жүктілік, лактация кезеңі

  • фруктоза жақпаушылығы бар емделушілер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фенилэфринді (тамыр тарылтқыш басқа дәрілер сияқты) МАО тежегіштерін осы кезде немесе оны алдыңғы 2 апта ішінде қабылдаған науқастарға қолдануға болмайды.

Препаратты үшциклді антидепрессанттармен, бета-адреноблокаторлармен бір мезгілде тағайындамаған жөн.

Айрықша нұсқаулар

Артериялық гипертензиясы, аритмиясы, жүрек-қан тамыр аурулары бар науқастарға, сондай-ақ жайылған атерсклерозы, қалқанша без аурулары, жабық бұрышты глаукомасы, қуық асты безінің аденомасы, инсулинге тәуелді қант диабетімен науқастарға сақтықпен қолданылады.

Қан тамырын тарылтатын кез келген жергілікті дәрілерді қолданған жағдайдағы сияқты Виброцилді симпатомиметиктерге айқын реакция (мысалы, ұйқысыз ететін және бас айналдыратын) беретін емделушілерге тағайындаған кезде сақ болған жөн.

Виброцил гель түрінде әсіресе мұрынның шырышты қабығы құрғаған жағдайда, мұрында қабық пайда болғанда, мұрын жарақатынан болған зардапта, сондай-ақ мұрынның түнде бітелуін болдырмау үшін қолданылады.

Виброцилді дәрігердің кеңесінсіз 1 аптадан артық қолданбаған жөн. Препаратты ұзақ уақыт (2 аптадан астам) немесе шамадан тыс қолдану тахифилаксияны және «рикошет» әсерін (дәрі-дәрмектен болатын ринит) тудыруы, қан тамырларының жүйелік дамуына әкелуі мүмкін.

Виброцилді тиісті дозасынан арттырмаған жөн! Олай болмаған жағдайда препараттың жүйелік әсері көріністерінің дамуы мүмкін.

Педиатриялық іс-тәжірибеде қолданылуы

6 жасқа толмаған балаларға мұрынға тамызу үшін ғана қолданады. Виброцил тыныштандырғыш әсер етпейді (психомоторлы реакциялардың шапшаңдығына ықпалын тигізбейді).

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Кішкентай балалар Виброцилді байқамай ішке қабылдап қойған кезде қандай да болсын ауыр жағымсыз әсерлер білінбеген.

Симптомдары: шаршау сезімі, асқазан тұсының ауыруы, тахикардия, артериялық гипертензия, қозу, ұйқысыздық, тері жабындарының бозаруы (көбінесе балалар ішке байқамай қабылдап қойғанда).

Емі: белсендірілген көмір, іш жүргізетін дәрілерді қолдану (асқазанды шаю қажет емес); ересектерде және 6 жастан асқан - сұйықты мол мөлшерде ішу. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

12 г препараттан пластмасса ұштығы мен пластмасса қақпағы бар алюминий сықпаға салынған. 1 сықпадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Новартис Консьюмер Хелс СА, Швейцария

Novartis Consumer Health SA, Switzerland

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Новартис Консьюмер Хелс СА» , Швейцария

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы, Луганский к-сі, 96

Тел. 8-800-080-0650 (Қазақстан Республикасы бойынша барлық стационарлық телефондардан тегін)

факс: (727) 258-33-03

е -mail: drugsafery.cis@novartis.com

Прикрепленные файлы

949367551477976319_ru.doc 51 кб
663738501477977563_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники