Верона
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Верона
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында:
белсенді заттар:
жатаған тамыртікен жемісінің қою сығындысы 300.0 мг
қысқы шие тамырының қою сығындысы 100.0 мг
әдемі аргирея тұқымының қою сығындысы 60.0 мг
күйдіретін мукуна тұқымының қою сығындысы 25 .0 мг
қосымша зат: тальк
капсула қабығының құрамы: желатин, су, титанның қостотығы (Е171), қызыл хош иісті бояғыш (Е 129), № 1 FD&C бриллиантты көк бояғыш (Е 133), хинолинді сары бояғыш №10 (Е 104), метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий лаурилсульфаты
Сипаттамасы
Корпусы мен қақпағы қызыл түсті, корпусы мен қақпағына «Верона» деп басып жазылған, № 0 өлшемді қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішінде – өзіне тән хош иісі бар қоңыр түсті аморфты ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Эрекция бұзылғанда қолданылатын біріктірілген препараттар.
АТХ коды GO4BE30
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препараттың әсері оның компоненттерінің бірлескен әсері болып табылады, компоненттердің барлығы бірге маркерлер немесе биологиялық зерттеулер көмегімен бақылануы мүмкін емес, сондықтан кинетикалық байқаулар жүргізу мүмкіндігі жоқ. Фармокинетикасын зерттеу тек жекелеген биобелсенді компоненттерге ғана жүргізілген.
Фармакодинамикасы
ВЕРОНА – еркектердің сексуалдық аясындағы функционалдық бұзылуларды, сондай-ақ ерлер мен әйелдер бедеулігін емдеуге арналған құрылымы гормональді емес кешенді фитопрепарат.
Жатаған тамыртікен құрамында стероидты сапониндер бар. Эндогенді тестостерон қалыптастыруды ұлғайту жолымен сперматогенезді көтермелейді, лютеиндеуші гормонның шығарылуын көтермелей отырып, Сертоли жасушалары мөлшерін арттырады. Ұрпақты болу функциясының қалпына келуіне, шәуһет көлемінің көбеюі мен тұтқырлығы төмендеуіне ықпал етеді. Жыныстық құштарлықты жоғарылатады және эректильді функцияны жақсартады. Мезгілсіз ерте эякуляцияны болдырмайды. Тамыртікен сондай-ақ эстроген гормоны түзілуінің көтермеленуіне және артуына ықпал етеді, ол әйелдерде жыныстық құштарлықты жоғарылатады, овуляцияға жеңіл көтермелеуші әсері бар, сонысымен ұрпақты болу функциясын қалпына келтіреді. Жалпы көңіл-күйді жақсартады, шаршағыштықты, ашушаңдықты азайтады, дене және ақыл-ой жұмыстарына қабілеттілікті арттырады, зат алмасуды қалпына түсіреді.
Қысқы шие құрамында алкалоидтар (сомниферин, визанин, сомнин, анагигрин, тропин); амин қышқылдары (тирозин, холин, аланин, пролин, цистин, триптофан); флавоноидтар; гликозидтер бар. Жалпы сергітетін, иммуномодуляциялайтын, антиоксидантты әсері бар. Қуық асты безі мен ұрық қалтасы қызметін ынталандырады. Эрекцияны жоғарылатады. Көңіл-күйді жақсартады.
Әдемі аргирея құрамында майлы май, шайыр, танин бар. Жалпы нығайтатын әсер береді, организмнің уақытынан ерте қартаю үдерісін баяулатады. Адаптогенді, сергітетін және диуретикалық әсерге ие.
Күйдіретін мукуна құрамында алкалоидтар (мукадин, мукадинин, пуридин); гликозидтер, минералдар, майлы қышқылдар бар. Жыныс функциясын реттеуге (бастапқы жағдайына байланысты сергітетін немесе тыныштандыратын) әсер етеді. Айқын жалпы сергіткіш қасиеттері бар. Либидоның жоғарылауына ықпал етеді. Жыныс функциясын реттеуге (бастапқы жағдайына байланысты сергітетін немесе тыныштандыратын) әсер етеді.
Верона – жыныстық белсенділікті биологиялық көтермелейтін және жалпы нығайтатын әсері бар өсімдік тектес препарат.
Бедеулікте - Верона сперматогенезді организмнің гормондық теңгерімін бұзбастан, фолликуластимуляциялаушы гормонды, тестостерон мен лютеиндеуші гормонды (жанамалы түрде сперматозоидтардың түзілуі мен жетілуін көтермелейтін) физиологиялық деңгейге дейін арттыру жолымен көтермелейді. Ұрпақты болуды қалпына келтіруші және ретке келтіруші әсер етеді (шәуһат көлемінің көбеюіне, сперматозоидтар концентрациясы мен қозғалғыштығының жоғарылауына, олардың патологиялық түрлері санының азаюына ықпал етеді).
Сексуалдық аясындағы функционалдық бұзылуларда – препараттың әсерімен лютеиндеуші гормон деңгейі артады, ол тестостеронның түзілуін күшейтеді, соның салдарынан либидо мен эрекцияның ұзақтығы артады. Астенио-невроздық реакциялар айқындылығының төмендеуіне ықпал етеді, бұл жыныстық құштарлықтың күшеюіне, эрекция жиілігі, қарқындылығы мен ұзақтығының жоғарлауына алып келеді. Адаптогенді, жалпы сергіткіш әсер етеді.
Қолданылуы
Сексуалдық аясының функционалдық бұзылуларында:
- еркектерде жыныстық құштарлық төмендегенде, эрекция әлсірегенде, уақытынан ерте эякуляцияда, созылмалы астениялық (нейровертеброгендік және психо-вегетативтік синдромдар) жағдайлар үдерісінде қалыптасқан сперматогенездің бұзылуында
- эректильді дисфункция, олиго – астеноспермияда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Астения кезінде, либидо төмендегенде күніне 1-2 капсуладан 4-6 апта бойы
Соматикалық аурулар аясында еркектерде жыныстық сферасындағы функционалдық бұзылуларында –2 капсула күніне 2 рет 8 апта бойы
Импотенция – 2 капсула күніне 2 рет 8 апта бойы
Олигоспермия - 2 капсула күніне 2 рет 8 апта бойы.
Капсуланы таңертеңгілік тамаққа дейін, кешке – ұйықтар алдында, ең дұрысы сүтпен ішіп, қабылдайды.
Жағымсыз әсерлері
- есекжем, терінің қышуы және бөртпе түріндегі аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Верона препаратын қолдану кезінде аллергиялық реакциялар дамыған кезде дәрігерге көріну керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық
-18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік жас
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қазіргі уақытқа дейін Верона препаратының дәрілік өзара әрекеттесуі сипатталмаған. ОЖЖ басатын дәрілік заттармен, антидепрессанттармен, барбитураттармен, алкогольмен бірге қолданылмайды.
Айрықша нұсқаулар
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
20 және 60 капсуладан индукциялық дәнекерлеу арқылы дәнекерленген, тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыға салынған. Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады. Капсулалар бар құтыға ылғал жұтатын қапшық салынады, бос кеңістік медициналық гигроскопиялық мақтамен толтырылады.
Құтыны қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Хербион Пәкістан Пвт Лтд
30/28 Коранги өндірістік аймағы,
Карачи қ., Пәкістан.
Тіркеу куәлігінің иесі
Хербион Пәкістан Пвт Лтд, Пәкістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Фармация Юниверсал» ЖШС
Алматы қ., Чаплин/Халиуллин к-сі 71/66
Тел: 234-48-53, 234-44-88
Факс: 234-41-77
Е-mail: info.kz@herbion.com