Вентер (1 г) (Sucralfate)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Вентер
Халықаралық патенттелмеген атауы
Сукральфат
Дәрілік түрі
1 г таблеткалар
Құрамы
Бір таблетка құрамында
белсенді зат - 1.0 г сукральфат,
қосымша заттар: жүрегі крахмалы, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Сипаттамасы
Ақ түсті, сопақша пішінді, екі бетінде сызықшасы бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Ойық жараға қарсы және гастроэзофагальді рефлюксті емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТЖ коды A02BX02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сукральфаттың тек 5%-ы ғана асқазан-ішек жолдарынан (АІЖ) сіңеді. Сондай-ақ препарат құрамындағы алюминий иондарының 0.005% сіңеді.
Сіңген сукральфат та, алюминий иондары да метаболизденбейді; олар өзгермеген түрде несеппен шығарылады. Сукральфаттың емшек сүтіне бөлінуі туралы деректер жоқ. АІЖ әлсіз сіңуін ескергенде клиникалық маңызды мөлшері бөлініп шығу ықтималдығы аз. Препараттың көп бөлігі сіңбейді, өзгермеген түрде нәжіспен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Вентер® ойық жараның жазылуын жылдамдатады және олардың қайта дамуының алдын алады. Вентер® жүйелі әсер етпейді. Препарат ойық жара пайда болған орында некроздалған тіндердің ақуыздарымен қорғаныс қабатын түзе отырып, жергілікті әсер етеді. Бұл қабат пепсиннің, асқазан сөлінің және өт қышқылы тұздарының дигестивті әсерін тойтарады. Вентер® пепсин әсерін 30%-ға тежейді. Вентер® асқазан-ішек жолдарынан фосфаттардың сіңуін болдырмайды.
Қолданылуы
- асқазан және он екі елі ішек ойық жарасы ауруының өршу фазасында
- он екі елі ішек ойық жарасы ауруы өршу фазасының алдын алуға
- гемодиализдегі, уремиясы бар емделушілердегі гиперфосфатемияда
- стресстен болған АІЖ шырышты қабығы зақымдануы туындауының алдын алуға және гастроэзофагеальді рефлюкстің жеңіл формасын емдеуге
Қолдану тәсілі және дозалары
Вентерді® аш қарынға, ас ішерден 30-60 минут бұрын қабылдау керек. Таблеткаларды аздаған мөлшердегі сумен іше отырып, тұтастай жұтуға болады.
Асқазан немесе он екі елі ішек ойық жарасы ауруы
1 г препараттан тәулігіне төрт рет қабылдау керек: 1 таблеткадан әрбір негізгі тамақтану алдында (таңғы ас, түскі тамақ, кешкі тамақтану) және бір таблетканы дәл ұйықтар алдында қабылдайды.
Препаратты сондай-ақ тәулігіне екі рет 2 граммнан қабылдауға болады.
Ойық жараны емдеу курсының орташа ұзақтығы 4-тен 6 аптаға дейінді құрайды. Қажет болғанда емді жалғастыруға болады, бірақ ол 12 аптадан астамға созылмауы тиіс. Препаратты ең кемі 4-8 апта бойына немесе талдаумен расталған ойық жара ауруы жазылғанға дейін қабылдау керек.
Он екі елі ішек ойық жарасы ауруы өршуінің алдын алуда
1 г Вентер®(1 таблеткасын ) күніне екі рет.
Гиперфосфатемияда
1 таблеткадан әрбір негізгі тамақтану алдында (таңғы ас, түскі тамақ, кешкі тамақтану) және бір таблетка немесе түйіршіктің 1 пакетін дәл ұйықтар алдында қабылдайды. Тәуліктік дозаны да осылай азайтуға болады.
Гастроэзофагеальді рефлюкстің жеңіл формасын емдеуге
1 таблеткадан әрбір негізгі тамақтану алдында (таңғы ас, түскі тамақ, кешкі тамақтану) және бір таблетканы дәл ұйықтар алдында қабылдайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде
Дозаны түзету талап етілмейді. Гемодиализдегі емделушілерде немесе бүйректің созылмалы ауруы бар емделушілерде (креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден аз (0.5 мл/с)) алюминий иондарының жинақталу қатері бар.
Егде жастағы емделушілерде
Дозаны түзету талап етілмейді.
Балаларда
Қажет болуына қарай, 6 жасқа дейінгі балаларға 0.5 г-ден 1 г-ға дейінгі сукральфатты тәулігіне 4 ретке (әрбір негізгі тамақтану алдында бір сағат бұрын және ұйықтаудың алдында ), яғни 4 аздаған дозада дене салмағының әр кг-на 40 –тан 80 мг-ға дейін тағайындауға болады.
Жағымсыз әсерлері
Жиі (≥1/100 <1/10)
- іш қатуы
Жиі емес (≥1/1,000 <1/100)
-бас ауыруы, вертиго, бас айналуы, сомноленция, бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде тіндерде алюминий иондары құрамы жоғарылауы мүмкін (энцефалопатия)
- диарея, құсу, жүрек айнуы, метеоризм, ауыз кебуі
Сирек (≥1/10,000 <1/1000)
- люмбаго
Өте сирек (<1/10,000)
- бөртпе, есекжем, қышыма
Сукральфат қабылдаудан болатын жағымсыз әсерлер әлсіз білінеді және препаратпен емді тоқтатуды сирек талап етеді.
Маңызды жағымсыз әсерлер туындаған жағдайда препаратпен емді тоқтату керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- сукральфатқа және препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдықта.
- бүйрек қызметінің айқын бұзылуында
- 6 жасқа дейінгі балалық жаста
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Егер сукральфатпен емдегенде антацидтер қолданылса, онда оларды сукральфат қабылдардың алдында 30 минут бұрын немесе сукральфат қабылдаған соң 30 минуттан кейін қабылдаған дұрыс.
Құрамында алюминий иондары бар препараттар (мысалы жекелеген антацидтер) алюминий иондарын шығару қабілеті төмен емделушілерде алюминий иондарының жинақталуын туындатуы мүмкін.
Сукральфат тетрациклиндер, фторхинолонды антибиотиктер, H2 рецепторларының антагонистері, диоксин, теофилин, варфарин, кетоконазол, l‑тироксин, хинидин және дифенин сияқты кейбір препараттардың сіңуін төмендетуі мүмкін. Бұл препараттарды сукральфатпен бір мезгілде қабылдағанда сукральфат қабылдардан кемінде 2 сағат бұрын қолдану керек.
Сукральфат тамақтан және кейбір препараттардан алынатын ақуыздармен байланысуы мүмкін. Сондықтан сукральфаттың асқазаннан шығарылуы баяу емделушілерде, сукральфат назогастральді зонд арқылы енгізілетін емделушілерде препаратты алу безоар түзілуіне алып келуі мүмкін. Сукральфат назогастральді зонд арқылы енгізілетін емделушілерде сукральфатты тамақтан және басқа да препараттардан бөлек қабылдау керек.
Айрықша нұсқаулар
Сукральфат құрамындағы алюминий иондарының аздаған мөлшері асқазан-ішек жолдарынан сіңеді. Олар дені сау адамдарда бүйрекпен шығарылады, алайда бүйректің айтарлықтай ауруы бар емделушілерде алюминий иондары ағзада жинақталуы мүмкін, сондықтан мұндай емделушілерге Вентерді® мүмкін болатын қысқа уақыт ішінде қабылдауы керек. Құрамында алюминий иондары бар (жекелеген антацидтер) басқа да препараттарды бір мезгілде қабылдағанда жинақталу қатері ұлғаяды, сондықтан Вентерді® мұндай препараттармен бір уақытта қабылдау ұсынылмайды. Жинақталған алюминий иондары уыттық әсер етуі мүмкін.
Педиатрияда қолданылуы
Қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер болмауына байланысты
6 жастан кіші балаларға ВЕНТЕР® препаратын қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік және лактация
Сукральфаттың жүктілікке әсері туралы клиникалық деректер жоқ. Сондықтан жүкті әйелдерге препаратты сақтықпен тағайындау керек. Препарат жүктілік кезінде ана денсаулығы үшін болжамды пайдасы сәбиге төнетін зор қатерден артық болатын жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.
Сукральфаттың емшек сүтіне өтуі туралы деректер жоқ, сондықтан бала емізу уақытында препаратты қабылдау ұсынылмайды.
Артық дозаланғанда
Симптомдары: диспепсия, жүрек айнуы, құсу, іштің ауырулары. Үлкен дозаларды ұзақ уақыт қабылдағанда, ішінара бүйрек жеткіліксіздігінде ағзада алюминий иондарының шамадан тыс жинақталуы мүмкін. Алюминий иондары энцефалопатия (дизартрия, апраксия, миоклонус, деменция, құрысулар, ауыр жағдайларда - кома және өлім) және остеомаляциялар (ауырулар, сүйектердің патологиялық сынулары мен деформацияланулары) дамуына дейін жеткізетін алюминиймен улануды туындатуы мүмкін.
Емдеу: препарат қабылдауды тоқтату, асқазан-ішек жолдарынан препараттың сіңбеген мөлшерін шығарып тастауға арналған іс-шаралар жасау, симптоматикалық ем, гемодиализ, гемофильтрация және перитонеальдік диализ жүргізу, дефероксамин қабылдау.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті немесе поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан салынған.
5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, ылғалдан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
КРКА, д.д., Ново место, Словения
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
КРКА, д.д., Ново Место, Словения
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«КРКА, д.д. Ново место» ҚР өкілдігі
050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 5/1, 3 А секциясы, 4 қабат.
тел.: +7 (727) 311 08 09
факс: +7 (727) 311 08 12
www.krka.si