Венларел (37,5 мг)

МНН: Венлафаксин
Производитель: Инвеншиа Хелзкаре Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Venlafaxine
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023733
Информация о регистрации в РК: 13.07.2018 - 13.07.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Венларел

Халықаралық атауы

Венлафаксин

Дәрілік түрі

Босап шығуы ұзаққа созылатын 37.5 мг, 75 мг және 150 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 37.5 мг, 75 мг немесе 150 мг венлафаксинге баламалы венлафаксин гидрохлориді,

қосымша заттар: Non pareil seeds (18-20#) (нонпарель түйіршіктері – ішекте еритін қабығы бар сахарозаның және жүгері крахмалының түйіршіктері), этилцеллюлоза 45 cps, гипромеллоза Е5.

Сипаттамасы

Қызғылт түсті мөлдір емес қақпағы және түссіз мөлдір корпусы бар, өлшемі № 3 капсулар. Капсуланың ішіндегісі – ақтан ақ дерлік түске дейінгі, сфералық немесе сопақша пішінді түйіршіктер (37.5 мг доза үшін).

Қара түсті мөлдір емес қақпағы және қою күрең-қызыл түсті, мөлдір емес корпусы бар, өлшемі № 2 капсулар. Капсуланың ішіндегісі – ақтан ақ дерлік түске дейінгі, сфералық немесе сопақша пішінді түйіршіктер (75 мг доза үшін).

Қою көк түсті мөлдір емес қақпағы және ақ түсті, мөлдір емес корпусы бар, өлшемі № 0 капсулар. Капсуланың ішіндегісі – ақтан ақ дерлік түске дейінгі, сфералық немесе сопақша пішінді түйіршіктер (150 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Антидепрессанттар. Басқа антидепрecсанттар. Венлафаксин.

АТХ коды N06AX16

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Венларел қарқынды түрде метаболизденіп, негізінен, белсенді метаболит, O-десметилвенлафаксин (OДВ) түзеді. Венлафаксиннің және ОДВ-нің плазмадан жартылай шығарылуының ± СО орташа мәні, сәйкесінше, 5±2 сағатты және 11±2 сағатты құрайды. Көп реттік дозаларды пероральді түрде қабылдағанда 3 күн ішінде венлафаксин және ОДВ тепе-тең концентрацияларға жетеді. Венларел және ОДВ күніне 75 мг-ден 450 мг дейінгі дозалар ауқымында дозаға тәуелді кинетиканы көрсетеді.

Сіңуі

Дереу босап шығатын венлафаксинді бір реттік пероральді түрде қабылдағаннан кейін венлафаксиннің ең кемінде 92%-ы сіңеді. Абсолюттік биожетімділігі жүйелік метаболизміне байланысты 40%-дан 45%-ға дейінді құрайды. Босап шығуы баяу венлафаксин және ОДВ ең жоғары шектегі плазмалық концентрацияларына, сәйкесінше, екі және үш сағаттан соң жетеді. Босап шығуы ұзаққа созылатын венлафаксин капсулаларын қабылдағаннан кейін венлафаксин және ОДВ ең жоғары шектегі плазмалық концентрацияларына, сәйкесінше, 5,5 сағат және 9 сағат ішінде жетеді. Тәуліктік тең дозаларда венлафаксинді не босап шығуы баяу таблеткалар түрінде, не босап шығуы ұзаққа созылатын капсулалар түрінде қабылдайды; босап шығуы ұзаққа созылатын капсулалар аз жылдамдықпен сіңуді қамтамасыз етеді, бірақ босап шығуы тез болатын таблеткалармен салыстырғанда, сіңу дәрежесі ұқсас болады. Тамақ ішу венлафаксиннің және ОДВ-нің биожетімділігіне ықпалын тигізбейді.

Таралуы

Венларел және ОДВ емдік концентрацияларда адамдағы плазма ақуыздарымен өте аз дәрежеде байланысады (сәйкесінше, 27% және 30%). Вена ішіне енгізгеннен кейін венлафаксиннің таралу көлемі тепе-тең жағдайда 4,4±1,6 л/кг құрайды.

Биотрансформациясы

Венларел бауырда қарқынды метаболизмге ұшырайды. Іn vitro және in vivo зерттеулер CYP2D6 ферментінің қатысуымен венлафаксиннің негізгі белсенді метаболитке, ОДВ-ге биотрансформацияланатынын көрсетеді. Іn vitro және in vivo зерттеулер CYP3A4 қатысуымен венлафаксиннің аздаған шамада азырақ белсенді метаболитке, N-десметилвенлафаксинге метаболизденетіндігін көрсетеді. Іn vitro және in vivo зерттеулер венлафаксин CYP2D6 әлсіз тежегіші болып табылатындығын көрсетеді. Венларел CYP1A2, CYP2C9 немесе CYP3A4 ферменттерін тежемейді.

Шығарылуы

Венларел және оның метаболиттері іс жүзінде бүйрек арқылы толық шығарылады. Венлафаксин дозасының шамамен 87%-ы 48 сағат ішінде несеппен бірге: 5%-ы өзгермеген күйінде, 29%-ы конъюгацияланбаған ОДВ түрінде, 26%-ы конъюгацияланған ОДВ түрінде, сондай-ақ басқа да белсенді емес аз (27%) метаболиттер түрінде бөлініп шығады. Венлафаксиннің және ОДВ-нің плазмалық клиренсінің ± СО орташа мәндері тепе-тең концентрацияларда, сәйкесінше, 1,3±0,6 л/сағ./кг және 0,4±0,2 л/сағ./кг құрайды.

Пациенттердің ерекше топтары

Жасы және жынысы

Пациенттің жасы және жынысы венлафаксиннің және ОДВ-нің фармакокинетикасына елеулі ықпалын тигізбейді.

CYP2D6 метаболизмі қарқынды/әлсіз адамдар

CYP2D6 метаболизмі әлсіз адамдарда, метаболизмі қарқынды адамдармен салыстырғанда, венлафаксиннің плазмалық концентрациялары жоғары. Осыған байланысты, венлафаксиннің және ОДВ-нің жалпы экспозициясы (AUC) метаболизмі әлсіз және қарқынды адамдарда ұқсас, осы екі топта емдеу сызбасын түзету қажет емес.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауыр функциясы Чайлд-Пью шкаласының А класы бойынша бұзылған (бауыр функциясының жеңіл бұзылулары) және бауыр функциясы Чайлд-Пью шкаласының В класы бойынша бұзылған (бауыр функциясының орташа дәрежедегі бұзылулары) пациенттерде, дені сау субъектілермен салыстырғанда, венлафаксиннің және ОДВ-нің жартылай шығарылу кезеңі артады. Ішке қабылдағаннан кейін венлафаксиннің және ОДВ-нің клиренсі азаяды. Субъектаралық өзгергіштіктік жоғары дәрежеде екендігі байқалды. Бауыр функциясының бұзылуы ауыр болатын пациенттерді зерттеу деректері шектеулі.

Бүйрек функция бұзылған пациенттер

Диализде жүрген пациенттерде, дені сау субъектілермен салыстырғанда, венлафаксиннің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 180%-ға және клиренсі шамамен 57%-дан азға артты, ал ОДВ жартылай шығарылу кезеңі шамамен 142%-ға және клиренсі шамамен 56%-дан азға артты. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде және гемодиализ қажет болатын пациенттерде дозаны түзету қажет болады.

Фармакодинамикасы

Венлафаксиннің депрессияға қарсы әсер ету механизмі орталық жүйке жүйесінде нейромедиаторлар белсенділігінің потенциялануымен байланысты деп саналады. Венларел және оның негізгі метаболиті, O-десметилвенлафаксин (ОДВ), серотонинді және норадреналинді кері қармап қалатын тежегіштер болып табылады. Венларел сондай-ақ дофаминді қармап қалуды әлсіз тежейді. Венларел және оның белсенді метаболиті препаратты бір рет те, сонымен қатар үнемі енгізгенде де β-адренергиялық сезімталдықты азайтады. Венларелдің және ОДВ-нің нейромедиаторларды кері қармап қалуға және рецепторлармен байланысуына жалпы ықпалы өте ұқсас.

Венларелдің in vitro тестілерде мидың мускариндік, холинергиялық, Н1-гистаминергиялық рецепторларына, сондай-ақ α1-адренорецепторларға іс жүзінде ұқсастығы жоқ. Осы рецепторлардың фармакологиялық белсенділігі басқа антидепрессанттарды қолданған кезде байқалатын антихолинергиялық әсерлер, седативтік әсерлер сияқты әртүрлі жағымсыз әсерлермен және жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлермен астасуы мүмкін.

Венларелдің моноаминоксидазаға (МАО) қатысты тежегіш белсенділігі жоқ.

Венларелдің апиындарға немесе бензодиазепиндерге сезімтал рецепторларға іс жүзінде ұқсастығы жоқ.

Әлеуметтік үрейлі бұзылыс

Әлеуметтік үрейлі бұзылыстарды емдеуде венлафаксин капсулаларының тиімділігі қатарласқан топтарда қолайлы дозаларды қолданып жүргізілген төрт салыстырмалы жасырын, 12 апталық, көп орталықтық, плацебо-бақыланатын зерттеулерде және қатарласқан топтарда ересек амбулаторлық пациенттерде белгіленген/қолайлы дозаларды қолданып жүргізілген бір салыстырмалы жасырын, 6 айлық, плацебо-бақыланатын топқа жүргізілген зерттеуде көрсетілді. Пациенттер тәулігіне 75-тен 225 мг дейінгі ауқымдағы дозаны қабылдады. 6 айлық зерттеуде тәулігіне 150-ден 225 мг дейінгі дозаларды қолданылатын топта, тәулігіне 75 мг қабылдайтын топпен салыстырғанда, тиімділігінің жоғарылағанына айғақтар табылған жоқ.

Қолданылуы

- Негізгі депрессиялық көріністерді емдеуде

- Көлемді депрессиялық көріністердің қайталануына жол бермеу үшін

- Жайылған үрейлі бұзылыстарды емдеуде

- Әлеуметтік үрейлі бұзылыстарды емдеуде

- Агорафобиялы немесе онсыз үрейлі бұзылыстарды емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Негізгі депрессиялық көріністер

Венларелдің ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 75 мг құрайды. Тәулігіне бастапқы 75 мг дозаны қолданған кезде жауап байқалмайтын пациенттерде дозаны тәулігіне ең жоғары 375 мг дозаға дейін арттырғанда жақсаруға қол жеткізілуі мүмкін. Дозаны арттыруды 2 апта немесе одан көбірек аралықпен жүргізген жөн. Егер симптомдардың ауырлығымен байланысты клиникалық тұрғыдан негізді болса, дозаны арттыруды қысқа аралықтармен жүргізуге болады, алайда аралықтар кем дегенде 4 күнді құрауы тиіс.

Дозаға тәуелді жағымсыз әсерлердің туындау қаупі бар болғандықтан, дозаны әрбір арттыруды клиникалық баға берілгеннен кейін ғана жүргізу керек. Препараттың тиімді ең төмен дозасын қолданған жөн.

Пациенттер жеткілікті уақыт кезеңі ішінде ем қабылдауы тиіс, ол әдетте бірнеше айды немесе одан көбіректі құрайды. Емдеуді жекелей негізде ұдайы қайта қарастыру қажет. Үлкен депрессиялық көрністердің (ҮДК) қайталануына профилактика жүргізу үшін ұзағырақ ем қолданылуы мүмкін. Көптеген жағдайларда ҮДК профилактикасы үшін ұсынылатын дозалар ағымдағы көріністерді емдеу үшін қолданылатын дозаларға ұқсас.

Антидепрессанттармен емдеуді ремиссияға қол жеткізгеннен кейін ең кемінде алты ай бойы жалғастырған жөн.

Әлеуметтік үрейлі бұзылыс

Венларелдің ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 75 мг құрайды. Көбірек жоғары дозалардың қосымша пайдаға әкелетініне айғақтамалар жоқ.

Алайда тәулігіне бастапқы 75 мг дозаны қолданған кезде жауап байқалмайтын пациенттерде дозаны тәулігіне ең жоғары 225 мг дозаға дейін арттыруды қарастыруға болады. Дозаны арттыруды 2 апта немесе одан көбірек аралықпен жүргізген жөн.

Дозаға тәуелді жағымсыз әсерлердің туындау қаупі бар болғандықтан, дозаны әрбір арттыруды клиникалық баға берілгеннен кейін ғана жүргізу керек. Препараттың тиімді ең төмен дозасын қолданған жөн.

Пациенттер жеткілікті уақыт кезеңі ішінде ем қабылдауы тиіс, ол әдетте бірнеше айды немесе одан көбіректі құрайды. Емдеуді жекелей негізде ұдайы қайта қарастыру қажет.

Егде жастағы пациенттерге қолдану

Пациенттің жасының ғана негізінде Венларелдің дозасын арнайы түзету қажет деп саналмайды. Сондықтан егде жастағы адамдарды емдеген кезде (мысалы, қартаю үдерісінде байқалатын бүйрек функциясының ықтимал бұзылуымен, нейромедиаторларға сезімталдығының ықтимал өзгеруімен және аффинитеттің өзгеруімен байланысты) сақтық танытқан жөн. Әрдайым тиімді ең төмен дозаны пайдалану керек, және дозаны арттыру қажет болғанда пациенттерге мұқият бақылау жүргізген жөн.

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдану

Венларел балалар мен жасөспірімдерге қолдану үшін ұсынылмайды.

Үлкен депрессиялық бұзылыстары бар балалар мен жасөспірімдерде жүргізілген бақыланатын клиникалық зерттеулер препараттың тиімділігін көрсеткен жоқ және мұндай пациенттерде Венларелді қолдануды демеуге деректер берілген жоқ.

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде басқа көрсетілімдер бойынша Венларелді қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге қолдану

Әдеттегідей, бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттерде дозаны 50%-ға төмендетуді қарастырған жөн. Дегенмен, клиренстің жекелей аралық құбылмалылығына байланысты дозаны жекелей түзеткен дұрыс болуы мүмкін.

Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде препаратты қолдану жөнінде деректер шектеулі. Мұндай жағдайларда сақтық танытқан жөн, сондай-ақ дозаны 50%-дан көбірекке төмендетуді қарастыру керек. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерді емдегенде потенциалды пайдасын қаупіне қатысты бағалаған жөн.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге қолдану

Шумақтық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) 30-70 мл/мин аумағында болатын пациенттерде дозаны түзету қажет болмаса да, препаратты мұндай пациенттерде абайлап қолдану керек. Гемодиализді қажет ететін пациенттерде, және бүйрек функциясының бұзылуы ауыр (ШСЖ <30 мл/мин) пациенттерде дозаны 50%-ға азайтқан жөн. Дегенмен, клиренстің жекелей аралық құбылмалылығына байланысты мұндай пациенттерде дозаны жекелей түзеткен дұрыс болуы мүмкін.

Венлафаксинмен емдеуді тоқтатқан кезде байқалатын тоқтату симптомдары

Емдеуді күрт тоқтатуға жол бермеген жөн. Венлафаксинмен емдеуді тоқтатқан кезде, тоқтату симптомдарының қаупін азайту үшін, дозаны ең кемінде 1-2 апта бойы біртіндеп төмендету керек. Егер дозаны төмендеткеннен кейін немесе емдеуді тоқтатқаннан кейін төзгісіз симптомдар пайда болса, емдеуді бұрын тағайындалған дозада емдеуді қайта жаңғырту мүмкіндігін қарастыруға болады. Дәрігер ақырында дозаны төмендетуді жалғастыруы мүмкін, бірақ біртіндеп төмендетеді.

Пероральді түрде қабылдау үшін.

Венларел капсулаларын күн сайын белгілі бір уақытта тамақпен бірге қабылдау ұсынылады. Капсуланы бөлмей, шайнамай және ерітпей, сумен ішіп тұтастай жұтқан жөн.

Дереу босап шығатын Венларел таблеткаларын қабылдап жүрген пациенттерді ең көп дегенде тәуліктік дозаға баламалы болуы мүмкін, босап шығуы ұзаққа созылатын Венларел капсуласына ауыстыруға болады. Мысалы, дереу босап шығатын 37,5 мг венлафаксин таблеткаларын тәулігіне екі рет қабылдағанда пациентті босап шығуы ұзаққа созылатын тәулігіне бір рет қабылданатын 75 мг доза венлафаксин капсулаларына ауыстыруға болады. Дозаны жекелей түзету қажет болуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Клиникалық зерттеулерде өте жиі кездескен (>1/10) жағымсыз реакциялар жүректің айнуы, ауыз ішінің құрғауы, бас ауыру және тершеңдік (соның ішінде түнгі уақытта) болды.

Әрі қарай жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі көрсетіліп, ағзалар класы және жүйелері бойынша берілген.

Туындау жиілігі былайша жіктелген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10 000, <1/1000), өте сирек (<1/10 000), жиілігі белгісіз (жиілігіне қолда бар деректер арқылы баға беру мүмкін емес).

Организм жүйесі

Өте жиі

Жиі

Жиі емес

Сирек

Жиілігі белгісіз

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

       

Тромбоцитопения

Қан дискразиясы (агранулоцитозды, апластикалық анемияны, нейтропенияны, панцитопенияны қоса)

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

       

Анафилаксиялық реакция

Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар

       

Антидиурездік гормонның адекватты емес секрециясы синдромы (АГАЕСС)

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

 

Тәбеттің нашарлауы

   

Гипонатриемия

Психиканың бұзылулары

 

Сананың шатасуы

Өзін өзі танымау

Аноргазмия

Либидоның төмендеуі

Күйгелектік

Ұйқысыздық

Патологиялық түстер көру

Елестеулер

Қоршаған ортаны сезінудің бұзылуы

Қозу

Оргазм бұзылыстары (әйелдерде)

Апатия

Гипомания

Бруксизм

Мания

Суицидтік ойлар және мінез-құлық *

Сандырақтау

Озбырлық**

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Бас айналу

Бас ауыру***

Ұйқышылдық

Тремор

Парестезия

Гипертония

Акатизия/Психомоторлы мазасыздық

Естен тану

Миоклонус

Үйлесімнің бұзылуы

Тепе-теңдіктің бұзылуы

Дисгевзия

Құрысулар

Қатерлі нейролептикалық синдром (ҚНС)

Серотониндік синдром

Экстрапирамидалық бұзылыстар, дистонияны және дискинезияны қоса

Кеш дискинезия

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар

 

Көрудің бұзылулары, көрудің жіті болмауын қоса

Мидриаз аккомодацияның бұзылуы

   

Глаукоманың жабық бұрышты түрі

Есту мүшелері тарапынан бұзылулар және лабиринттік бұзылулар

 

Құлақтың шуылдауы

   

Вертиго

Жүрек тарапынан бұзылулар

 

Жүрек қағуы

Тахикардия

 

Қарыншалар фибрилляциясы

Қарыншалық тахикардия (torsade de pointes қоса)

Қантамырлар тарапынан бұзылулар

 

Гипертония

Вазодилатация (көбінесе гиперемия түрінде көрініс береді)

Ортостаздық гипотензия

 

Гипотензия

Қан кету (шырышты қабықтардан қан кету)

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысының ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар

 

Есінеу

Ентігу

 

Өкпе эозинофилиясы

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Жүректің айнуы

Ауыз ішінің құрғауы

Құсу

Диарея

Іш қату

Асқазан-ішек жолынан қан кету

 

Панкреатит

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

       

Гепатит

Бауыр функциясына жасалған зертханалық тестілерде ауытқулар

Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар

Гипергидроз (түнгі тершеңдік)

 

Ангионевроздық ісіну, Фотосезімталдық

реакциялары

Экхимоздр

Бөртпе

Алопеция

 

Стивенс-Джонсон синдромы

Көпформалы эритема

Уытты эпидермальді некролиз

Қышыну

Есекжем

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндері тарапынан бұзылулар

       

Рабдомиолиз

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

 

Дизурия (негізінен несеп шығарудың қиын басталуы)

Поллакиурия

Несептің іркілуі

Несепті ұстай алмау

 

Жыныс ағзалары және сүт бездері тарапынан бұзылулар

 

Қан кетудің күшеюімен немесе жүйесіз қан кетумен астасқан етеккір оралымының бұзылулары (яғни меноррагия, метроррагия)

Эякуляцияның бұзылулары

Эректильді дисфункция

     

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар

 

Астения

Қажығыштық

Қалтырау

     

Зертхналық және аспаптық деректер

 

Қандағы холестерин деңгейінің жоғарылауы

Дене салмағының артуы

Дене салмағының кемуі

 

ЭКГ-де QT аралығының ұзаруы

Қан кету уақытының артуы

Қандағы пролактин деңгейінің жоғарылауы

*Венлафаксинмен емдеу кезінде немесе оны қабылдауды тоқтатқаннан кейінгі ерте сатыда суицидтік ниеттер және суицидтік мінез-құлық жағдайларының болғаны сипатталған.

**«Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз

***Біріктірілген клиникалық зерттеулерде бас ауырудың жиілігі венлафаксинді және плацебо қолданғанда да ұқсас болды.

Венлафаксинмен емдеуді тоқтату (әсіресе күрт тоқтату) қабылдауды тоқтату симптомдарының туындауына жиі әкеледі. Бас айналу, сезімталдықтың бұзылулары (парестезияны қоса), ұйқының бұзылулары (ұйқысыздықты және айқын ұйқылар), қозу немесе үрейлену, жүректің айнуы және/немесе құсу, тремор, бас ауыру және тұмау тәріздес синдром өте жиі кездесетін реакциялар болып табылады. Әдеттегідей, бұл құбылыстардың ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежеде болады және өздігінен қайтады, алайда кейбір пациенттерде олар ауыр және ұзаққа созылуы мүмкін. Осыған байланысты, егер венлафаксинмен емдеу енді қажет болмаса, дозаны біртіндеп азайта отырып, емдеуді тоқтату ұсынылады.

Балаларға қолдану

Жалпы алғанда, венлафаксинді (плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулерде) қолданғанда балалар мен жасөспірімдердегі (6-дан 17 жасқа дейінгі) жағымсыз реакциялардың бейіні ересек пациенттердегі бейінге ұқсас болды. Ересектермен аналогия бойынша, балаларда тәбеттің төмендеуі, дене салмағын жоғалту, артериялық қысымның жоғарылауы және сарысудағы холестерин деңгейінің жоғарылауы байқалды.

Клиникалық зерттеулерде балаларда жағымсыз реакциялар ретінде суицидтік ойлар байқалды. Сондай-ақ өшігушілік жағдайларының жиілігі, әсіресе үлкен депрессиялық бұзылыста, өзіне зиян келтіргенде байқалды.

Атап айтқанда, балаларда келесі жағымсыз реакциялар: іштің ауыруы, қозу, диспепсия, экхимоздар, мұрыннан қан кету және бұлшықеттердің ауыруы байқалды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың қандайына болсын аса жоғары сезімталдық

- серотониндік синдромның даму қаупімен байланысты қайтымсыз моноаминоксидаза тежегіштерімен (МАОТ) бір мезгілде емдеу

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Моноаминоксидаза тежегіштері (МАОТ)

Қайтымсыз селективті емес МАОТ

Венлафаксинді қайтымсыз селективті емес МАОТ-пен біріктіріп қолданбаған жөн. Венлафаксинмен емдеуді қайтымсыз селективті емес МАОТ-пен емдеуді тоқтатқаннан кейін 14 күннен ерте бастамаған жөн. Венлафаксинмен емдеуді қайтымсыз селективті емес МАОТ-пен емдеуді бастардан ең кемінде 7 күн бұрын тоқтату керек.

Қайтымды селективті МАО тежегіштерінің А типі (моклобемид)

Серотониндік синдромның даму қаупімен байланысты, венлафаксинді моклобемид сияқты қайтымды және селективті МАОТ-пен біріктіріп қолдану ұсынылмайды. Қайтымды МАО тежегіштерімен емдеуден кейін венлафаксинмен емдеуді бастар алдындағы үзіліс 14 күннен азырақ болуы мүмкін. Венлафаксинмен емдеуді қайтымды МАОТ-пен емдеуді бастаудан ең кемінде 7 күн бұрын тоқтату ұсынылады.

Қайтымды селективті емес МАОТ (линезолид)

Антибиотик линезолид әлсіз қайтымды және селективті емес МАО тежегіші болып табылады, және оны венлафаксин қабылдап жүрген пациенттерге қолданбаған жөн.

Ауыр жағымсыз реакциялар жақын арада МАОТ қабылдауды тоқтатқан және венлафаксинмен емдеуді бастаған, немесе МАОТ-пен емдеуді бастағанға дейін венлафаксинмен емдеуді тоқтатқан пациенттерде байқалды. Бұл реакциялар қатерлі нейролептикалық синдром синдромы типті симптомдармен, құрысулармен және өліммен біріккен треморды, миоклонияны, тершеңдікті, жүректің айнуын, құсуды, қан кернеулерді, бас айналуды және қызбаны қамтыды.

Серотониндік синдром

Басқа да серотонинергиялық заттарды қолданған кездегідей венлафаксинмен емдегенде, әсіресе басқа серотонинергиялық препараттармен (соның ішінде триптандар, СКҚСТ, СНКҚТ, литий препараттары, сибутрамин, трамадол немесе Шайқурай [Hypericum perforatum]), серотониннің метаболизмін бұзатын препараттармен (МАОТ қоса), немесе серотониннің ізашарларымен (мысалы, құрамында триптофан бар қоспалар) бір мезгілде қолданғанда серотонидік синдром дамуы мүмкін.

Егер венлафаксинмен және СКҚСТ, СНКҚТ немесе серотониндік рецепторлардың селективті агонисімен (триптан) бір мезгілде емдеу клиникалық көзқарас тұрғысынан қажетті болып табылса, әсіресе емдеуді бастағанда және дозаны арттырған кезде пациентті мұқият қадағалау ұсынылады. Венлафаксинді серотониннің ізашарларымен (мысалы, құрамында триптофан бар қоспалар) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

ОЖЖ-ге әсер ететін заттар

Венлафаксинді ОЖЖ-ге әсер ететін басқа заттармен біріктіріп қолдану қаупіне жүйелі түрде баға берілген жоқ. Сондықтан венлафаксинді ОЖЖ-ге әсер ететін басқа заттармен біріктіруді абайлап қолданған жөн.

Этанол

Венлафаксин этанолдың әсерінен психикалық және қимыл-қозғалыс функциясының нашарлауын күшейткен жоқ. Алайда ОЖЖ-ге әсер ететін барлық заттарды қолданған кездегі сияқты, пациенттерге алкогольді қолдануға жол бермеуге кеңес берген жөн.

Р450 цитохромының изоферменттерімен метаболизденетін басқа дәрілік препараттарға венлафаксиннің ықпалы

Іn vivo зерттеулер венлафаксиннің біршама CYP2D6 әлсіз тежегіші болып табылатындығын көрсетеді. Венлафаксин CYP3A4 (алпразолам және карбамазепин), CYP1A2 (кофеин), CYP2C9 (толбутамид) немесе CYP2C19 (диазепам) in vivo тежеген жоқ.

Басқа дәрілік препараттардың венлафаксинге ықпалы

Кетоконазол (CYP3A4 тежегіші)

CYP2D6 қарқынды және әлсіз метаболизмі бар субъектілерде кетоконазолдың фармакокинетикасына жүргізілген зерттеу кетоконазолды енгізгеннен кейін AUC венлафаксиннің (CYP2D6 метаболизмі әлсіз және қарқынды субъектілерде, сәйкесінше, 70% және 21%) және O-десметилвенлафаксиннің AUC мәнінің өте жоғары көрсеткіштерін (CYP2D6 метаболизмі әлсіз және қарқынды субъектілерде, сәйкесінше, 33% және 23%) көрсетті. CYP3A4 тежегіштерін (мысалы, атазанавир, кларитромицин, индинавир, итраконазол, вориконазол, позаконазол, кетоконазол, нелфинавир, ритонавир, саквинавир, телитромицин) және венлафаксинді бір мезгілде қолдану венлафаксин және О-десметилвенлафаксин деңгейінің артуына әкелуі мүмкін. Сондықтан CYP3A4 тежегіштерін және венлафаксинді қолданғанда сақтық таныту қажет.

Венлафаксиннің басқа дәрілік препараттарға ықпалы

Литий препараттары

Венлафаксинді және литий препараттарын бір мезгілде қолданғанда серотониндік синдром туындауы мүмкін (Серотониндік синдромды қараңыз).

Диазепам

Венлафаксин диазепамның және оның белсенді метаболиті, десметилдиазепамның фармакокинетикасына және фармакодинамикасына ықпалын тигізбейді. Диазепам венлафаксиннің және O-десметилвенлафаксиннің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді. Басқа бензодиазепиндермен фармакокинетикалық және/немесе фармакодинамикалық өзара әрекеттесулердің бар-жоқтығы белгісіз.

Имипрамин

Венлафаксин имипраминнің және 2-ОН-имипраминнің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді. Венлафаксинді тәулігіне 75 мг-ден 150 мг дейінгі дозаларда қолданғанда 2-ОН-дезипраминнің AUC мәнінің дозаға байланысты 2,5-4,5 есеге артқаны байқалды. Имипрамин венлафаксиннің және О-десметилвенлафаксиннің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді. Осы өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы белгісіз. Венлафаксинді және имипраминді бір мезгілде қолданғанда сақтық танытқан жөн.

Галоперидол

Галоперидолды фапмакокинетикалық зерттеу галоперидолды ішке қабылдағанда оның жалпы клиренсінің 42%-ға төмендегенін және AUC және Cmax көрсеткіштерінің, сәйкесінше, 70%-ға және 88%-ға артқанын, сонымен қатар галоперидолдың жартылай шығарылу кезеңінің өзгермеген күйінде сақталғанын көрсетті. Мұны галоперидол мен венлафаксинді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерді емдеген кезде ескерген жөн. Осы өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы белгісіз.

Рисперидон

Венлафаксин рисперидонның AUC мәнін 50%-ға арттырды, бірақ жалпы әсер етуші заттың (рисперидон плюс 9-гидроксирисперидон) фармакокинетикалық бейініне елеулі ықпалын тигізген жоқ. Осы өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы белгісіз.

Метопролол

Венлафаксинді және метопрололды бір мезгілде қолдану, екі препараттың фармакокинетикалық өзара әрекеттеулеріне жүргізілген зерттеулерде, дені сау ерікті адамдарда плазмадағы белсенді заттың, α- гидроксиметопрололдың концентрацияларын өзгертпей-ақ, метопрололдың плазмалық коцентрациясының шамамен 30-40%-ға артуына әкелді. Гипертензиясы бар пациенттерде осы деректердің клиникалық маңыздылығы белгісіз. Метопролол венлафаксиннің немесе оның белсенді метаболитінің O-десметилвенлафаксиннің фармакокинетикалық бейініне ықпалын тигізген жоқ. Венлафаксинді және метопрололды бір мезгілде қолданғанда сақтық танытқан жөн.

Индинавир

Индинавирді фармакокинетикалық зерттеу индинавирдің AUC мәнінің 28%-ға төмендегенін және Cmax мәнінің 36%-ға төмендегенін көрсетті. Индинавир венлафаксиннің және О-десметилвенлафаксиннің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді. Осы өзара әрекеттесулердің клиникалық маңыздылығы белгісіз.

Пероральді контрацептивтер

Тіркеуден кейінгі кезеңде венлафаксинмен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде жоспарсыз жүктілік жағдайлары байқалды. Жүктіліктің бұл жағдайларының контрацептивтердің венлафаксинмен өзара әрекеттесуінің нәтижесі болғанына дәлелді айғақтамалар жоқ. Гормональді контрацептивтермен өзара әрекетесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Суицид/суицидтік ойлар немесе клиникалық нашарлау

Депрессия суицидтік ойлардың, өзіне зақым келтірудің және суицидтің (суицидпен байланысты құбылыстар) жоғары қаупімен астасады. Бұл қауіп тұрақты ремиссияға қол жеткізілгенше сақталады. Емдеудің алғашқы бірнеше аптасы бойы немесе ұзағырақ кезеңі ішінде жақсару байқалмауы мүмкін болғандықтан, жақсарулар дамыған кезге дейін пациенттерге мұқият бақылау жүргізген жөн. Жалпы клиникалық тәжірибе қалпына келудің ерте сатыларында суицид қаупінің ұлғаюы мүмкін екендігін айғақтайды.

Венлафаксин тағайындалатын басқа да психикалық бұзылыстар да суицидтік құбылыстар қаупінің жоғарылауымен астасуы мүмкін. Бұдан басқа, осындай жағдайларда қатар жүретін үлкен депрессиялық бұзылыс байқалуы мүмкін. Сондықтан басқа психикалық бұзылыстары бар пациенттерді емдеген кезде, депрессиялық бұзылысы үлкен пациенттерді емдеген кездегідей, сақтық шараларын жүзеге асырған жөн.

Анамнезінде суицидпен байланысты құбылыстар көрсетілген, сондай-ақ емдеуді бастағанға дейін айқын суицидтік ниеттер орын алған пациенттерде суицидтік ойлар немесе суицидтік әрекеттер қаупі жоғары болады, сондықтан емдеу кезінде пациенттерге мұқият бақылау жүргізген жөн. 25 жастан жасырақ пациенттерде антидпрессанттарды қолданған кезде (плацебомен салыстырғанда) суицидтік мінез-құлықтың жоғары қаупі байқалады.

Пациенттерде дәрі-дәрмектік ем, әсіресе жоғары қаупі бар пациенттерде, мұқият бақылаумен жүргізілуі тиіс. Емдеуді бастау кезеңі және кейіннен дозаларды өзгерту ерекше мәнге ие. Пациенттерге (сондай-ақ олардың көмекшілеріне) кез келген клиникалық нашарлау тұрғысында, суицидтік мінез-құлқын немесе ойларын, мінез-құлқының әдеттегідей емес өзгерістерін бақылау қажеттілігі жөнінде, сондай-ақ мұндай симптомдар бар болған жағдайда медициналық жәрдем алуға жүгіну қажеттілігі жөнінде алдын ала ескерткен жөн.

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдану

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді емдеу үшін қолданбаған жөн. Антидепрессанттарды қабылдап жүрген балаларда және жасөспірімдерде, суицидтік мінез-құлық көріністері (суицидтік әрекеттер және суицидтік ойлар) және өшігушілік (көбіне озбырлық, оппозициялық мінез-құлық және ыза), плацебо қолданған кездегіге қарағанда, жиі байқалды. Дегенмен, егер клиникалық қажеттілік негізінде ем жүргізу жөнінде шешім қабылданса, пациенттерді суицидтік симптомдардың дамуы тұрғысынан мұқият бақылау керек. Бұдан басқа, балаларда және жасөспірімдерде олардың өсуіне, жетілуіне, сондай-ақ когнитивтік функциясының және мінез-құлығының дамуына қатысты ұзақ мерзімдік қауіпсіздігіне қазіргі таңда деректер жоқ.

Серотониндік синдром

Басқа да серотонинергиялық заттарды қолданған кездегі сияқты, венлафаксинмен емдеу кезінде өмір үшін потенциалды қауіпті серотониндік синдром немесе қатерлі нейролептикалық синдромға (ҚНС) ұқсас реакциялар, әсіресе басқа серотонинергиялық препараттармен (соның ішінде СКҚСТ, СНКҚТ және триптандар), серотониннің метаболизмін бұзатын МАО тежегіштері сияқты препараттармен (мысалы, метилен көгі), немесе психозға қарсы дәрілермен немесе басқа да дофамин агонистерімен бір мезгілде қолданғанда дамуы мүмкін.

Серотониндік синдром сананың өзгеруі (мысалы, қозу, елестеулер, кома), вегетативті тұрақсыздық (мысалы, тахикардия, артериялық қысымның тұрақсыздығы, гипертермия), жүйке-бұлшықет бұзылулары (мысалы, гиперрефлексия, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы) және/немесе асқазан-ішектік симптомдар (мысалы, жүректің айнуы, құсу, диарея) түрінде көрініс беруі мүмкін. Серотониндік синдром ауыр түрдегі Қатерлі нейролептикалық синдромды (ҚНС) еске түсіруі мүмкін, оның көрініс беруі гипертермияны, бұлшықеттердің сіресуін, өмірлік маңызды функциялар көрсеткіштерін тез ауытқытуы және психикалық жағдайларды өзгертуі мүмкін вегетативті тұрақсыздықты қамтиды.

Егер венлафаксинмен және серотониннің және/немесе дофаминнің нейромедиаторлар жүйесіне ықпал етуі мүмкін басқа препараттармен бір мезгілде емдеу клиникалық көзқарас тұрғысынан қажет деп табылса, әсіресе емдеуді бастаған кезде және дозаны арттырған кезде пациенттерді мұқият қадағалау ұсынылады.

Серотониннің ізашарларымен (мысалы, құрамында триптофан бар қоспалар) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Жабық бұрышты глаукома

Венлафаксинді қолданған кезде мидриаз байқалуы мүмкін. Осы себепті көзішілік қысымы жоғарылаған және жабық бұрышты жедел глаукоманың даму қаупі бар пациенттердің жағдайын мұқият қадағалау ұсынылады.

Артериялық қысым

Венлафаксинді қолданған кезде артериялық қысымның дозаға байланысты жоғарылауы жиі байқалды. Кейбір жағдайларда тіркеуден кейінгі кезеңде артериялық қысымның шұғыл емдеуді қажет ететін ауыр жоғарылауы байқалды. Емдеуді бастар алдында барлық пациенттерде артериялық қысымның жоғарылауы тұрғысында және гипертензиясы бар болғанның өзінде мұқият скрининг жүргізген жөн. Артериялық қысымды да емдеуді бастағаннан кейін және дозаны арттырғаннан кейін мезгіл-мезгіл өлшеп отыру керек. Артериялық қысымның жоғарылау әсерінен, мысалы, жүрек функциясы бұзылғанда, бұрыннан бар аурулары нашарлауы мүмкін пациенттерге препаратты тағайындағанда сақтық таныту керек.

Жүректің жиырылу жиілігі

Жүректің жиырылу жиілігінің артуы, атап айтқанда, өте жоғары дозаларды қолданған кезде байқалуы мүмкін. Жүректің жиырылу жиілігі бұрыннан бар ауруларын нашарлатуы мүмкін болатын пациенттерге препаратты тағайындағанда сақтық танытқан жөн.

Жүрек аурулары және аритмия қаупі

Венлафаксинді қолдануға жақын арада миокард инфарктісін бастан кешіргені анамнезінде көрсетілген немесе жүрек ауруы тұрақсыз пациенттерде баға берілген жоқ. Сондықтан мұндай пациенттерде препаратты абайлап қолдану керек.

Тіркеуден кейінгі кезеңде венлафаксинді қолданғанда, әсіресе артық дозаланған кезде өліммен аяқталатын жүрек аритмиялары байқалды. Венлафаксинді жүрек ырғағының күрделі бұзылуларының жоғары қаупі бар пациенттерге тағайындар алдында пайдасы мен қаупінің арақатынасына баға берген жөн.

Құрысулар

Венлафаксинмен емдеген кезде құрысулар пайда болуы мүмкін. Барлық антидепрессанттармен аналогиясы бойынша, венлафаксинді анамнезінде құрысулары бар пациенттерге абайлап тағайындаған, және мұндай пациенттерге мұқият бақылау жүргізген жөн. Кез келген пациентте құрысу дамыған кезде емдеуді тоқтату керек.

Гипонатриемия

Венлафаксинді қолданған кезде гипонатриемия және/немесе диурезге қарсы гормонның адекватты емес секрециясының синдромы байқалуы мүмкін. Бұл жағдайлар гиповолемиясы бар немесе сусыздану орын алған пациенттерде өте жиі байқады. Егде жастағы пациенттер, диуретиктерді қабылдап жүрген пациенттер, сондай-ақ басқа себептермен байланысты гиповолемиясы бар пациенттер осы құбылыстардың дамуының үлкен қаупіне ұшырауы мүмкін.

Патологиялық қанағыштық

Серотонинді қармап қалатын дәрілік препараттарды қолданған кезде тромбоциттер функциясының бәсеңдегені байқалуы мүмкін. Венлафаксинді қабылдап жүрген пациенттерде, асқазан-ішектен қан кетуді қоса, терілерден немесе шырышты қабықтардан қан кетулердің жоғары қаупі бар. Серотонинді кері қармап қалатын басқа тежегіштерді қолданған кездегі сияқты, венлафаксинді қан кетуге бейімірек пациенттерде, соның ішінде антикоагулянттарды және тромбоциттер тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен қолданған жөн.

Сарысу холестерині

Ұзақ уақыт емдеген кезде холестериннің сарысулық деңгейін бақылауды қарастырған жөн.

Дене салмағының азаюына әкелетін препараттармен бір мезгілде қолдану

Венлафаксинді дене салмағының азаюына әкелетін препараттармен (фентерминді қоса) біріктіріп емдеудің тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталған жоқ. Венлафаксинді дене салмағының азаюына әкелетін препараттармен қатар қолдану ұсынылмайды. Дене салмағын төмендету мақсатында венлафаксин монотерапия немесе басқа препараттармен біріктірілім түрінде қолданылмайды.

Мания/гипомания

Антидепрессанттар (венлафаксинді қоса) қабылдап жүрген, көңіл-күй бұзылыстары бар пациенттерде мания/гипомания туындауы мүмкін. Басқа антидепрессанттармен аналогиясы бойынша, венлафаксинді жеке және отбасылық анамнезінде биполярлы бұзылыстары бар пациенттерге қолданғанда сақ болған жөн.

Озбырлық

Антидепрессанттарды (венлафаксинді қоса) қабылдап жүрген пациенттерде озбырлық туындауы мүмкін. Мұндай жағдайлар емдеуді бастаған кезде, дозаны өзгерткенде, сондай-ақ емдеуді тоқтатқан кезде байқалды.

Басқа антидепрессанттармен аналогиясы бойынша, венлафаксинді анамнезінде озбырлық бар пациенттерге қолданғанда сақ болған жөн.

Емдеуді тоқтату

Тоқтату симптомдары емдеуді тоқтатқан кезде, әсіресе емдеуді күрт тоқтатқан кезде жиі туындайды. Тоқтату симптомдарының қаупі емдеу ұзақтығы мен дозаны қоса, бірнеше факторларға, сондай-ақ дозаны төмендету жылдамдығына байланысты болуы мүмкін. Бас айналу, сезімталдықтың бұзылулары (парестезияны қоса), ұйқының бұзылуы (ұйқысыздықты және анық түстер көруді қоса), жүректің айнуы және/немесе құсу, тремор және бас ауыру өте жиі реакциялар болып табылады. Әдеттегідей, бұл симптомдардың ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежеде, алайда кейбір пациенттерде ол ауыр болуы мүмкін. Әдетте олар емдеуді тоқтатқаннан кейін алғашқы бірнеше күн ішінде туындайды, алайда дозаны қабылдауды байқамай өткізіп алған пациенттерде мұндай симптомдардың даму жағдайлары өте сирек. Әдетте бұл симптомдар 2 апта ішінде өздігінен қайтады, алайда кейбір адамдарда олар ұзағырақ (2-3 ай және одан көбірек) болуы мүмкін. Сондықтан емдеуді тоқтатқан кезде, пациенттің қажеттілігіне қарай, әдетте бірнеше апта немесе ай ішінде венлафаксиннің дозасын біртіндеп тоқтату ұсынылады.

Акатизия/психомоторлы мазасыздық

Венлафаксинді қолдану субъективті түрде жағымсыздықпен немесе ауыр мазасыздықпен және жиі қимылдау қажеттілігімен, сондай-ақ отыруға немесе орнында түрегеліп тұруға қабілетсіздігімен сипатталатын акатизияның дамуымен астасты. Бұл көбінесе емдеудің алғашқы бірнеше аптасы ішінде жүреді. Осы симптомдар дамитын пациенттерде дозаны арттыру жағымсыз зардаптарға әкелуі мүмкін.

Ауыз ішінің құрғауы

Венлафаксин қабылдаған пациенттердің 10%-да ауыз ішінің құрғауы байқалды. Мұндайда тісжегінің даму қаупі ұлғаюы мүмкін, және пациенттерді ауыз қуысы тазалығының маңыздылығы жөнінде хабардар еткен жөн.

Диабет

Диабеті бар пациенттерде СКҚСТ немесе венлафаксинмен емдеу гликемияны бақылаудың бұзылуына әкелуі мүмкін. Инсулиннің және/немесе диабетке қарсы пероральді препараттардың дозасын түзету қажет болуы ықтимал.

Жүктілікке және лактация кезеңіне ықпал ету ерекшеліктері

Жүкті әйелдерге венлафаксинді қолдану жөнінде адекватты деректер жоқ.

Адам үшін потенциалды қаупі белгісіз. Венлафаксинді жүкті әйелдерге, егер оны қолданудан күтілетін пайда ықтимал қаупінен басым болса ғана, тағайындаған жөн.

Серотонинді кері қармайтын басқа тежегіштерді (СКҚСТ/ СНКҚТ) қолданған кездегі сияқты, жаңа туған нәрестелерде, егер босануға дейін немесе босанудан сәл бұрын венлафаксин қолданылса, тоқтату симптомдары туындауы мүмкін. Жүктіліктің үшінші триместрінің соңында венлафаксиннің әсеріне ұшыраған кейбір жаңа туған нәрестелерде зондпен тамақтандыруды, өкпенің жасанды вентиляциясын немесе ауруханаға ұзақ жатқызуды қажет ететін асқынулар туындаған. Мұндай асқынулар босану бойына бірден пайда болуы мүмкін.

Жүктілік кезінде, әсіресе жүктіліктің кеш мерзімдерінде СКҚСТ қолдану жаңа туған нәрестелерде персистерлеуші өкпе гипертензиясы қаупінің артуына әкелуі мүмкін. Тиісті әсер ету механизмін (серотонинді кері қармаудың тежелуі) ескерсек, венлафаксинді қолданған кездегі бұл потенциалды қауіпті жоққа шығару мүмкін емес.

Жүктіліктің кеш мерзімдерінде аналары СКҚСТ/СНКҚТ қолданған жаңа туған нәрестелерде келесі симптомдар: ашушаңдық, тремор, гипотония, үнемі жылау, емшек емізудің қиындауы немесе ұйқының бұзылуы байқалуы мүмкін. Бұл симптомдар серотонинергиялық әсерлермен байланысты болуы мүмкін немесе препараттың әсер ету біліністері болуы мүмкін. Көптеген жағдайларда бұл асқынулар босанудан кейін бірден немесе босанудан кейін 24 сағат ішінде көрініс береді.

Емшек емізу

Венлафаксин және оның белсенді метаболиті, O-десметилвенлафаксин, емшек сүтімен бірге бөлініп шығады. Тіркеуден кейінгі кезеңде емшек еміп жүрген сәбилерде жылауықтық, ашушаңдық және ұйқы бұзылыстары байқалды. Емшек емізуді тоқтатқаннан кейін сондай-ақ венлафаксинді тоқтату симптомдарына сай келетін симптомдар байқалған. Емшек еміп жүрген нәресте үшін қаупін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан емшек емізуді жалғастыру/тоқтату немесе Венларелмен емдеуді жалғастыру/тоқтату жөніндегі шешімді нәресте үшін емшек емізудің пайдасы мен әйел үшін Венларелді қолданудың пайдасын ескере отырып, қабылдаған жөн.

Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Кез келген психобелсенді дәрілік заттар қисынды пікірлер айту, ойлау қабілетін және қимыл-қозғалыс функциясын бұзуы мүмкін. Сондықтан венлафаксин қабылдап жүрген кез келген пациентке көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетінің ықтимал бұзылулары жөнінде алдын ала ескерткен жөн.

Артық дозалануы

Тіркеуден кейінгі кезеңде көбіне алкогольмен және/немесе басқа да дәрілік заттармен біріктіргенде венлафаксиннің артық дозалану жағдайлары байқалды. Артық дозаланған кезде тахикардия, сананың бұзылулары (ұйқышылдықтан комаға дейін), қарашықтардың ұлғаюы, құрысулар және құсу өте жиірек байқалды. Басқа да мәлімделген құбылыстар электрокардиографиялық өзгерулерді (мысалы, QT аралығының ұзаруы, Гис бунағы аяқтарының блокадасы, QRS кешенінің ұзаруы), қарыншалық тахикардияны, брадикардияны, гипотензияны, бас айналуды және өлімді қамтыды.

Жарияланған ретроспективті зерттеулерде венлафаксиннің артық дозалануы, СКҚСТ тобының антидепрессанттарының артық дозалануымен салыстырғанда, өліммен аяқталу қаупінің жоғарылауымен астасуы мүмкін, алайда трициклді антидепрессанттармен артық дозаланған кездегіге қарағанда төмен екендігі мәлімделді. Эпидемиологиялық зерттеулер венлафаксинмен ем қабылдап жүрген пациенттерде, СКҚСТ ем қабылдап жүрген пациенттерге қарағанда, суицид қауіп факторларының көптігі байқалатындығын көрсетті. Венлафаксин қабылдап жүрген пациенттердегі кейбір сипаттамаларды ескерсек, артық дозаланған кезде өліммен аяқталу және венлафаксиннің уытты әсерлері қаупінің жоғарылауымен байланыс дәрежесі анықталмаған күйінде қалып отыр. Артық дозалану қаупін азайту үшін рецепттерге пациентті тиісінше емдеуге сай келетін препараттың азырақ мөлшерін жазып берген жөн.

Ұсынылатын ем

Жалпы демеуші және симптоматикалық ем ұсынылады; жүрек ырғағын және өмірлік-маңызды функциялардың көрсеткіштерін қадағалау керек. Аспирация қаупі бар болған жағдайда құстыру ұсынылмайды. Асқазанды шаю, егер ол препаратты қабылдағаннан кейін көп ұзамай жасалса немесе симптомдары бар пациенттерде қолданылуы мүмкін. Белсендірілген көмір қабылдау да әсер етуші заттың сіңуін шектеуі мүмкін. Жеделдетілген диурез, гемоперфузия және қанды алмастырып құю сияқты әдістердің тиімділігі аз деп бағаланады. Венлафаксин үшін спецификалық антидоттар анықталған жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 капсуладан салынған.

Пішінді ұяшықты 3 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Inventia Healthcare Pvt. Ltd. », Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

«APC Healthcare Limited» өкілдігі, Алматы қ., Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері:

«APC Healthcare Limited» өкілдігі

050040, Алматы қ., Попов к-сі 19, кеңсе 301

Тел: (8727) 260-84-33, факс: (8727) 386-82-25

E-mail: rahulsingh@apchealthcare.com

Қазақстан Республикасы аумағында тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері:

«APC Healthcare Limited» өкілдігі

050040, Алматы қ., Попов к-сі 19, кеңсе 301

Тел: (8727) 260-84-33, факс: (8727) 386-82-25

E-mail: rahulsingh@apchealthcare.com

Прикрепленные файлы

Венларел_ИМП_инстр_рус.doc 0.17 кб
Венларел_капс.инстр_каз_.doc 0.22 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту